Туран-Астана Университет Факультет бизнеса и информационных технологий
Орындаған: Метеров Мухит ГМУ-19-1
Статистикалық бақылау туралы
түсінік және оның міндеттері.
Статистикалық бақылау-қоғамдық өмірдің көптеген құбылыстары мен процестері туралы бастапқы мәліметтерді алдын-ала жасалған бағдарлама бойынша ғылыми ұйымдармен жүйеде тіркеу, жинау тәсілі. - Статистикалық бақылау-қоғамдық өмірдің көптеген құбылыстары мен процестері туралы бастапқы мәліметтерді алдын-ала жасалған бағдарлама бойынша ғылыми ұйымдармен жүйеде тіркеу, жинау тәсілі.
- Статистикалықбақылаудың негізгі мақсаты-зерттелетін объекті туралы шындықты нақты дәлдікпен көрсететін ғылымға негізделген сапалы мәліметтерді белгіленген уақытта жинау.
- Бұл жөнінде статистикалық бақылаудың алдында келесідей талаптар орындалуы керек:
- а) халық шаруашылығы үшін зерттеліп отырған қоғамдық құбылыстар мен процестердің негізгі мақсаты-ғылыми және тәжірибелік бағалылығы жоғары болуы керек.
- б) жалпы жиынтыққа әсер ететін себептер анықталуы керек және құбылыстар мен процестер туралы ұдайы өндірісте болатын сапалы мәліметтермен қамтамасыз ету.
- в) бақылау арқылы жиналған мәліметтер шындықты көрсетуі үшін оның сапалылығы тексерілуі керек.
- г) Статистикалық бақылау ғылыми негізде және алдын-ала жасалған бағдарлама негізінде дұрыс ұйымдастырылған түрде жүргізілуі керек және одан алынған мәліметтер шешімдер қабылдау үшін қолданылуы керек.
- Сонымен қатар статистикалық бақылау кезінде жиналған мәліметтерде кемшіліктер кездесуі мүмкін, яғни мұндай жағдайда бағдарлама жасап алған дұрыс.Мұны бақылау бағдарламасын дұрыс жасау негізінде, жоспар және алға мақсат қою негізінде дұрыс шешуге болады.
2. Бақылау жүргізуді ұйымдастыру және бақылау бағдарламасы. - 2. Бақылау жүргізуді ұйымдастыру және бақылау бағдарламасы.
- Статистикалық бақылауды жүргізбес бұрын оны ұйымдастыру жоспары жасалынады. Онда бақылаудың мәні, маңызы, мәліметтерді жинаудың формалары, түрлері мен тәсілдері, орнын анықтау сұрақтары қарастырылады. Сондықтан бұларды нәтижелі шешу үшін алдын-ала бағдарлама жасайды.
- Статистикалық бақылаудың объектісі - зерттеуге жататын әлеуметтік құбылыстар мен процестердің жиынтығы. Статистикалық бақылаудың объектісі бөлек элементтерден тұрады және оларды нышандарына қарай бір-бірінен ажыратуға болмайды, сондықтан ол бақылау жүргізудің негізгі көзі болып саналады.
- Бақылау бірлігі дегеніміз статистикалық мәліметтер жиынтығын зерттеуге жататын объект құрамының бір бөлігі. Бақылау бірлігін анықтау зерттеуге жататын жиынтық құрылымына, оның алға қойған мақсатына, атқаратын міндеттеріне байланысты.
- Статистикалық жиынтық бірлік-жиынтықтың құрамына кіретін жеке белгісі.
- Статистикалық бақылау бағдарламасы дегеніміз зерттеу кезінде алғашқы мәліметтерді жинау үшін ұғымды жинақы, ойға қонымды бақылау бірліктеріне берілетін сұрақтар тізімінің жиынтығы. Статистикалық бақылау бағдарламасына енгізілген сұрақтар мөлшері статистикалық органдардағы есеп беру формасы арқылы жинақталған көрсеткіштерге байланысты болады, өйткені әрбір өнеркәсіп орындарының, мекеменің, ұжымның, шаруашылықтың есеп беру формаларындағы көрсетілген көрсеткіштердің өзі бақылау бағдарламасы болып саналады.
- Бақылау бағдарламасын жасау кезінде бельгия ғалымы Кетленің ұсынған келесідей ережелерін ескеру керек:
- Бағдарламаға қажетсіз сұрақтар енгізілмеуі керек және онда көрсетілген сұрақтардың жауаптары бақылаудың алдына қойған мақсатын анықтау керек.
- Бақылау бағдарламасына дұрыс және нәтижелі жауап алынатын сұрақтар енгізілуі керек.
- Бағдарламаға енгізілген сұрақтар жауап берушілерге кері әсер етпейтіндей, яғни оның болжамы бойынша қисынсыз жүргізілетін сияқты күдік туғызбауы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |