Қоршаған айналамен танысу сабағы Ересектер тобы Білім беру саласы: «Таным» Тақырыбы: «Ауа, оның қасиеттері» (эксперименттік зертхана). Мақсаты



Дата27.06.2016
өлшемі49 Kb.
#159843
Қоршаған айналамен танысу сабағы

Ересектер тобы

Білім беру саласы: «Таным»

Тақырыбы: «Ауа, оның қасиеттері» (эксперименттік зертхана).

Мақсаты: Балаларды «ауа» деген ұгыммен, ауаның қасиеттерімен тәжірибе арқылы таныстыру.

Міндеттері: Балалардың ауа туралы білімдерін, ауаның адам өміріндегі рөлі туралы білімдерін молайту, тәжірибе өткізу дағдыларын дамыту. Табиғатқа қызығушылығын дамытып, қамқорлық көрсете білуге тәрбиелеу.

Құралдар: бір рет пайдаланатын стақандар, су құйылған пластмасс ыдыс, коктейль құбыры, ауа шариктері, фольга, иісті банкілер, қызыл, жасыл текшелер.


Ұйымдастыру кезеңі


Шаттық шеңбері:

«Армысың, шапағатты Күн-Ана!

Армысың, шапағатты Аспан-Ана!

Армысың, мейрімді Жер-Ана!»




Мотивациялық- оятушылық


Тәрбиеші балаларға « Күн, Жер, Су, От және Ауа» ертегіні оқып береді. Ертегіні мазмұндау, сұрақтар қою: Күн, су, от, ауа, жер не туралы таласты? Әрқайсысы не деді? Кім олардың таласын шешті?

Балаларға жұмбақ жасыру:

«Біз оны көрмейміз.

Олсыз өмір сүрмейміз?»



Ұйымдастырушылық-ізденіс


-Біз немен тыныс аламыз? Қане, тыныс аламыз, дем шығарамыз. Сендердің ойынша, біз нені жұттық? Ал енді терең дем аламыз- дем алмай тоқтай тұрамыз! Қалай өздеріңді сезіндіңдер? (Жаман).

Адамзат ауасыз өмір сүре алмайды. Балалар, сонда ауа деген не? Кім оны көрді? Мүмкін ол жоқ шығар? Қалай ойлайсыңдар? Бүгінгі сабақта осы сұрақтарға жауап беруіміз керек. Мен сендерді эксперименттік зертханаға шақырамын.



Негізгі кезең


Балалар орындарына отырады.

-Қалай ойлайсыңдар, алдарыңдағы стақанда бір нәрсе бар ма? Қазір біз оны тексереміз. Стақанды тік ұстап суға баяу түсіреміз. Не болды? Неге су стақанға кірмейді? Суға кіруге не бөгет жасайды?

Стақанда ауа бар, сол ауа суды жібермейді.

Ал енді стақанды қиғаш ұстап суға түсіреміз. Не болды? Стақанға су кірді, суда көпіршіктер пайда болды? Қайдан?(ауа стақаннан шығады- оның орнын су алады.) Неліктен біз сонда стақанда ештеңе жоқ деп есептедік?



Қорытынды:_Өйткені,_ауа_түссіз,_мөлдір.'>Қорытынды: Өйткені, ауа түссіз, мөлдір. Топта мөлдір заттарға не жатады? (терезе, шыны, аквариум).

Мен сендерге сиқыр затты – ауаны көруді ұсынамын. Қолға құбырды алып суға үрлеңдер. Не көріп тұрмыз? (көпіршіктер). Енді шарды үрлейміз де ауа –сиқыршыны ұстап аламыз (балалар үрлейді).

Балалар, біз қазір ауаны естиміз- шардағы ауаны шығарыңдар. Енді фольганы ернімізге жақындатып үрлейміз. Не естисіңдер? Біз ауаны жұтқанда фольга дірілдейді- ауа да дірілдейді: сол кезде дыбыс шығады.

Қорытынды: Ауа дірілдегенде дыбыс шығады.

Аутотренинг: Көздерімізді жабамыз, дем аламыз.

-Күн жарқырап тұр. Жеңіл жел соғады. Мен оның таза ауасымен тыныс аламын. Жасыл шөп шайқалып тұр, аспанда құстар әндетеді. Мен табиғатпен кездескеніме өте қуаныштымын. Мен табиғатпен дос болғым келеді.



Дәйексөз: «Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ. Табиғаттың оны айтуға тілі жоқ!» - Балалар, осы сөздерді қалай түсінесіңдер? (балалардың жауаптары).

-Сонымен, балалар, ауа бізді қоршап тұрады.

Тағы бір тәжірибе өткізейік. Қолға екі қағаз аламыз. Біреуін умаждаймыз, орындыққа тұрып екі қағазды жерге жібереміз. Қағаздың қайсысы жерге тез, бірінші түсті? Неліктен, умаждалған қағаз едеңге бірінші жетті?

-Екі қағаздың салмағы бірдей, бірақ умаждалған қағаз тез едеңге түсті, ал екінші қағазды ауа ұстап тұрды. Қағаз беті үлкен болғандықтан, қағаз баяу едеңге түседі.

-Балалар, қалай ойлайсыңдар, біз ауаны сезе аламыз ба? Қалай? (Қолымызды сермейміз, алақаңға үрлейміз) Балалар, алақанды ауызға, мұрынға жақын қойып ауаны жұтамыз, шығарамыз. Нені сездіңдер? (Жылу) Ауаны көреміз бе? Ауаның дәмі бар ма? Дәмін қалай көруге болады? – Ауызымызды ашып ауаны жұту. Нені сездіңдер? (Ештене сезген жоқпыз). Ауаның дәмі бар ма?

Қорытынды: Ауаның дәмі жоқ.

-Балалар, ауаның иісі бар ма? Қалай ойлайсыңдар?

-Егер де ауа таза болса, иісі болмайды. Ауа басқа иістерді өзіне жақсы иемденеді. Ауаның қандай иісі болуы мүмкін? (Жаңбырдан кейінгі, түтін, бензин иістері және т.б.)

Қане, соған көзімізді жеткізейік. Үстелдегі банкелерде бір нәрселер болды. Иіскеп айтыңдаршы әр банкеде не болғанын? (кофе, бұрыш, апельсин иістері)



Қорытынды: Ауаның жеке өзінің иісі жоқ. Иісті ауаға заттар береді.

-Сонымен, ауа деген не?



Қорытынды: Ауа – газ тәрізді, түссіз, дәмсіз, иіссіз зат.

Рефлексивтік түзету

Балалар, бүгінгі сабақта алған білімдерді бекітейік. Қолдарыңа қызыл, жасыл текшелерді алыңдар. Мен пікірлерімді айтамын. Келіссеңдер- жасыл түсті текшені, келіспесеңдер – қызыл текшені көтеріңдер. Мұқият тыңдаңдар:

-Ауа бізді қоршайды (жасыл текше)

-Ауаны естуге болады (жасыл текше)

- Умаждалған қағаз тегіс қағаздан қарағанда баяу едеңге түседі (қызыл текше)

-Ауа мөлдір, сондықтан біз оны көрмейміз (жасыл текше)

-Ауаның дәмі бар (қызыл текше)

-Таза ауаның иісі жоқ (жасыл текше)

-Адам ауасыз өмір сүре алады. (қызыл)

Балалар, сендердің жұмысқа белсенді қатысқандарың үшін алғысымды білдіремін. Серуенде ауаны тағы да бақылаймыз.

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: ауа, оның қасиеттері туралы.

Қалыптасуы керек: тәжірибе өткізу дағдыларын дамыту, толық сөйлем құрып жауап беру.

Меңгеруі керек: қорытындылау, өз жауаптарын дәлелдеу білігі.

Қосымша

«Күн, Жер, Су, От және Ауа» (ертегі)

Бір күні Күн, Жер, Су, Ауа қайсысы ең маңызды деп таласыпты.

Күн: «Ең бірінші оянып мен өз шуақтарыммен Жер планетадағы адамдарды,құс, аңдарды оятамын!» дейді.

«Иә, иә, Күн, сен жаңа өзің айттың Жер планетасында тұратындар деп. Мен болмасам аңдар, жәндіктер, адамдар қайда өмір сүрушеді? Ағаштар, гүлдер қайда өсушеді, өзен, теңіз, мүхиттер қайда тасушеді? Ең маңызды мен!»

«Ал мен болмасам, - таласқа Су кірісті- балықтар, наһан, пингвиндер, су құстары болмаушеді».

«Менсіз адамдар өмір сүре алмаушеді. Мен олардың үйлерін жылытамын»- таласқа От кірісті.

«Сендер мен туралы ұмытып қалдыңдар!»- Ауа дауысын шығарды.Мен көрінбесем де адамдардан басқа, әр тірі зат өмір суре алмайды! Менсіз отта болмайды.



Бұл талас ұзаққа дейін созылды. Ешкім білмейді қашаңга дейін созылатынын, егерде адам бұл әңгімеге кіріспесе. «Сендердің әрқайсысы маңызды. Сендерсіз Жерде өмір болмаушеді.» Адам тыныс алып, жерден астықты теріп, бұлақтан таза суды ішіп, үйіне кіріп отты жақты. Содан бері Күн, Су, Жер , От, Ауа бір бірімен таласпайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет