Орындаған: Мухамбетярова Ш. У. Сб -315 топ студенті Жетекші: Г. С. Карина


Балабақшадағы музыка пәні мұғалімінің ролі



бет5/12
Дата19.05.2022
өлшемі80.14 Kb.
#457924
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
балабақшадығы музыкалық тәрибиенің2

1.2. Балабақшадағы музыка пәні мұғалімінің ролі.
Кез-келеген мамандықтың өзіндік ерекшеліктері болады. Музыка мұғалімінің де өзіне тән ерекшелігі бар. Музыка мұғалімі әрдайым шығармашылық ізденісте жүреді. Өйткені ол оқу тәрбиелік жұмыстарын жүргізе отырып, балалардың көзқарастарын, сенім-нанымдарын, талғамдарын қалыптастырады. Ол тек жан жақты дамыған білімді, өз пәнін жақсы меңгерген маман иесі болып қана қоймай, жеке тұлға болуы тиіс.
Музыка өнері арқылы балаларды тәрбиелеуде оның дүниетанымдық көзқарасының, түсінігінің мәнділіші қажет. Бұл мамандықты қалаған мұғалім әрдайым өзінің музыкалық қызығушылығы мен шығармашылық қабілеттерін жетілдіруде болуы тиіс. Мұғалімнің музыкалық аспапта орындауы, дауысымен еркін ән салуы сабақтың қызықты әрі әсерлі, мазмұнды өтуіне септігін тигізеді. Әсіресе қажет болған жағдайда тактіні, музыкалық сөйлемді қайта қайталауға ыңғайлы болады. Сонымен қатар балалардың өздерінің орындауға қызығушылығын ар ттырады. Музыка мұғалімі кез-келген сауатты музыкант ретінде музыкалық әдебиетті, музыканың тарихын, музыка тілінің ерекшеліктері мен заңдылықөтарын талдай білуі тиіс. Сондай-ақ қоғамның дамуына байлансты музыкалық өнердің маңызын, оның басқа да өнер салаларымен, атап айтқанда әдебиетпен, бейнелеу өнерімен байланысын түсінуі қажет.
Қазіргі заман талабына сай бұл маман иелерінің алдында көптеген талаптар қойылуда. Қазіргі уақыттағы жүргізілген педагогикалық еңбектің психологиясынң зерттелулеріне сүйенсек, музыка мұғалімінің қызметінің келесі қажетті жақтарын атауға болады. Зерттеушілік (музыкалық шығармаларға және өнердің басқа түрлеріне шығармаларына талдау жасау, әріптестерінің оқушылардың тәжірибелерін зерттеу, өз еңбегін талдау; өз жұмыснад қолдану мақсатындағы ғылыми жәнге әдістемелік әдебиеттерді зерттеу), Проектілеу (оқушылапрдың эстетикалық тәрбиесіне бағытталған оқу тәрбиелік міндеттерді, олардың білімді меңгеруді дағдыларымен іскерліктерін қалыптастыруды, олардың музыкалық және шығармашылық қабілеттерін дамытуды жоспарлау); Конструктілеу (сабақтардың, сыныптан тыс жүргізілетін музыкалық сабақтарды құрастыру); Коммуникациялық (оқушылармен қарым-қатынасты сенім мен сыйластыққа негізделіп жасау, оқушылардың алдында беделді болу); Ұйымдастырушылық (оқу тәрбиелік міндеттерді іс жүзінде шешу). Әрине осының барлығы мұғалімнің жұмыснда байланысып, оқушыларға музыкалық білім берудің міндеттерін шешуге бағытталады. Музыка мұғалімінің бойында зерттей білу дағдылары болуы тиіс. Ол музыкалық шығармаларды балаларға әсер етуіне байланысты таңдап, талдайды, жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқушылардың музыканы қабылдауларын зерттейді.
Музыкалық сабақтарды шығармашылық ізденісте жоспарлауы тәжірибесін толықтырып, мұғалімнің проспектеушілік, конструктілеушілік шеберлігі артады. Оларға: оқу тәрбиелік міндеттерді алдын-ала болжап, әрбір сабақтың міндеті мен мақсатын анықтау, оларды шешудегі қажетті тәсілдерді ойша жүгіртіп, қолайлы қалыптастырудағы әдіс-тәсілдерді табу жатады. Мұғалімнің балалармен тіл табыса білу іскерлігі болуы тиіс. Мұғалім тек музыкалық шығармаларды орындап қана қоймай, сол шығарма жайында әнгімелеп, сазгерге, оның шығармашылығына, музыкаға деген өзінің көзқарастарын айта отырып, балалардың көңіл-күйлеріне әсерін тигізеді.
Мұғалімнің балалар алдындағы беделінің артуығ, оның талап қоя білуіне, ісіне мән беруіне де байланысты.
Тақырыптарды ашу барысындағы танымдық сұрақтарды қоя білу мұғалімнің тіл байлығы мен педагогикалық шеберлігіне, іскерлігіне байланысыты. Орынды қойылған танымдық сұрақтар оқушыларды ойландырып, музыкалық шығармалар жайында өзщдерінің пікірін айтуға бағыттайды, қиялдарын дамытады.
Мұғалімнің бойындағы ұйымдастырушылық қабілеттің болуы оның жұмысының жаақсы жетістіктерге жетуіне әсерін тигізеді. Осы қабілетімен балаларды әртүрлі іс-әрекеттермен қызыға айналысуына өзінің күш-жігерін жұмсайды. Сыныптан тыс уақытта жүргізілген музыкалық тәрбие жұмыстарының түрлерін ұйымдастфыруда осы қабілетіне сүйеніп, оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастырады.
Мұғалімнің шығармашылығы оның педагогикалық ізденістері мектептегі алғашқы музыка сабақтарынан басталады. Мұғалімнің бойындағы қалыптасқан шығармашылық қабілеті оқушылардың қызығушылықтарын арттырады. Музыка сабағында қолданылатын музыкалы-дидактикалық ойындар, ребустар мен викториналывқ сұрақтар оқушылардың музыкалық қабілетін арттырып, дүниетанымын кеңейтеді. Қоғамымыздың өміріндегі өзгерістерге байцланысты қойылып отырған жаңа талаптар мұғалімнің өз білімін әрдайым жетілдіріп отыруын мақсаттайды. Сонымен қатар музыка мұғалімі «музыка пәніне арналған бағдарламалардың барлық түрлерімен танысып, оларға талдау жасап, оның ішіндегі қажеттілігін іс-жүзінде қолданып, өмір талабына сай шығармашылық тұрғыда түрлендіріп отыруы тиіс».


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет