Орындаған: Еренғазы Е. Е. Дюр201с тексерген: Байгондин Ринат Талгатович Семей



Дата12.10.2022
өлшемі27.24 Kb.
#462484
сөж №2


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН УНИВЕРСИТЕТІ


СӨЖ №2


Тақырыбы: Саяси жүйенің қызмет ету механизмі

Орындаған: Еренғазы Е.Е. Дюр201С Тексерген: Байгондин Ринат Талгатович 


Семей
2022
СӨЖ №2
Тақырыбы: ҚР стратегиялық құжаттарын зерттеу негізінде) "Қазақстанның саяси жүйесінің даму келешегі"
Мақсаты: ҚР стратегиялық құжаттарын зерттеу негізінде) "Қазақстанның саяси жүйесінің даму келешегі» жөнінде білімді игеру
Негізгі сұрақтар:
ҚР стратегиялық құжаттарын зерттеу негізінде) "Қазақстанның саяси жүйесінің даму келешегі"
Саяси жүйе – билікті жүргізуші әлеуметтік топтар, таптар, ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы өзара қатынастарды реттейтін, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер мен институттар жиынтығы Оның негізгі элементтеріне мемлекет, саяси партиялар, дін орындары, қоғамдық-саяси ұйымдар жатады.
Демократиялық саяси жүйе – саяси жүйенің түрі, оған мыналар тән:
1) Азаматтардың кепілденген құқықтары мен бостандықтарының кең ауқымы қамтылуы;
2) билеуші және оппозициялық саяси партиялардың еркін қызмет етуі;
3) жалпымемлекеттік өкілетті билік органдарының – парламенттің болуы;
4) сайлаудағы заңды күрес қорытындылары бойынша партиялардың үкіметті жасақтауы;
5) мемлекеттік және қоғамдық органдардың қызмет етуі принциптері және заңдылықтарына бақылау орнататын тәуелсіз жүйесінің болуы;
6) өзін – өзі және жергілікті өзін – өзі басқару органдарының болуы;
7) көз жеткізу, дәлелдеу мемлекеттік органдар ықпалының негізгі құралы ретінде ақпарат көздерінің еркін қызмет етуі.
Демократиялық саяси жүйе мыналарды қамтамасыз етеді;
1. басқарушы топтың тұрақты заңды мойындалғандығын;
2. оны қалыптастыруға қалың бұқараның қатысуы;
3. саясаттың негізгі бағыттарын айқындауға бұқараның тікелей немесе жанама түрде қатысуы;
4. Бұқараның тарапынан басқарушы топты бақылауға алуы.

Саяси жүйе дегеніміз қоғамда билік жүргізетін және тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін, әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы өзара саяси қатынастарды реттейтін ұйымдар мен мекемелердің жиынтығы болып табылады. «Саяси жүйе» ұғымының дүниеге келуі ХХ ғасырдағы саяси құбылыстарды зерттеумен байланысты болды. Өткен ғасырдың екінші жартысынан кейін кеңінен тарай бастаған «саяси жүйе» категориясы саясаттану мамандарының бір сәт қызығушылығын бәсендеткен емес. Ол заңды да. Себебі саяси жүйе кезкелген қоғамда тұрақтылық және тәртіпті қамтамасыз ететін, әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы саяси өзара қатынастарды реттейтін мемлекеттік биліктің президенттік институт, парламент, үкімет, сот сияқты негізгі субъектілері мен басқа да органдарын, саяси партия, қоғамдық –саяси ұйымдар мен қозғалыстардың жиынтығын құрайды. Сонымен қатар ол - қоғамның барлық мүшелері не оның бір бөлегі үшін өктемшіл-билік шешімдер қабылдайтын және жүзеге асыратын адами қатынастардың тұрақты нысаны. Бұл айтылғандардан мынаны атап көрсеткен орынды. Біріншіден, саяси жүйе – күрделі қоғамдық құбылыс қана емес, ол қоғамның өмір сүру амалы; екіншіден, ол – қоғамдық-саяси үдерістерді басқаруға, реттеуге, билікті жүзеге асыруға бағытталған мемлекет пен қоғамның өзара қарым-қатынасының тәсілі Қоғамның саяси жүйесінің сипатын анықтау үшін «саяси тәртіп» (саяси режим) ұғымының мазмұнын еске сала кеткен жөн. Белгілі поляк саясаттанушысы Е.Вятр саяси тәртіп деп конституциялық тәртіптер жүйесі мен сол жүйенің практикада нақты жүзеге асуын түсіндіреді [3]. Былайша айтқанда, саяси тәртіп қоғамдағы саяси қатынастардың мазмұны мен бағытын айқындап, саяси жүйенің негізгі элементтерінің өзара байланыста қызмет ету тәсілін белгілейді. Сол себепті саяси тәртіптің сипаты белгілі бір елдегі қоғамның саяси өмірін ұйымдастыру принципінің толық бейнесін береді. Бүгінгі әлемдік саяси тәртіптің тоталитарлық, авторитарлық және демократиялық нысандарға бөлінетіні белгілі. Бірақ бұл саяси нысандар таза күйінде кездесе бермейді. Қоғамдық практикада саяси нысан мен мазмұндардың сай келе бермейтін фактілері баршылық. Мысалы, басқару нысаны жағынан конституциялық монархиялық құрылыс сақталған Бельгия, Норвегия, Швеция және Жапонияларда демократиялық сипаты көптеген елдерге қарағанда әлдеқайда басым. Елдің Конституциясы бойынша мемлекеттік құрылыс демократиялық дегенмен мазмұны жағынан әміршіл, ал әміршіл жүйе дегеніміз демократиялық сипатта болуы мүмкін. Ол белгілі бір саяси жүйедегі мемлекеттің ішкі ерекшеліктеріне, шынайы болмысына, қоғамның саяси мәдениет деңгейіне байланысты. Сондықтан белгілі бір елдегі саяси режим жөнінде кең түрде және нақты түсінік беру үшін мынандай сұрақтарға жауап қайтару қажет: Аталмыш саяси режим қалай пайда болды? Билік басындағы саяси топтар кімдер? Саяси үстемдіктің қандай әдісі жоғары бағаланады – демократиялық па, әлде зорлықшыл ма? Саяси оппозициялардың өмір сүруіне жол беріле ме және ол қандай мөлшерде берілген? Сол елдегі тұлғаның жағдайы қандай?» деген пікірмен толық келісеміз. Бұған қосарымыз билік басындағылардың интеллектуальдық-моральдық қасиеттері қандай? Олар қоғамдық игілікті көздей ме болмаса жеке бастың қамын көбірек күйіттеп кетеді ме? Осы жерде саясаттану ғылымында ежелден келе жатқан саяси басқаруда адам емес, заңның басқарғанын дұрыс көрген қағиданы айта кеткен артық болмас Саяси әдебиеттерде саяси тәртіп түрлерін белгілеуде бірізділік жоқ. Ол мәселенің әлі де толық зерттеле түспегендігінен болу керек. Бүгін саяси тәртіп авторитарлық және демократиялық деп екіге бөлетіндер де, оның үш түрін қарастыратындар да бар. Біздер соңғы пікірді қолдаймыз. Себебі тоталитарлық және автаритарлық жүйелердің принципті айырмашылықтары да бар. Оны осы нысандарды талдау барысында толық байқауға болады. Әлемде көп тараған саяси режимнің үш түрінің бірі - тоталитарлық тәртіп. Бұл атау латынның totalis – жаппай деген сөзінен шыққан. Тоталитарлық тәртіп бүкіл билік елдегі демократиялық еркіндік пен саяси оппозицияның шығу мүмкіндігін жою, қоғам өмірін толық өз мүдделеріне сәйкес ету, өзінің билігін зорлық-зомбылық, әскери полициялық террор мен жұртшылықты рухани қанау арқылы жүзеге асыратын белгілі бір топтың (партияның) қолына жинақталады. Мұндай жүйенің ішкі мәнін американдық саясаткер Р. Даниэлс былайша сипаттайды: «Ешкімнің де ақыл-ойы немесе оның өзі мемлекеттің және оның органдарының бақылауынан тыс қалмайды, ешнәрсе билік жүргізіп отырған партияның назарынан тыс қалмайды» Енді саяси тәртіптің заң шығарушы органның қалыптасуына қандай ықпал жасауы мүмкін екендігіне тоқтала кетейік. Саяси тәртіптің авторитарлық нысаны жағдайында да тоталитарлық тәртіптегідей парламент деңгейі жеке билікпен, басқарудың әміршіл тәсілдерімен ерекшеленеді. Кейбір ғалымдар тоталитарлық тәртіпті әміршілдік тәртіптің ерекше, реакцияшыл түрі деп санаса, екінші бір ғалымдар екі тәртіпті өз алдарына жеке-жеке қарастырған жөн деп есептейді. Екі тәртіптің көптеген ұқсас жақтары да, елеулі айырмашылықтары да жеткілікті. Екеуіне де ортақ - диктатура, ал айырмашылығы - тоталитаризмде мемлекеттің диктатурасы, ал әміршілдік тәртіп - жеке тұлғаның диктатурасы. Осы негізгі айырмашылық тағы да толып жатқан ерекшеліктерді туындатады, сол себептен де біздер екі тәртіпті екі типтегі деп қарастырған пікірді қуаттаймыз.Социалистік жүйе сақталған Қытай Халық Республикасы, Корей Халықтық Демократиялық Республикасы, Куба, Вьетнам елдеріндегі парламенттерге квазипарламенттік сипат тән. Бұл елдерде Парламент жылына екі-үш шақырылады да, күн ілгері дайындалған шешімдер мен заңдарға депутаттар жүз пайызға дейін дауыс береді. Әңгіме болып отырған парламент моделі кешегі кеңес заманына да тән болды. Мемлекеттік билік атқарушы және заң шығарушы болып принципті бөлінбеді. Рас, Жоғарғы Кеңес Конституция бойынша мемлекеттік өкіметтің жоғары органы деп саналды. Мұндай мемлекеттік өкіметтің іс атқаратын және тәртіптейтін жоғарғы органы – Халық Комиссарлар кеңесі, кейін Министрлер Кеңесі де болды. Бірақ мемлекеттік биліктің заң шығарушы және атқарушы тармақтары болып принципті бөлінісі жүзеге аспағаннан кейін екі органның қызметі бір-бірімен араласып жататын. Бүкіл билік кеңес қоғамының басшы және бағыт беруші күші, саяси жүйенің мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарының ұйытқысы – партия қолына шоғырландырылды. Билікті жүзеге асыратын кадрларды партия органдары таңдады.Бүгінгі әлемдік саяси жүйенің ең көп тараған нысаны – мемлекеттік басқарудың демократиялық жолы. Ол - халықтан бастау алған билік. Ол - заңдылықты мұрат еткен, заңды қастерлей білген қоғамдағы азаматтың құқығы мен еркіндігін жан-жақты ұштастырған мемлекеттік істерді шешуге халықтың қатысуы. Американың алғашқы Президенттерінің бірі Авраам Линкольнның демократияға «халық үшін халықтың сайлаған халық билігін» жатқызды. Мемлекетті басқарудың демократиялық жүйесі биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінуімен әрі олардың тежемелік және тепе-теңдік жүйесін пайдалану принципімен сипатталатыны белгілі. Бұл - қоғамдағы демократиялық үдерістердің алғышарттары, алайда толық демократияның кепілі бола алмайды. Ол қоғамдағы саяси тәртіптің сипатына байланысты. Қазақстанның бүгінгі саяси жүйесі отандық зерттеушілердің назарында тұрақты болып келеді. Б. Аяғанов, К.Н. Бұрханов және М. Машанның еңбектерінде Қазақстанның саяси жүйесінің эволюциялық дамуы жан-жақты талданып, оның қалыптасу үдерісі жүйелі зерттелген. Ал авторлар тобы дайындаған (Ә.Нысанбаев, М. Машан, Ж. Мұрзалин, А. Тулеғұлов) «Эволюция политической системы Казахстана» атты екі томдық монографияны ерекше атаған дұрыс. Бұл іргелі еңбекте отандық саяси ғылымның тарихы мен теориясының үрдісіне тән емес зерттеудің жүйелілік әдіснамасы тұңғыш рет пайдаланылған. Осының арқасында ерте заманнан бүгінгі күнге дейінгі Қазақстанның саяси жүйесінің эволюциясы қарастырылған Зерттеуші Н. Қалиев өзінің «Қазақстан парлементаризмі: саяси талдау» атты монографиясында Қазақстанның тәуелсіздікке қол жеткелі бергі жылдар ішіндегі саяси жүйесін байыпты зерделеген, жаңа тұжырымдар жасаған . 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет