Ордабасы ауданы
Мұхаметқұл Исламқұлов атындағы жалпы орта мектебінің география пәні мұғалімі
Туечиева Ивагүл Қадірқызы
Өтетін күні: 27,02,2020 ж
Сыныбы: 6 «Ә»
Өтетін орны: 15 В
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан - алма мен қызғалдақтың отаны
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды Н. Ә. Назарбаевтің «Ұлы даланың жеті қыры » мақаласымен таныстыру.
Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны екенін дәріптеу
Туған жерге деген сүйіспеншілікпен жауапкершілікті сезінуге баулу
Тәсілдері: ой қозғау, сұрақ-жауап, қол өнер.
Көрнекілігі: Суреттер, газет, бүктеме, презентация.
Пәнаралық байланыс: тарих, география,домбыра үйірмесі, ән- әуез
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар назарын сабаққа аудару.
Алма мен қызғалдақ табиғаттың бізге берген көз тартар сыйы
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Атамекен… Кең дала… Туған жердің әрбір тауы мен тасы, қаласы мен даласы көненің көзіндей. Жерде жатқан қайсыбір тасын төңкере қалсаң, тарих жайында сыр шертеді. Ескірген дүниенің құндылығы қай уақытта да алтын емес пе?! Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы жарыққа шығып, артынша «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы жарыққа шықты.
Балалар бүгінгі сабақта біз Қазақстанның алма мен қызғалдақ гүлінің отаны екендігі туралы ой бөлісеміз. Әрбір жас ұрпақ кішкентай кезінен бастап білулері тиіс дүние, ол біздің ұлы даламыздың құндылықтары.
Осы тақырыпты ашып, бүгінгі тәрбие сабағымыздың мақсатына жетуіміз үшін сыныпты екі топқа бөлемін. Бірінші топ «Алма» тобы,екінші топ «Қызғаалдақ» тобы
Төңкерілген сабақ әдісімен алдын ала топтарға тапсырмалар берілген болатын.
Екі топқа тиесілі бейнеролик көрсетіледі. Бейнероликтен алған әсерлерін өздеріне берілген тапсырмаларды орындаған кезде қолданады.
«Алма» және «Қызғалдақ» тобының мүшелері берілген тапсырмаларды орындайды, бүктеме жасайды, жасаған алма немесе қызғалдақтарын дәріптейді, слайдтарын көрсетеді.
«Алма»тобының қосымша мәліметтері
Алманың отаны Қазақстан. 1 оқушы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында асқақ Алатаудың баурайы алманың «тарихи отаны» екенін атап өткен болатын. Қазақстан қазір де әлемдегі алма атаулының арғы атасы – Сиверс алмасының отаны саналады. Дәл осы тұқым ең көп таралған жемісті әлемге тарту етті. Бәріміз білетін алма – біздегі алманың генетикалық бір түрі. Ол Қазақстан аумағындағы Іле Алатауы баурайынан Ұлы Жібек жолының көне бағыты арқылы алғашқыда Жерорта теңізіне, кейіннен бүкіл әлемге таралған. Осы танымал жемістің терең тарихының символы ретінде еліміздің оңтүстігіндегі ең әсем қалалардың бірі Алматы деп аталды.
2 оқушы. Әлемде жібек жолындағы сауда-саттық алманың алысқа тарауына әсер еткені айтылады. Кейінірек жеміс еуропалықтармен бірге Солтүстік Америкаға жетті.
Қышқыл, тәтті және жағымды жемістердің бәрі жеуге жарамды емес. Дегенмен, бұл алма фермерлік және ауыл шаруашылығының өрге басуына көмектесті. Жапырағы түсіп, жалаңаштанған бұтақтар маусымы келгенде алманың түр-түрі – үлкені-кішісі, қызылы-жасылы, «еттісі» табылады.
3 оқушы . Сиверс жабайы алманы жеп көрген жер Апортқа қатысты естен шығаруға болмайтын жәйттер де бар. Ол Алматыда әлімсақтан өседі. Жалпы, Алматының тарихын жақсы білетін адам оның алмасы жайында айтпай тұра алмайды. Көне заманда Алматының «Алмалы» деп аталғаны да тегін емес. Ал оның бір кездері «Верный» деп өзгеруі патшалы Ресей зорлық-зомбылығының ғана айғағы болып қалғанын бұл күнде елдің бәрі біледі. Алматы апортының берідегі тарихы да осы тұспен тікелей байланысты. Оны сырттан келіп қоныстанушы келімсектер өздерімен бірге қайта ала келген..
4 оқушы. Біздің жерімізде жабайы алманың 131 тұқымы бар, барлық алма түрі біздің жерден ғана тараған. Мынаған көңіл бөлу керек: Оксфорд университетінен келген ғалымдар бізбен бірге бір жыл жұмыс істеді. Оларда, жалпы ағылшындарда алманың 2500 сорты бар деп есептеледі. Осында келіп, бізбен араласып, менің еңбектеріме қарап жұмыс істегенде өздері түсінді, барлық сол 2500 сорттың бәрі осы Жоңғар, Іле Алатауының бойынан тараған, дамып жетілген түрлер еді. Ал оны о баста бірінші тапқан Иван Сиверс 1796 жылы қыркүйекте біздің Алакөлге келіп, Тарбағатай тауының Үржар маңындағы керемет өсіп тұрған алмаларды көріп: «Мұндай алманы бұрын еш жерде кездестірген емеспін» деп жазып, дүние жүзіне мәлім етті. Ол алманың сорты, сөйтіп, сол кісінің атымен аталып кетті. Одан кейін Қырғыздың жабайы алмасы, сосын қызыл алма – жабайы алманың осы үш түрі белгілі болды. Ең қызығы – алма біріне бірі ұқсаған жоқ, – деп қайырды академик ағамыз әңгімесін.
5 оқушы..Апорт — алманың ірі, әрі құнды түрі. Салқындау, бірақ ұзақ емес қысы бар, ал жазы жылы немесе ыстық болатын оңтүстіктіктің орта белдеуінде (Солтүстік Кавказ, Іле Алатауы) кең тараған. Апорттың қабығы тығыз, сары немесе жасыл-сары қызыл-қоңыр мөрімен болады; ішкі жағы (еті) сусымалылығымен, нәзік дәмімен ерекшеленеді. Апорт — кеш пісетін түрге жатады, қыркүйек айларында ғана пісіп жетіледі. Кеш піскендіктен қыста жақсы сақталады. Ең танымал апорт бақтары Алматы сыртында орналасқан (мысалы, Бесқайнар ауылдық аймағы). КСРО кезінде Алматы қаласының рәмізіне де айналған.
6 оқушы Бүгінгі күні апорт нарықтан жоғалған, себебі апорт өсірілген жерлер жекешендіріліп алма ағаш орнын басқа нысандар ауыстырған (құрылыс т.б.), сонымен қатар ағаштар ескіріп жаңа алма-ағаш отырғызылмайды, Алматы облысының әлсіз газдандырылғанын еске алсақ, жергілікті тұрғындар да оны кесіп қыстан аман шығатыны сөзсіз.
«Қызғалдақ » тобынының қосымша мәліметтері
1-оқушы. Бәріміз білетін алма - біздегі алманың генетикалық бір түрі. Ол Қазақстан аумағындағы Іле Алатауы баурайынан Ұлы Жібек жолының көне бағыты арқылы алғашқыда Жерорта теңізіне, кейіннен бүкіл әлемге таралған. Осы танымал жемістің терең тарихының символы ретінде еліміздің оңтүстігіндегі ең әсем қалалардың бірі Алматы деп аталды. Қазақстан аумағындағы Шу-Іле тауларының етегінен әлі күнге дейін жергілікті өсімдіктер әлемінің жауһары саналатын Регель қызғалдақтарын бастапқы күйінде кездестіруге болады.Айтқандай, шетелдіктердің басым бөлігі қызғалдақтың отаны Голландия деп ойлайды, бірақ ғалымдар оны әлдеқашан жоққа шығарған. Ғылыми тұжырым бойынша, Қазақстанда өсетін бұл гүл алғаш рет ХVI ғасырдың ортасында Түрік еліндегі неміс елшісі арқылы Германияға жетіп, одан Голландия асқан екен.
Айтқандай, шетелдіктердің басым бөлігі қызғалдақтың отаны Голландия деп ойлайды, бірақ ғалымдар оны әлдеқашан жоққа шығарған. Ғылыми тұжырым бойынша, Қазақстанда өсетін бұл гүл алғаш рет ХVI ғасырдың ортасында Түрік еліндегі неміс елшісі арқылы Германияға жетіп, одан Голландия асқан екен.
Наурыз мейрамы қарсаңында көше бойына ілінетін баннерлерге, телеарналар мен газет-журнал беттерінде қызғалдақ фотосының жарияланып, бейнеленуі тегін емес. Себебі қазақ халқының түсінігінде бұл гүл – көктемнің, жаңа өмірдің, көрікті тіршіліктің жаршысы болып есептеледі.
2-оқушы. Жер бетінде қызғалдақтың түрлері өте көп, олардың басым көпшілігі Шығыс Азия мен Оңтүстік Еуропа елдерінде кездеседі. Гүл өндірушілердің кейбірі ол гүлді тек сату үшін ғана өсірсе, қалғандары хош иісті парфюмериялық заттар жасауға пайдаланады екен. Ал біздің отандық мамандар бұл гүлдің «грейг» деген түрін бауыр ауруларына қарсы дәрі-дәрмек ретінде пайдалануға болатынын айтуда. «Грейгтің артықшылығы ол – 55 пайыз крахмал мен қанттан тұрады. Ал ондай сұйықтық ағзаға аса пайдалы», – дейді олар. Ал Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданындағы Қызыл төбешік нақ осы гүлдің ордасы саналады.
3-оқушы. Жалпы қазақ жерінде қызғалдақтың отыздан астам түрі бар. Қызғалдақ гүлдерін Іле, Жетісу (Жоңғар) Алатауында, Кетпен (Ұзынқара) жотасы мен Шу атырабынан кездестіреміз. Тіпті «Қызғалдақтар елі» атанып кеткен Нидерландтың өзінде нақ осы гүлдің түрлері осыншалық әркелкі емес. Соған қарамастан қызғалдақ гүлi нидерландтықтар арасында, аса қастерлі саналып, жоғары бағаланады. Себебі олар жыл сайын қызғалдақ сатудан 500 миллион АҚШ доллар табыс табатынына қарағанда біз қолда бар мүмкіндікті пайдалана алмай отырғандаймыз.
Ата-бабамыз қызғалдақты жұмақ гүліне балаған. Шеберлер оның суретін киімге алтын жіппен сәндеп кестелесе, ұсталар бағалы бұйымдарға ойып салған. Бірақ гүлдің өзін қазақтар бұрын бір-біріне ешқашан сыйламаған.Өйткені гүл өмірдің өтпелі екенін байқатқан"
4-оқушы.Сәуір айының соңында гүлдеп, 15 күн ғана "өмір сүретін" қызғалдақ қазақтар үшін Наурыздың символы болып саналады. Сондықтан да Наурыз мейрамы қарсаңында көше бойына ілінетін баннерлерде, төл мерекемізді насихаттайтын түрлі логотиптерде көз жауын алатын қызғалдақтар бейнеленеді.
5-оқушы. Көз жауын алатын ерекше гүлді көрген еуропалықтардың есі кеткен. Оған қол жеткізу үшін бай-манаптар барын шашқан. Сондықтан ол батыста байлар ұстайтын гүл ретінде қабылданған. Содан бастап еуропалықтар оны байлықтың символы деп таныған. Қалталылар тарапынан сұраныс жоғары екенін байқаған Голландия бұл гүлді көптеп өсіре бастаған", деп жазады өзінің ғылыми еңбегінде ғалым Анна Иващенко.
6 оқушы. Қызғалдақ сөзін ғалымдар қалай түсіндіріп жүр?
Қызғалдақтың атауы туралы ғылыми ортада болжам көп. Көбісі парсы сөзі "тюльпанға" көп тоқталады. Парсыша "толибан" немесе "долбент" дегеніміз басқа тартатын "тюрбан" екен. Демек, гүл қауызы шығыстың бас киіміне ұқсас болғандықтан, осылай аталған.
Шығыстың атақты шайыры Ғафиз қызғалдақты раушан гүлінен жоғары қойған.
Ол өз өлеңінде қызғалдақтың қыздай нәзіктігіне, әдемілігіне, кипаристей сымбаттылығына тіпті раушан гүлі де тең келмейді деп сипаттайды.
Мұғалім сөзі: Мінеки оқушылар өздерінің дайндаған мәліметтерімен екі топ бірі-бірлерін таныстырды. Алманы-да, қызғалдақты-да барынша түсіндіріп, өз қолдарымен жасаған заттарын көрсетті. Алма мен қызғалдақ туралы кішігірім әдеби монтажымыз бар еді, соны тыңдап жіберейік .
Келесі кезеңде осы айтылған мәліметтерді қорытындылау мақсатында «Лото» ойыны ойнатылады.
10
|
10
|
10
|
10
|
20
|
20
|
20
|
20
|
30
|
30
|
30
|
30
|
Сұрақтары:
1.Ұлы даланың жеті қыры мақаласының авторы кім? Н. Ә. Назарбаев
2. Ұлы даланың жеті қыры мақаласының жарияланған күні? 21.11.2018ж
3.Қызғалдақтың қанша түрі Қазақстанда өседі? 35 түрі
4.Алма атымен байланысты аталған қала? Алматы қаласы
5.«Ақсу жабағылы алауы, Шұбайқызыл жалауы» фестивалы өтетін өңір? Түлкібас ауданы
6.Үй жағдайында алмадан жасалатын өнімдер? Тосап, жеміс шырын, қақ
7. «Алманың тарихы отаны» қай жер? Алатау баурайы
8. Біздің жерімізде жабайы алманың қанша түрі бар?
9.«Мұндай алманы бұрын еш жерде кездестірген емеспін» кімнің сөзі және қайсы алманы меңзеп отыр? Иван Сиверс , апорт алмасын айтқан
10. Қазақақстанда өзіндік құны жоғары және ең ірі алма түрі? Апорт алмасы
11. Бас киіммен байланысты атау қай өсімдікке берілді? Қызғалдақ
12. Бас киіммен байланысты атау қай өсімдікке берілді? Грейк, Кауфман, Регель қызғалдақтары
Мұғалім сөзі: «Өнер – ұлт келбеті» дейді дана халқымыз.Ұлттық аспап ұлықталған күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді: «Тек ұлтқа тән құндылықтарды дәріптеу арқылы болмыс-бітімді сақтап қалуға болады», – деді. Домбыраның қадір-қасиетін өзіміз түгіл, өзгелер де ұғынып жатыр. Қазақтың қара домбырасы мен күмбірлеген күйі ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұрасы тізіміне енген. Мұның өзі қазақ қадір тұтқан аспаптың құндылығын әспеттейді.
1-оқушы.
Қадір тұтып,төрге іліп, бағалаған,
Киелі аспап,әлемге кең танылған
Париж сахна төрінде Әміре тартқан
Көрерменді тәнті етіп,өлең айтқан.
Нағыз қазақ домбыра-нағыз қазақ
Домбыраның пернесінде ән –күй ғажап
Домбыраның шанағында сырлы тарих,
Домбыра боп қалса екен-ау , әрбір қазақ
Қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы 2020 жылы өтеді. 2019 жылдың мамырында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнанбайұлының мерейтойын жоғары деңгейде мерекелеу туралы жарлыққа қол қойды. Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды. Бұдан бөлек, мерейтойдың жалпыреспубликалық жоспары бекітілді. Абайдың 175 жылдығын ЮНЕСКО мен ТҮРКСОЙ (Халықаралық түркі мәдениеті ұйымы) аясында тойлау мәселесі пысықталып жатыр. Бізде осы сәттен пайдаланып Абай атамыздың «Желсіз түнде жарық ай» әнін барлығымыз бірге орындап жіберейік.
Қорытынды. Тамырсыз тал болмайды,тарихсыз ел болмайды, -деп келетін мақал .Елбасымыздың «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласының бар мәнін ашып тұрғандай.
Бұл мақаланы оқи отыра Алтай мен Атыраудың арасын, Ертіс пен Есілдің жағасын мекендеп, Қаратаудан Ұлытауға дейінгі Ұлы Даланы жайлаған ұлтымыздың ұлылығына, бабаларымыздың батырлығына тағы бір мәрте қанықтық.
Бұл мақала Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының, қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының үйлесімді жалғасы.
«Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласы біздің бай мәдени мұраларымыз өз мемлекетіміздің азаматы мен патриотының жеке тұлға ретінде қалыптасуына және шыңдалуына тікелей ықпалы тиетіндей болуы тиіс.
Ұлы далада өмір сүріп отырған бүгінгі халық, өткен тарихтағы өр тұлғалардың ұрпағы екендігін мақтанышпен сезінетін болады.
Егемендіктің, еркіндіктің,тәуелсіздіктің ғасырлар бойы бабалар аңсаған арманымен астасып жатқанына қуанамыз. Халқымыздың қамын ойлаған небір батырлар мен билер еркіндік жайлы сөз қозғағанда тұнықтың бастауынан нәр алған тамаша ойлардың тәуелсіздік таңына ұласқанына куәгерміз. Біз өз отанымыздың ,Ұлы даламыздың жеті қырымен мақтана аламыз. Болашақ ұрпаққа «Ұлы даланың жеті қыры» сендерге аманат.
Пайдаланған әдебиеттер:
«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы
Ақсу жабағылы қорығы- 1995
Егемен Қазақстан газеті, 26,11,2018 ж
Ғаламтор ресурстары
Мұхаметқұл Исламқұлов атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекттік мекемесі
«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының аясында өткізілетін тәрбие сабағы
Тақырыбы: «Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны!»
6 «Ә» сыныбы
Сынып жетекшісі: Туечиева Ивагүл Қадірқызы
Шұбарсу ауылы-2020
Достарыңызбен бөлісу: |