ШЫҰ мүше мемлекеттер басшыларының декларациясы
Мемлекет басшыларының Ташкентте 2004 жылы 17 маусымдағы кездесуінен кейінгі өткен кезеңде сол кездегі ШЫҰ-ны одан әрі дамыту және нығайту мақстатында алға қойылған барлық міндеттер іс жүзінде орындалды. Ұйым мүше мемлекетттердің көп жақты ынтымақтастығын өрістету жолымен алға қарай нық басып, және басқа халықаралық ұйымдармен және елдермен өзара ықпалдастыққа белсенді қосылып отыр.
ШЫҰ-ның 2004жылдан бастап жұмысқа кіріскен тұрақты әрекет ететін органдары – Пекиндегі Хатшылық және Ташкенттегі Өңірлік антитерролық құрылым (ӨАТҚ)- Ұйымның үздіксіз қызметін қамтамасыз ететін ықпалды ұжымдық құралдарға айналуда. ӨАТҚ-ның басшы органы –Кеңестің өсе түсуге тиісті маңызды рөлі атап өтілді./21/
ШЫҰ-ның, оның барлық органдары мен тетіктері жұмысының тиімділігі мен үйлесімділігін арттыру мақсатында мемлекеттер басшылары 2006 жылғы жоғары деңгейдегі кездесуге Ұлттық үйлестірушілер кеңесі Хатшылықтың рөлін күшейту жөнінде және оның жетекшісінің лауазымын ШЫҰ бас хатшысы деп өзгерту туралы ұсыныстар әзірлейді деп уағдаласты.
Мемлекеттер басшылары ШЫҰ-ға мүше мемлекетттер қауіпсіздік кеңестері мен хатшыларының 2005 жылғы 2 маусымда Астанда болған екінші кездесуінің барысында қол жеткен уағдаластықтарды іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдаудың маңызын атап өтті.
ӨАТҚ-ға Терроризммен, сепаратизммен және экстремизммен күрес туралы Шанхай конвенциясын іске асыруда жәрдем кәрсету үшін мемлекеттер басшылары Хатшылық жанынан мүше мемлекеттердің тұрақты өкілдері қызмет етіп келе жатқан қағидаларға сәйкес негізде мүше мемлекеттердің тұрақты өкілдері институтын белгілеуге келісті./22/
Мемлекет басшылары саммит барысында қабылданған ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің терроризммен, сепаратизммен және экстремизммен күрестегі ынтымақтастық айқындамасы мұндай ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға, ӨАТҚ қызметіне бұрынғыдан нақты мақсаткерлік сипат беруге мүмкіндік тұғызатына сенім білдіреді.
Мемлекеттер басшылары 2005 жылғы күзде Мәскеуде болған үкімет басшылары (премьер –министрлер) кеңесінің мәжілісі 2004 жылғы қыркүйекте Бішкекте қабылданған ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің көп жақты сауда экономикалық ынтымақтастығы бағдарламасын орындау жөніндегі шаралар жоспарын іске асыруға, сыртқы экономикалық және сыртқы сауда қызметі, көлік, қоршаған ортаны қорғау, төтенше ахуалдарды жою, мәдениет пен білім беру үшін жауап беретін министрліктер мен ведмоствалар жүйелері бойынша өзара ықпалдастықты практикалық арнаға көшіруге нақты серпін беретінін, сондай-ақ ШЫҰ- ның ұтымды қаржы бюджет саясатын бекітетінін негізге алады. Ұйым аясында интеграциялық үрдістерді ынталандырудың жаңа ресурсы қалыптасуы қорытынды кезеңге көшкен ШЫҰ-ның Іскерлік кеңесі болуы тиіс.Тараптар келісілген қағидаттар негізінде ШЫҰ-ның Даму қорын құруды жеделдетеді. Сонымен бірге тараптар өңірлік ынтымақтастық жобаларын жүзеге асыруға қаржылай қолдау кәрсету мақстында банкаралық өзара ықпалдастықты күшейтуге келісті./23/
Сыртқы істер министрлерінің кеңесі атқарған зор да сындарлы жұмыстарды атап өте отырып, мемлекеттер басшылары халықаралық тақырып бойынша сабағаттасудың іске қосылған тетігінің нақпа-нақ қызмет етуінің маңызын атап кәрсетеді. Олар сондай-ақ ШЫҰ-ның ойластырылған және мақсатты халықаралық байланыстарын дамытуды қамтамасыз ету міндетін өзекті деп санайды. Мұндай мәселелерді қағидаттық тұрғыда сыртқы істер министрлерінің шешкені, ал ШЫҰ-ның тұрақты әрекет ететін органдарының мұндай байланысын ағымды тұрғыда үйлестіруді ӨАТҚ Кеңесімен өзара ықпалдаса отырып, Ұлттық үйлестірушілер кеңесі жүзеге асырғаны жөн.
Мемлекеттер басшылары ШЫҰ-ның жанындағы бақылаушы мәретебесінің Пәкістанға, Иран мен Үндістанға берілуі ұйымның түрлі бағыттар бойынша көп жақты және өзара тиімді ынтымақтастығын дамыту мүмкіндігін кеңейте түсетініне сенім білдіреді.
2004 жылғы желтоқсанда ұйымға БҰҰ Бас Ассамблеясының жанындағы бақылаушы мәртебесінің берілуі, 2005 жылғы сәуірде ШЫҰ мен АСЕАН, ШЫҰ мен ТМД араларындағы өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойылуы ШЫҰ-ның әлемдік аренадағы өсе түскен беделінің маңызды кәрсеткіштері болып табылады.
Таяудағы уақытта Ұлттық үйлестірушілер кеңесі Хатшылықпен және ӨАТҚ-мен бірлесе отырып ШЫҰ БҰҰ-ның Хатшылығымен, оның Коммисияларымен және Коммитеттерімен байланыстарды барынша мол қайтарымммен дамыта алуы, басқа халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық туралы қол қойылған құжаттарды іске асыра алуы, теңдік және өзара құрмет негізінде өңірлік бірлестіктермен және форумдармен, сондай-ақ мүдделі мемлекеттермен байланыс орната алуы үшін ортақ көзқарастарды талдап жасауы керек.
Мемлекеттер басшылары жаһанданудың қарама-қайшылықты үрдісі жағдайында баршаға ортақ бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға тең құқылы және өзара құрмет,егемен елдердің ішкі істеріне қол сұқпаушылық, егестік емес тұрғыфда ойлау, халықаралық қатынастарды демократияландыру жағына қарай дәйектілікпен жүру қағидаттары негізіндегі көпжақты ынтымақтастық жәрдемдесетінін атап өтеді және идеологияларындағы жіне қоғамдық құрылымдағы өзгешеліктеге қарамастан, халықаралық қоғамдастықты өзара сенімге, өзара тиімділікке, теңдік пен өзара ықпалдастыққа негізделген қауіпсіздіктің жаңа тұжырымдамасын қалыптастыруға шақырады.
Әлемдегі мәдениеттер мен әркениеттердің сан-алуандылығы- адамзатқа ортақ құндылық. Ақпараттық технологиялар мен коммуникациялардың қауырт өсуі дәуірінде бұл өзара мүдделілікке, көзқарастар мен баға берудегі шығанданушылықтан арылуға, диалогты дамытуға ынталандыруға тиіс. Әр халықтың өз даму жолына деген құқығы толық мәнінде қамтамасыз етілуі тиіс./24/
Мемлекеттер басшылары ұтымда да әділ дүние тәртібі өзара сенім мен тату кәршілікті нығайтуға, халықаралық істердегі монополия мен өктемдікке иек артусыз шынайы әріптестік қатынастарды орнатуға негізделуі тиіс екеніне сенімді. Мұндай тәртіп халықаралыққұқық қағидаттары мен нормаларының, ең алдымен, БҰҰ Жарғысының үстемдігіне неғұрлым нық арқа сүйеген сайын соғұрлым тұрақты қауіпсіз болады. Адам құқығы саласында әр халықтың тарихи дәстүрлері мен ұлттық ерекшеліктерін, барлық мемлекеттердің егемендік теңдігін қатаңда дәйекті түрде құрметтеу қажет.
Мемлекеттер басшылары БҰҰ-ны осы ұйымның тиімділігі мен беделін арттыруға бағытталған ұтымды да қажетті реформалауды жақтайды. Реформаларды жүргізі кезінде барынша кеңінен келісуді, БҰҰ-ны реформалау үшін ғана уақыттық теңдеулер таңбауды, сондай-ақ елеулі қарама-қайшылықтар сақталып отырған жобалар бойынша дауыс беруді ұстану маңызды екені қуатталды.
Мемлекеттер басшылары ХХІ ғасырда Азия-Тының мұхиты өңірі бейбітшілік пен дамуды қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаруға тиіс болатынын негізге алады және тұтастай алғанда АТӨ-де, сонымен бірге оның жекелеген құрамдас бөліктерінде межелеу сызықтарының пайда болмауын; мемлекеттер арсындағы кез-келген түсінбеушіліктер мен даулар бейбіт құрамен, келіссөздер жолымен шешілуін; осынау серпінді қозхғалыстағы өңірде достық, өзара түсіністік, өзара ықпалдастық және сындарлылық ахуалы берік орнығуын жақтайды. Осыған жәрдемдесу- ШЫҰ қызметінің негізгі бағыттарының бірі.
Мемлекеттер басшылары Орталық Азия мемлекеттерінің өз елдерінде және тұтастай өңірде бейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақтықты қамтамасыз етуге бағытталған күш-жігеріне қолдау білдіріп, Орталық Азияның тұрақтылығы мен экономикалықдамуын нығайтуда ШЫҰ белсенді рөл атқаруын жақтайды./25/
Мемлекеттер басшылары халықаралық және өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылыққа төнетін жаңа сынақтар мен қателіктерге тиімді қарсы тұру үшін мүше мемлекеттердің күш-жігерін біріктіру талап етіледі деп санайды.
Күш-жігерді мұндай біріктірушіліктің кешенді сипаты болып, мүше мемлекеттердің аумақтарын, халықтарын, өмірді қамтамасыз етудің шешуші нысандарын және инфрақұрылымдарын жаңа сынақтар мен қателіктердің қиратушылық әсерінен сенімді қорғауды қамтамасыз етуге шешуші нысандарын және инфрақұрылымдарын жаңа сынақтар мен қатерлердің қиратушылық әсерінен сенімді қорғауды қамтамасыз етуге, ШЫҰ тұрақты даму мен кедейшілікті жою үшін қажетті жағдайлар жасауға нақты жәрдемдеседі және мынандай мәселелерді қамтуы тиіс:
-мүше мемлекеттердің сыртқы саяси, ішкі экономикалық, құқық қорғау органдарының арнайы қызметтер мен қорғаныс ведомстваларының тығыз ынтымақтастығын дамыту;
- мүше мемлекеттер қауіпсіздік кеңестері хатшыларының кездесу тетіктереін белсенді пайдалану;
-өңірде бейбітшілікке, қауіпсіздік пен тұрақтылыққа қатер төндіретін ахуалға ШЫҰ-ның бірлесіп әрекет етуінің тиімді шаралы мен тетіктерін талдап- жасау;
-антитеррорлық шараларды бірлесіп жоспарлау және өткізу;
-қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерінде ұлттық жарнамаларды үйлетіру;
-жаңа сынақтар мен қатерлерге қарсы күремте қолданылатын осы заманғы техникалық құрал-жабдықтарды талдап жасау мен пайдалану саласындағы ынтымақтастық;
-жаңа сынақтар мен қатерлерге ақпараттық қарсы тұрудың тиімді тетіктерін қалыптастыру;
-тиісті кадрларды даярлау;/26/
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер өз аумақтарында терроризм актілерін, соның ішінде басқа мемлекеттердің мүдделеріне қарсы бағытталған актілерді әзірлеу және жүзеге асыру әрекеттерін тыйып тастайтын болады, террорлық, сепеаратистік және экстремистік қызметі үшін айыпталған немесе соларды жасады деп күмән келтірілген адамдарға баспанға рұқсат етпейді және мұндай адамдарды ШЫҰ-ның басқа мемлекеті тарапынан тиісті қайырылым болған жағдайда мүше мемлекеттің қолданыстағы заңнамасына қатаң сәйекестікке береді.
ШЫҰ-ның Өңірлік антитеррорлық құрылымының жұмысын жетілдіру және тиімділігін арттыру мақсатында шаралар қолданылатын болады.
ШЫҰ халықаралық терроризм мен күрес аясында оның материалдық базасын, ең алдымен, қару- жарақтың, оққұралдарының, жарылғыш заттар мен есіркінің заңсыз айналымына, трансшекаралық ұйымдасқан қылмасқа, жасырын көші-қон мен жылдамалылыққа қарсы күрес арқылы жоюға байланысты проблеммеларды шешу маңызды. Терроршылардың жаппай қырып-жою қаруының компоненттері мен оларды жеткізу құралдарын және ақпараттық террорды пайдаланудың алдын-алуға айрықша назар аударған жөн.
Терроризмді, сепаратизм мен экстремизмді қаржыландыруға, соның ішінде заңсыз жолмен алынған табыстар мен құралдарды жария етуге қарсы тұру ШЫҰ аясында терроршылыққа қатысты деп күмән келтірілген адамдар мен ұйымдардың ақша аударымдары, қаржы қаражаттарының қозғалысы мониторингінің бірыңғай көзқарастары мен стандарттарын талдап жасауды, сондай-ақ ШЫҰ-ның тиісті халқаралық күш-жігерге белсенді қосылуын тегеурінді қажеттілікке айналдырып отыр.
ІІ-Тарау. Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы орны мен рөлі.
ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ - ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАСЫМДЫҚТАРДЫҢ БІРІ. Ұлттық қауіпсіздік Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың "Қазақстан-2030" Даму стратегиясында белгіленген алғашқы басымдық болып табылады. Сонымен бірге, кауіпсіздікті қамтамасыз ету тек әскери-саяси мәселелерге барып қана тірелмейді. Бұл жерде саяси, экономикалық, әлеуметтік, гуманитарлық, этноконфессиялық, әскери, т.б. катерлерге карсы түру меңзеледі.
Мәселен, "Қазақстан-2030" Стратегиясында ел кауіпсіздігін қамтамсыз етудің бірқатар бағыттары айқындалған./27/
Біріншіден, елдің дамуын қамтамасыз етуге, тәуелсіздік пен егемендікті нығайтуға баса назар аударылады. Мемлекеттің тәуелсіздік мәртебесін формальды-заңдык, тұрғыдан бекіту тәуелсіздікке іс жүзінде қол жеткізілгенін білдірмейді. Мемлекеттілік қалыптасып, тәуелсіздікке ешкімнің күмәні қалмауы үшін кешенді, жүйелі және рет-ретімен орындалатын шаралар желісі жүзеге асырылуы тиіс.
Қазіргі дүниеде жас егемен елдің тәуелсіздігіне қатер сырттан баса-көктеп кіру ықгималдылығымен ғана өлшенбейді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің 1997 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында "Ұлттық кауіпсіздікке төнетін ықтимал қатерлер казіргі кезде және жақын болашақта мемлекеттің аумақтық тұтастығына тікелей әскери шабуыл сипатында болмайтынын" атап кәрсетіп, "не Ресейдің, не Қытайдың, не Батыс пен мұсылман елдерінің бізге шабуылдаулары үшін ешқандай себеп пен салдар жоқ" екенін де баса айтқан болатын./28/
Осыған орай, Қазақстанның сыртқы саясатындағы басым бағыттар ретінде мына мәселелер айкындалған еді:
-Ресей Федерациясымен тату көршілік, достық байланыстарды дамыту;
-ҚХР-мен өзара пайдалы негізде сенім және тату кәршілік қарым-қатынас қалыптастыру;
-Орталық Азия мемлекеттерімен байланыстарды және интеграциялық үрдістерді күшейту;
-АҚШ-ты қоса алғанда басты демократиялық, индустриялық дамыған мемлекеттермен байланыстарды күшейту;
-БҰҰ, ХВҚ, Дүниежүзілік банк, Азия, Еуропа және Ислам даму банктері секілді халықаралық институттар мен форумдардың көмектері мен жәрдемдерін жан-жақты пайдалану.
Екіншіден, Ұлттық егемендік пен елдің аумақтық тұтастығын қорғаудың сенімді негізі ретінде карастыратын бай табиғи ресурстарды игеруге баса мен беріледі.
Үшіншіден, үжымдық қауіпсіздік жүйесін қамтамасыз ету барлық мәселеде шешуші факторға айналады. Ұжымдық қауіпсіздік қамтамасыз етілген жағдайда әр адам өзінің жеке мүддесі ғана қанағаттанғаннан айтарлықтай көп ұтады, ал қоғамның кауіпсіздігі кашанда қыл үстінде тұрады. Қандай да бір жолы болғыш жеке адам егер оның елі катерге ұрынған жағдайда бәрібір дәрменсіз болады.
Төртіншіден, Қазақстанның рет-ретімен әлемдік экономикалық кешенге интеграцияланғаны тиімді. Бұл арада еліміздің аймақтық әскери-саяси жанжалдар мен экономикалык, және конфессиялық сипаттагы иірімдерге тартылмау жағы алдыңғы кезекке шығарылатыны тусінікті болса керек.
Бесіншіден, ірі трансұлттық капитал үшін төзімді де либералды экономикалық алаң құрып, елімізге ұзақ мерзімді инвестиция тарту үшін қолайлы климат қалыптастырудың маңызы зор.
Алтыншыдан, Қарулы Күштерді жаңғырту арқылы қорғаныс қабілетін нығайту, олардың кәсіби дайындығы мен әскери әзірлік деңгейін жоғарылату және заманалық қаружарақпен жабдықтау міндетін оң шешу керек.
"Қазақстан-2030" Стратегиясында Елбасы былай деп көрсетеді: "Қазақстан Республикасының казіргі заманғы әрі тиімді әскерін, әскери-әуе және әскери-теңіз күштерін құру үшін бізге оның материалдық бөлігін, жеке құрамын нығайтып, оқыту жөніндегі жұмысты жолға қою қажет. Бұл бізден Қарулы Күштерімізге бөлініп отырған және бөлінетін бюджет қаржысын қашанда есеппен әрі тиімді жұмсауды талап етеді. Сонымен қатар, еліміз аймақтық қорғаныстың салмағын бірге кетерісу үшін өзінің кәршілерімен ынтымақтасатын болады"./21/
Жетіншіден, азаматтардың бойында патриотизм мен өз еліне деген сүйіспеншілік сезімін дамыту көп меселеде шешуші рөл атқарады.
Халықтар мен мемлекеттер арасындағы ежелгі берік байланыс бүгіңде айтарлықгай әлсіреді, ал жаңа байланыстар әзірше толыктай қалыптасып үлгерген жоқ. Бір жақсысы, бұкараның санасында адамдар мен мемлекеттің мүдделері ортак, екенін түсіну үрдісі пісіп-жетіліп келеді. Халықтың әл-ауқаты жақсарған сайын аталған мәселенің берік сипат ала бастайтынына еш күмән жоқ. Өйткені, әр азамат ахуалының жақсаруы өзі өмір сүретін мемлекеттің егемендігі мен қауіпсіздігіне тікелей қатысты екенін пайымдайтын уақыт туды.
Сегізіншіден, қуатты демографиялық және миграциялық саясат жүргізу керек болып отыр. Егер біздің мемлекеттік органдарымыз бұл маңызды мәселеге бұрынғысынша селқос қарайтын болса, онда Ресейдегідей "демографиялық дағдарыс" жағдайына тап боламыз. Ал бұл елде, яғни Ресейде адам саны сыртқы миграцияға байланысты ғана емес, табиғи түрде де азайып келеді. Бұл тенденция дереу тоқтатылуы тиіс./29/
Бұл айтылғандардың барлығы "Қазақстан-2030" Даму стратегиясында еліміздің Ұлттық мүддесін ескеру тұрғысынан жан-жақты ашып көрсетілген. Ал Шанхай ынтымақтастық ұйымын құруға белсенді қатысқан Президент Нұрсұлтан Назарбаев бірінші кезекте Ұлттық қауіпсіздікке қатысты басымдықтарды басшылықка алғаны айқын. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ШЫҰ-ға ҚАТЫСУЫ ПРЕЗИДЕНТ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ЖҮРГІЗІП КЕЛЕ ЖАТКАН СЫРТҚЫ САЯСАТ БАҒЫТЫНЫҢ ОРТАҚ МАЗМҰНЫНА НАҚТЫ СӘЙКЕСЕДІ. Қазақстан тәуелсіздігіне қол жеткізген алғашқы жылдардан бастап ұзақ мерзімді Ұлттық мүддені қамтамасыз етуге бағытталған көп қырлы сыртқы саясатты белсенді жүргізіп келеді. Бұл арада Қазақстанның ШЫҰ-ға қатысуы маңызды аспектілердің бірі болып табылады.
Тұтастай алғанда, Қазақстанның ШЫҰ-ға қатысуы Қытаймен және Ресеймен, сондай-ақ ұйымға мүше басқа да елдермен ынтымақгастықты нығайтуға бағытталған сыртқы саяси бағытқа толық кәлемінде жауап береді. Осыған байланысты берік құқықтық базаға негізделген Ресеймен қарым-қатынас көпқырлы және прагматикалық сипатқа ие болуымен ерекшеленеді. Өзара ынтымақтастық пен түсіністіктің жемістілігіне екі ел арасындағы тарихи маңызы зор әлемдегі ең ұзақ кұрғақтағы шекараның делимитациялануы айғақ бола алады. Қысқасы, шекаралық аудандардағы байланыстардан бастап, ғарыш саласындағы біріккен жобаларға дейін Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтастығы жарасып отырғандығын кәрсетеді.
Қытаймен сауда-экономикалық ынтымактастық та ырғақты дамып келеді. Осы тұрғыдан алғанда, Қытайға тартылатын мұнай құбыры құрылысы, айтарлықтай бөлігі Қазақстан аумағы арқылы өтетін трансазиялық темір жол магистралі уағдаластықтарының маңызы зор. Аталған жобалардың жүзеге асуы Шығыстағы ұлы көршімізбен тауар айналымын айтарлықтай ұлғайтуға мүмкіндік береді.
ШЫҰ шеңберіндегі экономикалық ынтымақтастық Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына өту үрдісіндегі позициясын бекемдей түсуге оң ықпал ететіні күмәнсіз. Қазіргі кезде мемлекеттік органдар біздің Ұлттық мүддеміз сенімді қорғалуы үшін үлкен жұмыс жүргізу үстіңде.
Мұның үстіне ШЫҰ-ға мүшелік Қазақстанның турлі интеграциялық бастамалары мен баска да интеграциялық жобалар шеңберіндегі ынтымақтастығына қайшы келмейді, керісінше оларды толықтыра түседі. Меселен, Қазақстан үшін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберінде ЕурАзЭҚ-ты дамыту басты бағыт болып қала бермек. Өйткені, оның әлеуетін толықтай пайдалану біздің Ұлттық мүдделерімізге сейкес келуімен қатар, ұзақ мерзімді перспективалар тудыратынымен де қызықтырады.
Келесі бір бағыт жақында Ресей қосылған Орталық Азия ынтымақтастығы ұйымының қызметін белсенді ете түсу болып табылады. Аталған ұйым аясында Орталық Азия елдерінің тағдыршешті мүдделеріне қатысты нақты проблемаларды шешуге қарай қозғалыс байқалып, өңір елдері экономикасын жақындатуға бағытталған маңызды қадамдар жасалды. Астана саммитінің алдында өткен Душанбе басқосуында су-энергетика, азық-түлік және көлік консорциумдарын құру жөніндегі тұжырымдамаға қол қойылды. Енді аталған ұйым аясында ортақ рынок құру жөнінде бірлесіп жұмыс жүргізу міндеті түр.
Аймақтағы жаңа геосаяси және геоэкономикалық жағдайға орай әңгіме қозғасақ, Қазақстан басшысының 2005 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында айтылған Орталық Азия мемлекеттерінің одағын құру туралы бастаманы жүзеге асыру зор маңыз ала түседі. Осы бағытта тоқтаусыз алға жылжу Орталық Азия аймағын өркениет әлемінің тұрақты, тең құқықты бір бөлшегіне айналдыруға мүмкіндік бермек./30/
Қазақстан Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) мақсатын іс жүзіне асыру үшін Азия құрлығында сенім мен тұрақтылық үрдісін қалыптастырудың қашанда белсенді жақтаушысы болып келеді.
Қазір АӨСШК-нің 2006 жылға жоспарланған екінші саммитін өткізуге дайындық жұмысы басталып кетті. Жақында ұйымдастырылған АӨСШК-ге мүше елдер сыртқы істер министрлерінің кездесуінде Азия тарихындағы ғаламат құжат - Сенім шаралары каталогының қабылдануы Қазақстанның Азия құрлығында тұрақгылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі күш-жігері жүзеге асатынына сендіретіндей.
ШЫҰ-ның ТЕРРОРИЗММЕН КҮРЕС, АЙ-МАҚТЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ, ГУМАНИТАРЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРДЫ ШЕШУ, ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ, ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ МЕН ЗАРДАПТАРЫҢ ЖОЮ БАСЫМДЫҚТАРЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ, АҚШ-ты ҚОСА АЛҒАНДА, БАТЬІС ЕЛДЕРІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНА ЕШ ҚАЙШЫ КЕЛМЕЙДІ.
Қазақстан өркениетті қоғамның халықаралық лаңкестікке карсы күш-жігеріне қосылды. Еліміз аталған қатерді ауыздықтауға бағытталған нақты ұсыныстарын тұрақты түрде енгізіп келеді.
Орталық Азия ынтымақтастығы ұйымы шеңберіңде заңсыз лаңкестік ұйымдардың тізімін жасау жөніндегі ынтымақтастық жұмыстары төтенше көкейкесті болып табылады. Өйткені, бұл шара халықаралық лаңкестікке қарсы күресте біртұтас саясат ұстануға мүмкіндік береді. Осы бағыттағы жұмыс еліміз ішінде белсенді жүргізіле бастады. Мысалы, Жоғарғы Сот 11 лаңкестік ұйымды заңсыз деп жариялады./31/
Қазақстанның ШЫҰ-ға діни экстремизмді таратуға қарсы іс-қимыл жасайтын ұйым ретінде қатысуы еліміздің конфессияаралық келісімді бекемдеуге бағытталған басымдықтарына толықтай сейкес келеді.
Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер съезі Қазақстанның халықаралық беделі мен бітімгершілік әлеуеті артып келе жатқанының айқын кәрінісі болды. Аталған жаһандық проблеманы шешудің жолын іздестіру дінаралык және конфессияаралық диалогты әлемдік ауқымда одан әрі дамытып, жалғастыруға міндеттейді.
ШЫҰ қылмысқа, есірткі тасымалына, заңсыз миграцияға, адам саудасына қарсы күресті негізгі мақсаттарының бірі санаса, Қазақстан БҰҰ-мен, басқа да халықаралық ұйымдармен көпжақты және екіжақты форматта ынтымақтасып келеді.
Қорытындысында Қазақстанның ЕҚЫҰ-мен ықпалдастығы да ШЫҰ басымдықтарына қайшы келмейтіндігін айта кетейік.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2001 жылдың маусымында Шанхайда өткен Мемлекет басшыларының саммитінде ұйымның өзге де аймақтық құрылымдармен ынтымақтастық форматын айқындаудың көкейкестілігін ерекше атаған болатын.
Меселен, Орталық Азия мемлекетгерінің ұлттық қауіпсіздігі бүкіл Орталық Азия аймағы қауіпсіздігінің ажырамас бөлшегі болып табылады. Мұны сонымен қатар Орталык Еуразия қауіпсіздігінің құрамдас бөлшегі ретінде қарастырған жөн. Орталық Еуразиялық қауіпсіздік қауіпсіздіктің жаһандық жүйесіне де енеді.
Осы тұрғыдан алғанда Қазақстан АӨСШК, ҰҚШҰ, ШЫҰ, ОАЫҰ, ЕурАзЭҚ, т.б. ұйымдарды қауіпсіздіктің "көпдеңгейлі" құралы ретінде қарастырады. Бірақ мұнда барынша тиімділікке жету үшін аймақтық қауіпсіздіктің барлық деңгейдегі жүйесін үйлестіру қажет.
Бұған қоса, Қазақстан ШЫҰ иелік ететін бірқатар басымдықтарды қаперге алады. Мысалы, ШЫҰ-да, өзге интеграциялық бірлестіктермен салыстырғанда, (ТМД, ЕурАзЭҚ, т.б.), қандай да бір мемлекет үстемдік құрмайды. Бұл Шанхай үрдісіне катысатын барлық мемлекеттерді ұйымға кіретін барлық елдердің мүддесі қаперге алынатын өзара қолжетімді шешімдер іздеуге итермелейді. Бұл Қазақстанға да өзінің рөлі мен беделі артуын пайдалана отырып, өз мүдделерін жылжыту үшін барынша үлкен маневрлар жасауға мүмкіндік туғызады.
Осылайша, Қазақстанның ШЫҰ-ға қатысуы оның ұлттық мүдделерімен толық сәйкес келеді. Оның үстіне, бұл елдің тұтастай алғанда аймақтық және әлемдік тұрғыдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында маңызды бағыттарды жүзеге асыруға оң ықпал етеді.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев ШЫҰ қызметінде елдің сыртқы саяси бағытын жүргізу үшін барынша тиімді форматқа қол жеткізді. Сондай-ақ, Қазақстанның басқа да сыртқы саяси ынтымақтастық институттарымен қарама-кайшылығы болмау жағын ескерді./32/
ШЬІҰ қызметіне қатысу Қазақстанға бірінші кезекте аймақтағы басқа елдермен тең құқықты диалог және ынтымақтастық арқылы өз қауіпсіздігін нығайтуға мүмкіндік береді.
ІІІ-Тарау. Шанхай ынтымақтастық ұйымға қатысу - қазақ мемлекеттілігін бекемдеу факторларының бірі.
Халықаралық кауіпсіздік жүйесі әлемдік саясаттың тоқтаусыз және тиімді қызметін қамтамасыз ету үшін қажет. Басқаша айтқанда, қатысушы мемлекеттер басым көпшілігінің мүдделерін жүзеге асыру үшін халықаралық ортадағы тұрақтылықта ұстау үшін керек.
Халықаралық қоғамдастық тарапынан жаңа халықаралық жүйе қалыптастыру қажеттігі мойындалғанымен, бүгінгі күн шындығына пара-пар прогресс байқалмай отыр. Бірінші кезекте мұны қауіпсіздік мәселелеріндегі көп қырлы проблемаларды шешуде бір ізділіктің жоқтығымен байланыстырған жөн. Осының салдарынан ұжымдық қауіпсіздік жүйесі күрт әлсіреп кетті деуге негіз бар.
Қалыптасып отырған бүгінгі жағдайда кейбір мемлекеттер өзінің қауіпсіздігін және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі функцияларды өз мойнына алуға мәжбүр. Бұл жерде мемлекеттерде пайда болатын қатерлер мен олардың жолын кесу туралы ұстанымдарында тек өздерінің ғана түйсіктеріне арқа сүйейді.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты тарқатып айтар болсақ, халықаралық қатынастар жүйесі айтарлықтай әрі түбірінен трансформацияланған кезеңде тәуелсіздігін алған Қазақстан үшін әлемдік дамудың жағалауында қалып қоймау өз алдына, сондай-ақ аймақтық және халықаралық қауіпсіздік мәселелерінде тұрақтандырушы факторға ие болудың маңызы зор еді. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның қауіпсіздік жүйесі аймақтық және планетарлық кауіпсіздіктің құрамдас бөлігі болуы тиіс екенін нақты айқындап берді./33/
Осы тұрғыдан келгенде Қазақстан үшін Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысудың маңызы орасан.
ШЫҰ - Қазақстан сыртқы саясатының басым бағытында біздің мемлекетіміз ШЫҰ-ға үлкен маңыз береді әрі өзінің ұйымның қалыптасуын ұйымдастыруға қатысуын басым міндет санайды. Басқаша айтқанда, ШЫҰ Қазақстанның сыртқы саясатында аса маңызды орын алады
ШЫҰ — мемлекеттердің ұжымдық қауіпсіздік мәселелерін бірігіп шешуге деген ұмтылыстан туындаған ұйым. Сонымен қатар, саяси, экономикалық және медени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелеріндегі бірлескен іс-қимылдар да аталған ұйымға қатысы бар ауқымды салалар болып табылады.
Таратып айтар болсақ, ШЫҰ-ның негізгі міндеттері мен мақсаттары мыналар:
-
мүше мемлекеттер арасында өзара сенімді, достықты және тату көршілікті нығайту;
-
аймақта бейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты бекемдеу және көп қырлы ынтымақтастықты қолдау;
лаңкестікке, сепаратизм мен экстремизмге, есірткі мен қару-жарақтың зансыз айналымына. Трансұлттық қылымыстың басқа да түрлеріне, ШЫҰ қызметінің тиімділігін арттыру миграцияға қарсы бірлескен іс-қимыл таныту;
-
саяси, сауда-экономикалық, қорғаныс, кұқық қорғау, табиғат қорғау, мәдениет, ғылыми-техникалық, білім беру, энергетикалық, көліктік, несие-қаржылық және басқа да салаларда ортақ мүдде туындататын аймақтық ынтымактастықты тиімді ынталандыру;
-
жан-жақты және тең деңгейдегі экономикалық өсімге, әлеуметгік және мәдени дамуға оң ықпал ету;
— әлемдік экономикаға интеграциялану қадамдарын үйлестіру;
-
мүше мемлекеттер мен олардың Ұлттық заңдылықтарына және елдердің халықаралық міндеттемелеріне сөйкес адамның құқы мен негізгі бостандықтарын қамтамасыз ету;
-
өзге мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қарым-катынас калыптастыру әрі дамыту;
-
халықаралық жанжалдардың алдын алу мен оларды бейбіт реттеуде өзара іс-қимыл жасау;
-
XXI ғасырда пайда болатын проблемаларды шешудің кілтін бірлесіп іздеу;/34/
ШЫҰ құрылуы принциптік тұрғыдан жаңа субаймақтық ынтымақгастық жүйесін калыптастыруға негіз қалады. Ұйым жарғысына сәйкес, мүше алты мемлекеттің қатарына басқа мемлекеттердің де қосылуына мүмкіндік қарастырылған. Осы тұрғыдан келгенде жаңа ұйым қызметінің ашықтық сипаты перспективалық маңызға ие.
Бүгінгі күнде ШЬІҰ бірқатар маңызды мәселелерді шешуге мұрындық болды: атап айтқанда, мүше мемлекеттер арасындағы белгісіздік пен түсініксіздік проблемалары күн тәртібінен түсті, шекаралық мәселелер шешілді, қарым-қатынасты тұрақты талқылайтын форум құрылды.
Сенім шаралары туралы уағдаластық пен шекара аудандарында қарулы күштерді қысқарту әлемдік тәжірибеде теңдессіз оқиға болып табылады. Бұл уағдаластықтар әлемдіқ қоғамдастықта үлкен резонанс туғызды. Қытайдың Қазақстанмен, Қырғызстанмен, Ресеймен және Тәжікстанмен шекарасы аймағында сенім шараларын бекемдеу және Қарулы күштерді қыскарту жөніндегі келіссөздер барысы Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасын делимитациялау және демаркациялау процестерімен, сондай-ақ талас туғызатын аудандарға қатысты проблемаларды шешумен тығыз байланысты болды. Осылайша көп қырлы келісімге келу екіжақты Қазақстан-Қытай шекара проблемасын реттеуге жағдай туғызды.
1999 жылы Қарулы күштерді қысқарту туралы келісім күшіне енгеннен кейін оған қатысушылар 100 шақырымдық географиялық аймақтағы жеке құрам, қарулану, әскери техника туралы ресми ақпараттар алмасуды жүзеге асырды.
Мұндай акция Азия дипломатиясының практикасында болып көрген емес. Мұның Қазақстан үшін маңызы аса зор еді. Өйткені, әңгіме Қытай жағының шекара ауданындағы мөлдірлігі туралы болатын. Қорытындысында аталған келісімдер шекараласатын елдерге қауіпсіздікке қатысты мәселелердің кең ауқымын талқылауға мүмкіндік берді.
Тараптар сол кезде, яғни "Шанхай бестігі" болып тұрған тұста жағдайға аталған аймақ ақиқаты тұрғысынан келіп, қауіпсіздік мәселелері бойынша екіжақты және көпжақгы консультациялар алмасуды белсенді жүргізуге бекем бел буды. Олар жалпыға ортақ бейбітшілік пен XXI ғасырда өркендеу үшін жаңа әділетті де тиімді халықаралық саяси және экономикалық тәртіп орнату кажет деп мәлімдеді. /35/
Ұйымға мүше мемлекеттердің пікірлерінше, көп-қырлылық казіргі дүние дамуының ортақ тенденциясы болып табыла отырып, халықаралық жағдайдың ұзақ мерзімді тұрақтылығына оң ықпал етеді. Тараптар тату көршілік, достық және ынтымақтастық қарым-қатынасты бүкіл Еуразия құрлығында тұрақты жұмыс істейтін қауіпсіздік және даму үрдісіне айналдыруға дайын екендіктерін керсетті.
Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымына үлкен маңыз береді әрі оған қатысуды өзінің сыртқы саясатындағы басты міндеттерінің бірі санайды. Өйткені, ШЫҰ мүше мемлекеттердің барлығы теңдей дережеде күш-жігер танытқан жағдайда аймақтық және жаһандық кауіпсіздікті қамтамасыз етуге айтарлықтай үлес қосуға қабілетті құрылым деп біледі.
Сондай-ақ ШЫҰ, Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірінше, көпқырлы сауда-экономикалық ынтымақтастық пен гуманитарлық байланыстарды дамытуда үлкен әлеуетке ие. Оның үстіне "алтылық" орналасқан аймақтағы геосаяси ахуал бірінші кезекте көлік әлеуетін пайдалануда тиімділігімен ерекшеленеді.
Бүгінде ІІІЫҰ кең әлемді халықаралық ынтымақтастыққа бағдарланған ашық ұйым ретінде танылып отыр. Сондықтан оның кұрамы кеңеюіне мүмкіндік мол. Осы себепті, қайталап айтайық, Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымына ерекше маңыз береді. Біздің еліміз ШЫҰ шеңберіндегі мемлекеттермен ынтымақтастығын аймақтық интеграцияның тиімді құралы ретінде бағалай отырып, өзінің сыртқы саясатындағы басымдықтардың бірі ретінде қарастырады.
-
жылдың 14 қыркүйегінде Алматыда алты мемлекет басшыларының алғашқы кездесуі болып, онда аймақтық экономикалық ынтымақтастық мәселелері туралы әңгіме қозғалды. Қорытындысында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер үкіметтері арасындағы меморандумға қол қойылды. Құжатта аймақтық экономикалық ынтымақтастықтың негізгі міндеттері мен бағыттары айқындалған./36/
-
жылы алты мемлекет тиісінше сауда-экономикалық ведомстволар басшыларының және көлік министрлерінің кеңесін құрды. Бұл кеңес сауда-саттық, инвестиция, көлік, энергетика, т.б. салалардағы іскерлік ынтымақтастықты орнату жолдарын іздестіру мақсатында қажет болды.
2003 жылдың 23 қыркүйегінде өткен алты мемлекеттің үкімет басшыларының Пекиндегі кездесуінде экономикалық ынтымақтастықты интенсивтендіру жөнінде стратегиялық шешім қабылданды. Осыған байланысты ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің көпқырлы сауда-экономикалық ынтымақтастығы бағдарламасына қол қойылып, бүгінгі күн мен перспективаларды көздейтін ұзақ мерзімді экономикалық қарым-қатынастарға іргетас каланды және бағдарламаның негізгі міндеттері мен оны жүзеге асырудың тетіктері карастырылды.
2004 жылдың 23 қыркүйегінде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер сауда-экономикалық ынтымақтастығы бағдарламасының орындалуы бойынша шаралар жоспарына қол қойылды.
Ұйым беделінің артып келе жатқанына ШЫҰ-ға қосылуға тілек білдіруші елдер қатарының толастамай отырғаны айғақ бола алады. Мәселен, Монғолия 2004 жылғы маусымда өткен Ташкент саммиті барысында, бақылаушы ел мәртебесіне ие болды. Ұйымға қосылғысы келетінін Пәкстан ресми түрде жариялады. Мұндай қызығушылық Ауғанстан, Үндістан, Түркия, Иран, ЕО, АСЕАН және ТМД елдері тараптарынан байқалып отыр. Жағдайдың бұлайша бағыт алуы табиғи көрінеді, өйткені, ШЫҰ-ның негізгі идеяларын жүзеге асыру бойынша үлкен жұмыс атқарылды. Осы жерде Қазақстанның аталған ұйым жобаларының барлығына бірдей белсенді қатысқанын да айта кеткеннің артықтығы жоқ.ШЫҰ-нің тиімділігін арттыру үшін бірінші кезекте әскери ынтымақтастықтың нормативтік құқықтық базасын жетілдіруге қатысты.
Сондай-ақ халықаралык лаңкестіктің кең көлемдегі көріністеріне қарсы тетіктер қарастырудың маңызы зор. Халықаралық лаңкестікке қарсы тұруда әскери органдардың дайындығы мен біріккен міндеттер үйлесімділігінің де алатын орны ерекше. ШЫҰ-ға, қатысу сонымен қатар Қазақстанның геосаяси позициясын нығайту үшін де аса қажет.
Талас туғызған аумақтық мәселелердің реттелуі, шекара ауданында қарулы күштерді жоспарлы түрде және мөлдірлік түрғысынан қысқарту, өзара пайдалы негіздегі сауда-экономикалық ынтымақтастық аймақтан әскери-саяси ұстанымдардың оңға өзгеруіне айтарлықтай ықпал етті.-
Осылайша Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге деген ұмтылыс бүкіл мүдделі елдердің біріккен күш-жігерін үйлестіруді талап етеді. Мұнсыз қазіргі қатерлерге қарсы тұру мүмкін емес. Осыған орай, Қазақстанның ШЫҰ-ға қатысуы, сондай-ақ АҚШ-пен және НАТО-ның басқа да елдерімен әскери саладағы ынтымақтастықты кеңейтуі қауіпсіздікке катер төнетін тұста қосымша әскери-саяси ресурстарды тартуға мүмкіндік береді.
Шанхай ынтымақтастығы үрдісіне Қытай мен Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан арасындағы шекара аудандарында сенім мен әскери күштерді қысқартуға ұмтылыс негіз калады десек, ақиқаттан тым алшақ кетпейміз. 1996-1997 жылдары бес мемлекет басшысы тиісінше Шанхайда және Мәскеуде "Шекара ауданында әскери салада сенімді нығайту туралы келісімге" және "Шекара ауданында әскери күштерді өзара қысқарту туралы келісімге" қол қойды./37/
Осыдан кейін тұрақты кездесулер тетігі табылғандай болды. Басқосулар бес мемлекеттің аумағында рет-ретімен ұйымдастырылды. Уақыт өткен сайын талқыланатын тақырыптар ауқымы кеңейіп, елдердің бір-біріне деген сенімі күшейе түсті. Атап айтқанда, саясат, қәуіпсіздік, сыртқы байланыс, экономика және сауда салаларындағы өзара пайдалы негіздегі ынтымақтастыкқа ден қойылды.
1998 жылғы Алматы саммитінде Қазақстан Президенті ШЫҰ-ға мүше мемлекетгер арасындағы интеграцияның сауда-экономикалық бағытын жеделдету мақсатында үкімет басшыларының кездесуін ұйымдастыруды ұсынды. Мұндай кездесу алғаш рет 2001 жылы Қазақстанда өтті. Ал екі жылдан соң Пекинде үкімет басшылары көпқырлы сауда-экономикалық ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды./38/
2003 жылдың тамызында Қазақстан мен Қытай аумағында өзара іс-қимыл тарихында тұңғыш рет бірлескен антитеррорлық жаттығулар өткізілді.
Қазақстан мен Қытай күш біріктірген сайын аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылыкты қамтамасыз етудегі іс-қамыл тетіктері оңтайлана түскен сипат ала бастады. Сонымен бірге, ұйымға қатысушы мемлекеттер саны ғана артып қоймай, күн тәртібі бойынша талқыланатын мәселелер ауқымы да кеңейіп келеді. ШЬІҰ-ның беделді халықаралык ұйым ретінде неғүрлым тез калыптасуы Қазақстан Республикасы сыртқы саясатындағы стратегаялық басымдықгардың бірі болып табылады.
ШЫҰ-ға мүше барлық мемлекеттер бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, жасампаздықпен белсенді жұмыс жүргізген жағдайда Ұйым аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде үлкен салмаққа ие бола алады және ие болуы тиіс. Бұған ШЫҰ-ның әлеуеті әбден жетеді.
Әрі қарай, яғни институтталу үрдісін жүзеге асырғаннан кейін ШЫҰ аса маңызды міндеттерді — Ұйым шеңберіндегі тиімді ынтымақтастықты қамтамасыз етуді жүзеге асыруға кірісуі тиіс. Бұл қазіргі дүние жағдайында ШЫҰ-ның тиімділігі мен пайдасын көрсету үшін қажет.
Осы тұрғыдан алғанда мына екі негізгі міндетті бөліп қарастырған жөн.
Біріншіден, мүше елдер кеңістігіңдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Екіншіден, тиімді көпжақты- экономикалық ынтымақтастықты дамыту.
Осы міндеттерді жүзеге асыру Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының Астанадағы мерейтойлы 10-шы саммитінде қарастырылды.
Жер шары халықтарының үштен бірін топтастырған елдер басшылары- бүкіл әлем құлақ түріп отырған мұндай басқосу жиынын өткізу де екі елдің бірлескен іс-қимыл нәтижесінде елдеріміздің эконмикасы мен халықтарымыздың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бірнеше келісім-шарттарға қол қойды. Күні ертең біздің қатысуымызбен тағы біраз құжатка және қол қойылады дей келіп, айта кететін жәйт, 2004 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 7,65 млрд. АҚШ долларын құраған еді. Бұл 2003 жылғымен салыстырғанда 46,2 пайызға артық. Соның 2,83 млрд. доллары Қазақстаннан шығарылған тауарлар құны болса, импорттың көлемі 4,81 млрд. долларды құрады./39/
Әрине, кейбір мәселелерде, мәселен, қуат көздерін тасымалдаудағы транзиттік тарифтерді үйлестіруде талқылауды керек ететін тұстар бар. Бірақ бұлардың түсіністікпен шешілетіндігі даусыз. Ал мәдени-гуманитарлық байланыстарда біз толық түсіністіктеміз. Бұл саладағы Қазақстанның бастамаларын толық қолдаймыз дегенде Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің зиялы қауым өкілдері араласын арттыра беру мақсатымен келесі жылды "Қазақстанда - Пушкин, Ресейде -Абай жылы" деп жариялау туралы ұсынысы бар екенін айтып қалды. Бұдан кейін Елбасы әңгіме ауылын Ертіс өзенінің экологиялық проблемасына аударды.
Қазақстан Президентінің екіжақты кездесулерде екінші болып қабылдаған адамы Үндістан Республикасының Сыртқы істер министрі Натвар Сингх мырза болды. ШЫҰ саммитіне бақылаушы ретінде катысқан Үндістан өкілі салған жерден өзінің Қазақстан астанасы құрылысының қарқынына таң қалғанын жеткізді. Оның үстіне, деді ол өзінің сөзінде, мен Қазақстанға келген бойда қара дауыл, артынан бұршақты нөсерді көрдім, бірақ соның артынан жарқырап күн шығып, жарты-ақ сағатта жуылып өткен қала аспанында бұрын ешқайда көрмеген әлемет кемпірқосақ өрнек салды. Ақыл-ой жүйесі мен философиясы тылсым табиғатпен ежелден үндесе дамыған ел өкілінің көрген суреттері арқылы нені жұмбақтап отырғанын бірден шешкен Президент: Сіз бізге жиі келіл тұрыңыз, біз сізді келген сайын таң қалдыруға дайынбыз, деген ұтымды әзілмен жауап берді.
Үстіміздегі жылдың 8-ші мамырында Мәскеу каласында сіздің елдің Премьер-Министрімен кездесіп, Қазақстанның энергетикасы мен мұнай-газ өнімдеріне мүдделілік бар екендігін білдім, деп бастады өзінің ресми сезін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Өз басым Үндістан капиталының біздің елдің экономикасына қызу араласқанын қалаймын. Алдағы уақыттарда өткізілетін тендерлерге біз сіздің компанияларды шақырамыз және олардың белсендірек болғанын тілейміз. Олар біздің тарапымыздан қолдау көретіндігіне сенсін. Сонымен бірге Үндістанға АСӨШК кеңестеріндегі біздің ұсыныстарымызды және Қазақстандағы діндер съезіне қолдау білдіретіндігі үшін ризашылық білдіреміз. Қазір біз өз елімізде Ин-дустриялық-инновациялық бағдарламаны белсенді жүргізудеміз және бұл іске Үндістанның жоғары технологиясының қатысқанына мүдделіміз. Сіздердің жоғары технологиялы, дамыған компанияларыңызды мұнай-химия кешенін бірлесіп салуға шақырамыз. Сонымен бірге отандастарыңыздың біздің елімізде фармацевтік және тоқыма көсіпорындарын салғанына мүдделіміз. Жалпы алғанда, елдеріміздің сауда-экономикалық қатынастарының даму динамикасы жоғары, деді Президент./40/
Екі ел арасындағы тауар айналымы былтыр 96,6 млн. АҚШ долларын құраған еді, ал биылғы жылдың төрт айында ол 39,1 млн. долларға жетіпгі. Жылдың қалған уақытында да осы қарқынмен жүре берсе тауар айналымы жүз миллионның үстіне шығып кететіні керініп тұр. Қазақстан Үндістанға негізінен минералдық өнімдер, тері шикізаты, қара металл және оның өнімдерін, электротехника жабдықтарын шығарады. Ал үнділіктер Қазақстанға өсімдік және тамақ өнімдерін, химия өнеркәсібі мен соған байланысты салалар өнімдерін береді.
Президенттің келесі кездесуі Пәкстан Ислам Республикасының Премьер-Министрі Шаукат Азиз мырзамен өтті. Бұл елмен де Қазақстан арасындағы байланыс жоғары карқынды болмаса да жылдан-жылға артып келеді. Мәселен, екі ел арасындағы тауар айналымы былтыр 2003 жылмен салыстырғанда 13,8 пайызға өсіп, 2,9 млн. АҚШ долларына жетті. Ал биылғы жылдың төрт айында ғана тауар айналымы былтырғы жылдың жартысынан асып, 1,7 млн. долларды құрады. Қазақстан Пәкстаннан негізінен фармацевтика саласының өнімдерін, медициналық препараттар, мақта маталары мен күріш алып, химия өнеркәсібі тауарлары мен металл шығарады./41/
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Пәкстанның ШЫҰ-на бақылаушы болып қабылдануымен құттықтай келіп, Үңдістанмен екі арадағы қатынастардың қанағаттанатындығын білдірді және өзінің Пәкстан Президенті Первез Мушарафпен жақсы түсіністіктегі қарым-қатынаста екендігін айтты. Мұсылман әлеміндегі алға басқан экономика және саяси табыска жеткен Пәкстан, Малайзия, БАӘ және Қазақстан секілді елдер күш бірікгіріп, кері тартатын консерватизмге тойтарыс беруіміз және жоғары дамыған мемлекетгермен байланысымызды күшейтуіміз керек, деді ол. Сонымен бірге бірнеше экономикалық проблемаларды ынтымақтастық мүддесі үшін талқылауды ұсынылып, Пәкстан өкіметінің өз елінің ішіндегі табыстаръша куанатыңдығын айтты. Ал сөзінің соңында Елбасы Пәкстан Президенті П.Мушарафты Қазақстанға ресми сапармен келіп кайтуға шақырды.
Пәкстан Премьер-Министрі Ш.Азиз мырза өз кезегінде Казақстан Президентіне жақсы қабылдағаны үшін алғыс айтып, оның табыстарын мақтан тұтатындығын жеткізді.
Кездесудің соңынан Президент Н.Назарбаев пен Премьер-Министр Ш.Азиздің алдында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Индустрия және сауда министрі Сауат Мыңбаев пен Пәкістан Ислам Республикасының Мемлекетгік қаржы министрі Омар Аюб хан еліміздің рыногына тауарлар мен қызметгердің екі мемлекет арасында тиімді шарттармен келетіні туралы екіжақты келісім-шартардың аяқталғандығы жөніндегі Хаттамаға қол қойды. Мұның мәнісі Пәкс-танның Қазақстанның БСҰ-ға кіруіне қолдау білдіргендігі еді.
Жуырда ғана елдің жаңа Президентін сайлаған Иран Ислам Республикасының ШЫҰ басқосуындағы делегациясын бастап келген Бірінші Вице-Президент Мұхаммед Реза Ареф мырза өзінің сөзін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттыктаудан бастады және ол бастап отырған елдің табыстарына куанатындығын білдірді.
Иранмен екі арадағы сауда-экономикалық байланыстарына тоқталар болсақ, ол осы аймақтағы екі үлкен елдің бірі. былтырғы көрсеткіш 725 млн. АҚШ долларын құраған еді, ал биылғы жылдың төрт айында 233,1 млн. долларға жетіпті. Соның ішінде Қазақстаннан шығарылған өнімдер құны 228,5 млн. доллар болса, енгізілген тауарлар құны 4,6 млн. долларды құрайды./42/
Екіжақты кездесуге соңғы болып Қырғызстан Республикасы Прези-дентінің міндетін атқарушы Құрманбек Бакиев кірді. Ежелден төсекте басы, төскейде малы араласқан туысқан халықтың өкілімен арадағы әңгіме ана тілінде болғаны көңілге жылылық ұялатты. Бір көргеннен-ақ өзіне-өзі сенімді, қайратты адам екендігі көрініп тұратын қырғыз елдерінің Президент Н.Назарбаевпен болған әңгімесі аса ұзаққа созылған жоқ. Бірақ Қ.Бакиевтің жүзінің жадырап кеткендігіне қарағанда, ол сәтті аяқталғандай көрінді. Еске сала кететін болсақ, Қырғызстанмен арадағы сауда-экономикалық байланыстар да жыл өткен сайын артып келеді. Мәселен, 2004 жылы тауар айналымы 313,2 млн. АҚШ долларын-құрса, ал бұл 2003 жылғымен салыстырғанда 48,4 пайызға артык. /43/ Сөйтіп, "Президент-отельдегі" екіжақты кездесулер өз ретімен осылаша аяқталды
Достарыңызбен бөлісу: |