Орындаған 301 топ студенті: Мұрат Қ. М тексерген



Дата02.01.2022
өлшемі488.86 Kb.
#454184
Курстық жұмыс


Республикалық спорт коллежді

Курстық жұмыс

Тақырыбы:Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу

Орындаған 301 топ студенті:Мұрат Қ.М

Тексерген:Педагогика пәні оқытушысы:

Курманбекова Б.К

ЖОСПАР

 КІРІСПЕ


 І бөлім Қәзіргі кездегі оқу-тәрбие процесінде балалардың жас ерекшелігін

Ескерудің маңызы.   

1.1 Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу

1.2 Жас ерекшелік туралы түсінік

1.3 Оқу тәрбие процесінде оқушылардың​ жас ерекшелігін ескерудің

маңыздылығы  

ІІ бөлім оқу-тәрбие процесінде балалардың жас ерекшеліктері және оларды

есепке алу

2.1Оқу–тәрбие процесінде бастауыш сынып оқушыларының жас

жас ерекшеліктері

2.2 Педагогикалық процестегі жеткіншек жастағы балалардың жас ерекшелігін ескеру және есепке алудың ерекшеліктері

2.3 жасөспірім кезеңіне сипаттама беру және олардың жас ерекшеліктерін

Ескеру мен есепке алудың педогогикалық шарттары

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 



 

3

 



 

5

5



10

 

13



 

16

 



16

 

22



 

24

27



28

 

Балалардың жас ерекшеліктерін есепке алу – оқыту мен тәрбие жүйесіндегі негізгі принциптердің бірі. Оқыту және тәрбие беру ісінде осы принципті мұғалім әр уақытта басшылыққа алады. Балалардың жас ерекшеліктеріні сай мектептің ішкі тәртіп ережелері, сабақ және тәрбие жұмыстарының кестелері, оқу жоспарлары мен бағдарламалары және тәрбие жұмысының бағдарламасы жасалынады. Осылардың негізінде мектептегі оқу және тәрбие жұмысының мазмұны, формалары мен әдістері оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай іс жүзінде асырылады.



Оқыту мен білім беру процесіндегі ең маңызды бөліктердің бірі оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру. Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай олардың қызығушылығы мен қабылдауы, ойлауы мен сөйлеуі әртүрлі болады. Сондықтан, оларды оқыту құралдары да, тәсілдері де әртүрлі болады. Бұл модульде біз ең алдымен баланың танымдық даму деңгейін анықтап алуымыз қажет. Яғни, баланың оқу және белгілі бір мәселелерді шешу дағдыларын, сонымен қатар оның сөз сөйлеуін, ойлауын, зейінін, тапқырлық және шығармашылық қабілеттерінің қандай дәрежеде екендігін анықтап, оның ары қарай дамуына ықпал етуіміз керек.

Соңғы жылдары симпозиумда қабылданаған жас кезеңдерінің схемасына, яғни туған баладан бастап жасөспірімдік шаққа дейін өзгерістер кіреді. Олар жеті сатыдан тұрады.

Жаңа туған бала (туған сәттен 1 – 2айға дейін).

Нәрестелік шақ ( 1- 2 айдан 1 жылға дейін).

Ерте сәбилік шақ (1 жастан 3 жасқа дейін).

Мектепке дейінгі балалық шақ ( 4 жастан 7 жасқа дейін).

Бастауыш мектеп шағы (7 жастан 11 – 12 жасқа дейін).

Жеткіншектік шақ (11 – 12 жастан 14 – 15 жасқа дейін).

Жасөспірімдік жас (14 – 15 жастан 17 жасқа дейін).

Балалардың жас ерекшелігін есепке алу, оқыту мен тәрбие жүйесіндегі негізгі пинциптердің бірі. Қоғамда атқаратын рөлі, белгілі құқығы бар адамды жеке адам деп түсінеміз. Ал, қалыптасу дегеніміз – адамның жеке басының дамуы мен тәрбиенің  нәтижесінде жетілуі, саналы өмір сүруге дайын болу.

Тәрбие ісінде балалардың  жас  ерекшеліктерін  ескеріп  отыру  қажеттігін 

Педагогика ғылымы  ерте  кездеақ  көрсеткен  еді.  Ал,  белгілі  педагогтер  Я.Коменский,

Ж.Руссо  тәрбие  беру  кезінде  бала  табиғатын,  оның  қабылдау,  ойлау  ерекшеліктерін  еске  алып  отыруға  үндеген  болатын.

Жеке   ерекшеліктерді  есепке  алу  маңызды  жағдай.  Мұғалім  бұл  мәселеде  шектен  шығып  кетпеуі  керек,  яғни,  баланың  мүмкіншілігін  артық  бағалау да,  ескермеуі  де  баланың  жеке  дамуына  зиянын  тигізеді.



Міне,  осылайша  тәрбие  беруде  де,  оқытуда да  әр  балаға  жеке  қарым- қатынас  жасау  маңызды,  себебі  әр  балада  оның  рухани  қажеттілігінің,  өзіндік  қызығушылығының  көрінісі  ретінде  жеке  ерекшелігі  айқын  көрініс  береді,  ал  ол  әр  адамның  жан-жақты  дамуы  үшін  қоғамның  талабы  негізінде  туындайды.  Жеке  қарым-қатынас  әр  баланың  бейімділіктері  мен  қабілеттерінің  ашыла  түсуіне  жақсы  жағдай  жасау  үшін  аса  маңызды,  сондай-ақ  ол  оқу  бағдарламасының  талаптарын  орындаудағы  қиыншылықтарды  жеңуде  де  зор  рөл  атқарады.

Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет