Өрт қaуiпciздiгi қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1682 Қаулысы «Өрт қayiпciздiгi туралы»


-тарау. Ағызып құятын эстакадаларын ұстау тәртiбi



бет9/23
Дата12.06.2016
өлшемі1.97 Mb.
#129782
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23

5-тарау. Ағызып құятын эстакадаларын ұстау тәртiбi

      849. Ағызып құятын эстакадалар мұнайға төзiмдi шлангiлермен немесе ұзындығы оларды вагон-цистерналарының түбiне дейiн түсiрудi қамтамасыз ететiн құбырлармен жабдықталады. Шлангiлерде статикалық электрдiң жиналуына жол берiлмейдi.


      850. Ағызып құятын құрылғылары тура орналасқан, темiр жол арқылы мұнай және мұнай өнiмдерi локомотивтерiн ағызып құюмен байланысты емес қозғалысқа жол берiлмейдi.
      Қозғалыс тек ұшқын тудырмайтын, айналыс темiр жолдарымен ғана жол берiледi.
      851. Көлiк құралдарын ағызып құюға жеткiзуге тек төгiлiп қалған  ұйықтықтардан алаңшалар мен темiр жолдарын ұқыпты түрде тазартқаннан кейiн ғана жол берiледi.
      852. Мұнай және мұнай өнiмдерiн құятын ағызып құю операциялары кезiнде, сондай-ақ вагон-цистерналарын асырып құюға немесе сыртына төгуге жол берiлмейдi.
      853. Құю аяқталғаннан кейiн құю тiк бағанасының құю шлангын iшiнен сұйықтық толық ағып кеткеннен соң цистернаның люк мойнынан көтередi.
      Сұйықтық деңгейi өлшенгеннен кейiн цистернаның люк қақпағы герметикалық (төсемдерге) жабылады. Қақпақ соғылмай, ақырын жабылады.
      854. Ағызып құю операцияларын найзағай кезiнде жүргiзуге жол берiлмейдi.
      855. Вагон-цистернаға құю кезiнде ағу байқалғанда ақаулық толық жойылғанша құюды тоқтату қажет. Ағуды жою мүмкiндiгi болмағанда цистерна мұнайдан немесе мұнай өнiмдерiнен босатылады және жiберу станциясына қайтарылады.

6-бөлiм. Газды қайта өңдейтiн өнеркәсiп объектiлерiн ұстау тәртiбi

1-тарау. Жалпы ережелер

      856. Жанғыш булар мен газдар жиналуы ықтимал зауыт аумағының учаскелерiнде автомашиналардың, тракторлардың, мотоциклдардың қозғалуына жол берiлмейдi. Бұл учаскелерде өтуге тыйым салу белгiлерi орнатылады.


      857. Жарылыс және өрт қауiптi цехтер аумағына кiру және автомашина, трактор, көтергiш көлiк және құрылыс механизмдерiн орнатуға тек осы цехтердiң, ықтимал аялдамалардың, қозғалыс маршруттары мен қауiпсiздiк шаралары көрсетiлген қондырғылардың басшыларының рұқсатымен жол берiледi.
      858. Жарылыс қауiпi және газ қауiптi жерлерде темiрмен тағаланған аяқ киiммен жұмыс iстеуге жол берiлмейдi.
      859. Доңғалақтармен жүретiн, А және Б санатты жарылыс қауiпi цехтерде орналасқан көлiк арбаларының доңғалақтары соғылғанда ұшқын шығармайтын, металлдан жасалған шеңберлермен немесе резина шиналармен жабдықталады. Канализацияның көру құдықтары үнемi қақпақпен жабылуы және қабаты 10 сантиметр құммен көмiледi.
      860. Өрт кезiнде өнеркәсiптiк канализация желiсi бойынша оттың таралуына жол бермеу үшiн онда арнайы құдықтарда гидравликалық ысырмалар орнатылады. Әр гидравликалық ысырмадағы ысырманы тудыратын судың қабаты кемiнде 0,25 метр биiктiкте болуы тиiс.
      861. Барлық технологиялық аппаратуралары бар үй-жайлардың шығыңқы бөлiктерiнде, технологиялық қондырғылар алаңшаларында, жеке тұрған резервуарлар мен топтарда, ысырмалардың тораптарында, аппараттар, сорғыштар, қазандық, ағызу-құю эстакадаларының топтарына гидравликалық ысырмалар орнатылады. Гидроысырманың құрылымы оны қолайлы тазартуды қамтамасыз етедi.
      862. Гидравликалық ысырмалары бұзылған немесе дұрыс орындалмаған, сондай-ақ олар жоқ канализацияны пайдалануға жол берiлмейдi.
      863. Өртену және жарылу қауiпi бар өнiмдердi канализация жүйесiне шығаруға жол берiлмейдi. Бұл мақсаттарға арнайы ыдыстар қарастырылады.
      864. Канализацияға шығарғанда өндiрiстiк ағын сулардың температурасы 400C аспауы тиiс. Жалпы ағын температурасы 350C аспайтындай, тұрақты су шығысы мол коллекторларға температурасы аса жоғары шамалы өндiрiстiк ағын суларын шығаруға жол берiледi.
      865. Жарылыс қауiпi өндiрiстiк үй-жайларда орнатылған желдеткiш жүйелерiнiң металлдан жасалған ауа бұрғыштары жерге қосылады.
      866. Желдеткiшi бұзылған жағдайда жабдықты жұмысқа қосуға жол берiлмейдi.
      867. Жанғыш және жарылыс қауптi газдары бар, аппаратура және коммуникациялар орналасқан жабық үй-жайларда желдеткiштiң тәулiк бойы жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi.
      868. Авариялық механикалық желдеткiштi iске қосу газ талдағыш тетiгi әсерiнен автоматты түрде болуы тиiс, бұдан басқа, өндiрiстiк үй-жайдың сыртқы есiгiнде орналасқан түймелерден авариялық желдеткiштi қашықтықтан iске қосу қарастырылады.
      869. Авариялық механикалық желдеткiштi газ талдағыш тетiктердiң әсерiмен автоматты iске қосу қамтамасыз етiледi және бұдан басқа өндiрiстiк үй-жайдың сыртқы есiгiнде орналасқан түймелерден авариялық жетдеткiштi қашықтықтан iске қосу қарастырылады.
      870. Өндiрiстiк үй-жайда өрт шыққан жағдайда iшiндегi желдеткiш жүйелерi сөндiрiледi.
      871.  Өрт, жарылыс қауiптi өндiрiстерi бар үй-жайларды жылыту үшiн ыстық суды, буды, қызған ауаны және диэтиленгликольдi жылу тасығыш ретiнде қолданылатын орталықтандырылған жүйелер қолданылады.
      872. Өрт шыққанда және оның таралу қауiпi болғанда ауамен жылыту жүйелерi дереу сөндiрiледi.
      873. Ауамен жылытуды үйлестiру желдеткiшiмен қиыстырғанда ауаны рециркуляциялауға жол берiлмейдi.
      874. Темiр жол цистерналарын толтыруға арналған эстакадалардың құю бағаналары жерге қосылған болуы тиiс. Құю-ағызу фронттары шегiнде темiр жол рельстерi бiр-бiрiмен темiр электр арқылы қосылуы және электр тарту желiсiн жерге қосуға қатысы жоқ жерге қосу құрылғысына қосылады.
      875. Сұйытылған жанғыш газдарды, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды құятын цистерналар жерге қосу құрылғыларына қосылуы тиiс. Жерге қосу өткiзгiшi ретiнде қимасы кемiнде 6 шаршы метр иiлмелi (көп желiлi) жез өткiзгiшi қолданылады.
      876. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды ағызу-құюда резина шлангiлерiнiң металл ұштықтары мен тез көтергiш құрылғылары шлангiнiң сыртына немесе iшiне оралған, иiлмелi (көп желiлi) жез өткiзгiшi арқылы жерге қосылады. Жерге қосу өткiзгiшiнiң бiр шетiн өнiм өткiзгiшiнiң металл бөлшектерiне жалғайды. Ашық әдiспен құю ұштықтары ұшқын қауiпсiз материалдардан жасалған шлангiлермен жүзеге асырылады.
      877. Найзағайдан қорғау құрылғыларын тексеру жылына 2 рет жүргiзiледi. Бұл ретте жерге қосу құрылғысының кедергiсi өлшенедi.

2-тарау. Технологиялық аппараттар мен қондырғыларды ұстау тәртiбi

      878. Фланецтi қосулардың саңылауы арқылы өнiмге рұқсат бергенде аппараттарды, құбыр жолдарын және жабдықтарды пайдалануға жол берiлмейдi.


      879. Ағып түсетiн өнiмнiң тұтануын болдырмауға арналған аппаратта ағу байқалған жағдайда ағып тұрған жерге су буын немесе инерт газын жiберiледi және аппарат жұмыстан ажыратылады немесе қондырғы тоқтатылады.
      880. Аппараттар мен ыдыстардың жанғыш беттерi өртенбейтiн материалдардан жасалған жарамды жылу оқшаулағышпен қамтамасыз етiледi.
      881. Iшiн тексеру, тазарту және жөндеу үшiн ашуға жататын аппараттар өнiмдерден босатылып, iске қосылып тұрған аппаратурадан ажыратылуы және сөндiрiлуi, инерт газымен булануы немесе үрленуi және желдетiлуi тиiс. Булаудың немесе инерт газымен үрлеудiң ұзақтылығы, сумен шаю, желдету қажеттiлiгi жеке, кез келген жағдайға арналған өндiрiстiк нұсқаулықтарымен белгiленедi.
      882. Ыстық өнiмдi мұздатқыш арқылы өткiзбей сынама iрiктеу шүмектерiн пайдалануға жол берiлмейдi. Бұру түтiктерi және мұздатқыштың түтiктерi жарамды жағдайда ұсталады.
      883. Қысымдағы аппараттар мен коммуникациялардағы ағуларды жоюға қатаң жол берiлмейдi.
      884. Өндiрiстiк үй-жайларда ұшқын тудыруы мүмкiн жұмыстарды жүргiзуге, ашық түрде орындалған шамдарды қолдануға жол берiлмейдi.
      885. Iске қосар алдында технологиялық аппараттар жарамдылығына және олармен байланысты барлық аппараттар мен құбыр жолдарының жұмысқа дайындығы тексерiледi, автоматты көрсеткiштер немесе температура мен қысымды реттегiштер, сұйықтық деңгейiн өлшегiштердiң дұрыстығы тексерiледi.
      886. Жаңадан жобаланудағы және қайта салынып жатқан пештердi өрт сөндiру бөлiмiне бүркеудi қосқанда дабыл беретiн, бу немесе инерт газының бүркеуiн тудыратын құрылғылармен жабдықталады.
      887. Құбырлы пештер форсункаларына сұйық немесе газ тәрiздес отынның жеткiзiлуi тоқтағанда немесе қысымы белгiленген нормалардан төмендегенде iске қосылатын дабылмен жабдықталады.
      888. Пештiң өшiп қалған оттықтарын қызған панелдерге немесе пеш отынының құрылысына тұтатуға жол берiлмейдi.
      889. Пештiң iшiнде болуы ықтимал тұтануларды сөндiруге бу немесе инерт газын пайдалануға болады. Буды немесе инерт газын бақылаусыз жану аяқталған сәтке дейiн берiледi.
      890. Авария немесе өрт шыққан жағдайда өнiмдi төгуге арналған құрылғылар жарамды күйде ұсталады. Авариялық төгу желiлерiнiң ысырмалары айыру белгiлерiмен белгiленедi, ал оларға өту жолдары бос болады. Авариялық құюды жүзеге асырғанда операциялардың ретi нұсқаулықта қарастырылады.
      891. Пештен ыстық сұйықтықты түсiруге арналған авариялық ыдыс үнемi бос ұсталады. Сұйықтықты авариялық ыдысқа түсiрер алдында алдын ала конденсаттан босатылған су буы берiледi.
      892. Құбырларда үрлеме мен тесiктер болғанда, сондай-ақ құбырлардың рұқсат етiлген шегiн асырғанда пештi пайдалануға жол берiлмейдi. Құбырлар күйiп кеткенде аварияларды жою жоспарына сәйкес пештi пайдалану дереу тоқтатылады.
      893. Пеш аумағының газдану қауiпi төнгенде дереу бу өшiру жүйесiн өшiрiп, пештiң форсункаларын сөндiрiп, өртке қарсы қызметi шақырылады.
      894. Қос көздi тетiктерi бұзылған құбырлы пештердi пайдалануға жол берiлмейдi.
      895. Қос көздi тетiктердiң тығындарын тығыздауға арналған қысу болттарын тек құбырлардағы қысымды атмосфералық қысымға дейiн төмендеткенде ғана тартуға болады.
      896. Құбырлы пештердегi қос көздi тетiк шкафтарының жарамды, тығыз жабылатын металл есiктерiнiң болуы байқалады.
      897. Жылу алмастырғыш астындағы алаңшаның гидравликалық қақпа арқылы өнеркәсiптiк канализацияға шығаратын, арнашыққа ағысы бар қатты бетi болуы тиiс. Алаңша жанғыш өнiмдер шайып төгуге арналған жабдықпен қамтамасыз етiледi.
      898. Құбыр кеңiстiгiнде сияқты, құбыр арасындағы кеңiстiкте орналасқан жанғыш сұйықтықтардан босату тек жылу алмастырғыштарды суытқаннан кейiн ғана рұқсат етiледi.
      899. Ауамен суыту аппараттары өрт жағдайына желдеткiштердi қашықтан ажыратқыштармен жабдықталады.
      900. Колонна аппараттарының люктерiн жоғарғысынан бастап ашу қажет.
      901. Технологиялық жабдықтың хабарландыру қондырғыларын iске қосу қолмен, сондай-ақ автоматты болуы мүмкiн. Автоматты түрде iске қосқанда қосарлы қолмен iске қосу қарастырылады.

3-тарау. Қосалқы құрылғылар мен құрылыстарды ұстау тәртiбi

      902. Құбыр жолдары олармен тасымалданатын заттарға байланысты ажырату бояуымен, цифрлық белгiлеумен және өнiмнiң қозғалыс бағытымен қамтамасыз етiледi.


      903. Газ құбыры, өнiм құбыры жарылған кезде авария ауданы дереу қоршалып, ескерту белгiлерi қойылып, осы аудандағы қозғалыс тоқталып, аварияны жою жөнiнде шаралар қолданылады.
      904. Газдың немесе мұнайдың кемуi бар құбыр жолы бұзылғанда, сондай-ақ өрт шыққан жағдайда өртке қарсы қызметi мен газдан қорғау қызметiн шақыру қажет. Сонымен қатар аварияны жою жөнiнде шаралар қабылданады.
      905. Құбыр жолдарында тұйық учаскелердiң болуына жол берiлмейдi.
      906. Жарылу өртену қауiпi бар орталарды айдауға арналған құбыр жолдарында «қамыттар» болған жағдайда пайдалануға жол берiлмейдi.

4-тарау. Құйып ағызатын темiр жол эстакадаларын ұстау тәртiбi

      907. Темiр жол цистерналарын ағызып құю үшiн ақырын, жұлқымай және соқпай шығарылады.


      908. Темiр жол цистерналарын құйып ағызуға шығарғанда екi бос немесе жанғыш емес жүктерi бар вагондармен (платформалармен) жабылады.
      909. Құйып ағызу құрылғыларының аумағында темiр жол цистерналарын металл башмактарымен тоқтатуға жол берiлмейдi.
      910. Осы мақсатта тек ағаштан жасалған немесе соққанда ұшқын шығармайтын металлдан жасалған төсемдер қолданылады.
      911. Темiр жол цистерналарын iрiктеу, оларды тiркеу және тiркеуден ажырату өнiмдi құйып ағызу бекеттерiнен тыс жүргiзiледi.
      912. Құю, ағызу эстакадасының, құйып ағызуға арналған жеке тiреуiштерiнiң екi жағынан, бiр төрт бiлiктi вагон қашықтығында, құрамды құйып толтыруға жеткiзгенде арғы жағына локомотивтердiң өтуiне тыйым салатын дабыл бақылау бағандары орнатылады.
      913. Темiр жол цистерналарына құйып ағызу операциялары локомотивтi эстакада аумағынан кемiнде 100 метр қашықтыққа алып кеткеннен кейiн жүргiзiледi.
      914. Жанғыш заттары бар цистерналарға шлангiлердi және басқа да құралдарды қосқанда цистерна люктерiнiң қақпақтарын жапқанда соғуға болмайды. Құйып ағызу операциялары кезiнде соққанда ұшқын шығармайтын металлдан жасалған құрал қолданылады.
      915. Сұйытылған көмiрсутектi газдарды құйып ағызу үшiн мемлекеттiк стандарттың талаптарына сәйкес резина матадан жасалған жеңдер қолданылады. Тұрақты құбыр жолдарын құрастырғанда резина матадан жасалған жеңдердi қолдануға жол берiлмейдi.
      916. Құйып ағызу операциялары кезiнде цистерналарды асырып толтыруға болмайды.
      917. Эстакаданың орауында табылған ағу дереу жойылады. Ағуды жою қиынға түскен жағдайда сол ағу байқалған тiреушiктер ажыратылады. Құю үстiнде цистернада ағу байқалғанда ақаулық толық жойылғанша құю дереу тоқтатылуы қажет. Ағу көп болғанда немесе оны қысқа мерзiмде тоқтату мүмкiндiгi болмаған жағдайда цистерна құйылған өнiмнен дереу босатылады. Құйып ағызу эстакадасы аумағында цистерналарды жөндеуге жол берiлмейдi.
      918. Тез тұтанатын, жанғыш сұйықтықтарға және сұйытылған жанғыш газдарға арналған құйып ағызу құрылғылары бөлек ұсталады.
      919. Өнiмдi құю немесе ағызу жүргiзiлмеген кезеңде цистерналарды эстакадалардың құбыр жолдарына қосылған түрде ұстауға жол берiлмейдi.
      920. Құйып ағызу құрылғылары тiкелей орналасқан темiр жолдардың бойымен локомотивтердiң қозғалуына жол берiлмейдi.
      921. Құйып ағызу операцияларын жүргiзгенде темiр жол эстакадаларынан 100 метр радиуста от жұмыстарын жүргiзуге жол берiлмейдi.
      922. Темiр жол құйып ағызу эстакадасы тiзiмдеме бойынша алғашқы өрт сөндiру құралдарымен жабдықталады.
      923. Құйып ағызу эстакадасы шегiнде темiр жол эстакадалары мен эстакаданың металл құрылыстарын тұрақты орнатылған лафеттi оқпандарынан жеткiзiлетiн сумен суландыру мүмкiндiгi қамтамасыз етiледi.
      924. Құйып ағызу эстакадасының қайырмалы шағын өткелдерi жасырын болттары бар ағаш жастықтармен жабдықталады.
      925. Эстакадаларды жарықтандыруды жарылыстан қорғалып орындалған тұрақты етiп қарастырылады.
      926. Құю ағызу операциялары кезiнде жергiлiктi жарықтандыру үшiн жарылыстан қорғалып орындалған түрдегi аккумуляторлы шамдар қолданылады.

5-тарау. Компрессорлық және сорғыш станцияларды ұстау тәртiбi

      927. Компрессорлар мен сорғыштардың технологиялық параметрлерiн бақылау бойынша барлық бұғаттағыш және дабыл беру құрылғылары үнемi жарамды күйде ұсталады.


      928. Сұйықтықтың деңгейiн бақылап тұру үшiн сепараторда дыбыс немесе жарық сигнализациясы қарастырылады. Сепаратордағы сұйықтықтың деңгейiн бақылау жүзеге асырылады, жиналып қалуына және кейiн компрессордың қабылдауына оның түсуiне жол берiлмейдi.
      929. Газ сығымдағыштарының және олардың газ құбырларының барлық қосуларын герметикалығына үнемi тексерiледi. Газдың кемуi байқалған жағдайда компрессор тоқтатылып, ақаулық жойылады. Жұмыс iстеп тұрған компрессорда газдың кемуiн жоюға жол берiлмейдi.
      930. Клапандық қораптар мен әуе поршень компрессорлары майлы шөгiндiлер мен күйiктерден үнемi тазартылады.
      931. Жарық беру құрылғылары жұмыс iстеген немесе электр энергиясын авариялық сөндiру кезiнде газ компрессорлық станцияларында жарылыстан қорғалып орындалған аккумуляторлық шамдарды қолдануға рұқсат берiледi.
      932. Компрессорлық үй-жайда газдылық немесе өрт шығу қаупi төнгенде компрессорларды авариялық түрде тоқтатып, қысымды түсiрiп, авария орнына газ жеткiзу тоқтатылады.
      933. Жалпы сыйымдылығы үш тәулiктiк қордан аспайтын майға арналған жұмсалатын шағын ыдыстарды өз бетiмен сыртқа шығу жолы және сығымдағыштан бөлек өртке қарсы қабырғасы бар үй-жайға орналастыруға болады.
      934. Компрессорлық және сорғыш станцияларының үй-жайларында барлық желдеткiш құрылғыларының дұрыс және үздiксiз жұмыс iстеуi қамтамасыз етiледi.
      935. Тұрақты компрессорлардың авариялық тоқтату түймелерi компрессор залдарының үй-жайларынан шығу орындарында немесе басқа да ыңғайлы және қауiпсiз жерлердегi басқару пульттерiнде орналастырылуы тиiс.
      936. Газ моторының тұтандырғыш бiлтесiнiң түйiсуiнде ұшқыны бар компрессордың жұмыс iстеуiне жол берiлмейдi.
      937. Компрессор iшiнде ұшқындату арқылы шырақтардың жарамдылығын тексеруге жол берiлмейдi.
      938. Компрессорды iске қосқанда пайдаланылған өнiмдi шығару жүйесiнде тұтану мен жарылыстарды болдырмау үшiн пайдаланылған өнiмдi шығару жүйесiн қысылған ауамен үрлегеннен кейiн магнетоны қосу және отын газы жеткiзiледi.
      939. Өрт, жарылыс қауiптi өнiмдердi айдап қотаратын сорғыштар, сорғыштармен бiр рамада орналасқан электр қозғалтқыштарының жерге қосылғанына қарамастан, жерге қосылады.
      940. Сорғыштарды үрлегенде шығарылатын өнiмдi үй-жайдан тыс жерге, сұйық өнiмдi құбыр жолы арқылы арнайы сыйымдылыққа, ал булар мен газдар шыраққа немесе шамға шығарылады.
      941. Сорғыштармен жұмыс iстегенде үйкелетiн бөлшектерiн, сондай-ақ сорғыштардың мойынтiректерi мен тығыздамаларының температурасы үнемi бақыланады. Майлау материалдарының ағуына және шашырауына жол берiлмейдi.

6-тарау. Алау шаруашылығын пайдалану тәртiбi

      942. Алау қашықтықтан жағылады.


      943. Барлық қолданыстағы алаулар кезекшi оттықтармен қамтамасыз етiледi.
      944. Алаудың айналасындағы аумақ кемiнде 50 метр радиуста қоршалады және сақтандырғыш белгiлерiмен көрсетiледi.
      945. Алау аумағының қоршалу шегiнде құдықтар, шұңқырлар және басқа да ойықтар орнатуға жол берiлмейдi.
      946. Алау құбырына кiргiзер алдында газ құбырларында қарауға және жөндеу жұмыстарын жүргiзуге қол жететiн от бөгеушiлер орнатылады.
      947. Магистралдық алау құбыры жолында шырақтың оқпанынан кемiнде 50 метр қашықтықта орналасқан жалпы сепаратор қарастырылады. Алау құбыр жолының сепаратор жағына қарай еңкiш болуы қамтамасыз етiледi.
      948. Жалпы алау жүйесiне:
      1) жабдықты үрлегеннен кейiн құрамында төменгi тұтану шегiнен 50%-ға кем концентрациядағы жанғыш газдары бар инерт газын;
      2) аппараттар мен құбыр жолдарынан шығарылған ауаны, сондай-ақ таза инерт газын;
      3) шiруге, ашуға, полимеризациялауға, жылу шығаруға бейiм және алау газ құбырының өткiзу қабiлеттiлiгiн шектеуге қабiлеттi өнiмдердi бұруға жол берiлмейдi.

7-бөлiм. Жеңiл өнеркәсiп кәсiпорындарын ұстау тәртiбi

1-тарау. Жалпы ережелер

      949. Газ және бу ауасы жарылыс қауiптi қосылымдарды түзуге қабiлеттi заттар мен материалдар қолданылатын, өндiрiлетiн немесе сақталатын өндiрiстiк және қойма үй-жайларында ауа ортасының жай-күйiн бақылау үшiн автоматты газ талдағыштар орнатылады. Сериямен шығарылатын газ талдағыштар болмаған жағдайда ауа ортасын мерзiм сайын зертханалық талдау жүзеге асырылады.


      950. Жабдықтан қалдықтарды пневматикалық, механикалық немесе осы операцияның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн және өндiрiстiк үй-жайға тозаңның бөлiнуi болдырмайтын өзге де құрылғылармен шығарылады.
      951. Автономды сорғыш желдеткiшi және (немесе) қалдықтардың пневмокөлiгi бар жабдықтың электр схемасында жабдықтың жұмыс органдарын 2-5 секунд iске қосуға қатысты осы жүйелердi iске қосуды автоматты түрде iлгерiлейдi және 25-30 секунд уақыт шамасында жұмыс органдары тоқтағаннан кейiн оларды автоматты түрде ажыратылады.
      952. Кәсiпорын аумақтары мен өндiрiстiк алаңдар күн сайын жанғыш қоқыс пен қалдықтардан тазартылады. Кәсiпорын аумағында жанғыш қалдықтарды, кесiндiлердi, қырқындыларды, талшықтарды, торларды, тозаңдарды ашық әдiспен сақтауға жол берiлмейдi. Оларды жинау үшiн бiр-бiрiнен 100 метрге аспайтын қашықтықта қақпақтары бар металл жәшiктер орнатылады. Қалдықтар арнайы жабдықталған автомобильдер мен тозаңдануды болдырмайтын ыдыстар пайдалана отырып жүйелi түрде шығарылады. Брезентпен жабылмаған талшықты материалдарды тасымалдауға жол берiлмейдi.
      953. Жазғы уақытта ғимараттар мен құрылыстарға iргелес алаңдар мен өртке қарсы аралықтар шөптерден мерзiмдi түрде тазартылуы тиiс. Шабылған шөп кәсiпорын аумағында кептiруге және маялауға (арнайы бөлiнген орындардан басқа) жол берiлмейдi.
      954. Шикiзатты, жабдықты және өзге материалдарды ғимараттарға тiкелей жақын сақтауға жол берiлмейдi.
      955. Қажет болғанда шикiзатты, жабдықты және материалдарды арнайы жабдықталған ашық алаңдарда немесе шатырлар астында сақтау алаңдары мен ғимараттардың, құрылыстардың арасындағы аралықтарды сақтаған жағдайда сақтауға болады. Жанбайтын материалдардан жасалған, ауданы 1200 м2 дейiнгi бөлек тұрған шатырларды салуға болады.
      956. Аумақтарды көгалдандыру үшiн гүлденген кезде ұлпа, талшықты заттар мен салбыраған тұқым бөлетiн ағаштарды отырғызуға, сондай-ақ оларды өртке қарсы аралықтарға отырғызуға жол берiлмейдi.
      957. Барлық өндiрiстiк үй-жайлар үнемi таза ұсталуы және шикiзатпен, дайын өнiммен және жабдықпен асыра толтырылмауы тиiс. Сақталатын шикiзат пен дайын өнiм мөлшерi өнiмнiң ауысымдық қажеттiлiгiнен (тәулiк бойы өндiрiс үдерiсiнде – тәулiктiк) аспауы тиiс.
      958. Өндiрiстiк және әкiмшiлiк ғимараттардың жертөле үй-жайлары мен цоколдық қабаттарында жарылыс қауiптi заттарды, газ баллондарын, целлулоидтарды, тез жанғыш киноүлдiрдi, пластмассаларды лактарды, сырларды, өрт қауiптiлiгi жоғары (Г4, В4, Д4, Т3, Т4) тез тұтанатын және жанғыш сұйықтарды,, химикаттарды, полимерлiк және өзге де материалдарды қолдануға және сақтауға жол берiлмейдi. Оларды орналастыру үшiн жергiлiктi мемлекеттiк өрт бақылау органдарымен келiсiлген арнайы үй-жай (орын) бөлiнедi.
      959. Арнайы киiм уақытылы жуылуы және жөнделуi қажет. Кәсiпорын әкiмшiлiгi әрбiр цех (өндiрiстiк операция) үшiн майланған арнайы киiмдi сақтау мен жаңасына ауыстырудың нақты тәртiбiн (жуу, майын кетiру, жөндеу мерзiмдiлiгiн) белгiлейдi.
      960. Цех қоймалары үшiн ТТС, ЖС, химикаттарды бiр мезгiлде сақтаудың ең жоғарғы шектi саны белгiленедi. Заттарды сақтаудың нормалары көрсетiлген тақтайшалар көрiнетiн жерлерде, қоймалардың жанында iлiнедi.
      961. Өндiрiсте қолданылатын жанғыш және тез тұтанатын сұйықтықтар саны ауысымдық қажеттiлiктен аспайтын (үш ауысымдық жұмыс режимiнде – тәулiктiк) герметикалы жабылған металл ыдыста сақталады.

2-тарау. Технологиялық жабдықты ұстау тәртiбi

      962. Кәсiпорындарда негiзгi цехтерге, учаскелер мен қондырғыларға арналған технологиялық және электр жабдығын тазалау кестелерi әзiрленедi.


      963. Пайдаланылатын технологиялық жабдық күн сайын (шикiзатты алғаш қайта өңдейтiн цехтерде – ауысымда кемiнде бiр рет), ал электр жабдығы, шамдар, электр өткiзгiштерi, техникалық өрттен қорғау құралдары (спринклерлiк, дренчерлiк, өрт хабарлағыштары), құрылыс құрылымдары, оның iшiнде жабындар аптасына кемiнде бiр рет оларға отырған жанғыш тозаңнан, ұлпадан тазартылуы қажет. Бұл ретте тозаң жинау құралдарын (оның iшiнде сығылған ауамен үрлеудi) және дымқылмен жинауды қолдану қажет. Кәсiпорын бұйрығымен лауазымды адамдар қатарынан осы жұмысты жүргiзу үшiн жауаптылар тағайындалады.
      964. Технологиялық жабдық үрлеу және тазалау алдында ажыратылады.
      965. Технологиялық жабдықтың барлық жiктерi мен қосқыштары сенiмдi тығыздалады, бұл ретте өндiрiстiк және қойма үй-жайларындағы ауа өткiзгiштердiң жiктерi мен қосқыштары жанбайтын немесе Г1 тобындағы материалмен тығыздалады.
      966. Машиналар мен агрегаттардың тозаңсыздандыратын құрылғыларынан ауаны тазалауға арналған сүзгiштер оқшауланған үй-жайларда орнатылады.
      967. Жабдық сүзгiштерiнiң жанатын материалы мерзiм сайын, бiрақ жылына бiр реттен жиi емес оттан қорғау құрамымен өңделедi.
      968. Зығыр түткiш, иiру-дайындау, тоқыма дайындау, тоқыма және брактау-өлшеу цехтерiнiң жұмыс iстейтiн үй-жайларында тозаң қосылымы шектi мөлшерден ауына жол берiлмейдi.
      969. Рециркуляциялау кезiнде жабдықтан шығарылатын тозаңданған ауа тиiстi сүзгiштерде екi сатылы тазартылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет