Тақырыбы: Дәлелді медицина кезеңдері. Дәлелді медицинаның төртінші кезеңі.Клиникалық нұсқаулықтар туралы түсінік. AGREE сауалнамасы бойынша нұсқаулықтарды бағалау.
Дәлелді медицина дегеніміз бұл нақты науқасты емдеу үшін жақсы клиникалық зерттеулерді дәл және шын жүректен қолдану.
Ғылыми ақпараттарды жинаудың жаңа технологиясы,критикалық талдауы,интерпретациясы.Дәлелді медицина тәжірибе әдісі,дегенмен:
• ол «ғылым» емес, • ол «эпидемиология»емес, • ол«статистика» емес, • зерттеу әдісі емес. В.В.Власов
Дәлелді медицинаның 5 кезеңі:
1.Проблеманы немесе клиникалық сұрақты құрастыру.
2.Құрастырылған сұраққа жауап беретін ақпаратты табу.
3.Табылған ақпаратқа дәлелді медицинаның фильтірлерін пайдаланып критикалық бағасын беру.
4.Жеке дара пациентке немесе дәрігердің өз практикасында қорытындыны қолдану.
5.Зерттеудің қорытындысын бағалау.
ДМ төртінші кезеңі
Науқаста анықталған ерекшеліктермен алынған мәліметтерді интеграциялау.Бұл сатыда-нақты бір науқасты емдеу үшін ғылыми зерттеулердің нәтижесін қолдану және ДМ-нің негізгі ерекшеліктері берілген.
Біріншіден,ДМ-де осы емдеуді қолданудың тиімділігі нақты бір науқас дәрігердің іс-әрекетінен пайданы сезіну мүмкіншілігіне назар аударылады. Тиімділік өлшемі көрсеткіштерінің ішінде үш негізгі индексті және мүмкіншілік қатынасы (odds ratio) көрсеткішін ажыратамыз: эксперименттік топтағы мүмкін болатын оң нәтиженің бақылау тобының мүмкін болатын оң нәтижесіне қатынасы немесе біздің ұтқан санымыздың ұтылған санымызға қатынасы. Клиникалық зерттеу жағдайында өлім ұтылысты білдіреді, ал өмір-ұтыс.