Орындаған: Саркытов Мейрамбек Тобы



Дата13.12.2022
өлшемі33.48 Kb.
#467158
Сро1 кауіпты жане зиянды факторлар


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
“Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті” коммерциялық емес акционерлік қоғам
Инженерлік-технологиялық факультет
Химиялық технология және экология кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар


Орындаған: Саркытов Мейрамбек
Тобы :БЖ-001
Тексерген: Имамова Б.Ж.

Семей 
2022


Жоспар: 
1. Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар 


2. Еңбек ауырлығы ұғымы 
3. Жұмысқа қабілеттілік 
4. Өндірістік қажу, оның түрлері мен себептері 
5. Травматизмді талдау әдістері, өндірісте сәтсіз оқиғаларды тексеру және есепке алу 
6. Сәтсіз оқиғалардың себебін жалпыландыру мен жүйелік талдау 
7. Еңбек және демалыс режимдері Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар 
Еңбек процессіндегі адамның іс-әрекетінде өндірістік саланың әр түрлі көрсеткіштеріне әсер етеді, ол адамның денсаулық жағдайымен жұмыс істеу қабілетін анықтайды және сипаттайды, қолайсыз жағдайда еңбек өнімділігінің төмендеуіне, травма мен кәсіптік аурулардың пайда болуына әсер етеді. Қауіпті және зиянды өндірістік факторлары бар. Өндірістік фактор қауіпті деп аталады, егер жұмысшыға нақты жағдайларда жарақатқа немесе денсаулығының күрт нашарлауына әсер ететін болса. Өндірістік фактор зиянды деп аталады, егер ауруға немесе жұмыс қабілетінің төмендеуіне әкелетін болса. Зиянды фактор іс-әрекеттің ұзақтығы мен едәуір деңгейде болса, қауіптіге айналады. Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың іс-әрекеті табиғаты бойынша физикалық, химиялық, биологиялық, психофизиологиялық болып бөлінеді. Өндірісте жағдайсыз факторлар табиғаты, біліну түрі және адамға тигізетін әсері бойынша мынадай топтарға бөлінеді: 
1. Физикалық факторлар – жылжымалы машиналар мен механизмдер, қондырғылардың қозғалмалы бөлшектері, электр тоғы, жағымсыз микроклимат, қолайсыз жарық, үлкен мөлшерлі шуыл мен вибрациялар т.б. 
2. Химиялық факторлар – улағыш және зиянды заттар, газдар, булар, шаңдар. 
3. Биологиялық факторлар – ауру туғызатын микробтар, вирустар, бактериялар, өсімдіктер, жәндіктер т.б. 
4. Психофизиологиялық факторлар – физикалық, нерв-психиялық және эмоциялық қажу т.б. Еңбек шартын жақсарту бойынша шаралардың тиімділігі өндірістік жүйелердің дұрыс жағдайы мен осы жағдайдың қандай да бір көрсеткіштері бойынша толығымен немесе жеке элементтері бойынша бағаланады. Практикаға жеткілікті дәрежеде қазіргі уақытта еңбек ауырлығының ұғымы ақыл-ой және физикалық еңбекке де бірдей қолданылады. 
2. Еңбек ауырлығы ұғымы Еңбек шарты өндірістік саланың санитарлы-гигиеналық, психофизиологиялық, әлеуметтік және эстетикалық элементтер-дің жиынтығы ретінде адамның денсаулығы мен жұмыс істеу қабілетіне тікелей әсер етеді. Жұмыс ауырлығында адамның денсаулығы мен жұмыс істеу қабілетіне санитарлы-гигиеналық, әлеуметті-психологиялық және басқа еңбек шартының барлық факторлары жиынтықты әсер ету деңгейі түсініледі, яғни жұмыс ауырлығы физикалық, психикалық (жүйкелі-эмоционалдық) жүктеме мен сыртқы өндірістік шарттардың әсер етуінен пайда болатын, жұмысшы организмінің функционалдық күш салуы қарастырылады. Жұмыс ауырлығының деңгейі өндірістік ортамен әсер етілетін, адам организмінде болатын реакциялар мен өзгерістерді сипаттайды. Еңбектің қолайсыз жағдайында жұмысшылардың бір бөлігінде уақыт өте келе алдымен патология алдындағы өзгерістер («ауру алды» деп аталатын), ал осы жағдайдағы жұмыстың ұзақтылығында – кәсіптік өзгерістер немесе өндірістік шарттармен байланысты созылмалы аурулар дамуы мүмкін. Келтірілген зерттеулер медико-физиологиялық топтаудың теориялық негізін өңдеуге мүмкіндік берді, онда жұмыс ауырлығының алты категориясы және оның негіздеулері сипатталған. физиологической классификации, в которой даны описание шести категорий тяжести работ и их обоснование. Ауырлықтың бірінші категориясына сыртқы ортаның оңтайлы шартында орындалатын кез келген жұмыс түрі. Ауырлықтың екінші категориясына организмнің қалыпты жағдайда орындалатын нәтижелері өзгермейтін жұмыстар жатады. Бұл ауырлық категориясы бұған жататын жұмыс еңбектің қалыпты немесе қолайлы шарттарында орындалатынын, куәландырады. Негізінен, организмнің физиологиялық мүмкіндігі жұмыс жүктемесінен аспайды Ауырлықтың үшінші категориясына адам организмінде жүктеменің артуынан, еңбектің қолайсыз жағдайынан немесе басқа үйлесімнен шекаралық функционалды жағдайдың бастапқы кезеңі қалыптасатын жұмыстар жатады. Ауырлықтың төртінші категориясына организмде терең шекаралық функционалдық жағдай орындалғанда қалыптасатын, жұмыстар жатады. Бұл жағдайдың басты белгісі осымен байланысты динамикалық жұмыс таптаурыны бөгелсе және бұзылса. Бұл категория үшін шығарылатын өнім санының азаюы мен сапаның төмендеуі, сондай-ақ қызметтің тұрақсыздығы тән. Жалпы ауру саны көбейеді, өндірісті негізделген аурулар пайда болады, өндірістік травма саны мен ауырлығы өседі. Өндірістік зияндардың күшті әсер етуінде кәсіптік аурулар пайда болуы мүмкін. Ауырлықтың бесінші категориясына адам организмінде патологиялық функционалдық жағдай қалыптасатын, жұмыстар жатады. Бұл жағдай негізінен ол қолайсыз санитарлы-гигиеналық жағдайда орындалса, шектен тыс жүктеме нәтижесінде пайда болады. Ауырлықтың бесінші категориясын ұзақ атқаратын жұмыстағы адамдарда уақыт өте келе созылмалы аурулар, ал өндірістік зияндарда кәсіптік аурулар дамиды. Ауырлықтың алтыншы категориясына жұмыс күнінің бірінші жартысынан бұрын пайда болатын адам организмінде патологиялық функционалдық белгілері көрініс табатын жұмыстар жатады. Ауырлықтың бұл категориясына өндірісті негізделген және кәсіптік аурулар санының көптігі тән, ерте анықталады және ауыр ағысы бар болады. Бұл ауырлық категориясы еңбек шарты бойынша жіктелген ақы, қолайсыз еңбек шарты үшін ұсынылатын төлем ақы өлшемі және т.б. бойынша экономикалық нұсқау береді. Мұндағы зияндылықтарды сипаттай отырып, оларды жою мен еңбек шартын жақсарту бойынша шараларды дайындауға мүмкіндік береді. Ауырлықтың бірінші және екінші категорияларына сәйкес келетін, еңбек шарты зиян немесе қауіпсіздік ошақтары сақталған өндіріс учаскелерінде шараларды дайындаудың эталоны ретінде әрекет етеді. 
3. Жұмысқа қабілеттілік Мақсатты іс-әрекетке адамның мүмкіндігі үш негізгі сипаттамамен іс-әрекетке қабілеттігі, еңбекке жарамдылығы жұмысқа қабілеттігімен бағаланады. Іс-әрекетке қабілеттілік – бұл өз ісінің мәнін білу, оны басқару, жетілдірудегі мақсатты іс-әрекетті қалыптастырудың жалпы мүмкіндігі. Басқаша айтқанда, мақсатты іс-әрекеттің әр түрлі формаларын жеке жүзеге асыру мүмкіндігі. Еңбекке жарамдылық – нақты көлем мен сападағы жұмысты орындай алатын адамның денсаулық жағдайы. Еңбек қабілеттілігі организмнің құрылу нәтижесіндегі жаспен төмендеуі мүмкін, ауырған кезде, үнемі (толығымен немесе жеке) тұрмыстық немесе өндірістік жарақат, созылмалы ауру немесе улану нәтижесінде жоғалады. Іс-әрекет қабілеттігі мен жұмыс жарамдылығы мәні бойынша қызметтегі мақсатқа жетудегі адамның әлеуметті мүмкіндігін сипаттайды. Еңбек процесінде осы мақсатты жүзеге асыруда нақты уақыт аралығында физикалық және жүйке жүктемесін көре отырып, нақты шарттарды, іс-әрекеттерді орындайды, мұндағы негізгі сипаттама оның жұмысқа жарамдылығында, яғни еңбек қызметін физиологиялық және психологиялық қамтамасыз ету, мұндағы организмнің барлық жүйелері – рецепторлар, жүйке клеткалары, бұлшық еттер, қан тамырлар, темірдің келісімді әрекет етеді, іс-әрекет саны мен ұзақтығы адам жұмыс жарамдылығын анықтайды. Жұмыс жарамдылығы адам организмінің физиологиялық және психикалық қызметтер ішінде және нақты жұмыс уақытында талап етілген сапада нақты іс-әрекетті орындаумен байланысты мүмкіндігі деп аталады. Организмнің өмір сүруінің әр түрлі деңгейлерінде жұмыс жарамдылығы әр түрлі болады. Апдамның жұмысқа жарамдылы-ғының бастапқы деңгейі субъективті факторларға байланысты: жүйке жүйесінің типтері; бұлшық ет күші мен шыдамдылық; денсаулық жағдай; кәсіптік шеберлік пен жаттығу деңгейі; «энергетикалық үнемді» біршама тиімді жұмыс орындау мүмкіндігі; еңбектің оң себебінің бар болуы; жұмыс мазмұнына оның мақсатындағы жетістіктерге қызығушылық; жұмыскердің жасы, эмоционалды жағдайы және т.б. Ауысым, апта, жыл аралығында еңбек процесіне жүктеменің ұзақтығы мен деңгейдің өсуі бойынша жұмыс жасау біршама кең ауқымда өзгереді.
Еңбек қызметі процесіндегі жұмыс жасаудың өзгеруін анықтайтын факторларға халықаралық еңбек ұйымдарының ұсыныстарына сәйкес келесілер жатады: • физикалық күш (жүктің қозғалуы, ауырлықты қолдау, еңбек заты мен басқару органын басу);
• жүйкелік күш салу (есептеудің күрделігі, жұмыс сапасына қойылатын ерекше талап, құралдармен басқару күрделігі, өмір мен денсаулық үшін қауіпсіздік, жұмыстың ерекше анықтылығы);
• жұмыс қарқыны (уақыт бірлігіндегі еңбек қозғалысының саны);
• жұмыс жағдайы (адам денесі мен оның органының жағдайы - ыңғайлы, шектелген, ыңғайсыз, ыңғайсыз, ыңғайсыз-ұялшақтық, өте ыңғайсыз);
• жұмыстың бір саздылығы (қысқа уақытты бірдей операцияларды, іс-әрекет, циклдерді бірнеше рет қайталау);
• жұмыс зонасындағы температура, ылғалдылық, жылулық сәулелену;
• ауаның ластануы (жұмыс зонасының 1 м3 ауасындағы қоспаны саны мен бар болуы); • өндірістік шу (бар болуы, жиілігі, дыбыс күші);
• діріл, айналу, сілкіністер;
• жұмыс зонасының жарықтануы.
Жоғарыда аталған факторлардың ішінде еңбек қызметінің мазмұнымен байланыстылары және оның жүзеге асуының сыртқы шарттарымен анықталатыны бар. Алғашқылары жұмыс әрекеттер жүзеге асыруға жұмсалатын энергияны, екіншілері – организмнің өмір сүруін қолдауға және сыртқы орта тарапына келеңсіз әсер етуге қарсы тұруға жұмсалатын энергияны анықтайды. Жұмысқа қабілеттілік бірқатар факторлардың әсерінен өзгеретін өлшем болып табылады. Ауысым, тәулік, апта, жыл ішінде жұмысқа қабілеттіліктің тербелісінің кейбір жалпы заңдылықтары бар. 
4. Өндірістік қажу, оның түрлері мен себептері Еңбек процесінде жұмыс қабілеттілігінің төмендеуі алдымен дамитын өндірістік қажуға негізделген. Өндірістік қажу - жұмыс пен еңбек шартының әсер етуінен пайда болатын, адам организмінің функционалды мүмкіндік-терінің уақытша және қайтымды төмендеуі. Еңбек шарты тек ұйымдастыру-техникалық, санитарлы-гигиеналық және басқа да материалды-заттық шарттар ғана емес, сондай-ақ әлеуметті-психологиялық, алдымен ұжымдағы өзара қатынас, ондағы әлеуметті-психологиялық климат болып табылады. Қажу іс-әрекеттің тиімділігін төмендетуге әкеліп соғады, яғни бір жұмыс актісіне физиологиялық және психикалық өлшемдердің өсуі травматизм мен сәтсіз оқиғалардың пайда болуы өседі. Өндірістік қажу адамдағы шаршағандық сезімі ретінде сезіледі, оны аса ерекше психологиялық жағдайда бастан кешіп жүрген, қажудың биологиялық белгісі ретінде қарастыруға болады. Адам келесілерді сезеді:
• әлсіздік сезімі — жұмыстағы жоғары жүктемелік, оны керекті дәрежеде жалғастыру мүмкіншілігін сенімсіздік (егер шынайы өндірістілік төмендемесе де);
• назардың бұзылуы (оның топталуында қиыншылық, тұрақсыздық немесе керісінше әлсіздік, назардың аз аударылуы, оны қосудағы қиыншылықтар);
• түйсік саласында бұзылулар (жұмысқа қатысуда қабылдайтын анализатор іс-әрекетінің өзгеруі – көз көруінің, есту, көз сығырайту сезімінің және т.б. төмендеуі); • моторлық саланың бұзылуы (баяулатылған немесе ретсіз, асығыс, жеткіліксіз дәрежедегі нақтылық және байланыс-тырылмаған қозғалыстар);
• жұмыс істейтін органдардың тартымсыз сезінуі: қол мен аяқ бұлшық еттеріндегі ауыруы мен ісуі, статикалық тұрғыда — арқа, қарын, мойын, ақыл-ой жұмысында — маңдай мен қарақұс саласында ауырулар пайда болады;
• жұмыс іс-әрекетінің саласында ойлау мен естің ақаулары;
• ерік-жігердің әлсізденуі (шыдамдылық, өзін бақылау, тегеуіріндік);
• жиі әрі ұзақ үзілістерді санасыз жасау;
• ұйқышылдық.
Өндірістік қажулардың барлығы да шаршау сезімінде пайда бола бермейді. Ол өзін физикалық іс-әрекетте анық көрсетеді: пульс, демалыс, қатты терлеу, бұлшық еттердің шаршауының жиілігінің өсуімен. Сондықтан еңбек пен демалыстың тиімді режимінің, психикалық өзін реттеу дағдысының жоқтығында пайда болған қажу, аса қажуға айналуы мүмкін – ол демалыс кезінде жұмысқа қабілеттілігі толығымен қалыптаспайтын, ауру жағдайы және организмде функционалдық бұзылулар дамуы мүмкін: ызаланушылық, күндізгі ұйқышылдық және түндегі ұйқысыздық, бас аурулары және де орталық жүйке жүйелерінің ауруы.
Өндірістік қажуды дамытатын объективті көрсеткіштер келесілер болуы мүмкін: • экономикалық (айлықтың төмендеуі, бірлік уақыттың өсуі, ақаулы заттардың өсуі); • статистикалық (жұмыскерлердің бастамасы бойынша үзілістер, жұмыс әрекетіндегі микроүзіліс, микротравматизм мен травматизм жағдайларының өсуі); • физиологиялық (қозғалыс үйлесімінің, қол мен саусақтардың треморы (қалтырауы), назар құрамының төмендеуі, қателіктер санының өсуі);
• психологиялық (психикалық процесстердің және реакция-лардың азаюы, қателер санының өсуі). Өндірістік қажудың өсудегі себептері келесілер болы мүмкін:
• жоғары қарқынды, күш салынған іс-әрекет;
• уақыт бойынша жүктемені тиімсіз бөлу (жұмыс қалыптылығының бұзылуы); • қабылданатын және қайта өнделетін ақпарат ағынының шектен тыс мөлшері; • еңбектің төмен мазмұндылығы (бір қарқындылығы);
• антропометриялық және эргономикалық талаптарға жұмыс орнының жоспарлануы, құралдарының сәйкес келмеуі;
• өндірістік тәуекел мен қауіптіліктің өсуімен шыққан күш жұмсау;
• ұжымдағы қолайсыз әлеуметті-психологиялық климат, еңбектің нашар жағдайы; • жұмыскердің жеткіліксіз дәрежедегі біліктілігі;
• организмнің қарама-қарсы тұруы мен шыдамдылықтың төмендеуі. Мамандар күш жұмсауды келесі түрлерін көрсетеді:
• интеллектуальды, проблемалық жағдайды шешуді саны көп талап етушілермен шыққан;
• сенсорлық (түйсіктік), анализаторлардың іс-әрекеттің тиімсіз шарттарына негізделген (мысалы, ұсақ бөлшек сияқты, өзгешеліктеріндегі объектілерді жіктеудегі қиыншылықтар, жұмыс беті мен өзгешелік объектісіндегі түстің аз кереғарлығы, жеткіліксіз жарықтандыру);
• монотонды (бір сазды) (бірдей істерден, жағдайлардан және т.б. шыққан, күш салу); • политонды (көп сазды) — кездейсоқ бағыттарға назарды жиі ауыстыру қажеттілігімен туындаған, күш салу;
• физикалық күш салу (қозғалтқыш аппараттың жүктемесінің өсуі);
• эмоционалды күш салу, жұмыстың эмоционалды қатыстырмау мазмұны мен оны жүзеге асыру шарттары, апат пен жарақаттың жоғары ықтималдығы, дау жағдайлардан туындаған;
• күтудегі күш салу, іс-әрекеттің жоқтығы шартында жұмыс қызметінің дайындығын қолдау қажеттігімен туындаған (мысалы, берілген көрсеткіштерден технологиялық процесс жолдарынан бас тарту туралы белгіге реакцияның дайындығы);
• себепті күш жұмсау (жұмысқа қызықпаушылық, шешім қабылдауға керекті себептермен күрес және т.б.).
Қажу түрлерін еңбек қызметін қамтамасыз ететін сол немесе басқа жүйке жүйесінің звеноларында оның артықшылық-тарын оқшаулауға қатысты бөледі. Түйсіктік қажу - ұзақ немесе қарқынды ызалану (қатты шуыл, нашар жарықтандыру) нәтижесінде сезім органдарының қажуы. Перцептивті қажу — белгілердің көру қиыншылығымен туындаған (белгінің аз қарқындылығы, үлкен кедергілер, ажыратудағы қиыншылықтар, мысалы, шуыл кедергілері бар кездегі нашар дыбыс белгілерін ұстау қажеттілігі). Ақпараттық қажу ақпарат немесе ақпараттың қайта жүктеуден туындайды, онда сыртқы ортаның бейнесін танудың дұрыс бейнесі жоғары қарқынды талап етеді. Әсерлік қажу, қозғалыс актілеріне жауап беретін орталық жүйке жүйелерінің кейбір бөліктеріне тән оқшаулану мен қарқынды физикалық іс-әрекетте туындаған. Ақыл-ойлық қажу, шығармашылық қызмет, өндірісті қызмет (ақпаратты қайта қалыптастыру, тандаулар, қорытын-дыны қалыптастыру), қарқынды қызметпен (қатаң ережелер бойынша ақпарат өңдеу, мысалы, шот) туындаған. Еңбек қызметінде жалпы қажуды сипаттайтын, барлық қажу түрлерінің қандай да бір бөліктерінің үйлесімі маңызды орын алып отыр. 
Жұмыскер денсаулығын сақтау мен жұмысқа қабілетін жоғары деңгейде қолдау, қайта қажудың алдын алу үшін келесі бағыттар бойынша әр түрлі шараларды өткізу керек, олар: 1) әрбір операцияның элементтерін орындау кезеңділігі мен құрамның тиімділігі мақсатында антропометрия мен биомеханика талаптарын есепке ала отырып, еңбек әдістері мен тәсілдерін тиімді дайындау; 2) жұмыс орнын жарықтандыру мен жоспарлауды оңтайландыру; 3) бір саздылығын төмендететін, оны мазмұнын жалпыландыратын, еңбектегі психофизиология шекараларын бөлуді сақтау; 4) өндірістің зиянды шарттарын жою мен оның жұмыскерлерге әсер етуін төмендету бойынша шаралар; 5) жұмыскерлердің эмоционалды күш салуын төмендету және олардың еңбек белсенділігін көтеру. 
5. Травматизмді талдау әдістері, өндірісте сәтсіз оқиғаларды тексеру және есепке алу Травматизмді талдау мақсаты сәтсіз оқиғалардың алдын алу бойынша шараларды дайындау мен себептерді анықтау болып табылады. Сәтсіз оқиғалардың себептері мен жағдайларын білікті анықтау, олардың дұрыс есепке алынуы мен олардың қайталануының алдын алу үшін ғана маңызды емес, сондай-ақ әлеуметтік мәні зор, ол жәбірленушіге шығынды қайтару туралы сұрақты тез шеше алады, қауіпсіз жұмыс шартын қамтамасыз ету бойынша жетекшімен жүргізілетін жұмысты дұрыс бағалау, травматизм себептерін жою бойынша шараларды өңдеуге көмегін тигізеді. Еңбек қауіпсіздігі – қауіпті және зиянды өндірістік факторларда жұмыс істейтіндерге әсер ететін еңбек шартының жағдайы. Өндірістегі сәтсіз оқиға – жұмысшы еңбек міндеттерін немесе жетекшімен берілген жұмысты орындауда қауіпті өндіріс факторларының әсер етуі. Сәтсіз оқиғаларға өткір уланулар, жылу соққылары, үсу мен найзағай түсу де жатады. «Жұмыспен байланысты сәтсіз жағдай ұғымының жалпы сипаты бар, оған «өндіріспен байланысты сәтсіз оқиға» ұғымы енеді. Сәтсіз оқиғаларды тергеу мен есепке алу келесі шараларды ұсынады: - жұмыс жетекшісіне жылдам хабар беру; - жарақаттанған адамға дереу бірінші медициналық көмек ұйымдастырып, оны емдеу мекемесіне жеткізу; - сәтсіз оқиға туралы жоғары тұрған жетекшісіне хабар беру; - тергеуге дейін оқиға болғандағы жағдаймен құралдарды сол қалпында сақтау (егер ол қоршаған ортаға денсаулығы мен өміріне зиянын тигізбесе, апат болмаса және үздіксіз жүргізілуі керек технологиялық процесті бұзбайтын болса); - сәтсіз оқиғаны тергеу бойынша құзырлы комиссияны құру; - сәтсіз оқиғаны тергеу 24 сағат ішінде өтеді (жағдайлар мен себептер анықталады, сәтсіз оқиғаның қайталануының алдын алу бойынша шаралар анықталады); - тәуліктік мерзім ішінде тек кәсіпорын жетекшісімен бекітілетін, Н-I формасы бойынша акт құрастырылады; - сәтсіз оқиғаларды арнайы есепке алу журналында бекітіледі. Топтық сәтсіз оқиға ауыр немесе өлімі бар сәтсіз оқиғалар арнайы тергеуге жатады. Сәтсіз оқиғалардың барлық материалдары мен Н-I формасы бойынша акт мұрағатқа 45 жыл көлемінде сақталуға беріледі. Сәтсіз оқиға біліктілігі мен тергеу бойынша барлық дау сұрақтар әкімшілік тәртіпте немесе сот органдары арқылы шешіледжі. 
6. Сәтсіз оқиғалардың себебін жалпыландыру мен жүйелік талдау Сәтсіз оқиғалардың себебін жалпыландыру мен жүйелік талдау статистикалық немесе экономикалық, монографиялық және топографиялық әдіс және байқау, анкеталау және сараптық бағалау әдістерімен жүргізіледі. Статистикалық әдіс сәтсіз оқиғаларды тіркеудің материалдарын зерттеуге негізделген және оларды келесі факторлар бойынша топталады:
• сәтсіз оқиғаның пайда болу уақытына;
• сәтсіз оқиға пайда болған себептерге;
• жарақаттанған жұмысшының кәсіптік-біліктілігі және жынысжастық белгілеріне; • жарақаттың сипатына (кесулер, егулер, тоқ соғулар және т.б.);
• жарақаттылық факторына.
Статистикалық әдіс алынған жарақат ауырлығы мен кәсіпорындағы жұмысшылардың санына өндірістік жарақаттың сандық сипаттамасына салыстыра отырып зерттеуге көмегін тигізеді. Өндірісте травматизм жағдайының жалпы сипаттамасы үшін еңбекке жарамсыздық коэффициенті Кн қолданылады, ол 1000 жұмысшыға адам – күннің еңбекке жарамсыздық саны өндірістік травматизмнің статистикалық көрсеткіштері эконо-микалық көрсеткіштері – сәтсіз оқиғаның материалдық нәтиже-нің көрсеткіштері, сәтсіз оқиғаның алдын-алуға жұмсалатын көрсеткіш, уақытша жұмысқа жарамсыздығында жұмыс уақытының жоғалуы және т.б. түрінде берілуі мүмкін. Мұндай жағдайда травматизмді талдаудың экономикалық әдісі пайдаланылады. Травматизмді талдаудың монографиялық әдісі қауіпсіздік техникасының негізгі және қосалқы құралдарының ережелеріне, еңбекке қабылдау құрылымдарына, өндірістік жағдай көрсеткіштері мен жұмыс зонасында метеорологиялық шарттарға (жарықтандыру, газдалған, электромагниттік сәулелену, шуыл мен дірілдер), және жеке қорғау құралдарының бар болуы мен оларға сәйкес, өндіріс процесінің қауіпті және зиянды факторларын талдауды қарастыратын, өндірістік жағдайларды бөлшектеп талдауда жүреді. Талдаудың монографиялық әдісінің әрі қарай дамуы травматизмнің «адам-техника-орта» жүйесін кешенді зерттеуге негізделген, эргономикалық әдіс болып табылады. Осы әдіс бойынша терең талдау эстетикалық және әлеуметті-психологиялық факторларды енгізе отырып, өндірістік жарақат себептерін ғана анықтап қоймайды, сонымен қатар әрекет ететін мүмкін қауіпсіздікті анықтайды. Топографиялық әдіс сәтсіз оқиға жүйелі түрде болып жататын кәсіпорын жоспарында шартты белгілер түріндегі бейнелердің көрнекілігі үшін пайдаланылған. Сәтсіз оқиғалардың себептері мен жиілігі көрсетіледі, ол белгіленген зонада тұрғанда аса қауіптіліктің алдын алу мен детальді талдау үшін негіз болып табылады. Байқау әдісі жұмыс орнында еңбек шарттарын зерттеуге негізделген сәтсіз оқиғалардың алдын алу бойынша профилактикалық шараларды өңдеуге арналған (жарықтандыру, шаң және газ, шуыл, қауіпті жағдайлардың бар болуындағы дірілдің метеорологиялық шарттары, еңбек қабылдаулары, жұмыс түрі, жеке қорғану құралдары. Анкеталау әдісі өндірістік процеске тікелей қатысушылардан алынған, анкеталық мәліметтер негізінде дереу қауіпті жағдайлар мен себептердіанықтау мен жобалауды қарастырады. Сараптық бағалау әдісі қауіпсіздік техникасының талаптары технологиялық құрал-жабдық, процестердің жағдайына, еңбек шарттарына сәйкестігі туралы сараптық қорытындыларына негізделген. Өндірістік жағдайға адамның белсенді бейімделу деңгейі жұмыс ауырлығының үшінші категориясымен шектеледі және категорияларды әрі қарай өсуі сәтсіз оқиға санының, әсіресе автоматтандырылған жолдарда тез өсуіне әкеліп соғады. Өндірістік процесс пен құралдарды жобалауда еңбек ауырлығының бірінші категориясына сәйкес келетін еңбек шартының жетістіктері мен оңтайлы өндірістік орта құруды қарастырады. Еңбек шартын жақсартуда травматизмнің өсуі төмендейді, ал төмендеуде – жобалық жарақат қауіптілігі процесіне қатысты травматизм өседі. Еңбек қорғау жөнінде нұсқау беру. Жұмыс орнында өндірістік травматизмді азайту үшін жұмысшыларға еңбектің қауіпсіз әдістері мен тәсілдері жөнінде дер кезінде және сапалы нұсқау беріліп отыру керек. Барлық кәсіпорындарында олардың қауіп-қатерлік өзгешелігі мен дәрежесіне және жұмысшылардың мамандық дәрежесімен еңбек стажына қарамай еңбек қорғау жөнінде нұсқау міндетті түрде жүргізілу керек. Нұсқаудың бірнеше түрлері болады: кіріспе нұсқау, жұмыс орнында бірінші нұсқау, қайталанған нұсқау, жоспардан тыс нұсқау, күнделікті нұсқау. Кіріспе нұсқау. Жұмысқа жанадан алынатын барлық адамдармен жүргізіледі. Бұл нұсқауды арнайы бағдарлама бойынша еңбек қорғау инженері немесе басқа бір техникалық қызметкер жүргізеді. Нұсқауды жүргізу барысында жұмысшылар мынандай жайлармен танысады: өндірістің өзгешелігі, қауіптілік пен зияндылықтың көздері, еңбек қорғау заңдарының негіздері, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігінің мәселелері, жеке қорғаныш құралдары, жарақаттанған адамдарға бірінші (жедел) медициналық көмек көрсету әдістері тағы басқа жағдайлар. Нұсқау өткізілгеннен кейін жұмысшылардың білімі тексеріліп, нұсқау өткендігі жөнінде арнайы журналға тіркелінеді. Жұмыс орнында бірінші нұсқау. Жұмысқа алынған барлық адамдармен немесе бір бөлімшеден екінші бөлімшеге ауысқанда және командировкамен келген адамдармен жүргізіледі. Бұл нұсқауды мастер немесе басқа жұмыс басшыларының біреуі жүргізеді. Ол әр жұмысшыны жеке тікелей жұмыс орнында еңбектің қауіпсіз әдістері мен тәсілдеріне үйретеді. Мұнда жұмысшылар технологиялық процеспен, құрал-саймандармен, жұмыс орнын қауіпсіздендіру жолдарымен, жұмысқа кірісуге дайындық ретімен, қорғану құралдарын пайдалану ережелерімен, өрт және электр қауіпсіздік шараларымен тағы басқа мәселелермен танысады. Нұсқау өткеннен кейін жұмысшылардың білімі сыналып, олар 2-3 смена бойынша мастердің (бригадирдің) бақылауымен жұмыс істейді, содан соң оларға өз бетімен жұмыс істеуге рұқсат беріледі. Бұл нұсқаудың жүргізілуі журналға тіркелінеді. Қайталанған нұсқау мамандық дәрежесі мен еңбек стажына қарамай барлық жұмысшылармен өткізіледі. Мамандықтардың өзгешелігіне сәйкес бұл нұсқау әрбір 3-6 айда жүргізілу керек. Бұл нұсқаудың мақсаты – жұмысшылардың еңбек қорғау ережелерінен білімдерін тексеру және оны жоғарлату болады. Нұсқау өткендігі жөнінде журналға жазылу керек. Жоспардан тыс нұсқау еңбек қорғау ережелері немесе технологиялық процестер өзгергенде, жұмыскерлер қауіпсіздік талаптарын бұзған жағдайларда, жұмыста үлкен үзіліс (30-60 күн) болғанда өткізіледі. Бұл нұсқауда журналға тіркелінеді. Күнделікті нұсқау наряд-допуск дайындап істелетін жұмыстарды жүргізу алдында өткізіледі. Бұл нұсқаудың өткізілгендігі сол наряд-допусктің өзінде көрсетіледі.
7. Еңбек және демалыс режимдері Еңбек және демалыс режимі — ауысым, апта, ай, жыл аралығындағы жұмыс пен демалыс уақытының нақты кезеңділігін реттейтін тәртіп. Еңбек және демалыс режимдерін тиімді өңдеудің негізгі мақсаты жоғары жұмыс қабілеттігін, жұмыскердің денсаулығын сақтау, оның тұлғалығын дамыту үшін қолайлы шарттарын құру, сондай-ақ өндірістік күшті тиімді пайдалануды қамтамасыз ету болып табылады. Еңбек және демалыс режимін негіздеу адам факторлары бойынша – еңбек психологиясы мен физиологиясының талаптар-ын есепке алу, демалыс уақытында жұмыс қабілетін толығымен қалпына келтіруге қажетті адамның жұмыс қабілетінің динамикасы бойынша нақты шектеулер ретінде әрекет етеді. Жұмыс пен еңбек режимін дайындауда бірнеше жалпы талаптар ескерілуі керек, негізінен:
• барлық жұмыста және барлық жұмысшылар топтары үшін жұмыс пен демалысты тиімді кезектестіру;
• кейбір жынысжастық топтағы психофизиологиялық ерекшеліктерін есепке алу (алдымен жасөспірімдер, сондай-ақ жүкті , жас балалары бар әйелдер);
• демалысқа уақытты бөлу және еңбек мазмұны мен негізделген шарттарда, жүктеме жұмысы уақытында шығаруды есепке ала отырып, оны өткізуді ұйымдастыру;
• демалыстың кезеңдігі мен ұзақтығын, сондай-ақ ауысым кезінде оны ұйымдастыруды реттеу;
• демалысқа үзілістің ұзақтылығы мен санын анықтау әдістері мен қағидаларының бірлігі.
Регламентацияның қажеттігі адам қажу деңгейін әрқашан субъективті бағалай алмайтындығымен байланысты. Жұмыста уақытынан бұрынғы үзіліс қалыптасқан жұмыстың динамикалық таптауырын мен нақты жұмыс істеу қабілетінің деңгейін бұзады. Сонымен қатар демалысқа өзіндік шығулар уақыт пен ұйымдастыруды бұза отырып, өндіріс процесінің қарқындылығын бұзады. Ұйымдастыру-техникалық себептер бойынша кездейсоқ тоқтап қалу жұмыс динамикасының таптаурының бұзылуына әкеледі, келеңсіз эмоция толымды демалыс ретінде бағалана алмайды. Жұмыс қабілетінің динамикасы мен деңгейіне өндірістік орта мен еңбек мазмұнының көптеген факторлары әсер етеді, сондықтан еңбек пен демалыс режимдері технология, еңбек шарты, оны механикаландыру деңгейі, еңбек процессі құрылысының өзгеруін есепке ала отырып, жүйелі түрде қайта-қайта қарастырып отыру керек. Еңбек пен демалыстың ішкі ауысымдық режимі ауысымның басталуы мен аяқталуы уақыты, оның ұзақтылығы, демалысқа үзілістің қосынды ұзақтығы, кейбір үзілістердің мөлшері, оларды ауысым аралығында бөлу мен регламенттеледі Демалыстың ішкі ауысым үзілісіне микроүзіліс, регламенттелген үзіліс, түскі үзіліс жатады. Микроүзіліс — бір істен екіншісіне ауысуда жүйке жүйе-лерінің қайта ауысу қажеттігімен шыққан жұмыс, операция арасындағы ұзақтығы бірнеше секундтарды құрайтын, өзі шығаратын қысқа үзілістер. Демалысқа регламенттелген үзілістер жұмыс қабілетінің күрт түсуін алдын-алуға арналған. Олар жұмыс уақытына уақыт нормасының құрамына енетін ұзақтылықтағы еңбек нормасының есебінде енеді. Демалысқа үзілісті беру уақыты оның түсу кезеңінің алдында жұмыс қабілетінің ауысым динамикасын есепке ала отырып анықталады. Жалпы ұзақтылықтың 30—40% жинақталған қажуды есепке ала отырып бірінші жарты ауысымды, ал қалған бөлігін екіншісіне ұсынған дұрыс. Түнгі ауысымға жалпы уақыттан 4-6 мин үзілістерді ұзартқан дұрыс. Түскі үзіліс пен демалысқа арналған және ауысым уақытына енбейтін 30 минуттан 1 сағатқа дейінгі ұзақтықта түскі үзіліс болады. Оны ауысым ортасына қойған дұрыс. Еңбек пен демалыстың апталық режимі демалыс күндерінің тәртібін қарастырады. Сонымен қатар, апталық және айлық режим жұмыс ауысымының графигін орнатады. Демалыс күндерін жұмыс күндерінің тең санынан кейін қойған дұрыс. Ауысым графигін ауысымның кезеңдігімен, ауысымнан ауысымға ауысу тәртібі мен жиілігімен анықталады. Сонымен қатар, мереке және демалыс күндерінен тұратын, еңбек пен демалыстың жылдық режимі бар. Еңбек пен демалыс режиміне жұмыс ерекшелігі мен оның ауа-райы немесе климаттық жағдайларды жүзегеасырылуы әсер етуі мүмкін. Демалыс тиімділігі оны өткізуді ұйымдастыруға байланысты. Белсенді және пассивті демалыс бар. Белсенді — туризм, спортпен шұғылдану және т.б. физикалық жүктемеге демалыс, іс-әрекет ауысымын ұсынады. Белсенді демалысқа өндірістік гимнастика жатады. Пассивті демалыс ауыр физикалық жұмыстарға арналған организмнің байсалды жағдайында жұмыс қабілетін қалпына келтіруді ұсынады.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Жантасаов Қ.Т., Кочеров Е.Н., Наукенова А.С. «Еңбеті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі», Алматы, 2012. - 512 б.


2.Немеребаев М., Баубеков С., Казахбаев С. Техника қауіпсіздігінің негіздері.- Алматы: Эверо, 2014.- 192 б.
3.Скрипникова Л.В. Курс лекций по дисциплине «Производственная санитария».-Семей., СГУ им. Шакарима, 2013.
4. Иванов Ю.И., Иванов, Ю.И. Производственная санитария и гигиена труда: конспект лекций / Ю.И. Иванов, Е.А. Попова; Кемеровский технологический институт пищевой промышленности. – Кемерово, 2014. – 163 с.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет