«Еркін микрафон» әдісі 4 мин - Қалай ойлайсыздар, өздеріңіз көрген үзіндіде қоғамның ащы дертінен айтыла ма?
1-топ
Салыстыр. Екі түрлі салыстырмалы талдау жүргізіңіздер. 1) Нүрке кемпірдің бойындағы қазақ халқына тән ұлттық құндылықтар мен табиғи болмысының арасындағы қайшылықтарды салыстырыңыздар. «Венн диграммасы» түрінде ұсыныңыз.
2-топ Зертте. Еріктің бейнесі арқылы ұлттық құндылыққа қайшы келетін кереғар ұғымдарды зерттеп, идеясын анықтаңыздар. Шығарма идеясының ұлттық мүддені қорғауда алатын орнына баға беріңіздер, ойларыңызды «Ментальді карта» түрінде ұсыныңыздар.
3-топ Қолдан. Тағанның бейнесі арқылы ұлттық құндылықты дәріптейтін және оған қайшы келетін кереғар көріністерді негізге ала отырып, «НЕГЕ БІЗ ОСЫ!» деп басталатын монолог жазыңыз. Топтағы әр оқушы жазған монологтарын жинақтап, ұлттық құндылықтар мәселелісн көтерген ортақ газет шығарып, ұсыныңыздар.
1-топ. Сәйкестендір
Кейіпкер
|
|
Сөзі
|
Ерік
|
|
Екінші қабаттағы бөлмеге көтеріліп, тақтай қақпалы терезені ашып, әйнектен сонау ойда ордадай болып жатқан ел-жұртына көз салды. «Моп-момақан,— деп күбірледі,— ішіне кірші, ордалы жылан секілді». «Кіндік қаның тамып, тұсауыңды кескен, балалығыңның бал дәурені өткен ата қонысыңа атаңның құны бардай неге өшігесің?» деп, жер-жебіріне жетіп, тәубеге келтірер адам жоқ болған соң, күпір ойға бара береді де...
|
Таған
|
|
- Құдай берді!—деп, орнынан қуана тұрды.— Іздегенім сен едің! «Өлмегенге өлі балық» деген осы, Ерік. Аманбысың, кластасым!
|
Айна
|
|
- Айырмасы көп, апа, — деді ыдыс-аяқты самаурында қалған ыстық сумен жуып отырған Айна.— Араның байлығы адамдар үшін, ал біздікі... біздікі өзіміз үшін ғана.
|
Нүрке кемпір
|
|
Тек түбі тыныш болсын де... Күні ертең жиған-тергеніңе ие болар ұрпағың жоқ болған соң, дүние-боқтың керегі не? Шыр еткенге зар қылған тәңірдің тәлкегіне не дауа...
|
Шал
|
|
Оның несіне басыңды қатырасың, адам баласының таңдап алған тағы бір ғұмыр жолы да... Дүниенің бәрі дат болып ластанып жатқанда, ағаңның қашып тығылған үңгірі де. Жоқ, шырағым, мен қара басымды сауғалап келгенім жоқ бұл қу мекен жерге; анау екі қозымның амандығын ойлап, солардың дені сау, рухы таза өссін деп келдім бұл жерге; жарықтарымның жас жаны жараланбасыншы, ит тірліктің итаршысына айналып, аумалы-төкпелі заманның зәлімі болып кетпесінші деп келдім бұл жерге; жалғанның үзірінен, бірін-бірі алқымынан алып шайнап тастар қаскөй бірлігінен не пайда, күндердің күні болғанда адамның өзін опат етер ілім-білімінен не пайда...
|
Достарыңызбен бөлісу: |