Орындаған: Асирбаева А. М003, 3-топ Тексерген: Байдалиев д педагогика және психология институты Көптілді тұлға ұалыптастыру



Дата05.12.2022
өлшемі0.51 Mb.
#466579
МӨЖ2.Асирбаева А.М003.3-топ (1)

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті


Орындаған: Асирбаева А. М003, 3-топ
Тексерген: Байдалиев Д
Педагогика және психология институты

Көптілді тұлға ұалыптастыру
Көптілді оқыту білім берудің қоршаған әлемде болып жатқан үдемелі өзгерістерге бейімделгіштігін күшейтетін лингвистикалық біліктілігі жоғары дамыған, бәсекеге қабілетті жас жеткіншектердің қалыптасуына септігін тигізетін тұжырымдамалық тұрғыдан жаңа үлгісін құруды көздейді. Осы орайда үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) бірдей оқытуды білдіретін көптілді оқыту бағдарламасының бірегейлігін атап өту керек.
Бүгінгі таңда білім ошақтарының алдында отырған басты мақсаттарының бірі – білімді де білікті шығармашыл тұлға қалыптастыру. Орыс, ағылшын тілдерін мектепте оқытудың негізгі мақсаты – оқушының бұл тілдерді қатынас құралы ретінде пайдалана алу қабілеттерін дамытуда, өздерінің төл мәдениетін, тілін оқып-үйреніп отырған елдің тілімен, мәдениетімен салыстыра алуда, тілдердің ортақ белгілері мен ерекшеліктерін ажырата білуде жатыр. Еліміздің қазіргі заман талабына сай Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңының 5-бабында «Барлық оқу орындары мемлекеттік жалпы міндетті стандартқа сәйкес мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін білу мен дамытуды, орыс тілі және бір шетел тілін оқып-үйренуді қамтамасыз етуге тиіс» деп көрсетілген
Жеке тұлғаны қалыптастыруда ана тілімен қатар шетел тілін меңгеру – заман талабы. Жас ұрпақты көптілділікке баулу – жалпы білім беретін мектептерге және жоғарғы оқу орнына берілген мемлекеттік жауапты іс. Көптілді білім беру дегеніміз – оқу үрдісі барысында екі не одан да көп тілде білім беру. Мемлекетіміздің мектеп реформасында қаралған үш тілде оқыту –қазіргі заман қажеттілігі. Осы мақсатта қазақ, орыс, ағылшын тілдері ұлтына қарамастан тең дәрежеде жүзеге асырылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет