Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:
|
Ұлттық экологиялық мәдениет
|
Мектеп:
|
№25 гимназия
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні: Даркенбаева Ж.Б.
|
Сынып:
|
Қатысқандар: Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы: 4/1
|
Ұлттық экология бастаулары
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
10.1.2.1 тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну,ақпараттың шынайлығы мен нақтылығын анықтау;
10.2.5.1 сөйлеу барысында тақырып бойынша қажетті аргументтерді орынды қолдану, өз көзқарасын дәлелдеу;
|
Сабақтың мақсаты:
|
Барлығы: тыңдалған мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.
Көпшілігі: мәтінді талдайды,мазмұндайды.
Кейбірі: қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.
|
Бағалау критерийі
|
* тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді;
* ақпараттың шынайлығы мен нақтылығын анықтайды;
* қажетті аргументтерді орынды қолданады
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
ресурстар
|
Сабақтың басы
|
І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылар назарын сабаққа аудару
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру
|
|
Кіріспе бөлім
Сабақтың ортасы
|
Барлық адам жер бетінде өмір сүру үшін түрлі қолайлы жағдай жасап, техникалық озықтыққа жетіп, тұрған жеріне, табиғатқа көп зиян келтіруде. Әрине, даму және озықтыққа жету адамзатқа қажет, бірақ болашақты ойлау, әр істеген ісіңе жауапкершілікпен қарау – бұл парыз.
« Миғa шaбуыл» әдісі
Балалар, суреттерге қарап, сұрақтарға жауап беруіңізді сұраймын.
Адамға дем алу үшін не керек? Таза ауа керек.
Жылыну үшін не керек? Күн, от керек.
Шөлді қандыру үшін не керек? Су керек.
Өмір сүру үшін не керек? Жер керек.
Адамның табиғатсыз күні бар ма?
Дұрыс, адамның табиғатсыз күні жоқ. Адам табиғаттың бір бөлшегі, табиғат пен адамның бөлінбейтін біртұтас дүние екендігін ұмытпауымыз дұрыс.
Қоршаған ортаға, экологияға, табиғатқа зиян келтіретін не? Қалай ойлайсыздар?
Дұрыс. Заводтар, фабрикалар, машиналардың түтіні, кәсіп орындар, түрлі өндіріс орындары, экология апатты аймақтар т.б.
Сонымен балалар, бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы - Ұлттық экология бастаулары.
Сабақ мақсатымен, бағалау критерийімен таныстырамын.
|