МАЗМҰНЫ
Кіріспе
Құрылыс гипсі туралы жалпы мәліметтер
Негізгі бөлім
Құрылыс гипсін алу жолдары
Құрылыс гипсінің ұнтақтық дəрежесі, ұстасу жəне қатаю мерзімдері.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Құрылыс гипсі туралы жалпы мәліметтер.
Гипс байланыстырғыш материалы дегеніміз шикізатты жылу арқылы өңдеп, құрамында жарты молекула суы бар затты ұнтақтау арқылы алынған зат.
Гипс байланыстырғыш материалының шикізаты табиғатта ең көп тараған кристалл таулы жыныстар.
Гипс тасы екі молекула суы бар күкірт қышқылы кальцийі тұздарынан тұрады, ал ангидридтің құрамында суы жоқ. Гипстің химиялық құрамы СаО - 32,56% (кальций тотығы); SО3 - 46,5% (күкіртті ангидрит); Н2О - 20,93%, ал ангидридтің құрамы СаО - 41,19% және SО3 - 58,8%. Екі сулы гипс шикізат минералы жұмсақ, Моос шкаласында оның қаттылығы екіге тең. Ангидридтің қаттылығы 3 - 3,5. Екі сулы гипстің тығыздылығы 2,2 - 2,4, ал ангидридтің тығыздығы 2,9 - 3,1. Екі сулы гипстің суда еруі 1 литр суға алғанда 2,05 г, ал ангидридтікі 1 литр суға 1г. Таза гипс мөлдір немесе ақ түсті болады.
Гипс байланыстырғыш материалын 4 топқа бөлуге болады:
Жарты сулы кальций тұзынан тұратын гипс байланыстырғышы.
Сусыз тек күкірт қышқылы кальцийінен тұратын гипс байланыстырғышы немесе ангидрит.
Майда ұнтақталған екі сулы күкірт кальцийі байланыстырғышы.
Бірінші немесе екінші топтағы гипс байланыстырғышының цементпен, қождармен және басқа материалдармен қоспасы.
Бірінші топқа құрылыс, қалып құю, модельді, медициналық және беріктігі жоғары техникалық гипс жатады. Шикізатты 180 °С дейінгі температурада қыздырады.
Екінші топқа ангидридті цемент және жоғарғы температурада күйдірілген гипс (эстрик-гипс) жатады. Бүл топтағы гипс байланыстырғышын алу үшін шикізатты 600-700°С және 850-1100°С дейін күйдіру керек.
Үшінші топқа гипс цементі жатады. Бұл табиғи гипсті майдалап ұнтақтау арқылы алынған зат.
Төртінші топқа суға берікті үш компонентті қоспалар кіреді жарты сулы гипс + цемент + қоспа немесе жарты сулы гипс + домна қожы + гидравликалық қоспа.
Бұл төрт топтың ішіндегі ең көп тарағаны 1-ші топ, ал ең аз шығарылғаны 2-ші және 4-ші топ.
Гипс байланыстырғышын өндіруде өте әсер ететін қоспалар саз, кремний, әк, органикалық заттар және т.б. Мысалы құрамында темір тотығы бар гипс түсі сары болады, ал органикалық қоспалы гипстер сұрлау болып келеді. Сонымен қатар сазды гипстер де кездеседі, оларға гажа, ганч, арзан сол жерлердің атымен аталған жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |