МОДУЛЬДІК БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ЕНГІЗУДЕГІ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕ
Құқық және басқару негіздері кафедрасы,
э.ғ.м.,оқытушы Касенова А.С.
Тәуелсіздіктің 20 жылдығында Қазақстан әлеуметтің барлық салаларында іргелі инновациялардың пайда болуымен ерекшеленді. Білім мен ғылымды сөз етер болсақ, халықаралық стандарттарға сәйкестендіру үшін оның құқықтық негізін жетілдіру маңызды іс болып табылады. Осыған байланысты 2010 жылы 7 желтоқсанда Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданған. Бағдарлманың мақсаты-экономиканың орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады. Еліміздің 2011-2020 жылдарға арналған Стратегиялық даму жоспарының маңызды бөлігі - білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының қабылдануы. Бағдарлама бүкіл қазақстандық білім беру жүйесінің жаңа мазмұндық және сапалы деңгейге шығуының нақты тетігі болып табылады.
Еліміздің жоғары оқу орындарында оқытудың кредиттік технологиясы 2001 жылдан бастап енгізіліп келеді. Сонан бері 10 жыл мерзім өтсе де бұл жүйе оқу үрдісіне толығымен енгізілді деп айтуға болмайды. Сол себептен, министрлік кредиттік оқыту технологиясын ары қарай дамытуға бағытталған саясатын дұрыс жүргізіп келеді. Кредиттік оқыту технологиясы оқыту үрдісінде кредиттерді жинақтау мен трансферттеуде еуропалық жүйені пайдалануды, ECTS үлгісі бойынша кредиттерді қайта есептеудің қазақстандық моделі шеңберінде академиялық ұтқырлықты ұйымдастыруды, Қазақстандағы кредиттік технологияны бағалау шкаласы мен ECTS және білім беру бағдарламаларын сәйкестендіруді, білім беру бағдарламаларын модульдік құрастыруды көздейді. Енді модульдік оқыту жүйесіне тоқтала кетсем:
Модульдік оқыту — бұл білім беру бағдарламасының шегінде бірнеше оқу курстары мен пәндерін немесе олардың аяқталмай қалған тарауларын оқытатын құрылымдық бөлімі.
Кредиттік модуль жүйесінің басты айрықша белгілері:
-
Оқу жоспарында көрсетілген пәндерден әр бір студент өзі оқитын пәндерді тандап, жеке оқу жоспарын құрады;
-
Білім беру траекториясында студенттерге оқытылатын пәндерді тандау кезінде таңдауға көмектесуге оқу процесіндегі академиялық кеңесшілерді (тьютер, білім беру бағдарламасының жетекшілерін) тарту;
-
Әр пән бойынша оқытушылар мен студенттердің жұмысаған еңбегін бағалау үшін сынақ бірлігі (кредит) жүйесін енгізу;
-
Студенттердің оқытылатын пәнді меңгеруін бағалау үшін баллдық рейтинг жүйесін қолдану.
Европа елдерінің үкіметтері болашақ 10 жылға жасаған жоғарғы оқу орындарын реформалау қызметтің басты бағытын көрсететін міндетемелердің мазмұндық жобасын – Болондық үдеріспен байланысты. 2003 жыл 19 қыркүйектегі РФ білім минстрлігі қол қойылған Болондық декларацияға сәйкес, европалық білім беру кеңістігі құруда. Осыған байланысты шетелдік оқу орындарының кредиттік модуль жүйесін қолданудағы тәжірибесіне үлкен қызығушылық танытып отыр.
Европалық университеттерде бір модуль шеңберіне жалпы ғылымдық мәртебесіне қарамастан бір біріне тақырыптық жағынан жақын пәндер біріктіріледі. Модульді құрудағы басты принцип жеңілден қиынға, методологиялықтан қолданбалы пәндерге өту. Сондықтан, модульдің құрамында «жалпы кәсіби», «жалпы ғылымдық» және т.б. пәндер болуы мүмкін. Модульдік оқыту шеңберінде толық шектелген фундаменталдық және қолданбалы пәндерде қатар қолданылады. Модульдік жүйенің маңызды ерекшелігі студенттік тәжірибеге бағытталуында, соның ішінде зерттеушілік болып табылады. Модуль білім алушылардың тұжырымдамалық білімі мен тәжірибелік дағдысының үйлесуіне қарай, бір бағыттан екінші бағытқа, бір деңгейден екінші деңгейге тез әрі тиімді өтуіне мүмкіндік береді. Сондықтан магистратура сатысындағы модульдік оқытуды ұйымдастыру процесінде магистранттың жеке бағдарламасымен (магистрлік диссертация тақырыбымен) байланысты болуы керек.
Европалық кеңістік шеңберінде бірнеше жоғары білімдер курстар(пәндер) модульмен аталады. Студент алған білімін модуль аяқтағаннан кейін тәжірибе жүзінде көрсетіп шығуы керек. Модуль белгілі пәннің тұсында бүтіндей ұғым қалыптастырады және студент осы модульді меңгергеннен кейін белгілі бір құзіретте істеу арқылы көрсету (тәжірибе жүзінде) керек. Модуль тақрыбымен емес студенттің білім жетістігімен анықталады. Семестрдегі модулдің санын, студент бір семестрдегі жеткен нәтижесінің сәйкестігімен анықталады.
Студент оқу жетістігінің өлшемі ретінде оқу процесінде әрбір студент кредит жинайды. Европалық студент қанша ұзақ уақыт керек болсада болашақ дипломдарының есебіне кредиттер санын жинай алады. Жиналған кредиттар студентке біліктілігін жоғарылатуға мүмкіндік береді. Мысалы, қосымша жоғарғы білім алуға. Кредит арқылы студент оқудан ұзаққа созылатын үзіліс ала алады. Бұл жағдайда, алдын ала жиналған кредиттері күшін жоймайды. Қандайда бір себептермен студент оқудан шығып, қайтадан оқуын жалғастыратын болса алдын ала жиналған кредиттері күшін жоймай саналады. Бұл студенттің жоғары білім алуын жеңілдетеді.
Ен алғаш рет академиялық кредиттер XVIII және XIXғ.ғ.аралығында АҚШ университеттеріндегі оқу процесін ырықтануын құру кезінде енгізілген. Кредиттік бірліктің енуі, студенттердің өз бетімен оқу процесін жоспарлауға, оқу процесінің сапасын бағалауға және бақылау жүйесі арқылы принциптік өзгерістер енгізуіне ықпал ететін оқыту технологиясын толық жетілдіруге жағдай жасады.
Осы орайда атап өту керек, әлемдік білім беру жүйесінде кредиттің бірнеше мағынасы бар. Осыдан кредиттік модульдік жүйенің әрқилы моделін көруге болады.
Үш басты басты түрін атап көрсетуге болады:
-
ең алдымен академиялық ұтқырлықты қамтамасыз ету үшін кредиттік аударымдарға бағытталған жүйе. Мысалы, USTS (UMAP Credit Transfer Scheme – азия-тынық мұхиты аймағы университетінің кредиттік аударым жүйесі);
-
кредиттерді жинақтауға бағытталған кредиттік жүйе. Мысалы, USCS (United States Credit System – АҚШ университеттерінде қолданылатын кредиттік жүйе).
Бір уақытта кредиттерді аудару мен жинақтауға бағытталған аралас түрдегі кредиттік жүйе. CATS (Credit Accumulation and Transfer System – Великобритания университетіндегі кредиттік жүйе), ECTS (European Credit Transfer and Accumulation System – Европалық жүйедегі кредиттерді аударым мен жинақтау).
Жоғарыда аталған модельдер тек қана басты міндеттерімен ғана емес сонымен бірге, кредиттің анықтамасы мен түсік беру тәсілдеріменде ерекшеленеді. Ережеге сай, кредиттік сынақ жүйесі, білім беру бағдарламасын немесе оның бір бөлігін меңгеру үшін кеткен еңбегін бағалаудағы кредиттік бірілктің түсінігінен шығады. Негізі кредиттік жинақтау жүйесін, білім беру бағдарламасындағы алған білімі мен іскерлік дағдысының нәтижесінде кредиттерді бағалау бірлігі ретінде анықтайды
1997 жылы Европалық комиссиямен ЕСТS (кредиттерді аудару мен жинақтаудың Европалық жүйесі құрастырылған.1989 жылы Erasmus бағдарламасы шегінде енгізілген болатын. Қазіргі уақытта ол Socrates бағдарламасының бір бөлігі болып отыр. ECTS бір оқу орынынан екінші оқу орына ауысқан кездегі оқу нәтижесін салыстыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ол оқу орындардың бір бірімен қызметтес бола отырып шетелдік оқу жоспарымен танысуға мүмкіндігі болады. Бұл жүйені әр түрлі елдің оқу орындарына және бір елдің оқу орындарына сонымен қатар бір оқу орыны ішінде (бір факультеттен екінші факультетке) қолдануға болады.
Ең алғаш рет ECTS (European Credit Transfer System) тек қана кредит аударымдарына ғана бағытталған болатын. Кейінірек ол кредиттерді жинақтау жағына қарай дамыды.
ECTS таралуы әр түрлі елдерге өздерінің оқу орнындағы оқу процестерін шкала бойныша бағалауға мүмкіндік берді және осы бағалаудың қорытындысы арқылы ұлттық білім беру жүйелерін жақындастыруға көмектеседі. ECTS жүйесін Европаның бес елінде қарқынды түрде қолданады: Франция, Испания, Германия, Италия және Ұлыбритания.
ECTS кредит студенттің жүктемелерін аяқталуында пәндердің бірліктеріне сәйкес келетін сандық мағынасымен қажетті мінездемені береді. Кредитте оқу орнындағы жылдық академиялық оқудың толық аяқталуы үшін қажетті жұмыстардың көлемін яғни дәріс, тәжірибе жұмыстары, семинар, өзіндік жұмыстардың (зертханалық,үйде немесе кітапханадағы) сонымен қатар, емихан және басқада бақылау түрінде көрінеді. ECTS-кредиты осы курс факультеттік немесе университеттік жылдық жүктемедемесінің кредиттік шкаласында қандай бөлім алатынын көрсетеді. Сонымен, кредит студенттің орындаған жұмысын өлшеу бірлігі болып табылады. ECTS жүйесінде бір жылдық оқуы 60 кредит (1500—1800 оқу сағатын құрайды), 30 кредит жарты жылдық (семестр), 20 кредит триместр (оқу жылының үштен бір бөлігі) оқуына тең.
Студент оқу курсының кредиттерін есептеуді тек қана курс бойынша бағалау жүйесіне (сынақ, емтихан және т.б.түрлерін) қойылған барлық талаптарды орындағаннан кейін ғана алады. Бакалаврға шәкіртақы алуы үшін 180 – 240 ECTS-кредит, ал, магистрантар үшін 300 ге жетпей тұрған, яғни 60 – 120 ECTS-кредит.
2004 жылы 14 желтоқсанда Маастрихте өткен кеңесте Европаның 32 елінен келген білім министрлері мен кәсіби дайындаушылар ECTS жүйесі келешекте Европалық кредиттік жүйесінің бір бөлігі болатын және кәсіптік білім мен мамандарды дайындауға (ECVET – European Credit System for Vocational Education and Training) аударатындығы жөнінде келісім жасалды.
Білімді бағалаудағы тіркеу студенттің шетелде оқығанға дейінгі және кейінгі жетістігін көрсетеді. ECTS кредиті құжатында тек қана жергілікті оқытудың жағдайындағы сәйкес келетін курстардың деңгейін және сонымен қатар ECTS кредитінің шкаласын ғана көрсетеді. Жергілікті оқыту деңгейі мен ECTS кредитінің сәйкес келуі студенттің басқа жоғарғы оқу орнындаоқуына сандық және сапалық мінездемесін береді.
Шетелде оқып білім алу өз елінде білім алған сияқты бірдей бірақ, оқу бағдарламаларында айырмашылықтары( емтихандарда және білім деңгейін бағалау формалары) болуы мүмкін.
2011 – 2020 жылдарға жасалған білім бағдарламасы жоғарғы оқу орындарында кредиттік модульдік жүйесін оқытуды енгізгелі отыр. Бұл жоғарғы оқу орынындағы түлектерге академиялық және мамандандырылған білім беруді дамытады және білім алудағы қарқынды әдістерді үйретеді. Отандық кредиттік модульді оқыту жүйесі қазіргі кезде даму үстінде. Осыған байланысты кредиттік модульді оқыту жүйелері бағдарламасының аясында, Қазақ қыздар педагогикалық университетінде «Оқу үдірісіне модульдік оқытуды енгізу мәселелері» тақырыбында конференцияны ұйымдастырып отыр. Бұның өзі оқытушыларымызға модульдік білім беру жүйелерін талқылап, білім беру мазмұнында оқу үрдісіне модульдік білім жүйесін енгізудің тиімді көздерін береді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
-
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
-
http://www.portalus.ru
АНДАТПА
Еліміздің 2011-2020 жылдарға арналған Стратегиялық даму жоспарының маңызды бөлігі - білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының қабылдануы. Бағдарлама бүкіл қазақстандық білім беру жүйесінің жаңа мазмұндық және сапалы деңгейге шығуының нақты тетігі болып табылады.
АННОТАЦИЯ
Государственная программа развития образования на 2011-2012 годы – важная часть стратегического плана развития образования нашего государства. Программа является основным механизмом выхода на новый качественный, содержательный уровень казахстанского образования.
ANNOTATION
Important part of cтратегического plan development of the system of education our страны-государственная program of development of education on 2011-2020. Exact mechanism just maintenance to the quality level of exit of the system that program all Kazakhstan forms, is.
Достарыңызбен бөлісу: |