№
|
Атқарыла
тын қызмет атауы
|
Уақыты
|
Нәтижесі
|
Жетекшінің қолы
|
1
|
Мектеп мұғалімдерінен жоба туралы ақпарат алу
|
16.09.2022
|
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін таңдадым
|
|
2
|
«Латын әліпбиі» туралы жан– жақтан мәліметтер жинастыра бастадым
|
14.10.2022
|
Тақырып:
«Латын графикасына негізделген Қазақ тілі әліпбиін зерттеу»
|
|
3
|
Жетекшімнен кеңестер алдым
|
18.11.2022
|
Жобамыздың жоспарын құрдық
|
|
4
|
Кезекті тапсырмаларды алдым
|
09.12.2022
|
Жоба тақырыбымен терең танысып, қажетті ақпараттарды кітаптардан, энциклопедиялар мен ғаламтор желілерінен жинай бастадым
|
|
5
|
Мектеп кітапханасына бардым
|
09.12.2023
|
Тақырыбым бойынша керекті мәліметтерді жазып алдым
|
|
6
|
Жиналған мәліметтерді жетекшіме көрсеттім
|
16.12.2022
|
Жетекшім Бақытжан Сайлыбаев Латын қарпіне көшуден ұтарымыз көп.
«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия,
Қазақ тілі. Энциклопедия. Зәуре Арынова, National Digital @ e-history.
сайтынан мәлімет қарауды ұсынды
|
|
7
|
Жобаның кіріспе бөлімін жасадым
|
23.12.2022
|
Кітаптар,мақалалар мен ғаламтор желісі
|
|
8
|
Сараланған мәліметтерді толықтыру
|
13.01.2023
|
Зерттеудің мақсатын, міндеттін, өзектілігін анықтадым
|
|
9
|
Негізгі бөлімін құра бастадым
|
10.02.2023
|
Латын графикасының тарихы мен заманауи көзқарастармен таныстым
|
|
10
|
Жобамның негізгі тарауларын жазып, жинап, мысалдарды жүйелей бастадық
|
17.02.2023
|
Материалдарды талдап жүйеледік. Басылымдардан латын графикасымен жарияланған материалдарды жинақтадым.
|
|
11
|
Негізгі бөлімін аяқтап, зерттеу бөлімін бастадым
|
03.03.2023
|
Ғылыми жетекшімен зерттеу бөлімін талқыладық
|
|
12
|
Латын графикасына негізделген қазақ әріптерінің құрамын құруды ұсындым
|
10.03.2023
|
Жаңа әліпбидің өмірде қолданудың идеяларын көрсеттім
|
|
13
|
Тәжірибе өткізу
|
17.03.2023
|
Тақырып бойынша эсселер жазып, газетке мақала жариялауға кірістім. Мектеп оқушыларынан сауалнама алып, сараптама жасадым.
|
|
14
|
Негізгі бөлімді толықтыру
|
21.03.2023
|
Зерттеу жұмысымызды толықтырып, зерттелген дүниелер мен жиналган материалдарды жинақтадым.
|
|
15
|
Қорытынды бөлімін жоспарлау
|
23.03.2023
|
Қорытынды бөлімін жетекшімен ақылдаса отырып, жаздым
|
|
16
|
Жетекшіме жобамды көрсету
|
28.03.2023
|
Жетекшіме ғылыми жобамның жұмысын тексертіп, айтқан ескертулері бойынша түзетулерді енгіздім
|
|
17
|
Зерттеу жұмысымды қайта қарау
|
30.03.2023
|
Пайдаланған әдебиеттер тізімін жасадым
|
|
18
|
Ғылыми жұмысымның нәтижесін шығару
|
03.04.2023
|
Зерттеу жұмысымды полиграфияға апарып, шығарып алдым
|
|
19
|
Мектепішілік кезеңіне дайындық
|
07.04.2023
|
Ғылыми жоба бойынша презентация дайындадым
|
|
20
|
Мектепішілік кезеңіне қатысу
|
14.04.2023
|
Мектепішілік кезеңдегі қорғау барысында берілген ұсыныстарға назар аударып, түзетулерді енгіздім
|
|
21
|
Қалалық кезең
|
21.04.2023
|
Зерттеу жұмысым мектепішілік кезеңнен өтіп, қалалық кезеңінде сәтті қорғалды
|
|
«Ақмола облысы Білім басқармасының Қосшы ҚББ Қосшы қаласының Рақымжан Қошқарбай атындағы №1 ЖОББМ» КММ 9-сынып оқушылары Казбекова Наргиз бен Тұралы Арайлымның «Латын графикасына негізделген Қазақ тілі әліпбиін зерттеу» тақырыбындағы ғылыми жұмысына
«Латын графикасына негізделген Қазақ тілі әліпбиін зерттеу» ғылыми зерттеу жұмысына оқушылар Наргиз бен Арайлым әуелі тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік туатынын дәлелдей келе, қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелердің қысқаратын негізге алған. Ол мектептен бастап барлық оқу орындарында оқыту үрдісін жеңілдетеді. Уақыт та, қаржы да үнемделеді. Сондай-ақ латын әліпбиіне көшу қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді мүмкіндік туады және түбі бір түркі дүниесімен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты, тығыз байланысты күшейтуге жол ашылатындығын бірге зерттедік. Жастар жағы латын әліпбиіндегі қазақ жазуын тез меңгеріп алады. Мектепте ағылшын тілі оқытылатындықтан, олар латын әліпбиін тез қабылдайтыны сөзсіз, сондықтан латын әліпбиі қолдануға өте ыңғайлы, әлемдік жаңа технологияларға бейімделген, қазақ тілінің, сондай-ақ Қазақстанда тұрып жатқан басқа да сан ұлттың тілдік жағдайларын да қамтитын жақсы алфавит болатынын қоғамдық пікірлерлі ескере отырып толық зерделелеуді жалғастыру ұсынылады.