Орыс ғалымы Костровицикий мен поляк ғалымы А. Марштың еңбектері туралы



Дата02.01.2022
өлшемі9.93 Kb.
#454132
неделя 13


Туристік– рекреациялық сыйымдылық дегеніміз оның қауіпсіздік техникасын бұзбаған жағдайдағы өткізу мүмкіндігі. Кейбір зерттеушілердің айтуынша, территорияның рекреациялық сыйымдылығын анықтағанда туристік-рекреациялық іс-əрекеттің объектісінен, яғни рекреациялық потенциалдан бастау керек. Рекреациялық потенциал дегеніміз – демалыс пен туризмді ұйымдастыру үшін табиғаттың, мəдени-тарихи жəне əлеуметтік-экономикалық құндылықтардың жиынтығы.

Жылдан жылға туризммен айналысатын адамдардың саны көбейіп келе жатыр. Сондықтан олардың табиғатқа тигізетін жағымсыз əсері байқалуда. Бұл жағдайда табиғатқа əсер ететін рекреациялық салмақтың мəселесі де көтеріліп жатыр. Табиғат-ты деградациядан сақтау үшін жəне рекреациялық əрекетті жүргізуге комфортты жағдай жасау үшін рекреациялық салмақты оптималды қылу проблемасын тез арада шешу қажет. Бұл проблеманың мəні – нормативтер жасау арқылы табиғатқа əсер ететің экологиялық салмақты ғылыми түрде зерттеу және дәлелдеу.

Орыс ғалымы Костровицикий мен поляк ғалымы А.Марштың еңбектері туралы:

Табиғи кешендер жəне оны құрайтын элементтерінің рекреациялық салмаққа деген шыдамдылығы жағынан айырмашылықтар болады. Поляк географы А. Костровицкий (1970) эксперимент арқылы бір апта бойы 1 га жерінің шөбін таптап 400 өсімдіктің шыдамдылығын анықтады: құрғақ қарағайлы орман 46 адамды, жас қарағайлы орман – 50-90, жас шабындық – 126-196, жайылым – 300 адамды зиянсыз қабылдай алды.

Рұқсатты салмақты А. Костровицкий максималді адам саны арқылы анықтап, 8 сағат бойы тынымсыз қозғалып, 1 га жердің шөбін деградацияға дейін жеткізді. Поляк А. Марш бұл анықтамаға мынадай ескерту қосады: деградацияның рұқсатты түрі – 3 м2 тапталған жерде ең болмағанда 1 дм2 жері толығымен бұзылса бұл деградацияның рұқсатты деградациясы болады деп жазған.

Кеңес географтары В.П. Чижова мен Е.Д. Смирнова (1976) КСРО еуропалық бөлігінің орталық аудандарындағы табиғи кешендеріндегі ең көп рұқсат берілген демалушылар санының нормативтерін келтіред. Табиғи аумақтық тұрақтылығы бойынша анықталатын рұқсатты сыйымдылықпен бірге, аумақтың психо-физиологиялық сыйымдылығы болады.Табиғи кешендер жəне оны құрайтын элементтерінің рекреациялық салмаққа деген шыдамдылығы жағынан айырма-шылықтар болады.Табиғи кешеннің тұрақтылығы фитоценологиялық қасиеті-мен бірге топырақ сипатына, жер үсті көлбеуіне жəне табиғи компоненттерінің сипаттамаларына байланысты.

Соңғы зерттеулердің негізінде жайылым дигрессиясына негізделген рекреациялық дигрессия кезеңдері ережесі қолданы-лады. Мəскеу төңірегінің орман зонасын зерттеп, 1972 жылы Н.С. Казанская рекреациялық дигрессияның 5 кезеңін бөліп атап шықты:

1. Адамның іс-əрекеті орман кешеніне ешқандай өзгерістер енгізбейді.

2. Адамның рекреациялық əсер сирек кездесетін соқпақ-тардың жəне жарық сүйгіш өсімдіктердің пайда болуына əкеледі.

3. Соқпақтар мен жарық сүйгіш өсімдіктер жиі кездеседі.

4. Орман өсімдіктері азайып, соқпақ желісі басым болып келеді.

5. Тапталған алаңдарда арам шөптер мен біржылдық шөп түрлері пайда болады, ал шөп төсеніштері мен жас ағаштар толығымен жоқ.

3 жəне 4 кезең арасында табиғи кешеннің тұрақтылығының шекарасы өтеді. Рұқсат етілетін салмақ дигрессияның 3 кезеңіне сəйкес келеді. Қалпына келтірілмейтін өзгерістер 4 кезеңде пайда болады. 1, 2, 3 кезеңдері эстетикалық жағынан тартымды.



Табиғи кешендеріне түсетін ауыртпалықты оңтайлы қылу, туристік-рекреациялық ресурстарды қорғау мақсатында демалыс аудандары мен зоналарының аумақтық ұйымдастырылуын іске асыру қажет.

Б.Б. Родоман (1976) қала маңы демалысын ұйымдастыру мақсатындағы аумақтың зоналауының сызықтық-торлық принципын ойлап тапты. Өзінің теориялық схемасында жерді рекреация мақсатында пайдалануының үш деңгейімен айқындалатын үш зонаны: І – жоғары, ІІ – орташа, ІІІ – рекреациялық пайдаланудың төмен деңгейлерін атап көрсеткен етін.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет