Орындаған: Асқанбай Әли ММ-23-7
«Қазақстанның саяси элитасының қалыптасуы: тарихы, тенденциялары және сын-қатерлері»
Кіріспе:
Қазақстанның саяси элитасының қалыптасу процесі 1991 жылы тәуелсіздік алған кезден басталып, бүгінде жалғасып келе жатқан ұзақ мерзімді эволюция. Қазақстандық саяси элитаның қалыптасуының тарихи тамырларын, осы процестің негізгі кезеңдерін, сондай-ақ еліміздің алдында тұрған міндеттерді жіктеп көрсеткім келеді
Тарихи тамырлары:
Қазақстанның саяси элитасының қалыптасу тарихы Кеңес Одағының ыдырауынан басталды. Қайта құру мен тәуелсіздік кезеңін ел өзгерген кезең деп таныды. Бұрынғы коммунистік кадрлардың көптеген өкілдері Қазақстанның саяси элитасының құрамына енді. Бұл кезеңде егемендікті нығайтып, өздерінің саяси жүйесін құруға баса назар аударылды. Совет өкіметі кезінде қазақтардың жоғарғы кеңестің отаршылдық маңыз алған езгілеріне шыдауы – олардың білімсіздігінде, өз мүдделерін білмеуінен деп сол кездегі интеллигенция қынжылған болатын. Өз халқын оқуға, білімге, өз мемлекетімізді құруға шақыру, саяси процестерді түсіндіру олардың міндетіне айналды. «Алаш» қозғалысын халықтың мүдделерін анық білдіруге болатындығын біліп құрған болатын. «Алаш» қозғалысы мүшесі қызметін: Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынұлы, Сейдазым Қадырбаев, Есенғали Тұрмұхамедов атқарған болатын. Саяси ұйымның пайда болуына тек қана саяси жағдайлар емес ұлттық интеллигенцияның жаңа мемлекет турала өз идеяларымен бөлісуге деген ұмтылысы да өз үлесін қосты. КСРО – ның саяси өміріне Қаратаев, Байтұрсынов, Досмұхамедовтың, Бөкейхановтың енуі Қазақстанның саяси элитасының қалыптасуының негізі болды.
Саяси элитаның эволюциясы:
Уақыт өте келе Қазақстанның саяси элитасында ұрпақ алмасу болды. Жас әрі білімді басшылар мемлекеттік, парламенттік және қоғамдық ұйымдарда маңызды қызметтерді атқара бастады. Бұл саяси элитаның бірте-бірте жаңарып, жан-жақты болуын көрсетеді.
Экономикалық фактор:
Саяси элитаны қалыптастыруда экономикалық даму және ресурстарды тиімді бөлу маңызды рөл атқарады. Қазақстан табиғи ресурстарға бай мемлекет бола отырып, осы ресурстарды бақылау үшін күреске байланысты қиындықтарға тап болды. Бұл саяси элитаның құрылымына және оның әртүрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін қанағаттандыру қабілетіне әсер етеді.
Қиындықтар мен перспективалар:
Қазақстанның саяси элитасының қалыптасуы болашақта жалғасын табатын үздіксіз процесс. Қазақстанның тұрақты және әділ дамуын қамтамасыз ету үшін элитаның егде және жас өкілдерінің, сондай-ақ қоғамдағы әртүрлі мүдделер арасындағы тепе-теңдікті сақтау маңызды. Демократияны нығайту және сыбайлас жемқорлықпен күресу сынды міндеттер саяси элитаның назары мен әрекетін талап етеді.
Қорытынды:
Қазақстанның саяси элитасының қалыптасуы – елдің болашағын айқындайтын күрделі процесс. Бұл тарихи факторларға, көшбасшылық рөліне және елдің қиындықтарға төтеп беру қабілетіне байланысты. Ел бүкіл қазақ қоғамының мүддесіне қызмет етуге қабілетті жан-жақты, жауапты және әділ саяси элитаны құруға ұмтылуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |