Орындаған: Аштай Н. С. Кеңесбек А.Ү. Тобы: жм-28-23 Қабылдаған: Оразбаева Ж. Т. Тақырыбы: Артериялық гипертензия Преэклампсия, hellp синдромы


Емдеуді систолалық артериялық қысым (САД) ≥140 мм рт.ст. және диастолалық артериялық қысым (ДАД) ≥ 90 мм рт.ст. болғанда бастау керек [Дәлел деңгейі - А], [9] (артериялық қысымның этиологиясына қарама



бет3/11
Дата18.09.2024
өлшемі1.35 Mb.
#503751
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Гипертензия

Емдеуді систолалық артериялық қысым (САД) ≥140 мм рт.ст. және диастолалық артериялық қысым (ДАД) ≥ 90 мм рт.ст. болғанда бастау керек [Дәлел деңгейі - А], [9] (артериялық қысымның этиологиясына қарамастан).

  • Емдеуді систолалық артериялық қысым (САД) ≥140 мм рт.ст. және диастолалық артериялық қысым (ДАД) ≥ 90 мм рт.ст. болғанда бастау керек [Дәлел деңгейі - А], [9] (артериялық қысымның этиологиясына қарамастан).
  • NB! Жүкті әйелдерде артериялық гипертензияны емдеу кезінде артериялық қысымның қолайлы диапазоны систолалық АД 130-140 мм рт.ст. және диастолалық АД 80-85 мм рт.ст. деп есептеледі [Дәлел деңгейі - А] [5,9]. ДАД-ты 80 мм рт.ст. төмендетпеу керек – плацентарлық қан ағымы бұзылады [Дәлел деңгейі - А] [9].

NB! Гидрохлортиазид – созылмалы артериялық гипертензия кезінде үшінші қатардағы препарат ретінде қолданылуы мүмкін.
Фуросемид. Жүктілік бүйрек немесе жүрек жеткіліксіздігімен асқынған жағдайда қолдану орынды.
NB! Артериялық гипертензия және ісінулер кезінде диуретиктер әдеттегі қолданылатын дәрілік заттар қатарына кірмейді, преэклампсия кезінде қолдану ұсынылмайды және жатыр-плацентарлық қан ағымы бұзылған жағдайда және ұрықтың ішкі дамуының кідірісі кезінде мүлдем қарсы көрсетілген, өйткені олар плазма көлемін азайтып, плацентаның қанмен қамтамасыз етілуін төмендетуі мүмкін. Диуретиктердің жанама әсерлері: ауыздың құрғауы, диспепсиялық бұзылулар, жүрек қағуы, балтыр бұлшықеттерінің құрысуы; қолдану анада электролиттік бұзылулардың даму қаупімен байланысты.
Жүкті әйелдерде орташа артериялық гипертензия кезінде біріктірілген терапияны қолдану препараттардың аз дозаларын қабылдау аясында мақсатты артериялық қысым көрсеткіштеріне қол жеткізуге, жағымсыз әсерлердің пайда болу ықтималдығын азайтуға, сондай-ақ анада ең тиімді органопротекцияны қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ауыр артериялық гипертензия кезінде мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізу үшін біріктірілген гипотензивті терапияны тағайындау қажеттілігі туындайды (Дәлел деңгейі – D) [16,10,11]. Жүктілік кезеңінде қолдануға болатын дәрілік заттардың комбинациялары кестеде көрсетілген.
NB! Жекелеген зерттеулерде кардиологтың қатаң бақылауымен жүкті әйелдерде артериялық гипертензия кезінде қолданылатын гипотензивті препараттардың комбинациялары ұсынылады
  • Әйелдерге бұрыннан бар артериялық гипертензиясы бар, қан қысымы <160/100 мм.рт.ст. 37 аптадан кейін гипотензивті емдеумен немесе онсыз босану мерзімін жеке шешу керек (ұсынылады 38-39 апта);
  • резистентті гипертензиясы бар әйелдерге гестация мерзіміне қарамастан, кортикостероидтар курсын аяқтағаннан кейін (қажет болған жағдайда) босану керек;
  • РДС синдромының алдын алу үшін кортикостероидтарды 34 аптаға дейінгі жүктілік мерзімінде преэклампсиясы бар барлық пациенттерге тағайындау керек [Дәлел деңгейі - А];
  • 37 аптаға дейінгі жүктілік мерзімінде жоспарланған кесар тілігі кезінде кортикостероидтар курсын жүргізу респираторлық ауруларды азайту үшін дәрігерлер консилиумымен шешіледі [Дәлел деңгейі - В] [1,8];
  • 37 апта және одан жоғары мерзімде преэклампсия кезінде оның ауырлығына қарамастан босану мәселесі қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет