Музыкамен және музыкадағы қабылдау-ойлау процестері.
Жоспар:
Есту-әсерлену-түсіну жүйесі.
Эстетикалық эмоциялар-музыкалық ой актісінің серігі.
Музыкадағы сезім және эмоциялар.
Эстетикалы және негізгі эмоциялар.
Музыкадағы шығармаларжың арақатынасы.
Музыкалық қабылдауды қалыптастыру-маңыздылығы, мақсаты, мазмұны бар музыкалық әрекет. Н.Черноивикенко музыканы қабылдау мәселесіне байланысты «музыкалық қабылдауды қалыптастыру музыкалық тәрбиенің негізгі мақсатарның бірі» дейді.
Музыкалық қабылдаудың дамуы музыкалық тәрбиенің негізгі мақсаты. Бала кішкентайынан эмоциясына әсер ететін әр түрлі музыканы тыңдайды. Балабақшадағы музыка сабағының жүйелі түрде өтілуіне байланысты балалардың көбіне музыкалық қабылдауының дамуы мектептен басталады.
Баланың классикалық музыканы қабылдауы үшін, тек тыіңдатып қана қоймай аспаптық және вокалдық әндердің жеңіл-оңайын айтқызу керек.
Гродзенская «қиын емес әуенді айту, қабылдау мен түсінудің интонациялық қорын жинайды».
Сахналық шығармаларды қабылдау (опера, балет) телевидение арқасында кеңееді. Музыканы қабылдауға қажетті музыкалық есту, елестетуін (музыка, слух, представление) дамыту тек тыңдау ғана емес, сонымен қатар баланың вокалдыұ импровизациясы (суырып салма) барысында да дамиды. Жақсы педагог, баланың музыкалық дағдыларын дамыта отырып, ең негізгі-музыканың мазмұнын эмоциялық әсерленушілік арқылы тыңдау, сезіммен орындауды тәрбиелеу керек.
Музыкалық қабылдауды дамыту үшін баланың музыкалық талғамын қабылдауға дайындық деңгейін, эмоциялық әсерленушілік дәрежесін білу қажет.
Сабақта әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану, балалардың музыканы тереңірек түйсіну, музыка арқылы беріліп отырған ойды, сезімді түсіну мүмкіндіктерін туғызады.
Музыканы қабылдау баланың рухани өміріне, жақсы мінез-құлық қасиеттерінің қалыптасуына әсерін тигізеді.
Т.В.Нагорнаяның «мектепке дейінгілердің музыканы қабылдауын дамыту» (1985 ж) статьясында «Музыканы қабылдауды дамытудың маңыздылығы-балаларды музыканы сүюге, түсінуге үйретуде »-дейді.
Балаларды оқыту процесі, соның ішінде музыка тыңдату белгілі бір әдіс-тәсілдерді қолдану негізінде жүзеге асырылады. Қабылдау процесінің басқармасы 20 жылдары қандай әдіс-тәсілді ұсынды?
«Мектепке дейінгі жастағы балалармен музыка сабағын өту жоспарында» музыкалық жұмысты ұйымдастыру процесінде педагог музыкалық қабылдауың синтездік (анализге қарама-қарсы логикалық процесс) сипатына жүгінуі керек.
Бала музыканы екі тәсілмен қабылдайды: алдымен сезіммен, терең, орындаудан кейін белгілі бір эмоция пайда болады, одан кейін ассоциация (жүйелік процестер арасындағы байланыстар), сөз арқылы, көру арқылы және маторлы.
Қабылдаудың ассоциациялық тәсілі баланың музыкалық құбылыстың мазмұнын түсінуді жеңілдетеді. Мектепке дейінгілермен жұмыс барысында музыкалық құбылыстарды қабылдау көрнекілік арқылы, көзбне көру арқылы, сөз арқылы жүзеге асырылатынын білдік. 20 жылдар кезеңінің педагогтары музыкалық құбылыстарды ұғыну негізі мазмұны нақты, бейнелі орындау, онсыз балалардың эмоциялық әсерлануі мүмкін емес (Асафьев, Каратыгин, Шеншин).
Әңгімелесу, түсінік беру сұрақтарды дұрыс қою сияқты тәсілдерді қолдану ұсынылды. Бұл әдістерді қолдану барлық педагогтардың ұсынысы деп айту қиын. Сондықтан Б.Асафьев: «өз өнеріне ғашық музыканттың ойынша музыка ұлы маңызды күш болғандықтан өзі үшін өзі тұра алады. Биік дәрежеге жеткен олар шыңына жету қиындығын ұмытып кетеді» дейді.
Музыканы уақыттан және кеңістіктен тыс ойлаудың мүмкіе еместігін Б.Асафьев ерекше көрсетеді. Сондықтан ол туралы әңгіме әр түрлі сфераларды қамти алады: тарихи, қоғамдық, аккустикалық, бірақ балалармен әңгімелесуді қолдану сақтықты талап етеді. Музыка жайлы айтып отырып талдаудың асқан дәлдік деңгейіне өту оңай. Бұл музыкалық бейненің бұзылуына әкеліп соғады.
Музыкалық білім жүйесінің аспектілері.
2.Музыка-педагогикалық қатынастың психологиясы.
3.Тұтастықтардың коммуникациясы: ұстаз тұлғасы, оқушы тұлғасы, музыка.
4.Педагог музыканттың ерекшеліктері.
5.Жеке және топ сабақтары.
Балаларға музыкалық білім беру процесін ұйымдастыру оқытудың негізгі мақсаттарының нақты тұжырымды болуын ғана емес, сонымен қатар музыкалық жұмыс тиісті түрде өтілуін анықтауды және балалардың музыкалық тәжірибені меңгерудің негізгі әдіс-тәсілдерінің орнатылуынталап етеді. 20жылдар кезеңінде музыка саласыны мамандарының еңбектерінде бұл мәселелер ерекше орын алады. Бұл уақытта музыкалық тәрбие мен музыкалық дамудың әрекеттестігі (екі жақтың өзара қатынасы) туралы сұрақ әлі шешілмегендігін ескеру керек. 20 жылдардағы педагогика «еркін тәрбие беру теориясының» әсерін басынан кешірді, педагогикалық процесті басқару жөніндегі сұрақ еленбеді. Мұндай тенденциялар (негізгі ой-мақсат) музыкалық-педагогикалық еңбектерде кездеспеді. Музыкалық жұмысты өтудің көлемін талқылай отырып, мамандар музыкалық тәрбиені бала бақшада, топтық сабақтарда жүзеге асырылуы керек деп шешті. Сабақ өтілу әдістемесі жасаралық ерекшелікке байланысты түзілу керек.
М.Румер: «Алдын ала ұйымдастырылған сабаққа бірден кірісіп кету мүмкін емес. Алдымен
балаларды бақылау керек; ән репертуарынан қайсысын ұнататындығын біліп алу, одан кейін музыканы олардың іс-әрекет түрлеріне жақындату керек, мысалы: ойынға. Осыдан балалардың қызығушылығы артқан кезде барып арнайы ұйымдастырылған сабақты өтуге кірісу керек»- деді.
Музыка сабағын жиі өткізу жөніндегі сұрақ жан-жақты қарастырылды. Тәрбие берудің нақты зерттелген бағдарламасы, сондай-ақ музыка сабағын өту жүйесі, жоспары болған жоқ. Автордың ойынша мұндай тәсіл балалар психикасының спецификалық (ерекше) белгілерімен ақталады. Мысалы: назардың тұрақты болмауы, психикалық процестің жылдамдылығы мен икемділігінің болмауы т.б. «бала кездегі психикаға байланысты негізгі принцип қатал жүйелі бағдарламалардың болмауы, балабақшадағы музыка сабағының сапасын бағалаудың мүмкіндігінің болмауы; сабақтың нақты анықталған мазмұны мен шегінің (граница), бірте-бірте күрделенудің болмауы». Солай бола тұра, музыкалық жұмыстың ойынға немесе ермекке айналып кетпеуі үшін «жоспарлардың» авторлары балаларды оқытудың негізгі мақсаты мен мазмұнын ұсынады; аптасына неше рет, қанша уақыттан өтілу керектігін анықтайды, балабақшада қолдануға болатын музыкалық әрекеттердің түрлерін түсіндіреді.
В.Н.Шацкая музыка сабағының негізгі талабы қызығушылықты арттыру. Ол сабақты белгілі бір кестемен емес, көңіл-күйге байланысты өтуді көздеді.
«Музыка мектепке дейінгі мекемелерде» деген Н.Доломанованың еңбегінде керісінше, ол музыка сабағының нақты жоспарлануына ерекше көңіл бөледі.
Музыка сабағы аптасына 2-3 рет, нақты өтілетін күні, уақыты белгіленуі керек. Сабақ көңілдендіріп, шаттандырғанмен ермек үшін емес, адам өміріндегі орын алатындығын білулері керек, алдын-ала дайындалып, жинақталып және сабаққа зор құрметпен қарап, тіпті қастерлеу керектігін білу керек.
М. Румердің ойынша музыка сабағы жүйелі өтілумен қатар (аптасына 2реттен аспауы керек) балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес уақытта өтілуі тиіс. Үш жасар баламен күнделікті өтуге болады, сабақ өту уақыт тәртібі нақты болудың қажеті жоқ. 4-5 жастағы баламен 10-15 минут, 5-6 жастағымен 10-12 минут, 7-8 жастағымен 30-40 минут. Мектепке дейінгі жастағы балалармен музыкалық жұмысты ұйымдастырудың маңызды сұрақтарының бірі-балалардың әлеуметтік-музыкалық амал-тәсілдерді меңгеруі, сондай-ақ түсінуге оңай музыкалық әрекеттердің түрлерін меңгеру.
Алайда 20 жылдар кезеңінде музыка өнері балалардың жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыруын барлық педагогтар қарастырған жоқ. Мысалы: Н.Доломанова «таза өнер теориясы» өкілдер позициясында тұрған. Ол «музыка баланы шынайы өмір қиындығынан қиял әлеміне, өмірдің рухани сұлулығына әкетуә керек» дейді. Музыка өмірге қуаныш, шаттық береді. Бұл жерде автор музыка өнерін қоғамдық қасиет тәрбиелеу құралы ретінде көрмей, музыкалық тәрбиенің негізі «балаға сұлу музыкалық атмосферақұрып, қалайда оны жаман музыкадан сақтап қалу» деп біледі.
Көптеген педагогтардың еңбектерінде балалармен музыкалық эстетикалық жұмыстың жалпы бағыты толық беріле тұрса да, 20жылдың басында музыкалық тәрбие жүйесі құрылмады, дегенмен, осы уақытта алғашқы бағдарламалар қарастырылды, мұнда музыкалық педагогика сұрақтары қарастырылды, бірақ оқу тәрбие мақсат-міндеттері нақты анықталмаған.
«Мектепке дейінгі жастағы балалармен музыка сабағын өту жоспарында» авторлар музыкалық жұмыстың жалпы бағытын белгілеген, мазмұнын ашпаған.
Мектепке дейінгі жастағы балалармен музыкалық сабақ мақсаты әлемнің дыбыс сұлулығына бала жанының алғашқы жанасуын (касание) орнату, музыкалық поэзияға деген тікелей қатынасты (отношение) ояту, музыкалық форма мен балалық әсерленушілік сферасы арасындағы байланысты орнату.
Осы зерттелу кезеңіне мектепке дейінгі және мектептегі педагогиканың бір-бірімен тығыз байланыстылығы тән болды. Сондықтан орта мектепте музыкалық тәрбие беру мәселесін қарастыратын жеке жұмыстар мен бағдарламалық құжаттар назардан тыс қалып кетпеуі керек. Сол кезде қозғалған мәселе тек жастары өте кіші балаларға арналған.
«Біртұтас еңбек мектебінде музыка және ән айту» (1919) осы құжаттардың бірден-бірі. Мұнда балаларға музыкалық тәрбие берудің мақсаты:
музыканы қабылдау және музыка әсерінен пайда болған эмоцияны бастан кешіру қабілеттерін дамыту;
музыкалық қабілеттер мен ептілікті (умение) дамыту;
қажетті білімді меңгеру
Осы жылдардағы жалпы музыкалық білім беру қажеттілігі туралы сұрақ көтерілді.
Осыған орай музыкалық тәрбие беру процесін жаңа тәсілдер құрылды; балалардың музыкалық сауатын ғана ашпай және орындаушылық дағдыны қалыптастырып қана қоймай, музыкаға деген сүйіспеншілік пен қызығушылықты тәрбиелеу, тыңдай білу қажеттілігін, өңдеуге тіпті шығаруға (сочинять) тәрбиелеу (Б.В. Асафьев, Н.Н. Брюсова, В.Н.Шацкая, А.А.Шеншин).
Достарыңызбен бөлісу: |