Орындаған: Макенбаев Нұрдаулет Топ: жмк-211 Қабылдаған



бет1/3
Дата06.12.2023
өлшемі35.07 Kb.
#485648
  1   2   3
әлеуметтану


Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті


Тақырыбы: Қазіргі заманғы экономикалық жүйелердің – капитализм, социализм, аралас экономика,саяси экономиканың - ерекшеліктерін талдап беріңіз
Орындаған: Макенбаев Нұрдаулет
Топ: ЖМК-211
Қабылдаған: Байбахов Нурбол

Түркістан 2023


Мазмұны

  1. Кіріспе

  2. Қорытынды

  3. Пайдаланылған әдебиет


Кіріспе
Қазіргі уақытта екі негізгі экономикалық жүйе бар: капитализм және социализм. Алайда экономикалық жүйелер түрлі саяси және табиғи жағдайларға бейімделуі керек болғандықтан, таза капитализм немесе таза социализм сирек кездеседі. Заманауиэкономикалық жүйелердің көбі осы екеуінің біразөзгертілген немесе көбіне құрамдастырылған нұсқасы ретінде жүзеге асырылады.
Капитализм[1] – жеке меншік пен нарықтық экономикаға негізделген қоғам тұрпаты. Капитализм бәсеке негізінде экон. мүмкіншіліктерді капитал немесе пайда алуқұралы, әдісі түрінде қолданып, іске асыратынқоғамдық-экон. құрылым ретінде қалыптасты. Марксизм теориясы бойынша, Капитализм өндірістің негізгі құрал-жабдығы жалдамалыжұмысшы табын (пролетариатты) қанайтын капиталистер табының (буржуазияның) меншігіболып табылатын, өндірістік игіліктер, негізінен, рынок арқылы бөлінетін қоғами құрылыс.
Капиталистік құрылыс Батыс Еуропа елдерінде 15 – 16 ғасырларда пайда болды. Капиталистік қатынастар тауар өндірісінің дамуы мен тауар өндірісінің жіктелуіне байланысты қалыптаса бастады. Өнеркәсіп өндірісі оқшауланып экономика саласына айналды, тауар айырбасы кеңейіп, күрделілене түсті, соның нәтижесінде ақша мен сауда пайда болды. Бұл екеуі ортағасырлық қалаларда саудагерлердің қолына шоғырланды, сөйтіп ақша капиталға, пайда табу құралына айналды. Қоғамда меркантилизм ілімі басым сипат алды. Бұл ілімді қолдаушылардың пікірінше, байлық тек сауда саласында ғана пайда болады. 18 – 19 ғасырларда өндірістік капитализм қалыптасып, классикалық эконономика теория негіздеріқаланды.
Социализм (латын. socialis - қоғамдық) - әлеуметтік әділеттілік пен теңдікке негізделген, мақсаттары мен мұраттары социалистік қоғам орнатумен байланысты ілім.

Қазіргі кезде социализм теорияларын бірнеше топтарға бөлуге болады:


а) ортодокстік марксизм, ол 20-ғасырда буржуазиялық қоғамды революциялық жолмен өзгерту және таптық күрес арқылы коммунизмді және оның төменгі сатысы болып табылатын социализмді орнатудың лениндік теориясына ұласты;
ә) марксизммен генетикалық тұрғыдан байланысты әлеуметтік-демократиялық ілімдер;
б) ұлт-азаттық қозғалыстар негізінде туындаған түрлі социалистік түсініктер, т.с.с. Социализмнің түрлі ілімдері негізінде қоғамның социалистік құрылысының үлгілері жасалды.
Мәселен, ортодокстік марксизм (ленинизм) Ресейде және Шығыс Еуропа елдерінде практикалық қолданыс тапты. Бұл үлгілерге мынадай белгілер тән:
а) мемлекеттік меншіктің басымдықта болуы, жеке меншіктің тек халық шаруашылығының жекелеген салаларындағы (ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету аясы) түрі ретінде ғана болуы;
ә) экономиканың нарықтық негіздерін теріске шығару жоне шаруашылықты жоспарлы жүргізу, мемлекеттік реттеу;
б) қоғамдық тұтыну қорлары арқылы медицина қызметін көрсету және білім беру тетігі, тегін білім беру, денсаулық сақтау;
в) қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық қатынастардың негізі ретіндегі ұжымшылдық;
г) бір партиялық құрылыс және мемлекеттік құрылымдардың басты қағидаты болып табылатын тоталитаризм.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет