Орман қорлары және қоршаған ортадағы рөЛІ

бет1/4
Дата04.10.2022
өлшемі6.12 Mb.
#461900
түріҚұрамы
  1   2   3   4
экология срсп (копия)

ОРМАН ҚОРЛАРЫ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАДАҒЫ РӨЛІ

КУРС: 3

ТОБЫ: 6В05314-ХИМИЯ

ОРЫНДАҒАН: БАЗАРБАЙ АЙСҰЛУ

ТЕКСЕРГЕН: КАДРЕШЕВ ЕРКІН

ОРМАН ТУРАЛЫ ТҮСІНІКТЕМЕ

Орман — жер бетіндегі табиғи қорлардың, оның ішінде өсімдіктер жамылғысының басты бір типі. Құрамында бір-біріне жақын өскен ағаштың бір немесе бірнеше түрлері бар табиғи кешен. Құрамы мен өсуіне қарай мәңгі жасыл, қылқанды, ақшыл қылқанды, күңгірт қылқанды, жапырақты, ұсақ жапырақты, жалпақ жапырақты, тропиктік, муссондық, мангрлық және т.б. ормандар деп бөледі. Орманның құрылымы ортаның физикалық-географиялық жағдайларына, өсімдіктердің түрлік құрамы мен биологиялық ерекшеліктеріне байланысты болады. Ол топырақ түзілуіне, климатқа, ылғал айналу процесіне және т.б. әсері көп, тропосферамен өзара белсенді әрекетте болады да, оттек пен көміртектің алмасу деңгейін анықтайды (ең ірі орманды аймақтар атмосферадағы оттектің шамамен 50%-ын "өндейді"). Құрлықтың 27%-ынан астамын алып жатқан орман — географиялық ландшафт элементі. Орманда бұта, шөптесін өсімдіктер,қына, т.б. өседі.

Өзінің баға жетпес табиғи құндылық¬тарымен ерекшеленетін жер жәннаты – Жетісу өңірі де үлкенді-кішілі ормандардан кенде емес. Алатау мен Жетісу таулы аймақтарындағы қарағайлы, қайыңды беткейлер, арша мен шыршалы алқаптар, Іле, Балқаш бойындағы тораңғылы, сексеуілді далалар, жайлаудағы бетегелі, жусанды жазықтар, тау бұлақтарынан бастау алып, жер бетіне өрнек салған ерке өзендер жер жәннаты – Жетісудың табиғатына көрік беріп тұр. Бұл табиғи климаты адамдардың өмір сүруіне өте қолайлы өңірдің атақ-даңқын асқақтата түсетіні белгілі. Оған Жетісудың жан-жануарлар, өсімдіктер және құстар дүниесін қосыңыз. Жанатты аймақтың осынау табиғи құндылықтары талай ақын-жазушылар мен сазгерлердің шығармаларына арқау болған.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4

©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет