Орандаған: Күшеген Әлемгүл Факультет: бм-1002 Тексерген



Дата04.01.2024
өлшемі0.51 Mb.
#488480
Эссе


Қарағанды медицина университеті
Қазақстан тарихы және әлуметтік-саяси пәндер кафедрасы


Азаматтық қоғам түсінігі және қоғам
( Эссе)


Орандаған:Күшеген Әлемгүл
Факультет:БМ-1002
Тексерген:Әли М.Т.

Қарағанды 2023
Азаматтық қоғамның түсінігі және құрылымы
«Азаматтық қоғам» түсінігін Аристотель, Цицерон, Гроций, Т. Гоббс, Дж. Локк және т.б. ойшылдар қалыптастырған. Барлық ғалымдар азаматтық қоғамдағы негізгі идея ретінде адам идеясын таниды. Азаматтық қоғам - адамгершілік, діни, ұлттық, әлеуметтік-экономикалық, отбасы инсти-туттары мен қатынастарының жиынтығы, солардың көмегімен жеке тұлғалар мен топтардың мүдделері қанағаттандырылатын орта.Ойшылдар Т.Гоббс “Азамат қоғам барлық мүшелері доғарғы адам қасиеттерді бойына сіңірген жеке тұлғалармен ұжым одағы ,мемлекет азамат қоғамы үстем болады ”. Дж.Локк “Азамат қоғам мемлекет өз мүддесі бар саяси қоғам,яғни қоғамдық сала”.Аристотель “ «Мемлекеттің не екенін анықтаудың алдында, мемлекетті азаматтар жиынтығы, азаматтық қоғам ретінде, азамат туралы ұғымды анықтап алу керек ”. Г.Грокций “қоғам тарихында қалыптасқан құқықты екіге бөлді: табиғи құқық - адамды қоршаған ортаның әсерінен және жеке адамның өзінің ақыл, парасаттылығынан қалыптасатын құқықтар; екіншісі - мемлекеттің қабылдаған нормативтік актілер арқылы ешкімге зиян келтірмей орындауға тиіс. Мемлекет қоғамдық жалпы халықтық шарт арқылы өмірге келді деп түсіндірді”-деп ұлы ойшылдар осылай тұжырымдаған болатын
Азаматтық қоғамның негізгі идеясы Қоғамдағы адамның үстемдігі, оның дербестік идеясы, өз әрекеттерін заңды құрметтеп, адамгершілік қағидаттарына сүйене отырып жүзеге асыру. Азаматтық қоғам және құқықгық мемлекет туралы теориялар.Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет туралы толып жатқан ой-пікірлер, әр түрлі теориялар бар. Бұл ой-пікірлердің, теориялардың көп болатын себептері қоғамдағы барлық таптардың, ұлттардың топтардың мүдде-мақсатына қатысты болуы. Тағы да бұл мәселе әр түрлі идеологиямен, саяси партиялармен байланысты болуы.Бұл жерде ескерте кететін бір мәселе Кеңес дәуірінде елімізде марксистік мемлекетгік теория тұрғысынан зерттеп, түсініп келдік. Ол кезде қоғам мен мемлекетті таптық тұрғыдан зерттеуге тырыстық, басқа теорияны, басқа бағытты сырып тастап отырдық. Қазір ол теорияларға көзқарас түзелді, дұрысталды. Тарих теориялардың бәрінде аздап болса да шындық және тарихи нақты дәлелдер болады. Сондықтан ол теорияларды білу, дұрыс жағын алу, пайдалану өте қажет. Сол деректерді ескере отырып жүргізілген зерттеудің ғылымға, қоғамға пайдасы мол. ”. Дж.Локк “Азамат қоғам мемлекет өз мүддесі бар саяси қоғам,яғни қоғамдық сала”деп айтқан болатын.Мен Дж Локк ойшылдың сөзімен келісемін.Себебі Азаматтық қоғамда әр адам өз мүддесін көздейді, басқаларды көрмейді... Басқаларсыз ол өз мүддесін іске асыра алмайды. азаматтардың қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер құрып, өз мүдде-мақсаттарын орындауға, іске асыруға және шет елдердің сондай ұйымдарымен байланыс жасауға кұқықтарының бола алады. Азаматтық қоғамның кұрылымы - Қоғамды өзінің табиғи мүдде-мақсаттарына сәйкес құрушы, реттеп-басқарушы - адам. Адам - қоғам кұрылымының негізгі элементі – діңгегі болып саналады, яғни, азамат болу — мемлекеттің мүшесі болу, яғни, басқа азаматтарға зиян келтірмей, мемлекет заңдары бойынша өмір сүру жəне əрекет ету.
Азаматтық қоғамның негізгі идеясы адамның қоғамдағы басымдылық идеясы, адамның дербестік идеясы, өз әрекеттерін құқықты құрметтеп, ең алдымен өнеге мен имандылық қағидаттарына сүйене отырып жүзеге асыруға қабілетті болу идеясы. Сонымен бірге, азаматтық қоғамның болмысына мемлекет араласпауы тиіс, ал оның араласуы тек құқық бұзушылық болған жағдайда ғана болуы мүмкін. Азаматтық қоғамда адамдардың экономикалық,саяси және рухани өмірінің түрін еркін таңдауына және жүзеге асыруына заң жүзінде кепілдік беріледі. Олар мемлекет тарапынан қатаң тәртіпке алынудан сенімді түрде қорғалады. Адамның жалпы құқықтары сақталады,бұзылмайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет