Сабақтың тақырыбы : «Біздің төріміз- ақорда»



бет1/2
Дата29.11.2023
өлшемі281.05 Kb.
#484786
түріСабақ
  1   2
20-сабақ Біздің төріміз-Ақорда


Бөлім атауы:
6-бөлім. Астана-мәдениет пен өнер ордасы
Сабақтың тақырыбы:
«Біздің төріміз- Ақорда»
Оқу мақсаты:
Сабақтың мақсаты:
6.3.3.1. орта көлемді шығармаларды түсіну, тақырыбы мен негізгі ойды анықтау;
6.4.1.1. мәтіндердің стильдік ерекшеліктерін сақтай отырып, өмірбаян жазу.
Жетекші сұрақтар негізінде шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын анықтау.
Мәтіндерді стильдік ерекшеліктеріне қарай ажырату.
Ресми іс- қағаздары стилінің ерекшеліктерін сақтай отырып, өмірбаян жазу.
Бағалау критерийлері
«Ақорда» мәтінінің тақырыбы мен негізгі ойын сұрақтар негізінде түсіндіреді;
мәтіндерді стильдік ерекшеліктеріне қарай ажыратады, талдайды;
ресми іс- қағаздары стилінің ерекшеліктерін сақтай отырып, өмірбаян жазады.
«Ой шақыру» әдісі
Мақсаты: бейнелі суреттерге сүйене отырып, сабақтың тақырыбын болжау
1)Астанада қандай маңызды ғимараттар бар?
2)Суретте қандай ғимарат бейнеленген?
3) Президенттің жұмыс орны (резиденциясы) қалай аталады?
Жауабыңды салыстырыңыз
  • Астанада министрлер үйі, Ақорда, «Бәйетерек» т.б. ғимараттар бар
  • Суретте Ақорда бейнеленген
  • Президенттің жұмыс орны (резиденциясы) Ақорда деп аталады

1-тапсырма. Ақорда сөзіне кластер жасаңыз. Кластер бойынша мәтін құрастырыңыз
Ақорда
Дескриптор. Білім алушы
-кластер құрастырады;
-сөздерді қолданып, шағын мәтін құрастырады.
Ақорда
Жауабыңызды тексеріңіз
Президент
резиденциясы
Ғимарат
әкімшілік
орталық
Ақорда- Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы. Есілдің сол жағалауында орналасқан әкімшілік орталықта іскери кездесулер өткізіледі. Ғимараттың жалпы көлемі- 36720 м.
Мәтінді түсініп оқыңыз.
Ғимараттың жалпы ауданы 36,5 мың шаршы метрді құрайды. Іргетасынан сонау төбесіне дейін - 86 м. Нысанның құрылысына негізінен монолитті бетон қолданылып, ғимаратты тұрғызуда заманның ең озық әдістері мен жетекші инженерлік құрылғылары қолданылған. Ғимараттың басты фасадының алдында гүлмен көмкерілген аллея мен субұрқақ тұр. Бұл - Ақорданың алдыңғы әлпетіне ерекше рең береді.
Нысанның ішінде 40 аспалы шам бар, оның ең бастысы тура ғимараттың ортасында орналастырылып, салтанатты қабылдауларды аса жарқын форматта өткізуде ерекшелік пен көрік беріп тұрады. Негізгі аспалы люстраның үлкендігі соншалық, жергілікті персоналдың мойындауынша, электриктер шамын ауыстырар кезде люстраның ішіне еніп, көрінбей кетеді екен.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет