«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет стандарты



Дата19.06.2016
өлшемі0.55 Mb.
#147889
Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2010 жылғы 26 ақпандағы
№ 140 қаулысымен   
бекітілген      

«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.03.31 № 336 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.



1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік қызмет осы стандарттың 1, 2-қосымшаларына сәйкес Астана қаласының білім басқармасы, қалалық және аудандық білім бөлімдері (бұдан әрі - білім бөлімдері), сондай-ақ баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - орталықтар) арқылы көрсетіледі.


      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 100 - 116-баптары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының қорғаншылық және қамқоршылық органдары туралы және Патронат туралы ережелерді және Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орталықтандырылған есепке алуды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» 1999 жылғы 9 қыркүйектегі № 1346, «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік мекемелерін - халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулылары негізінде жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттік қызмет тәртібі туралы толық ақпарат тізбесі осы стандарттың 1, 2-қосымшаларында көрсетілген білім бөлімдері мен орталықтардың фойесінде, сондай-ақ көрсетілген ұйымдардың интернет-ресурстарында орналасады.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны 4-қосымшаға сәйкес қорғаншылық пен қамқоршылық жөнінде анықтама беру (бұдан әрі - анықтама) не қызмет көрсетуден бас тартудың дәлелді жауабын ұсыну болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап бес жұмыс күнін (құжаттарды қабылдаған күн және берген күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) құрайды;
      2) өтініш беруші өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты 30 минуттан аспайды;
      3) өтініш беруші өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты 30 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Мемлекеттік қызмет:
      1) білім бөлімдеріне өтініш білдірген кезде - белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сенбі, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін көрсетіледі, қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады;
      2) орталыққа өтініш білдірген кезде - жексенбі күнін қоспағанда, аптасына алты күн, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін жүргізіледі. Филиалдар мен өкілдіктер үшін жұмыс кестесі түскі бір сағаттық үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін белгіленеді, қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, «электронды» кезек тәртібімен жүзеге асырылады.
      10. Мемлекеттік қызмет тұтынушының тұрғылықты тұратын жері бойынша білім бөлімдерінің және орталықтың ғимараттарында көрсетіледі. Білім бөлімдерінің және орталықтың ғимараттарында тұтынушыларға, оның ішінде физикалық мүмкіндігі шектеулі адамдарға қызмет көрсетуге жағдай жасалған. Күту залдары толтырылған бланкілердің үлгілері бар ақпараттық стенділермен жарақталған.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы білім бөліміне немесе орталыққа мынадай құжаттарды тапсыруы қажет:


      1) қорғаншылықты (қамқоршылықты) тағайындау туралы жергілікті атқарушы органдар шешімдерінің көшірмесі;
      2) қорғаншының (қамқоршының) жеке куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесі;
      3) баланың жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы мен көшірмесі;
      4) туу туралы куәлік, жеке куәліктің түпнұсқасы мен көшірмесі;
      5) тұрғылықты жері бойынша анықтама (Тұрғын үй департаментінің ақпараттық анықтамасы).
      Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары көшірмелерімен қоса беріледі, кейін олар тұтынушыға қайтарылады.
      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін бланкілер өтініш нысандары және тағы сол сияқты) білім бөлімінің үй-жайында үстелдерде орналастырылады не білім бөлімдерінің мамандарында болады.
      Орталықта өтініш бланкілері күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады.
      13. Толтырылған бланкілер, нысандар, өтініштер және мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті басқа да құжаттар:
      1) білім бөліміне өтініш білдірген кезде - осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес білім бөлімінің маманына;
      2) орталыққа өтініш білдірген кезде осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес «терезелер» арқылы тапсырылады, онда «терезелердің» мақсаты мен орындайтын функциялары туралы ақпарат, сондай-ақ тегі, аты, әкесінің аты мен лауазымы көрсетіледі.
      14. Мемлекеттік қызметі алу үшін бар барлық құжаттарды тапсырған кезде тұтынушыға:
      1) білім бөліміне өтініш білдірген кезде - барлық құжаттарды алғаны туралы қолхат, онда тұтынушының мемлекеттік қызметі алатын күні көрсетіледі;
      2) орталыққа өтініш білдірген кезде — мыналар көрсетіліп, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі:
      1) сұрау салудың нөмірі мен қабылданған күн;
      2) сұрау салынған мемлекеттік қызметтің түрі;
      3) қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
      4) құжаттарды беру күні (уақыты) мен орны;
      5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты.
      15. Тұтынушыға қызмет көрсету нәтижесін жеткізу тәсілі: білім бөліміне өтініш білдірген кезде — анықтама тұтынушының өзі барғанда беріледі.
      Егер тұтынушы құжаттарды алуға мерзімінде бармаған жағдайда білім бөлімдері дайын анықтамалар мен қаралған құжаттардың екі ай сақталуын жүзеге асырады.
      Орталыққа өтініш білдірген кезде - анықтама тұтынушының өзі барғанда беріледі.
      16. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту негізі:
      1) білім бөліміне өтініш білдірген кезде - тұтынушының осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуін ұсынбауы;
      2) орталыққа өтініш білдірген кезде - білім бөлімі осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда, құжаттар пакетін алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде бас тарту себебінің жазбаша негіздемесімен бірге оларды орталыққа қайтарады.
      Орталық құжаттар пакетін қабылдағаннан кейін тұтынушыны бір жұмыс күні ішінде хабардар етеді және білім бөлімінің қайтару/бас тарту себебінің жазбаша негіздемесі береді.
      Егер тұтынушы көрсетілген мерзімде құжаттарды алуға өтініш білдірмесе, орталық олардың бір ай сақталуын қамтамасыз етеді, кейін оларды білім бөліміне тапсырады.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Білім бөлімі мен орталықтың қызметі:


      1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтау;
      2) сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру;
      3) мемлекеттік және еңбек тәртібін бұлжытпай сақтау;
      4) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат беру;
      5) тұтынушылардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына жол бермеу;
      6) өтініштерді қарау кезінде төрешілдік пен сөзбұйдалыққа салынбау;
      7) тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпаратты сақтау;
      8) құжаттарды құпиялылығын қамтамасыз ету;
      9) белгіленген кезеңде алынбаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;
      10) нақтылық және сыпайылық қағидаттарына негізделеді.

4. Жұмыс нәтижелері

      18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.


      19. Мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткшітерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      20. Білім бөлімінің және орталық мамандарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіруді, сондай-ақ шағымды дайындауда жәрдем көрсетуді осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар арқылы білім бөлімдері және орталықтар жүзеге асырады.


      Орталық инспекторының әрекетіне шағымдану тәртібі туралы ақпаратты орталықтың ақпараттық-анықтама қызметінен (87172) 58-00-58 телефоны бойынша, немесе осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар арқылы алуға болады.
      21. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым 1, 2-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсететін орынның білім бөлімі бастығының атына немесе тиісті жергілікті атқарушы органның әкімдігіне, қызмет орталық арқылы көрсетілген жағдайда орталық директорының атына беріледі.
      22. Қызмет дөрекі көрсетілген жағдайда шағым білім бөліміне немесе орталыққа беріледі. Білім бөлімі басшысының жұмыс және қабылдау кестесі: белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сенбі, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, орталық директорының: жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, аптасына алты күн, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін жүргізіледі. Филиалдар мен өкілдіктер үшін жұмыс кестесі бір сағаттық түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін белгіленеді.
      23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
      24. Білім бөліміне немесе орталыққа шағым беру үшін тұтынушы шағымды еркін нысанда өз қолымен жазады.
      25. Қабылданған шағым білім бөлімінің, орталықтың кіріс ақпаратын есепке алу журналында тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген мерзімде қаралады. Тұтынушыға күні мен уақыты, өтінішті қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген талон беріледі.
      Шағымды қарау нәтижесі тұтынушыға жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.
      26. Тұтынушы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінде 010000, Астана қаласы, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 11-кіреберіс, 939-каб. мекенжайынан, 1, 2-қосымшаларға сәйкес білім бөлімдерінде және орталықтан, сондай-ақ комитеттің сайтынан: www.bala-kkk.kz ала алады.

«Қорғаншылық және қамқоршылық


жөніндегі анықтамалар беру» 
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша          

Р/с


Бөлімдердің атауы

Орналасқан мекен-жайы

Байланыс телефондары

1

2

3

4

Ақмола облысы

1

«Ақкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов к-сі, 81

8 (716 38) 228-47

2

«Аршалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Аршалы ауылы, Тәшенов к-сі, 47

8 (716 44) 225-14

3

«Астрахан ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Астрахан ауылы, Әл-Фараби к-сі, 50

8 (716 41) 236-84

4

«Атбасар ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Атбасар қаласы, Уәлиханов к-сі, 11

8 (716 43) 242-72

5

«Бұланды ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Макинск қаласы, Некрасов к-сі, 19

8 (716 46) 213-87

6

«Егіндікөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Егіндікөл ауылы, Жеңіс к-сі, нөмірі жоқ

8 (716 42) 213-51

7

«Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Степняк қаласы, Ленин к-сі, 68

8 (716 39) 216-20

8

«Ерейментау ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ерейментау қаласы, Әл-Фараби к-сі, 10

8 (716) 33-216-64

9

«Есіл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Есіл қаласы, Дружба к-сі, 1

8 (716) 47-214-86,
215-69

10

«Жақсы ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Жақсы ауылы, Дружба к-сі, 3

8 (716) 35-217-04

11

«Жарқайың ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Державинск қаласы, Ленин к-сі, 30

8 (716) 48-929-43

12

«Зеренді ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Зеренді ауылы, Ленин к-сі, 43

8 (716) 32-226-02

13

«Қорғалжын ауданы әкімдігінің білім белімі» мемлекеттік мекемесі

Қорғалжын ауылы, Болғанбаев к-сі, 14

8 (716) 37-221-98

14

«Сандықтау ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Балкашино ауылы, Ленин к-сі, 120

8 (716) 40-917-01

15

«Целиноград ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ақмола ауылы, Гагарин к-сі, 15

8 (716) 51-312-06,
311-33

16

«Шортанды ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Шортанды ауылы, Абылай хан к-сі, 2

8 (716) 31-215-04,
211-44

17

«Щучье ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Щучинск қаласы, Абылай хан к-сі, 3

8 (716) 36-458-88

18

«Степногор қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Степногор қаласы, 4-шағын ауданы, 1

8 (716) 45-619-09

19

«Көкшетау қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Көкшетау қаласы, Құдайбердиев к-сі, 57

8 (716) 2-401-364

Ақтөбе облысы

20

«Алға ауданы әкімдігінің  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Алға қаласы, 4-шағын ауданы, 7 «а»

8 (713) 37-318-76,
333-46, 541-95

21

«Әйтеке би ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Комсомол ауылы, Жүргенов к-сі, 52

8 (713) 39-215-35,
216-80

22

«Байғанин ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Байғанин ауылы, Қонаев к-сі, 36

8 (713) 45-225-56,
228-50

23

«Ырғыз ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ырғыз ауылы, Әбілхайыр хан д-лы, 52

8 (713) 43-213-77, 215-63

24

«Қарғалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Бадамша ауылы, Цыбульчик к-сі, 2

8 (713) 42-215-33,
230-02

25

«Қобда ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қобда ауылы, Достық к-сі, 53

8 (713) 41-215-33,
214-39

26

«Мәртөк ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Мәртөк ауылы, Сейфуллин к-сі, 36

8 (713) 31-216-33,
215-49

27

«Мұғалжар ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қандыағаш ауылы Гагарин к-сі, 6

8 (713) 33-362-01,
367-22

28

«Темір ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Шұбарқұдық ауылы, Кереев к-сі, 4

8 (713) 46-227-48,
227-84

29

«Ойыл ауданы әкімдігінің  білімбөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ойыл ауылы, Жолмырзаев к-сі, 3

8 (713) 32-217-44,
217-32

30

«Хромтау ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Хромтау қаласы, Спортивный тасжолы, 2

8 (713) 36-216-51,
216-52

31

«Шалқар ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Шалқар қаласы, Көтібарұлы к-сі, 84

8 (713) 35-213-36,
231-93

32

«Ақтөбе қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ақтөбе қаласы, Алтынсарин к-сі, 2

8 (713) 22-116-05, 211-580

Алматы облысы

33

«Алакөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Үшарал қаласы, Қонаев к-сі, 50

8 (728) 33-210-33,
225-64

34

«Ақсу ауданы әкімдігінің  білімбөлімі» мемлекеттік мекемесі

Жансүгір кенті, Желтоқсан к-сі, 5

8 (728) 32-215-80,
222-90

35

«Балқаш ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Бақанас ауылы, Қонаев к-сі, 72

8 (728) 73-913-70,
918-53

36

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Есік қаласы, Алматы к-сі, 312

8 (728) 75-453-57,
415-50

37

«Ескелді ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қарабұлақ ауылы, Оразбеков к-сі, 31

8 (728) 36-312-00,
307-74

38

«Жамбыл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ұзын ағаш ауылы, Мәжитов к-сі, 4

8 (728) 70-228-51,
233-48

39

«Іле ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Өтеген батыр кенті, Титов к-сі, 33

8 (728) 52-235-05,
236-94

40

«Қаратал ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Үштөбе қаласы, Молдағұлова к-сі, 67

8 (728) 34-215-36,
213-82

41

«Қарасай ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қаскелең қаласы, Қабанбай батыр к-сі, н/ж

8 (728) 71-210-80,
220-37

42

«Кербұлақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Сарыөзек кенті, Тимирязев к-сі, 1

8 (728) 40-320-68,
314-34

43

«Көксу ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Балпық би кенті, Мырзабеков к-сі, 38

8 (728) 38-217-61,
202-95

44

«Панфилов ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Жаркент қаласы, Розыбакиев к-сі, 22

8 (728) 31-507-69,
517-75

45

«Райымбек ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Кеген ауылы, Момышұлы к-сі, 19

8 (728) 77-212-52,
214-50

46

«Сарқант ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Сарқант қаласы, Тынышбаев к-сі, 8

8 (728) 39-227-39,
213-04

47

«Талғар ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Талғар қаласы, Қонаев к-сі, 65

8 (728) 74-214-00,
236-89

48

«Ұйғыр ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Шонжы ауылы, Ысмайылов к-сі, 70

8 (728) 78-228-25,
217-04

49

«Қапшағай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қапшағай қаласы, Жамбыл к-сі, 13

8 (728) 72-422-65,
411-76

50

«Текелі қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Текелі қаласы, Абылай хан к-сі, 34

8 (728) 72-425-24,
447-70

51

«Талдықорған қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Талдықорған қаласы, Абай к-сі, 256

8 (728 22) 710-00,
707-08

Атырау облысы

52

«Атырау қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Атырау қаласы, Азаттылық д-лы, 65 «а»

8 (712) 23-54-847,
328-209

53

«Жылыой ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Құлсары қаласы, Әбдірахманов к-сі, 47

8 (712) 37-214-85

54

«Индер ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Индер ауылы, Қонаев к-сі, 18

8 (712) 34210-50

55

«Махамбет ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Махамбет ауылы

8 (712) 36-210-21

56

«Исатай ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан к-сі, 7

8 (712) 31-204-57

57

«Мақат ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Мақат кенті, Орталық алаң, 2

8 (712) 39-300-13

58

«Құрманғазы ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ганюшкино ауылы, Күшікбаев ауылы, 25

8 (712) 33-204-99

59

«Қызылқоға ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Миялы ауылы, Қарабалин к-сі

8 (712) 38-211-75

Шығыс Қазақстан облысы

60

«Абай ауданы әкімдігінің  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қарауыл ауылы, Құтжанов к-сі, 1

8 (722) 52-918-17

61

«Аягөз ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Аягөз қаласы, Момышұлы к-сі, 58

8 (722) 37-315-34

62

«Бесқарағай ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Большая Владимировка ауылы, Сейфуллин к-сі, 162

8 (722) 36-914-44

63

«Бородулиха ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Бородулиха ауылы, Түсіпжанов к-сі, 39

8 (722) 51-291-77

64

«Глубокое ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Глубокое кенті, Пирогов к-сі, 6

8 (722) 31-215-33

65

«Жарма ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Георгиевка ауылы, Ленин к-сі, 101

8 (722) 47-619-74

66

«Зайсан ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Зайсан қаласы, Жангельдин к-сі, 54

8 (722) 40-217-88

67

«Зырян ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Зырян қаласы, Киров к-сі, 54

8 (722) 35-400-69

68

«Қатонқарағай ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Үлкен Нарым ауылы, Абылай хан к-сі, 109

8 (722) 41-214-40

69

«Көкпекті ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Көкпекті ауылы, Раев к-сі, 44

8 (722) 48-273-11

70

«Курчатов қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Курчатов қаласы, Ленин к-сі, 10

8 (722) 51-257-45

71

«Күршім ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Күршім ауылы, Момышұлы к-сі, 85

8 (722) 39-331-43

72

«Риддер қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Риддер қаласы, Семей к-сі, 10

8 (722) 36-424-98

73

«Семей қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Семей қаласы, Интернациональная к-сі, 8

8 (722) 25-225-40

74

«Тарбағатай ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ақсуат ауылы, Абылай хан к-сі, 14

8 (722) 46-220-16

75

«Ұлан ауданы әкімдігінің  білімбөлімі» мемлекеттік мекемесі

Молодежный кенті, 1

8 (722) 38-273-45

76

«Үржар ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Үржар ауылы, Жамбыл к-сі, 19

8 (722) 30-213-78

77

«Шемонаиха ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Шемонаиха қаласы, Чапаев к-сі, 35

8 (722) 32-317-04

78

«Өскемен қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Өскемен қаласы, Урицкий к-сі, 10 «а»

8 (722) 22-411-91

Жамбыл облысы

79

«Байзақ ауданы әкімшілігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Сарыкемер ауылы, Байзақ батыр к-сі, 104

8 (726) 37-218-67

80

«Жамбыл ауданы әкімшілігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Аса ауылы, Абай к-сі, 121

8 (726) 33-211-54

81

«Жуалы ауданы әкімшілігінің білім белімі» мемлекеттік мекемесі

Момышұлы ауылы, Жамбыл к-сі, 273

8 (726) 35-211-70

82

«Қордай ауданы әкімшілігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қордай ауылы, Жібек жолы к-сі, 273

8 (726) 36-210-94

83

«Меркі ауданы әкімшілігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Меркі ауылы, Ысмайылов к-сі, 146

8 (726) 32-217-86

84

«Мойынқұм ауданы әкімшілігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Байқадам ауылы, Рысқұлбеков к-сі, 133

8 (726) 42-243-36

85

«Тұрар Рысқұлов атындағы ауданы әкімшілігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Құлан ауылы, Жібек жолы к-сі, 1

8 (726) 31-212-39

86

«Талас ауданы әкімшілігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қаратау қаласы, Алексеев к-сі 3

8 (726) 44-609-19

87

«Сарысу ауданы әкімшілігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Жаңатас қаласы, Жібек Жолы к-сі, 31

8 (726) 34-630-32

88

«Шу ауданы әкімшілігінің  білімбөлімі» мемлекеттік мекемесі

Төле би ауылы, Төле би к-сі, 240

8 (726) 38-321-94

89

«Тараз қаласы әкімшілігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Тараз қаласы, Асқаров к-сі, 47

8 (726) 24-316-79

Батыс Қазақстан облысы

90

«Ақжайық ауданы әкімшілігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Чапаев ауылы, Қонаев к-сі, 72

8 (711) 36-924-46

91

«Бөкейорда ауданы әкімшілігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Сайқын ауылы, Жароков к-сі, 29

8 (711) 40-211-12

92

«Бөрлі ауданы әкімшілігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ақсай қаласы, Шәкенов к-сі, 4

8 (711) 33-223-32

93

«Жаңақала ауданы әкімшілігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Жаңақала ауылы, Халықтар достығы к-сі, 42

8 (711) 41-222-50

94

«Жәнібек ауданы әкімшілігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Жәнібек ауылы, Ықсанов к-сі, 93

8 (711) 35-214-74

95

«Зеленов ауданы әкімшілігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Периметное ауылы, Гагарин к-сі, 71

8 (711) 30-231-76

96

«Қазталов ауданы әкімшілігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қазталов ауылы, Шарафутдинов к-сі, 3

8 (711) 44-316-80

97

«Қаратөбе ауданы әкімшілігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қаратөбе ауылы, Құрманғалиев к-сі, 18

8 (711) 45-313-08

98

«Сырым ауданы әкімшілігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Жымпиты ауылы, Қазақстан к-сі, 14

8 (711) 34-313-06

99

«Тасқала ауданы әкімшілігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Тасқала ауылы, Абай к-сі, 23

8 (711) 39-210-92

100

«Теректі ауданы әкімшілігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Федоров ауылы, Бойнов к-сі, 18

8 (711) 32-230-54

101

«Шыңғырлау ауданы әкімшілігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Шыңғырлау ауылы, Қылышев к-сі, 89

8 (711) 37-336-37

102

«Орал қаласы әкімшілігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Орал қаласы, Достық к-сі, 145

8 (711) 25-086-47

Қарағанды облысы

103

«Абай ауданы әкімдігінің  білімбөлімі» мемлекеттік мекемесі

Абай қаласы, К.Маркс к-сі, 43

8 (721) 31-437-69,
433-78

104

«Ақтоғай ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ақтоғай ауылы, Бөкей хан д-лы, 10

8 (721) 37-213-99

105

«Бұқаржырау ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ботақара кенті, Абылай хан д-лы, 36

8 (721) 54-211-43,
212-16, 219-91

106

«Жаңаарқа ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Атасу ауылы, Сейфуллин к-сі, 10

8 (721) 30-274-98,
265-02

107

«Қарқаралы ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қарқаралы қаласы, Ленин к-сі, 55

8 (721) 46-321-82,
329-22

108

«Нұра ауданы әкімдігінің  білімбөлімі» мемлекеттік мекемесі

Киевка кенті
Тәуелсіздік к-сі, 41

8 (721) 44-226-40

109

«Осакаровка ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Осакаровка ауылы, Целинная к-сі, 3 «а»

8 (321) 49-413-73,
415-73

110

«Ұлытау ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ұлытау ауылы, Бұлқышев к-сі, 19

8 (721) 35-212-95,
214-27

111

«Шет ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ақсу-Аюлы ауылы, Шортанбай к-сі, 14

8 (721) 31-215-11,
215-82, 214-41

112

«Балқаш ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Балқаш қаласы, Уәлиханов к-сі, 5

8 (710) 36-462-37,
462-38

113

«Жезқазған қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Жезқазған қаласы, Алаша хан алаңы, 1

8 (710) 712-399,
712-787

114

«Қарағанды қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қарағанды қаласы, Мичурин к-сі, 3/1

8 (7212) 415-079,
424-778

115

«Қаражал ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қаражал қаласы, 25-ші орам, 23

8 (7103) 226-900

116

«Приозерск қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Приозерск қаласы, Пушкин к-сі, 7

8 (710) 39-530-92

117

«Саран ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Саран қаласы, Жамбыл к-сі, 65

8 (721) 37-405-55,
239-90

118

«Сәтбаев қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Сәтбаев қаласы, Сәтбаев д-лы, 111

8 (710) 63-379-34

119

«Теміртау қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Теміртау қаласы, Димитров к-сі, 11/1

8 (72139) 85-482, 84-963

120

«Шахтинск қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Шахтинск қаласы, Абай д-лы, 58 «б»

8 (72156) 550-95,
552-38

Қызылорда облысы

121

«Қызылорда қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қызылорда қаласы, Тәжібаев к-сі, н/ж

8 (724) 2-276-216

122

«Арал ауданы әкімдігінің  білімбөлімі» мемлекеттік мекемесі

Арал қаласы, Школьная к-сі, 35

8 (724) 33-216-70

123

«Қазалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Әйтеке би ауылы, Жаңақожа батыр к-сі, 11

8 (724) 38-221-84

124

«Қармақшы ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Жосалы ст-сы, Рысқұлов к-сі, 21

8 (724) 37-221-84

125

«Жалағаш ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Жалағаш ауылы, Желтоқсан к-сі, 3

8 (727) 31-314-48

126

«Сырдария ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Тереңөзек ауылы, Жамбыл ауылы, 18

8 (724) 36-217-78

127

«Шиелі ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Шиелі ауылы, Рысқұлов к-сі, 19

8 (724) 32-414-16

128

«Жаңақорған ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Жаңақорған ауылы, Амангелді к-сі, н/ж

8 (724) 36-223-36

Қостанай облысы

129

«Алтынсарин ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Силантьевка ауылы, Шипин к-сі, 1

8 (71445)-2-12-54,
8 (71445)-2-11-84

130

«Амангелді ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Амангелді ауылы, Б.Майлин к-сі, 14

8 (71440)-2-15-83,
8 (71440)-2-12-68

131

«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Әулиекөл ауылы, Ленин к-сі, 29

8 (71453)-2-11-40,
8 (71453)-2-11-40

132

«Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Денисовка ауылы, Калинин к-сі, 5

8 (71434)-9-13-06,
8 (71434)-9-26-01

133

«Жангелді ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Торғай ауылы, Алтынсарин к-сі, 4

8 (71439)-2-11-62,
8 (71439)-2-15-77

134

«Жітіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Жітіқара қаласы, 4-шағын ауданы, 27

8 (71439)-2-11-62,
8 (71439)-2-15-77

135

«Қарабалық ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қарабалық ауылы, Ленин к-сі, 9

8 (71435)-2-30-37,
8 (71435)-2-49-77

136

«Қамысты ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қамысты ауылы, Ленин к-сі, 22

8 (71441)-3-31-76,
8 (71441)-3-23-22

137

«Қарасу ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қарасу ауылы, Исақов к-сі, 68

8 (71437)-2-16-52,
8 (71437)-2-10-71

138

«Қостанай ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Затобольск ауылы, Школьная к-сі, 40

8 (71452)-2-14-80

139

«Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Боровское ауылы, Школьная к-сі, 6

8 (71452)-2-14-80

140

«Науырзым ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қараменді ауылы, Ш. Жәнібек к-сі, 1

8 (71455)-2-18-47,
8 (71455)-2-42-48

141

«Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Сарыкөл ауылы, Ленин к-сі, 91

8 (71443)-2-22-71,
8 (71443)-2-16-89

142

«Таран ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Таран ауылы, Калинин к-сі, 60

8 (71454)-2-14-49

143

«Ұзынкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ұзынкөл ауылы, Абылай хан к-сі, 38

8 (71451)-2-17-43

144

«Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Федоровка ауылы, Ленин к-сі, 14

8 (71436)-3-67-54

145

«Арқалық қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Арқалық қаласы, Абай д-лы, 29

8 (71444)-2-42-35

146

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қостанай қаласы, Байтұрсынов к-сі, 68

8 (71442)-2-19-04,
8 (71442)-2-19-50,
8 (7142)-54-55-03

147

«Лисаковск қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Лисаковск қаласы, 2-шағын ауданы, 8

8 (71430)-7-09-36,
8 (71430)-7-19-50

148

«Рудный қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Рудный қаласы, Ленин к-сі 30

8 (71433)-3-26-91,
8 (71433)-3-43-61

Маңғыстау облысы

149

«Ақтау қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ақтау, 4-шағын ауданы

8 (729) 23-36-551

150

«Жаңаөзен қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Жаңаөзен қаласы, «Шұғыла» шағын ауданы, ББ ғимараты

8 (729) 34-317-52

151

«Бейнеу ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Бейнеу ауылы, Әкімшілік ғимараты

8 (729) 32-210-46

152

«Қарақия ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Құрық ауылы, Батыр к-сі, 2

8 (729) 37-213-54

153

«Түпқараған ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Форт-Шевченко қаласы, Қызылбаев к-сі, 5

8 (729) 38-227-49

154

«Маңғыстау ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Шетпе ауылы, Орталық алаң, 1

8 (729) 31-216-65

155

«Мұнайлы ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Мұнайлы ауылы, Қоғамдық ұйымдар үйі

8 (729) 2466162

Павлодар облысы

156

«Павлодар қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Павлодар қ-сы Кривенко к-сі, 25

8 (718) 23 209-50

157

«Ақсу қаласы әкімдігінің  білімбөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ақсу қаласы, Қамзин к-сі, 14

8 (718) 37-512-12

158

«Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Екібастұз қаласы, Ленин к-сі, 101

8 (718) 77-716-92

159

«Ақтоғай ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ақтоғай ауылы, Абай к-сі, 77

8 (718) 41-215-77

160

«Баянауыл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Баянауыл ауылы, Әуезов к-сі, 19

8 (718) 40-915-36

161

«Железин ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Железин ауылы, Квитков к-сі, 7

8 (718) 31-220-80

162

«Ертіс ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ертіс ауылы, Елгин к-сі, 4

8 (718) 32-211-40

163

«Қашыр ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қашыр ауылы, Ленин к-сі, 236

8 (718) 33-215-85

164

«Лебяжі ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Лебяжі ауылы, Бейбітшілік к-сі, 1

8 (718) 39-217-86

165

«Май ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Май ауылы, Абылай хан к-сі, 24

8 (718) 38-917-70

166

«Успен ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Успен ауылы, Петровский к-сі, 17

8 (718) 34-910-69

167

«Шарбақты ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Шарбақты ауылы, Советов к-сі, 53

8 (718) 36-217-77

168

«Павлодар қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Павлодар қаласы, Толстой к-сі, 22

8 (718) 23-294-84

Солтүстік Қазақстан облысы

169

«Айыртау ауданы әкімшілігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Саумалкөл ауылы, 20-шағын ауданы

8 (715) 33-271-56

170

«Ақжар ауданы әкімшілігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Талшық ауылы, Целинный к-сі, 13

8 (715) 46-221-74

171

«Аққайың ауданы әкімшілігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Смирнов ауылы, Труд к-сі, 16

8 (715) 32-220-38

172

«Есіл ауданы әкімшілігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Явленка ауылы, Ленин к-сі, 12

8 (715) 43-210-37

173

«Жамбыл ауданы әкімшілігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Пресновка ауылы, Шайкин ауылы, 30

8 (715) 44-200-01

174

«М. Жұмабаев ауданы әкімшілігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Булаев қаласы, С. Мұқанов к-сі, 34

8 (715) 31-201-66

175

«Қызылжар ауданы әкімшілігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Бішкүл кенті, Молодежный к-сі, 2

8 (715) 38-21163

176

«Мамлют ауданы әкімшілігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Мамлют ауылы, А. Құнанбаев к-сі, 5

8 (715) 41-225-38

177

«Ғ. Мүсірепов ауданы әкімшілігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Новоишим кенті, Школьная к-сі, 19

8 (715) 35-221-02

178

«Тайынша ауданы әкімшілігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Тайынша қаласы, Қазақстан Конституциясы к-сі, 206

8 (715) 36-210-75

179

«Тимирязов ауданы әкімшілігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Тимирязов ауылы, Уәлиханов к-сі, 25

8 (715) 37-205-85

180

«Уәлиханов ауданы әкімшілігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Кішкенекөл ауылы, Жамбыл к-сі, 76

8 (715) 42-220-83

181

«Шал ақын ауданы әкімшілігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Сергеев қаласы, Желтоқсан к-сі, 14

8 (715) 34-22-48

182

«Петропавл қаласы әкімшілігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы к-сі, 23

8 (715) 24-605-61

Оңтүстік Қазақстан облысы

183

«Арыс қаласы әкімдігінің  білімбөлімі» мемлекеттік мекемесі

Арыс қаласы, Ибрагимов к-сі, 35

8 (725) 40-217-01,
226-82

184

«Бәйдібек ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Шаян ауылы, Тасболатов к-сі, 1

8 (725) 48-21552

185

«Қазығұрт ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қазығұрт ауылы, Қонаев к-сі, н/ж

8 (725) 39-228-00

186

«Мақтаарал ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Жетісай ауылы, Яссауи к-сі, 3

8 (725) 34-652-65

187

«Ордабасы ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Темірлан ауылы, Рысқұлов к-сі, 17

8 (725) 30-221-21

188

«Отырар ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Шәуілдір ауылы, Жібек жолы к-сі, н/ж

8 (725) 44-214-51

189

«Сайрам ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ақсу қаласы, Жібек жолы к-сі, н/ж

8 (725) 31-214-51

190

«Сарыағаш ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Сарыағаш қаласы, Ұманов к-сі, 10

8 (725) 37-214-93

191

«Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Шолаққорған ауылы, Жібек жолы к-сі, н/ж

8 (725) 422-21

192

«Төле би ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Леңгір қаласы, Төле би к-сі, 294

8 (725) 47-616-22

193

«Түлкібас ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Т. Рысқұлов ауылы, Қонаев к-сі, 44

8 (725) 38-521-21

194

«Түркістан ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Түркістан қаласы, Әйтеке би к-сі, 29

8 (725) 33-430-67

195

«Шардара ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Шардара қаласы, Шардара тұйық к-сі, н/ж

8 (725) 35-221-51

196

«Кентау қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Кентау қаласы, Қонаев к-сі, 10 «а»

8 (725) 36-300-50,
325-41

197

«Шымкент қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Шымкент қаласы, Жәнгелді к-сі, 42

8 (7252) 542-787

Астана қаласы

198

«Астана қаласы әкімдігінің білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі

Астана қаласы, Бейбітшілік д-лы, 11

8 (7172) 55-68-75

Алматы қаласы

199

«Әуезов ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Алматы қаласы, Алтынсарин д-лы, 23

8 (7272)98-2831

200

«Бостандық ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Алматы қаласы, Айманов к-сі, 191

8 (7272)75-24-75

201

«Жетісу ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Алматы қаласы, Жібек жолы к-сі, 115

8 (7272)79-25-87

202

«Алатау ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Алматы қаласы, «Ұлжан-1» 0Ш-152 ауданы

8 (7272)71-10-91

203

«Алмалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Алматы қаласы, Бөгенбай батыр к-сі, 260

8 (7272)75-82-37

204

«Медеу ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Алматы қаласы, Пушкин көшесі, 72

8 (7272)93-91-61,
91-73-01

205

«Түрксіб ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Алматы қаласы, Шолохов к-сі, 28

8 (7272)34-10-50

«Қорғаншылық және қамқоршылық
жөніндегі анықтамалар беру» 
мемлекеттік қызмет стандартына
2-қосымша         

Р/ с


Орталықтың атауы

Орталықтың орналасқан мекенжайы

Операциялық залдың телефон нөмірі

Басшының телефон нөмірі

1

2

3

4

5

1

Ақмола облысының халыққа қызметі көрсету орталығы

Көкшетау қаласы, Әуезов к-сі, 189 «а» үй

8(7162) 25-77-16

8(7162)40-10-63 қабылдау бөлмесі

2

Ақтөбе облысының халыққа қызмет көрсету орталығы

Ақтөбе қаласы, Тургенев к-сі, 109-үй

8(7132) 56-24-53

8(7132) 55-15-55 қабылдау бөлмесі

3

Алматы облысының халыққа қызмет көрсету орталығы

Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік к-сі, 67 «б» үй

8(7282) 24-31-10

8(7282)24-41-33 қабылдау бөлмесі

4

Атырау облысының халыққа қызмет көрсету орталығы

Атырау қаласы, Авангардская к-сі, 2-23 «б» үй

8(7122) 28-31-14, 28-40-06

8(7122)28-40-14 қабылдау бөлмесі

5

Қазақстан Шығыс облысының № 1 халыққа қызмет көрсету орталығы

Өскемен қаласы, Белинский к-сі, 37 «а» үй

8(7232) 22-48-03

8(7232)28-94-67 қабылдау бөлмесі

6

Шығыс Қазақстан облысының № 2 халыққа қызмет көрсету орталығы

Семей қаласы, 408-ші орам, 21-үй

8(7222) 33-55-77

8(7222)33-55-93 қабылдау бөлмесі

7

Жамбыл облысының халыққа қызмет көрсету орталығы

Тараз қаласы, Қойгелді к-сі, 158 «а» үй

8(7262) 51-44-79

8(7262)43-84-14 қабылдау бөлмесі

8

Батыс Қазақстан облысының халыққа қызмет көрсету орталығы

Орал қаласы, Жамбыл к-сі, 81-үй

8(7112) 28-13-12

8(7112)23-68-81 қабылдау бөлмесі

9

Қарағанды облысының халыққа қызмет көрсету орталығы

Қарағанды қаласы, Чкалов к-сі, 7-үй

8(7212) 41-63-03

8(7212)42-09-10, 41-63-10 қабылдау бөлмесі

10

Қостанай облысының халыққа қызмет көрсету орталығы

Қостанай қаласы, Таран к-сі, 114-үй

8(7142) 53-26-00, 21-13-11

8(7142)54-10-20 қабылдау бөлмесі

11

Қызылорда облысының халыққа қызмет көрсету орталығы

Қызылорда қаласы, Мұратбаев к-сі, н/ж

8(7242) 23-07-51

8(7242)23-07-16 қабылдау бөлмесі

12

Маңғыстау облысының халыққа қызмет көрсету орталығы

Ақтау қаласы, 15-шағын ауданы, 67"б" үй

8(7292) 42-23-19

8(7292)42-23-12 қабылдау бөлмесі

13

Павлодар облысының халыққа қызмет көрсету орталығы

Павлодар қаласы, Павлов к-сі, 48-үй

8(7182) 33-47-54, 33-47-48

8(7182)33-47-35 қабылдау бөлмесі

14

Солтүстік Қазақстан облысының халыққа қызмет көрсету орталығы

Петропавл қаласы, Әуезов к-сі, 157-үй

8(7152) 42-69-50

8(7152)33-31-03 қабылдау бөлмесі

15

Оңтүстік Қазақстан облысының халыққа қызмет көрсету орталығы

Шымкент қаласы Мәделі қожа к-сі, н/ж

8(7252) 21-48-96

8(7252)30-06-79 қабылдау бөлмесі

16

Алматы қаласы Алмалы ауданының халыққа қызмет көрсету орталығы

Алматы қаласы, Бөгенбай батыр к-сі, 221-үй

8(727) 378-09-10

8(727)378-09-09 қабылдау бөлмесі

17

Алматы қаласы Алатау ауданының халыққа қызмет көрсету орталығы

Алматы қаласы, Жанқожа батыр к-сі, 24-үй

8(727) 377-19-80

8(727)377-19-80 қабылдау бөлмесі

18

Алматы қаласы Әуезов ауданының халыққа қызмет көрсету орталығы

Алматы қаласы, Бөкеев к-сі, 128-үй

8(727) 317-82-29

8(727)256-08-69 қабылдау бөлмесі

19

Алматы қаласы Бостандық ауданының халыққа қызмет көрсету орталығы

Алматы қаласы, «Алмагүл» шағын ауданы, 9 «а» үй

8(727) 293-41-14

8(727)248-17-77 қабылдау бөлмесі

20

Алматы қаласы Жетісу ауданының халыққа қызмет көрсету орталығы

Алматы қаласы, Төле би к-сі, 155-үй

8(727) 378-46-72

8(727)390-18-07 қабылдау бөлмесі

21

Алматы қаласы Медеу ауданының халыққа қызмет

Алматы қаласы, Марков к-сі, 44-үй

8(727) 239-65-53 239-65-47

8(727) 239-65-52 қабылдау бөлмесі

22

Түркісіб ауданының халыққа қызмет көрсету орталығы

Алматы қаласы, Рихард Зорге к-сі, 9-үй

8(727) 234-09-27

8(727)234-09-35 қабылдау бөлмесі

23

Астана қаласы Алматы ауданының № 1 халыққа қызмет көрсету орталығы

Астана қаласы, Мирзоян к-сі, 25-үй

8(7172) 61-84-03

8(7172)61-84-04 қабылдау бөлмесі

24

Астана қаласы Алматы ауданының № 2 халыққа қызмет көрсету орталығы

Астана қаласы, Күйші Дина к-сі, 31-үй

8(7172) 40-65-62

8(7172)40-65-62 қабылдау бөлмесі

25

Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 1 халыққа қызмет көрсету орталығы

Астана қаласы, Республика даңғылы, 47-үй

8(7172) 32-42-79

8(7172)32-40-95 қабылдау бөлмесі

26

Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 2 халыққа қызмет көрсету орталығы

Астана қаласы, Сүйінбай ақын к-сі, 85-үй

8(7172) 37-74-34

8(7172)37-74-34 қабылдау бөлмесі

27

Астана қаласы Есіл ауданының халыққа қызмет көрсету орталығы

Астана қаласы, Сауран к-сі, 7-үй

8(7172) 50-13-69

8(7172)50-13-72 қабылдау бөлмесі

«Қорғаншылық және қамқоршылық
жөніндегі анықтамалар беру» 
мемлекеттік қызмет стандартына
3-қосымша         

Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және қолжетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы мақсатты мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының %-ы (үлесі)










2. Сапасы

2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)










3. Қолжетімділік

3.1. Қызметті ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)










3.3. Ақпаратқа электрондық форматта арқылы қол жеткізуге болатын қызметтер %-ы (үлесі)










4. Шағымдану үдерісі

4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)










5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)










«Қорғаншылық және қамқоршылық
жөніндегі анықтамалар беру» 
мемлекеттік қызмет стандартына
4-қосымша         

АНЫҚТАМА №_____

Осы анықтама

_____________________қаласы
_____________________көшесі,
№_______ үй, №_________ пәтерде тұратын

азамат (азаматша)____________________________________________берілді, ол шын мәнінде (қала, аудан) әкімінің


200__жылғы «____» ____________________ №_______ шешіміне сәйкес
19__жылғы  «____» ____________________ туылғылан_________________

және оның мүлкіне (мүлкінің тізімдемесі істе тігулі, мүлкі жоқ) қорғаншы (қамқоршы) болып тағайындалды.


      Қорғаншыға (қамқоршыға) қамқорлыққа алынушыны тәрбиелеу, оқыту, қоғамдық пайдалы қызметке даярлау туралы, оның жеке мүліктік құқықтарын қорғау және сақтау, сотта және барлық мемлекеттік мекемелерде арнайы өкілеттіксіз оның өкілі болу міндеті жүктеледі.

      Аудандық, қалалық


      білім бөлімінің бастығы            __________Т.А.Ә.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет