Әділдік және жауапкершілік



Дата18.09.2024
өлшемі14.41 Kb.
#503729
Құндылық


Әділдік және жауапкершілік. Бүгінгі сабағымызды президентіміз Қасым Жомарт Тоқаевтың сөзімен бастағым келеді.Президенттің пікірінше, әділдік пен жауапкершілік – тығыз байланысты ұғымдар. Басқаша айтсақ, жауапкершілік болмаса, әділдік те болмайды. Әркім өз ісіне, міндетіне жауапкершілікпен қараса, жеке азамат та, бүкіл ел де табысқа жетеді. Әділдіктің қуаты – осында»,-дейді Мемлекет басшысы.Олай болса,біз әрбір ісімізге жауапкершілікпен қарайтын болсақ алынбайтын қамал болмайды.Алдағы үлкен сынақтардан сүрінбей өтетіндеріңе үлкен сенім білдіремін.
Жаңа сабағымызды К. Д. Ушинскийдің "Екі соқаның" еңбек және бос жұмыс туралы әңгімесімен бастағыым келеді.
Бір заводтан әм бір кесек темірден екі соқа істеліп шықты, олардың біреуі кешікпей егіншінің қолына түсіп жер жырта бастады. Біреуі ешбір кәсіпсіз дүкенде жатты. Егіншінің қолындағы соқа жер жыртқаннан ағарып күмісше жылтырап тұрды, дүкендегі соқа тот басып қарайып жатты. Бірнеше уақыт өткен соң екі соқа жолығысты. Сонда дүкендегі соқа егіншідегі соқадан сұрады: не себепті сен мұнша жалтырайсың?—деп.— Жұмыс қылып мехнаттанғаннан. Егер сен де жұмыс қылып мехнаттансаң, мендей жарқырап тұрар едің, — деді. Сонымен балалар әрқашан құр жүре бермей еңбектену керек. Мына сендердің сабаққа келіп, білім алғандарыңның өзі еңбекке жатады. Өйткені сендер құр қарап жатпай, күнделікті сабаққа дайындаласыңдар.
Өз кәсібін өте жақсы білетін, оған әбден берілген, еңбекқор адам ғана табысқа жете алады. «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар тәннің құмары. Біреуі білсем екен деп туады. Не көрсе соған талаптанып. Білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген. Мұның бәрі-жанның құмары» деген екен Ұлы Абай атамыз. Сабақ оқу да – еңбек. Еңбек қана бар қиындықты жеңбек дей келе алдағы тапсырмаларды орындап жіберейік

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет