ҚЫПШАҚТАР
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ
Деректер - VIII–ІХ ғасырлардағы авторлардың еңбектерінде қыпшақтарды:
- Шығыста қыпшақтар.
- Русьте половецтер.
- Еуропада командар деп аталған.
- Шығыс тарихшылары мен орыс жылнамашылары қыпшақ-половецтердің саны көп, күштi тайпа екендігін және бүкiл Ұлы Даланың солардың атымен аталғанын жазады.
- «Қыпшақ» этнонимi алғаш рет VIII ғасырдағы көне түркi руна ескерткiшiнде кездеседi.
ҚЫПШАҚ МЕМЛЕКЕТІ (XI-XIII ғ. басы) Қыпшақ этносы мен мемлекеттілігінің қалыптасу кезеңі: 1.VII–VIII ғасырлар – Батыс Түрік қағанаты құрамындағы кезең. 2.VIII–ХІ ғасырлар – Қимақ қағанаты құрамындағы кезең. 3. ХІ–ХІІІ ғасырлар – дербес Қыпшақ хандығы. - Қыпшақ мемлекетінің құрылуы
- VIII ғасырдан ХІ ғасырдың басына дейінгі қыпшақтар қимақтар тарихымен тығыз байланысты болды.
- Қыпшақтар Қимақ мемлекетiнiң батыс қанатын құраған. ХI ғасырдың басында Қимақ қағанаты құлағаннан кейiн олардың жері қыпшақ хандарының қолына өттi.
- ХI ғасырдың ортасында қыпшақтар оғыздарды Сырдария аймағынан және Каспий даласынан ығыстырды.
- Осы кезде қыпшақтар Едiлден өттi, бірқатар тайпаларды бағындырып, Дунайға дейiн жеттi. Батысқа жылжуы барысында олар Шығыс Еуропа, атап айтқанда, Русь, Византия, Венгрия халықтарымен байланыс орнатты.
- ХI ғасырда қыпшақтар Жетiсумен қатар бүкiл Қазақстан жеріне үстемдік етті.
Достарыңызбен бөлісу: |