Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы №95 қаулысымен бекітілген



бет1/10
Дата23.02.2016
өлшемі1.15 Mb.
#4038
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 95 қаулысымен бекітілген

Әділет министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспардың орындалу барысы бойынша

жедел есептілік 
Есептік кезең: 2012 жыл
Мақсаттарға, міндеттерге, нысаналы индикаторларға, іс-шаралар мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу
1-стратегиялық бағыт. Заңнаманы жетiлдiру, сапалы норма шығару қызметi
1.1-мақсат. Ұлттық құқықтық жүйенi жаңғырту және оны үздiк халықаралық тәжiрибеге сәйкес келтiру
Осы мақсатқа қол жеткiзуге бағытталған бюджеттiк бағдарламалардың коды – 006, 055



Мақсаттық индикатор, міндеттер мен жетістіктің соңғы мерзімі (кезеңі) көрсетілетін тікелей нәтижелер көрсеткіштерінің атауы

Ақпарат көзі

Өлшем бірлігі

Есептік кезең

Орындалмау себептері

2012 жылғы жоспар

2012 жылғы деректері

1

2

3

4

5

6

Мақсатты индикатор




1. Жоспарлы кезеңде Қазақстан Республикасының Үкiметi Әзiрлейтiндердiң iшiндегi заң жобаларын әзiрлеудiң халықаралық тәжiрибесiн көздейтiн заң жобаларының үлесi.

Әдiлет министрлiгiнiң есептiк деректерi

%

50

100 %

Қазақстан Республикасы үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2012 жылға арналған жоспары туралы Қазақстан Республикасы үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1680 Қаулысымен 34 заң жобасын әзірлеу көзделген.

Қазіргі таңда барлың заң жобаларыны халықаралық тәжрибені ескеріп әзірленген.





2. ЖБИ рейтингiндегi «Үкiметтiң iс-қимылының заңдылығын даулауда құқықтық шеңберлер тиiмдiлiгi» индикаторы бойынша позицияны жақсарту.

ДЭФ есебi

орын

70

76

Қазақстанның аталған индикатор бойынша рейтингінің төмендеуін назарға ала отырып Әділет министрлігі мүделлі мемлекеттік органдарға аталған мәселе жөнінде Қазақстанның осы индикатор бойынша рейтингін көтеру үшін өз ұстанымдары мен ұсыныстарын беруді ұсынды.

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Е. Орынбаевтың 2012 жылғы 16 мамырдағы Әділет министрлігінің 2012 жылғы 8 мамырдағы № 6-1-20/и-1986 хатына қатысты № 13-15/2491 тапсырмасымен сараптамалық топтың мүшелеріне Қазақстан Республикасының индикатор бойынша позициясын жақсарту бойынша ұсыныстар енгізу тапсырылды. Алайда Әділет министрлігіне мемлекеттік органдардан ұсыныстар түскен жоқ.




3. ЖБИ рейтингiнде «Азаматтық дауларды реттеудегi құқықтық шеңберлер тиiмдiлiгi» индикаторы бойынша позицияны жақсарту.

ДЭФ есебi

орын

70

67




4. ЖБИ рейтингiнде «Меншiкке құқық» индикаторы бойынша позицияны жақсарту.

ДЭФ есебi

орын

100

77





5. Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингінде «Келісім-шарттарды орындау» индикаторы бойынша позицияны жақсарту.

Дүниежүзілік Банк есебі

орын

26

28

«Келісім-шарттарды орындау» индикаторы бойынша Қазақстанның позициясын жақсарту мақсатында сот актілерін орындау жүйесін жетілдіруге, сыбайлас жемқорлыққа дол беретін нормаларды жоюды оңтайландыруға бағытталған атқарушылық қызметті жетілдіру мәселелері бойынша заң жобасы әзірленді.

Заң жобасы қарыздар адамның қылмыстық және әкімшілік жазасын қатаңдатуды, өз еркімен орындау мерзімін жоюды, соттың шешімдерін уақтылы орындамаған үшін өсім орнатуды, әкімшілік істерді қарау бөлігінде сот орындаушыларының өкілеттігін кеңейтуді, орындаушылық іс жүргізу органдарына әкімшілік қаулыларды жолдау тәртібін өзгертуді, сонымен қатар жеке сот орындаушылардың сандық құрамын және олардың қызмет ететін аумағын шектеуді, бос қызмет орнына тағайындау кезінде байқаудан өтуді және т.б.көздейді.

Сонымен қатар, Қылмыстық, Қылмыстық іс-жүргзу, Азаматтық іс-жүргізу, Әкімшілік құқық бұзулықтар туралы кодекстеріне, «Төлем ақы мен аударымдар туралы», «Ішкі істер органдары туралы» және т.б.заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді.

Заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісіне Үкіметтің 2012 .жылғы 30 қарашадағы № 1517 қаулысымен енгізілді.

Министрліктің құзыреті шеңбероінде аталған индикаторды көтеру бойынша шаралар қабылданды.

2011 жылмен салыстырғанда Қазақстан өз позициясын 2012 жылы 28 орыннан өзгерткен жоқ, алайда стретигалық жоспардың жоспарланған мәні орындалмады.



1.1.1. Міндет НҚА жобаларының сапасын бағалаудың халықаралық стандарттарына және қоғамның, кәсiпкерлiк пен билiк мүддесiн теңгерiмдi ескеруге мүмкiндiк беретiн оларды жариялы талқылау рәсiмдерiне негiзделген заң шығарудың тиiмдi тетiктерiн енгiзу

Тікелей нәтижелер көрсеткіштері

Ақпарат көзі

Өлшем бірлігі

Есептік кезең

Орындалмау себептері

2012 жылғы жоспар

2012 жылғы деректері

1

2

3

4

5

6

1. Жоспарлы кезеңде Қазақстан Республикасының Үкiметi әзiрлейтiндер iшiнен үздік халықаралық тәжірибе негізінде әзірленген заң жобаларының үлесi.

Әдiлет министрлiгiнiң есептiк деректерi

%

50

Заң жобалау жұмыстары жоспарымен көзделген барлың заң жобаларыны халықаралық тәжрибені ескеріп әзірленген






2. Азаматтық қоғамның үкiметтiк емес ұйымдары және бiрлестiктерімен талқылау жүргізілген заң жобаларының үлесi (жыл сайын әзiрленетiндердiң iшiнен).

Әдiлет министрлiгiнiң есептiк деректерi

%

20

Заң жобалау жұмыстары жоспарымен көзделген барлың заң жобаларыны әзірлеуінің әр сатысында, құрамына өкіметтік емес ұйымдар мен аккредитацияланған жеке кәсіпкерлер субъектілері кіретін Ведомствоаралық комиссиялармен талқылаудан өтеді.





3. Парламентке енгізілуге жататын Үкіметпен әзірленген заң жобаларына жүргізілген лингвистикалық сараптамалар үлесі.

Әдiлет министрлiгiнiң есептiк деректерi

%

100

100

Есептік кезеңде 214 заң жобаларына қатысты лингвистикалық сараптама жүргізілді






Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар

Есептік кезең

Орындалмау себептері

2012 жылғы жоспар

2012 жылғы деректері

1

2

3

1. НҚА-ны әзiрлеуге тәуелсiз сарапшыларды, үкiметтiк емес сектор өкiлдерiн тарту.

Нормашығармашылық қызметтің сапасын көтеру мақсатында тұрақты түрде үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекет етіледі. Қазіргі кезде Әділет министрлігінің үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтасуы жүйелік түрде қалыптасты. Бұған, бастапқы ретте ҮЕҰ өкілдерінің заң жобалау қызметі мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссияға қатысуы айғақ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң заң жобалау қызметiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы» № 1376 қаулысына сәйкес ВАК мүшелерінің құрамына келесі үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіреді: «Нұр Отан» ХДП (Вагапов Д.В.), «Атамекен одағы» Қазақстан экономикалық палатасы» ЖТБ (Никитенская Е.С.), «Қазақстанның кәсіпкерлер форумы» (Куанганова Г.Ш.), сонымен қатар Адам құқықтары бойынша ұлттық орталығының өкілі (Калюжный В.А.).

Сонымен бірге адвокаттар, нотариустер және өзге ұйымдардан ВАК құрамына енгізу үшін Әділет министрлігінің мекен жайына түсіп жатқан ұсыныстарға байланысты Заңнама департаменті жоғарыда көрсетілген қаулыға өзгерістер енгізу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.





2. Мемлекеттiк органдардың ғылыми-зерттеу институттарымен, қазақстандық және шетелдiк ғылыми ұйымдармен, жоғары оқу орындарымен бiрлескен ғылыми зерттеулер өткiзу.

Министрліктің Заң шығару институтымен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясымен бірлесе отырып қылмыстық заңнаманы ізгілендіруінің рецидивтік қылмыскерліктің жағдайына және азаматтардың құқықтарын, мемлекет пен қоғамның мүдделерін қаматамасыз етуіне әсер етуі мәселесі бойынша зеттреу жүргізілді.

Зерттеудің мақсаты келесі мәселелердің шешуі болып табылады:



  1. Қылмыстық кодекстегі қылмыстық-құқықтық әсер ету шараларының кешенді жеңілдетуі бұдан бұрын қасақана жасаған қылмыс үшін сотталған адамдардың жаңа қасақана қылмыс жасауын көрсетті ме? Егер көрсетсе осындай әсер етудің тенденциясы қандай?

2) қылмыстық заңнаманы ізгілендіруінің азаматтардың құқықтарын және мемлекет пен қоғамның мүдделерін қаматамасыз етуіне әсер етуі қаншалықты?

Зерттеудің міндеті :



  1. Қылмыстық заңнамадағы гуманисттік түзетулердің талдауы және олардық құқықтық потенциалының бағалау;

  2. қылмыстық заңнаманы ізгілендіруінің оны тәжірибеде қолдауының беталысыны талдау және орнату;

3) зерттеу кезеңінде республика көлеміндегі рецидивтік қылмыскерліктің деңгейі мен динамиканы көрсететін құқықтық статистика мәліметтерін талдау;

4) қылмыстық заңнаманы ізгілендіруінің еліміздегі рецидивтік қылмыскерліктің динамикасына, деңгейіне және жай-күйіне, сонымен қатар азаматтардың құқықтарын, мемлекет пен қоғамның мүдделерін қаматамасыз етуіне әсер етуі дәрежесі мен сипатын орнату;

Зерттеудің обьектісі болып Құқықтық саясат тұжырымдамасы шеңберіндегі қылмыстық заңнаманы ізгілендіруінің әсер ету дәрежесі мен рецидивтік қылмыскерліктің динамикасына, деңгейіне және жай-күйіне, сонымен қатар азаматтардың құқықтарын, мемлекет пен қоғамның мүдделерін қаматамасыз етуіне әсер етуі дәрежесі мен сипатын белгілейтін қоғамдық қатынстар болып табылады.

Қолданыстағы қылмыстық заңнаманың нормалары, Қызлмыстық кодекске түзетулер енгізген заңдардың нормалары және қылмыстық заңнаманы ізгілендіруге бағытталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есептеу комитетінің мәліметтері зерттеудің заты болып табылады.

Өткізілген зерттеудің нәтижесінде Құқықтық саясат тұжырымдамасы шеңберіндегі қылмыстық заңнаманы ізгілендіруінің әсер ету дәрежесі мен рецидивтік қылмыскерліктің жай-күйіне, сонымен қатар азаматтардың құқықтарын, мемлекет пен қоғамның мүдделерін қаматамасыз етуіне әсер етуінің бір қатар оң және жөнсіз факторлары айқындалды.





3. НҚА-ны әзiрлеуге тәуелсiз сарапшыларды, үкiметтiк емес сектор өкiлдерiн кеңiнен тарту, осы саладағы озық бiлiмдi пайдалана отырып, салалық ғылыми сараптаманы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманы жүргiзу негiзiнде норма шығармашылық қызметiнiң сапасын арттыру бойынша тетiктердi енгiзу; заң жобаларын дайындау сапасының өлшемдерiн әзiрлеу.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының 2012 жылғы 13 қарашадағы № 13-15/4904 тапсырмасына сәйкес мұқият пысықтау және нығайтылған ұстаным өндіру мақсатында Әділет министрлігінде а.ж. 6 және 20 желтоқсанында Парламент Палатары депутаттарының, мемлекеттік органдардың, ғылыми ұйымдар мен сарапшылардың қатысуымен Әділетмині ұсынған ғылыми сараптаманы ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін өзгерту жөніндегі әдістемелерді талқылау бойынша кеңес өткізілді.

Аталған мәселе бойынша бірыңғай ұстанымның қалыптаспауына байланысты Әділетмині мәселені пилоттық жобасы шеңберінде, мұнда заңды тұлғалармен қатар заң жобаларының тұжырымдамаларының сараптамасына жеке тұлғалардың қатысуын қамтамасыз ету бойынша бұдан әрі пысықтауды ұсынады.

Бұл «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 23 бабының 1-тармағына сәйкес келеді, себебі нормативтік құқықытық актілер жобаларының сараптамасы ғылыми мекемелермен және тиісті профильдегі жоғарғы оқу орындармен, қаралатын жобаға байланысты ғалымдар мен мамандар тарапынан тартылатын сарапшылармен жүргізіледі.

Нормативтік құқықтық актілер жобаларының ғылыми құқықтық сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу тәртібі бұрыңғы қалпында сақталады.

Пилоттық жобаның және аталған мәселені пысықтау қорытындысы бойынша нормативтік құқықытық актілер жобалары бойынша ғылыми сараптаманы ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін өзгерту бойынша нақты шаралар әзірленетін болады





4. Қылмыстық заңнамаға, соның iшiнде, алғаш жеңiл және ауырлығы орташа қылмыс жасаған тұлєаларға және әлеуметтiк осал азаматтарға қатысты, сондай-ақ, оларды әкiмшiлiк және азаматтық-құқықтық жауапкершiлiкке ауыстыру арқылы ауырлығы орташа қылмыстарға жататын құқық бұзушылықтарды қылмыстан арылту арқылы кешендi iзгiлендiрудi жүргiзу.

2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан Республикасының халқана жолдауында айтылған Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша қаржы-экономикалық қылмыстарды одан әрі қылмыстық сипаттан арылтуды көздейтін "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы-экономикалық қылмыстарды одан әрі қылмыстық сипаттан арылту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы әзірленді.

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы-экономикалық қылмыстарды одан әрі қылмыстық сипаттан арылту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Үкіметтің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1104 қаулысымен Парламент Мәжілісіне енгізілді.

Қылмыстық сипаттан арылту мәселелері үлкен қоғамдық қауіпті тудырмайтын экономикалық қылмыс нормаларына, сонымен қатар кәсіпкерлерге қысым жасайтын шенеуніктер жағынан жаупсыз қолдануының немесе осындай қолданудың жоғары шамасын тудыруына қатысты.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысы Е. Қошановтың 2012 жылғы 23 қарашадағы тапсырмасымен 2012 жылғы 6 желтоқсанға дейінгі мерзімде қарап, Үкімет қорытындысының жобасын ұсыну тапсырылды.

Үкімет қорытындысының жобасы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесіне 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № № 8-1-14/24376//13-13/6367 хатымен енгізілді.

Бүгінгі күні нығайтылған шешім қабылдау мақсатында Үкімет қорытындысы Президент Әкімшілігімен келісу үстінде.







1.1.2. Міндет Сапалы норма шыєармашылыќ процесiн ќамтамасыз ету

Тікелей нәтижелер көрсеткіштері

Ақпарат көзі

Өлшем бірлігі

2012 жылғы жоспар

2012 жылғы деректері

Орындалмау себептері

1

2

3

4

5

6

1. Мемлекеттік органдар әзірлеген Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының жобаларын келісуге және бұрыштама қоюға ұсынылғандардың жалпы санынан Әділет министрлігі қайтарғандарының үлесі (2012 жылдан бастап базалық көрсеткіштерін анықтау)

Әдiлет министрлiгiнiң есептiк деректерi

базалық көрсеткіштен % қадам

2013 жылғы базалық көрсеткіштен 1-ге

2012 жылы заңнамалық сараптау үшін 3409 құжат келіп түсті, оның ішінде: 3262 – Үкімет қаулысының, 101 – Президент жарлығының, 46 – Үкімет өкімінің жобалары.

3409 келіп түскен заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің 3370 құжаты қаралды. Оның ішінде:



  • 2226 жобалары қайта пысықтау үшін кері қайтарылды;

  • 937 жобасы келісілді;

  • 205 ескертусіз келісілді;

  • 2 жоба кері шақырылды;

  • 39 жоба орныдалуда (мерзімдері бар).







2. Әдiлет министрлiгiнiң НҚА-ны мемлекеттiк тiркеуден бас тарту үлесi (мемлекеттiк тiркеуге ұсынылған НҚА-ның жалпы санынан).

Әдiлет министрлiгiнiң есептiк деректерi

%

19

18,7%

Мемлекеттік тіркеуден 219 НҚА-інен бас тартылды






3. Аумақтық Әдiлет органдарының НҚА-ны мемлекеттiк тiркеуден бас тарту үлесi (мемлекеттiк тiркеуге ұсынылған НҚА-ның жалпы санынан).

Әдiлет министрлiгiнiң есептiк деректерi

%

11

5,8%

Мемлекеттік тіркеуден 328 НҚА-інен бас тартылды






Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар

Есептік кезең

2012 жылғы жоспар

2012 жылғы деректері

Орындалмау себептері

1

2

3

1. НҚА мониторингi.

А.ж. сәуірдің 20-нда Министрлігімен мүдделі мемлекеттік органдарының қызметкерлеріне нормативтік құқықтық актілеріне құқықтық мониторингін жүргізу тәртібі бойынша семинар-кеңес өткізілді.

Осы семинар-кеңесінде нормативтік құқықтық актілеріне құқықтық мониторингін жүргізу бойынша мәселелер талқыланды.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы №964 қаулысымен бекітілген нормативтік құқықтық актілеріне құқықтық мониторингін жүргізу ережесінің 31 тармағына сәйкес Министрлігімен наурыздың 15 дейін өткізілген НҚА мониторингі туралы ақпаратын КПМ жолданады.





2. Мемлекеттік тіркеуге жататын НҚА-ны жасау сұрақтары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу және әдістемелік көмек көрсету, мемлекеттiк органдардың заң қызметтерi қызметкерлерiмен норма шығармашылық қызметiн жетiлдiру мәселелерi бойынша семинар-кеңестер өткiзу.

Мемлекеттік тіркеуге жататын НҚА әзірлеу мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсету және құқықтүсіндіру жұмысын жүргізу шеңберінде Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарының заңды қызметтерінің 335 қызметкерлеріне тағылымдама өткізілді, оның ішінде: Министрлігінде – 5, аумақтық әділет органдарында - 330.

Сонымен бірге, әділет органдарымен НҚА мемлекеттік тіркеу саласында құқықтық насихаттау жұмысы жүргізіліп жатыр, қарастырылып жатқан мерзім ішінде 214 мақала жарияланды, оның ішінде: Министрлігімен – 10, аумақтық әділет органдарымен – 204.

Аумақтық әділет органдарымен 208 семинар-кеңес, 114 дөңгелек үстел, 11 брифингтер, 10 конференциялар және 579 дәрістер өткізілді, керекті мәселелер бойынша теледидарда 28 және радиостанциясында 24 қызметкерлер сөз сөйледі.

А.ж. сәуірдің 5-де Министрлігінің жанындағы мемлекеттік органдарының заңды қызметтерінің Үйлестіру кеңесі өткізілді, кеңес өткізу барысында заңды қызметтерінің жұмыс сапасы туралы мәселелер, сонымен бірге 2011 жылдың қорытындысы бойынша НҚА құқықтық мониторингінің нәтижелері қарастырылды. Аяқтау барысында мемлекеттік органдарына тиісті ұсыныстар берілді.






1.1.3-мiндет. НҚА-ныѕ жүйелендірілген және толыққанды деректер қорына жалпыға бiрдей тегiн қол жеткiзудi қамтамасыз ету

Тікелей нәтижелер көрсеткіштері

Ақпарат көзі

Өлшем бірлігі

Есептік кезең

Орындалмау себептері

2012 жылғы жоспар

2012 жылғы деректері

1

2

3

4

5

6

1. Интернет желісі арқылы НҚА-ның деректер қорына халықтың қол жетiмдiлiгi.

Енгiзудiң жай-күйi (100% = Интернет желiсi арқылы деректер қорына қол жеткiзу)

%

100

100 %

Министрлікпен мемлекеттің азаматтарына мемлекеттік және орыс тілдерінде жалпыға бірдей ведомстволық сайтта жаңа заманғай сай «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйені еңгізу арқылы НҚА тегін қолжетімділік қамтамасыз етілді.

Бұл ақпараттық ресурстың азаматтар арасында күнен күнге кең таралу үстінде, бүл статистикалық көрсеткіштер куәларндырады.

2012 жылы аталған дерекқор базасына 2 197 504 кіру тіркелді. (ҚР – 1 944 809, Ресей 124 290, Украина – 21 017, Беларусь – 9 305, АҚШ – 5 036, Германия – 3 685, Ұлыбритания – 2 649, Қырғыстан – 2 536, аймақтары анықталмаған – 66 563)






Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар

Есептік кезең

2012 жылғы жоспар

2012 жылғы деректері

Орындалмау себептері

1

2

3

1. НҚА-ның жүйелендірілген және толыққанды деректер қорына жалпыға бiрдей тегiн қол жеткiзудi қамтамасыз ететiн бағдарламалық қамтамасыз етудi әзiрлеу және деректер қорын құру.

Қазіргі уақытта «Әділет» АҚЖ Әділет министрлігінің серверлерінде ашылған және тәжірибелік пайдалануға енгізілген

«Әділет» АҚЖ базасының жағдайы: 124338 құжат, соның ішіндегі 63788 қазақ тілінде, 60550 орыс тілінде.

«Әділет» АҚЖ күн сайын жаңартылады. Жүйенің жұмыс істеуі бойынша ескертулер мен ұсыныстар жинақталуда.





2. НҚА-ның жүйелендірілген және толыққанды деректер базасына қол жеткізуді қамтамасыз етуге арналған бағдарламалық кешенді тәжірибелік пайдалануды өткізу

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен жүктелімдік тестілеу жүргізілді, оның нәтижесі бойынша НҚА ДБ-ның бағдарламалық жасақтамасы оңтайландырылды.

2012ж. қазан айында Көлік және коммуникация министрлігінің өтінішіне сәйкес «Әділет» АҚЖ-ны электрондық үкімет порталымен біріктіруге арналған веб-сервис ұсынылды.

2012 ж. қараша айында «Әділет» АҚЖ пайдаланушыларының тілектеріне сәйкес пайдаланушыларды тіркеуді, сәйкестендіруді, нормативтік құқықтық актілердің дербес топтамасын жүргізуді, қаралған НҚА тарихы, кеңейтілген іздеу, іздестіру ұсыныстары мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін қосымша модульдері әзірленді.





3. НҚА-ның жүйелендірілген және толыққанды деректер базасына қол жеткізуді қамтамасыз етуге арналған баєдарламалық кешенді өнеркәсіптік пайдалануға енгізу

Қазіргі уақытта «Әділет» АҚЖ-ның ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі талаптарға және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігіне аттестаттау жүргізілуде.

Сонымен қатар «Әділет» АҚЖ-ны өнеркәсіптік пайдалануға тапсыру үшін қабылдау комиссиясын құру және қабылдау сынақтарын өткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде






1.1.4-мiндет. Елдiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн азаматтық заңнаманы жетiлдiру жолымен, соның iшiнде азаматтық дауларды реттеу кезiнде арттыру

Тікелей нәтижелер көрсеткіштері

Ақпарат көзі

Өлшем бірлігі

Есептік кезең

Орындалмау себептері

2012 жылғы жоспар

2012 жылғы деректері

1

2

3

4

5

6

1. Қазақстан Республикасы Үкiметінiң iс-қимылдарын/ актілерін жоятын Қазақстан Республикасы сот органдары шешімдерінің санын азайту (2012 жылдан бастап базалық көрсеткішті анықтау)

Әдiлет министрлiгiнiң есептiк деректерi

базалық көрсеткіштен % қадам




Үкіметке қарсы берілген заңды және жеке тұлғалардың арыздырының саны – 2693 құжат құрайды.

Үкімет пайдасына шешілген – 1370 құжат.

Үкімет пайдасына емес шешілген– 830 құжат.

Қаралуы тоқтатылғандар – 25 құжат.

Аяқталмаған – 468 құжат.

Базалық көрсеткіш 2012 жылдың қорытындысы бойынша анықталады.






2. Азаматтық дауларды реттеу саласында болжамды заң жобаларының саны

Әдiлет министрлiгiнiң есептiк деректерi

саны

3

3




Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар

Есептік кезең

2012 жылғы жоспар

2012 жылғы деректері

Орындалмау себептері

1

2

3

1. Жеке, заңды тұлғалар мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы дауларды сотта қарау барысында өзекті мәселелердің туындауының негізгі себептерін талдау

Статистикалық деректер мемлекеттік іс жүргізудегі істердің барлығынан мемлекетік билік органдарының және лауазымды тұлғалардың шешімдерін даулау бойынша шешім қабылдаумен жартысы қаралғанын көрсетті.

Бүгінгі күнде әкімшілік әділет құру және арнайы әкімшілік соттардың құзыретін кеңейту бойынша нақты кедергілер бар.

Дұрыс бағыт таңдау және әкімшілік әділеті институтын енгізу үшін халықаралық тәжірибені мұқияқ талдау қажет.

Еуропалық қеңістіктегі әкімшілік әділетінің институтының ұйымдастыруын алдын ала зерделеуі сипатты алуан түрлігі мен аталған институтты қолдану кезіндегі бір қалыпты әдістемесінің жоқтығын көрсетті.






2. Бизнес-құрылымдар және азаматтық қоғам өкілдері арасында рейтингтің әлеуетті респонденттерімен дөңгелек үстел өткізу.

2012 жылғы 27 сәуірде Қазақстан Республикасының позициясын ЖБИ рейтингінде көтеру бойынша іс-шаралар жоспарының 12-тармағына сәйкес мүдделі мемлекеттік органдармен (ЖС, ІІМ, ЭДСМ, АШМ, ККМ, ҚМ), сондай-ақ кәсіпкерлер қауымдастығымен (заң тұлғалардың бірлестігі) бірлесе дауларды баламалы шешу бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған іс шараның қорытындысы бойынша мүліктік дауларды шешу кезінде шаруашылық жүргізуші субъектінің құқығын қорғауының жай-күйін жақсарту мақсатында, сонымен қатар Қазақстан Республикасында Үкiметтiң iс-қимылының заңдылығын даулау кезінде құқықтық шеңберлер тиiмдiлiгін көтеру мақсатында ұсынылды:

1.Мемлекеттік органдарға, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктеріне, кәіпкерлер бірлестіктеріне, бизнес-құрылымдарға қолданыстағы азаматтық іс-жүргізу заңнамасын, сонымен бірге заң жобалау қызметін орындау кезінде бұдан әрі іске асыру мақсатында құқық субьектінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бөлігінде дауларды баламалы шешу жөніндегі заңнаманы жетілдіру бойынша өз ұсыныстары мен ескертулерін енгізу;

2. «дөңгелек үстел» қатысушыларының ұсыныстарын бұдан әрі нормашығармашылық қызмет шеңберінде пысықтау;

3. Дауларды баламалы шешу жүйесін бұдан әрі жетілдіру бойынша органдар және ұйымдармен ынтымақтастық туралы меморадум жасау.

Өткізілген іс шараның нәтижелері Әділет министрлігінің сайтында пресс-релиз ретінде жарияланды.






3. Қазақстан Республикасының Үкіметіне ЖБИ рейтингiндегi «Үкiметтiң iс-қимылының заңдылығын даулауда құқықтық шеңберлер тиiмдiлiгi» индикаторы бойынша позицияны жақсарту бойынша ұсыныстар енгізу

Қазақстанның аталған индикатор бойынша рейтингінің төмендеуін назарға ала отырып Әділет министрлігі мүделлі мемлекеттік органдарға аталған мәселе жөнінде Қазақстанның осы индикатор бойынша рейтингін көтеру үшін өз ұстанымдары мен ұсыныстарын беруді ұсынды.

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Е. Орынбаевтың 2012 жылғы 16 мамырдағы Әділет министрлігінің 2012 жылғы 8 мамырдағы № 6-1-20/и-1986 хатына қатысты № 13-15/2491 тапсырмасымен сараптамалық топтың мүшелеріне Қазақстан Республикасының индикатор бойынша позициясын жақсарту бойынша ұсыныстар енгізу тапсырылды. Алайда Әділет министрлігіне мемлекеттік органдардан ұсыныстар түскен жоқ






4. Заңмен тыйым салынбаған бітістіру немесе басқа рәсімдерді пайдалану арқылы соттан тыс реттеу немесе шешу бойынша дауларды баламалы шешу жөнінде ұсыныстар әзірлеу.

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төреліктің және аралық соттың қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы әзірленіп, қолданыстағы заңнамада көзделген азаматтық-құқықытық шарттардан емес азаматтық-құқықытық қатынастардан пайда болатын дауларды қарау мүмкіндігін бекіте отырып, төреліктің және аралық соттың ведомстволық бағынысына жататын даулардың сипатың кеңейту ұсынылады.

Үкіметтің 2012 жылғы 15 маусымдағы қаулысымен заң жобасы Қазақстан Республикасы парламент Мәжілісіне енгізілді.

2012 жылғы 25 желтоқсанда заң жобасын қарау бойынша Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің отырысы өтті. ӘМ-нен баяндамамен Әділет министрінің орынбасары З. Баймолдина сөз сөйледі.

2013 жылғы 8 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің кезекті отырысы өтті

2013 жылғы 23 қаңтарда заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің бірінші оқылымына шығарылып, нәтижесінде заң жобасы мақұлданды.





1.1.5-мiндет. Мемлекеттік бақылау субъектілеріне жоспарлы тексерістер санын азайту

Тікелей нәтижелер көрсеткіштері

Ақпарат көзі

Өлшем бірлігі

Есептік кезең

Орындалмау себептері

2012 жылғы жоспар

2012 жылғы деректері

1

2

3

4

5

6

1. Өткізілетін жоспарлы тексерістер саны

Әдiлет министрлiгiнiң есептiк деректерi

%

10

Мнистрлікпен зияткерлік меншік объектілерін қолданатын субъектілерді жоспарлы тексерулердің санын қысқартуға шаралар қолданылды.

Осылай зияткерлік меншік объектілерін қолданатын субъектілерді тексеру жоспарына сәйкес, 2011 жылы зияткерлік меншік саласында 143 тексеріс жоспарланған (шындығында 114 тексеріс жүргізілген), 2012 жылы зияткерлік меншік саласында 128 тексеріс жоспарланған (шындығында 111тексеріс жүргізілген), ол 2011 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғада 11% аз.

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» ҚР Заңын іске асыру мақсатында Әділет министрінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 245 бұйрығымен нотариаттық қызмет саласындағы тәуекелдер деңгейінің өлшемдері бекітілді.

Осы бұйрықтың негізінде аумақтық әділет органдары нотариаттық қызметті жүзеге асырушы бақылау субъектілерінің көрсеткіштері айқындалды.

Әділет министрінің 2012 жылғы 8 желтоқсандағы № 392 және 2012 жылғы 21 мамырдағы № 199 бұйрықтарымен Нотариустардың және жергілікті атқарушы органдардың нотариаттық қызметтерді жетілдіруге уәкілеттік берілген лауазымды тұлғаларының қызметтеріне тексеру жүргізудің 2012 жылдың І және ІІ жарты жылдықтарына арналған жоспарлары бекітілді.

Сонымен, есептік кезең ішінде 511 жекеше жұмыс жүргізетін нотариустардың қызметіне тексерулер жүргізілді (2011 ж. - 246 тексеру).






Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар

Есептік кезең

2012 жылғы жоспар

2012 жылғы деректері

Орындалмау себептері

1

2

3

1. Әділет органдарының мемлекеттік бақылау субъектілеріне жоспарлы тексерістер санын қысқарту

Әділет Министрімен 2010 жылдың 7 желтоқсандағы № 321 бекітілген зияткерлім меншік құқықтары объектілерін пайдаланатын субъектілерді тексері жоспарына сәйес 2011 жылы бұйрығына сәйкес 2011 жылы 143 тексеріс өткізу жоспарланған.

Әділет Министрімен 2011 жылдың 1 желтоқсандағы № 376, 2012 жылғы 10 мамырдағы № 185 бекітілген зияткерлім меншік құқықтары объектілерін пайдаланатын субъектілерді тексері жоспарына сәйес 2011 жылы бұйрығына сәйкес 2012 жылы 128 тексеріс өткізу жоспарланды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 % төмен.







1.1.6-мiндет. ҚР НҚА Эталондық бақылау банкін электрондық түрде енгізу жолымен заңнама қолжетімділігін және оны пайдалану қолайлылығын қамтамасыз ету

Тікелей нәтижелер көрсеткіштері

Ақпарат көзі

Өлшем бірлігі

Есептік кезең

Орындалмау себептері

2012 жылғы жоспар

2012 жылғы деректері

1

2

3

4

5

6

1. ҚР НқА Эталондық бақылау банкінің пайдаланушыларының барлық санаттары үшін қолжетімділікті электрондық түрде Интернет желісі арқылы қамтамасыз ету.

Әдiлет министрлiгiнiң есептiк деректерi

%




Іс-шара 2015 жылдың соңына дейін жоспарланған




2. ҚР НҚА Эталондық бақылау банкінің электрондық түрде енгізілуіне байланысты ҚР нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкі бойынша халық пен қоғамдық ұйымдар тарапынан мемлекеттік органдарға арызбен жүгіну санының төмендеуі.

Әдiлет министрлiгiнiң есептiк деректерi

%




Іс-шара 2015 жылдың соңына дейін жоспарланған




3. ҚР НҚА Эталондық бақылау банкінің электрондық түрде енгізілуімен жеке тұлғалар және заңды тұлғалар өкілдерінің өтініштері бойынша нормативтік құқықтық актілерді беру мерзімдерінің қысқаруы.

Әдiлет министрлiгiнiң есептiк деректерi

%




Іс-шара 2015 жылдың соңына дейін жоспарланған




Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар

Есептік кезең

2012 жылғы жоспар

2012 жылғы деректері

Орындалмау себептері

1

2

3

1. Ақпараттық жүйені жасау – 1 кезең:
жабдықтарға және лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз ету талаптарын айрықшалау, техникалық тапсырманы жасау

2012 жылдың соңына дейін бюджеттік қаржының игерілмеуі қатерінің жоғары болуына байланысты ақпараттық жүйені әзірлеудің 1-кезеңі бойынша шығындар 2012 жылғы 22 қарашадағы Республикалық бюджеттік комиссияның отырысында қолдау тапқан жоқ.

2013 жылға республикалық бюджетті нақтылау сатысында аталған жұмыстардың соманың ұсыныну жоспарлануда.






2. Есептеулі техниканы және лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді алу – 1 кезең

Іс-шара 2013 жылға жоспарланған




3. Ақпараттық жүйені жасау – 2 кезең:
өнеркәсіптік шешімді инсталляциялау, талап етілетін функционалға өнеркәсіптік шешімді жөндеу

Іс-шара 2013-2014 жылдарға жоспарланған





4. Есептеулі техниканы және лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді алу – 2 кезең

Іс-шара 2013 жылға жоспарланған




5. ҚР НҚА Эталондық бақылау банкінің электронды түрінде мұрағатын қалыптастыру

Іс-шара 2014 жылға жоспарланған




6. ҚР НҚА Эталондық бақылау банкінің электронды түрінде жобасын тәжірибелік пайдалануды енгізу

Іс-шара 2014 жылға жоспарланған




7. Аќпараттыќ жїйені аттестаттау жјне аудиті

Іс-шара 2014 жылға жоспарланған




8. Ұғымға заңнамалық бекіту:
1) электронды түрде нормативтік құқықтық актілердің эталонды бақылау банкі; 2) электронды түрде эталонды нормативтік құқытық акт.

Қазіргі уақытта "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасымен ҚР «Нормативтік құқықтық актілер туралы» заңына ҚР НҚА электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінің және электрондық түрдегі эталондық НҚА ұғымдарын (3-кезең) бекіту бөлігінде түзетулер көзделінген. Қазіргі уақытта ҚР Үкіметінде.




9. ҚР НҚА эталондық бақылау банкін электрондық түрде өнеркәсіптік пайдалануға беру (2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап)

Іс-шара 2015 жылға жоспарланған





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет