Дәріс №11 Тақырыбы



Дата09.04.2024
өлшемі15.12 Kb.
#498114
дарис 6


Дәріс №11
Тақырыбы:Оқушылармен жүргізілетін кәсіптік бағдар беру жұмыстарының әдістемесі.

  1. Еңбек тәрбиесінің мақсаты мен мазмұны.

  2. Еңбек тәрбиесін ұйымдастырудың педагогикалық жағдайлары.

  3. Оқушыларға кәсіби бағдар беру.

  4. Оқушылардың экономикалық мәдениетін қалыптастыру.

Мақсаты: Еңбек тәрбиесінің мақсаты мен мазмұнын айқындау, оқушыларға кәсіби бағдар беру, экономикалық мәдениетін қалыптастыруды үйрету.
Баланы еңбекке тәрбиелеу отбасынан басталып, мектепте еңбектің қарапайым міндеттері жайлы түсінік қалыптасады. Еңбек адамның психикасы мен адамгершілік түсініктерін қалыптастыратын құрал болып табылады. Еңбек ету оқушылардың табиғи ақыл-ой және дене қызметінің қажеттілігіне айналуы тиіс. Еңбек тәрбиесі оқушылардың политехникалық дайындығымен тығыз байланысты. Политехникалық білім беру техника, технология және өндірісті ұйымдастыру туралы білім қалыптастырады; оқушыларды жалпы еңбекке қажетті білім, дағдылармен қаруландырады; еңбекке шығармашылық қатынас қалыптастырады; келешекке қажетті мамандық таңдауға көмектеседі. Сонымен политехникалық білім беру еңбек тәрбиесінің іргесін қалайды. Жалпы білім беретін мектепте еңбек тәрбиесінің мынадай міндеттері жүзеге асырылады:
§ еңбек - өмірдегі ең жоғары құндылық екенін санаға сіңіру және еңбек етудің жоғары әлеуметтік мотивтерін қалыптастыру;
§ білімге танымдық қызығушылығын арттыру, еңбекке шығармашылық қабілеттілік таныту, білімін тәжірибеде қолдана білу;
§ жоғары моральдық сапалар қалыптастыру, еңбексүйгіштік, парыз бен жауапкершілік, алға қойған мақсатты кәсіби біліктілік, адалдықпен орындау;
§ ақыл-ой және дене еңбегінің мәдени дағдыларымен қаруландыру.
Еңбек тәрбиесінің мазмұны алға қойылған міндеттер арқылы шешіледі, жергілікті жердің шаруашылық-экономикалық жағдайымен және мектепте қалыптасқан дәстүр негізінде іске асырылады. Еңбек тәрбиесінің мазмұнына еңбектің мынадай түрлері қамтылады.
Бақылау сұрақтары:

  1. Жалпы білім беретін мектептердің міндеттерін атаңыздар.

  2. Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмыстарының негізгі бағыттары.

  3. Көпшілік мамандықтарға нелер жатады?


Дәріс №12
Тақырыбы: Оқушылардың ата-аналармен педагогикалық әрекеттестік технологиясы.
1. Ата-аналармен ынтымақтастық формалары.
2. Сынып жетекшісінің оқушының отбасымен және ата-аналармен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыстары.
Мақсаты: Сынып жетекшісінің оқушының отбасымен және ата-аналармен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыстарын жүргізуді талдау.
Ата аналардың өз баларының жан дүниесін жақсы түсінуі, оларға отбасында дұрыс та тиімді тәрбиелі орта тудыру үшін,бала тәрбиесіне қатысты білімі және біліктерін ұдайы көтеріп отыруы қажеттілігін өздері түсінуі тиіс.Сол үшін де мектептін,сынып жетекшісінін ата аналармен педагогикалық жұмыс жүргізуі,оның бағытын дұрыс ұйымдастырып отыруы міндеттелінеді.
Соңғы жылдары педагогикалық әдебиеттерде «ата аналарды тәрбиелеу» деген ұғым пайда болуда.Ондағы көзделген мақсат ата аналарға бала тәрбиесіне қатысты педагогиқалық кеңес,оқуды ұйымдастыру,соған сәйкес олардын педагогикалық білімдерін жетілдіріп отыруды көздейді. Ғалымдардың айтуынша, әр елде, сонымен қатар отандық педагогикада жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесіне сай,ата аналар балаларын тәрбиелеу барысында мұғалімдердін ақыл кеңестерін,практиқалық көмектерін аса қажет етеді.Олардын ұйымдастыруындағы ақыл кеңес тек отбасы жағдайы сәтсіз ата аналарға ғана қажет емес,сонымен бірге отбасы тәрбиелі ата аналарға да керек.Себебі,қоғамның қарқынды дамуы осы бағытта жаңа талаптар қоюда.Сондықтан,ата аналарға бала тәрбиесінде біріншіден,педагогиқалық білімдерді жинақтауға,екіншіден,олардың өздерінің тәрбиелі және дамуын міндеттейді.Егерде мектеп пен ата аналардың тәрбиешілік өзара әрекетін бірілікте ұйымдастырса,бұл шешімін табатын міндеттер.Ол мектеп тәжірибесінде мұғалімдердін ата аналармен кездесуін,ата аналар белсенділерімен жұмыс істеу,ата аналар үшін әңгімелер мен дәрістер ұйымдастыру,конференция өткізу секілді жұмыстар барысында атқарылады.

Бақылау сұрақтары:


  1. Балалар бірлестігінің түрлері қандай?

  2. Мектеп көлемінде өткізілетін дәстүрлі шараларды жазып талдаңыздар.

  3. Сынып жетекшісінің ата-аналармен бірлесіп өткізетін іс-шараларына мысал келтіріңіздер.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет