ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМІ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
ӘЛЬ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ
Факультет: «Философия және саясаттану»
Кафедра: Философия
ЭССЕ
Тақырыбы: Қорқыт ата кітабы
Орындаған: Алдаберген Д.Н
Тексерген: Құранбек Ә.А
Алматы 2024жыл
Қаңлы Қожақұлы Торалы әңгімесінің баяны жайлы қысқаша
Менің бұл әңгімеден түйген ойым қыздың ақылдылығы,жігіттің батырлығы әрқашан жерде қалмастығы жайлы айтылады.Намысқа тырысқан Торалының сұлтандардың қас сұлуы Селжанға деген махаббаты оның алдынан шыққан барша қиыншылыққа төтеп бере алатындығының дәлелі ретінде келтіріліп отыр.Өз отауында отырған Торалыға жер әлемнен қыз іздеген әкесі ақыр соңында кәпір елінен табады.Жөн сұратады,қолын сұрайды.Дегенмен әкесінің шарты Торалының әкесіне қорқынышты естіледі.Аң патшасы арыстан,қара бұқа және бураны жеңген адам ғана Селжанға қолы жете алатынын естиді және ондағы отыз алты жігіттің ілініп тұрған басы Қаңлыны ойландырады.Сонда да ол өз ұлына естіртіп көруге бел буады.Осы бір жаңалықты күткен Торалыға бұл жаңалық сөз болмай қасына қырық жолдасын ертіп жол тартып барады.Нмаысқа шыдамай тұрған ұлын көрген әкесі мен анасы қоштасып қалады.Жеті күн,жеті түн жүрген олар отау тігеді,кәпір еліне де келіп бір көріседі,қолын сұрайды.Келесі күннің таң сәресіне шайқасқа дайындалады.Қасындағы әдемі бикештер қызыл,Селжан көзге түсер сары киімімен отау төріне жайғасады.
Мұхаммедке салауат айтып бірінші ол қара бұқамен алысады,бұқаны бауыздап,терісін сыпырып кәпір ханының алдына тастайды.Қызын әкетуге рұқсат береді.Бірақ бұл қуанышты сәтті кәпір ханының туысы құртады.Керісінше аң патшасы арыстанмен неге шайқасып көрмеске дегенді білдіреді.Арыстан терісін,бұқаны да,бураны да құлатқан Торалының мықтылығына тәнті болған кәпір ханы өз өызына арнап отау тіккізбекші болады. Ақылы бар,сөздің түбін ойлайтын Торалы отауды өз үйінде тікпекші болып Селжанды алып өз жеріне кетеді.
Артын ойлаған Селжан іші бір затты сезгендей сауытын киіп,найзасын алып төбеге шығып жауды күтеді.Дәл күткеніндей өздерінің әкесі қызын қайдағы оғыз елінің баласы әкетіп қалғанына ашуланып әскермен келеді.
Селжан барып Торалыны оятады.Екеуі шайқасқа шығып тіріміз осы отауға келеміз дейді.Солай аман есен оралады.Екеуі бір бірін сынамақшы болып өлтіруге бел буынады.Жігітті аяған Селжан ақылына сай жебенің темірін алып атады,бұған жауап ретінде Торалы мен қалайша өз таңдауымды өлтіремін дейді.осы бір сынақтан шыққан екеуі ата анасымен бірге дүбірлетіп той жасайды.
Бұндағы басты ой мықты ер адамға қашанда ақылы көркіне сай,алдын ойлайтын әйел адамның жолығатыны туралы. Мықты ер адамға алынбайтын қамал,сүрінбейтін тұяқ жоқ екендігі жайлы қысқаша айтылады.
Достарыңызбен бөлісу: |