Өрт қaуiпciздiгi қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1682 Қаулысы «Өрт қayiпciздiгi туралы»



бет1/23
Дата12.06.2016
өлшемі1.97 Mb.
#129782
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Өрт қaуiпciздiгi қағидаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1682 Қаулысы

      «Өрт қayiпciздiгi туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңының 5-бабын icкe асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса бepiлiп отырған Өрт қaуiпciздiгi қағидалары бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                                К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң     
2011 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1682 қаулысымен 
бекiтiлген    

Өрт қауiпсiздiгi қағидалары

1-бөлiм. Жалпы ережелер

Ұйымдастыру-техникалық iс-шаралар

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Өрт қауiпсiздiгi қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) халықтың өмiрi мен денсаулығын, мүлiктi, қоршаған ортаны қорғау мақсатында меншiк нысанына қарамастан жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың қолдануына және орындауына арналған.


      2. Осы Қағидалардың ережелерiмен қатар Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 қаулысымен бекiтiлген «Өрт қауiпсiздiгiне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентi, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 16 қаулысымен бекiтiлген «Объектiлердi қорғауға арналған өрт техникасының қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар» техникалық регламентi, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 29 тамыздағы № 796 қаулысымен бекiтiлген «Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты түрде өрт сөндiру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезiнде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерiмен жабдықтау жөнiндегi талаптар» техникалық регламентi және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 29 тамыздағы № 803 қаулысымен бекiтiлген «Өндiрiстiк объектiлердегi сигналдық түстерге, белгiлеулерге және қауiпсiздiк белгiлерiне қойылатын талаптар» техникалық регламентi (бұдан әрi – Өрт қауiпсiздiгi саласындағы техникалық регламенттер) басшылыққа алынуы тиiс.
      3. Осы Қағидалар азаматтық авиация объектiлерi үшiн, ормандарда және энергетикалық (энергия шығаратын және энергия беретiн) объектiлерде қолданылмайды, олар үшiн өрт қауiпсiздiгi қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      4. Жұмыскерлер тек өртке қарсы нұсқаулықтан өткеннен кейiн ғана жұмыс iстеуге жiберiледi, ал жұмыстың ерекшелiгi өзгергенде ықтимал өрттердiң алдын алу және оларды сөндiру бойынша қосымша оқудан өтедi. Өртке қарсы нұсқаулықтан өтетiн мамандықтар (лауазымдар) тiзбесiн, тәртiбi мен мерзiмдерiн, өрт-техникалық минимум бойынша өртке қарсы нұсқаулық пен сабақтарды өтудiң тақырыптық және оқу жоспарларын өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) белгiлейдi.
      5. Өрттен қорғау жүйелерi мен құралдарын өшiрумен байланысты жұмыстарды жоспарлаған жағдайда, сондай-ақ ұйымның теңгерiмiндегi немесе оның аумағындағы жолдар мен кiреберiстердiң жай-күйiнiң өзгергенi туралы объектiлердiң иелерi жергiлiктi өртке қарсы қызмет органдарына жұмысты жүргiзу мерзiмдерi, өзгерiс сипаты туралы алдын ала ақпаратты қамтитын хатпен хабарлауы қажет. Жұмыстың авариялық сипаты болғанда хабарлама үш тәулiк iшiнде жүргiзiледi. Тиiстi жерлерде жолдарды жабу кезiнде айналып өту бағытын нұсқағыштар орнатылуы немесе жолдың жөнделетiн учаскелерi арқылы өтпелер немесе өту жолдары салынады.
      6. Ұйымдар мен елдi мекендердiң аумақтарын, ғимараттарды, құрылыстар мен құрылымдарды, эвакуациялық жолдар мен шығу жолдарын ұстау тәртiбi «Өрт қауiпсiздiгiне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентiне сәйкес анықталады.

2-тарау. Ғимараттар мен құрылыстардың электр қондырғыларын ұстау тәртiбi

      7. Электр желiлерiн, электр қондырғылары мен электр-техникалық бұйымдарын монтаждау, iске қосу, пайдалану, сондай-ақ олардың техникалық жай-күйiн бақылау осы Қағидалардың, электр қондырғыларын орнату қағидаларының, тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларының, тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезiндегi қауiпсiздiк техникасы нормаларының, «Өрт қауiпсiздiгiне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентiнiң ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.


      8. Электр қозғалтқыштары, электр шамдары, басқару аппараттары, iске қосуды реттегiш, бақылау-өлшеу және қорғау аппаратурасы, қосалқы жабдықтар, электр сымдары мен кабель желiлерi Электр қондырғыларын орнату қағидалары мен «Өрт қауiпсiздiгiне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентiнiң 1-қосымшасы бойынша аймақтардың класына сәйкес қорғау дәрежесiмен қолданылады.
      9. Барлық электр қондырғылары өртке және жануға әкелiп соғатын қысқа тұйықталу тогынан және артық жүктемеден қорғайтын аппараттармен қорғалады.
      10. Барлық ток өткiзгiш бөлiктер, бөлу құрылғылары, аппараттар мен өлшеуiш аспаптар, сондай-ақ бөлгiш түрiндегi сақтандырғыш құрылғылары, ажыратқыштар және барлық iске қосатын аппараттар мен аспаптар тек жанбайтын негiзде (мрамор, текстолит, гетинакс) құрастырылады.
      11. Өткiзгiштер мен кабельдердiң сымдарын жалғау, түйiндеу және тармақтау өртке қатысты қауiптi ауыспалы кедергiлердi болдырмау үшiн сығымдау, дәнекерлеу, пiсiру және арнайы қысқыштардың көмегiмен жүргiзiледi.
      12. Өткiзгiштер мен кабельдердiң сымдарының қосылған және тармақталған жерлерi, сондай-ақ қосу және тармақтау қысқыштары осы өткiзгiштер мен кабельдердiң тұтас жерлерi сымдарының оқшаулағышына тең оқшауланады.
      13. Оқшаулағыш тiреуiштерiнде төселген өткiзгiштерден басқа өткiзгiштер мен кабельдердiң қосулары және тармақталуы қосу және тармақтау қораптарында, қосу және тармақтандыру қысымдарының оқшауланған сырттарында, құрылыс конструкцияларының арнайы текшелерiнде, электр орнату бұйымдарының, аппараттардың және машиналардың тұрқыларының iштерiнде орындалады. Оқшаулағыш тiреуiштерiнде төсегенде сымдарды қосуды немесе тармақтауды тiкелей оқшаулағыштың жанында, клицтарда немесе оларда, сондай-ақ роликте орындалады.
      Қосу және тармақтағыш қораптары қорғайтын қақпақтармен қамтамасыз етiледi.
      14. Уақытша электр желiлерiн орнатуға және пайдалануға жол берiлмейдi. Құрылыс және уақытша жөндеу-құрастыру жұмыстарын жүргiзу орындарын қоректендiретiн уақытша иллюминациялық қондырғылар мен электр өткiзгiштерi ерекшелiк ретiнде болуы мүмкiн. Уақытша электр желiсiнiң кернеуi 36 Вольттан, ал аса қауiптi орындарда (аса ылғалды учаскелер, құдықтар, металл резервуарлар, қазандықтар) 12 Вольттан аспауы тиiс.
      15. Тасымалды шамдар қорғағыш шыны қалпақтармен және торлармен жабдықталады. Осы шамдар мен басқа да тасымалды электр аппараттары үшiн ықтимал механикалық әсерлердi ескере отырып, осы мақсатқа арналған иiлгiш кабельдер мен мыстан жасалған сымдар қолданылады.
      16. Автоматты өрт сөндiру, өрт дабылы, авариялық жарық беру қондырғыларын қоректендiру үшiн енгiзу-тарату құрылғысынан бастап электр қуатын тұтынушыға дейiн өзiндiк электр желiсi қарастырылады.
      17. Құрылыс алаңында уақытша электр өткiзгiшiн жұмыс орындарынан 2,5 метрден, өту жерлерiнен 3 метрден, өту жолдарынан 6 метрден кем емес биiктiкте оқшауланған өткiзгiшпен орындалып, сым арқан мен берiк тiреулерге iлiнедi.
      18. Құрылыс алаңы аумағында жарықтандыру прожекторлары жеке тiреулерге орнатылады.
      Прожекторларды жанғыш материалдардан жасалған шатырларда және полимерлi жылытқыштары бар ғимараттарда орнатуға жол берiлмейдi.

3-тарау. Жылыту жүйелерiн ұстау тәртiбi

      19. Жылыту жүйелерiн пайдалану кезiнде осы Қағидалардың ережелерi, «Өрт қауiпсiздiгiне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентiнiң талаптары сақталады.


      20. Өндiрiстiк және басқа үй-жайларда пеш жағуды жылыту құралдарын пайдаланған кезде өрт қауiпсiздiгi шаралары туралы нұсқаулық алған арнайы бөлiнген тұлғалар (пеш жағушылар) жүргiзедi.
      21. Ғимараттар мен құрылыстарда (тұрғын үйлердi қоспағанда) пеш жағуды жұмыс аяқталғанға дейiн кемiнде екi сағат бұрын, ал емханаларда және басқа да тәулiк бойы адамдар жаппай болатын объектiлерде ұйықтағанға дейiн екi сағат бұрын тоқтатылады.
      Балалар күндiз болатын балалар мекемелерiнде пеш жағу балалар келгенге дейiн бiр сағат бұрын тоқтатылады.
      22. Шатырларда барлық түтiн құбырлары мен түтiн арналары өтетiн қабырғаларды әктеу қажет.
      23. Пеш оттығына сұйық отынды жеткiзу тек саңылаусыз металл отын өткiзгiш арқылы ғана жүргiзiледi. Тек зауытта шығарылған отын өткiзгiш қосқыштар мен арматура қолданылады. Отын беру жүйесiнен сұйық отынның ағуына немесе газдың шығуына жол берiлмейдi.
      24. Жылу генераторларын монтаждау және пайдалану кезiнде мынадай талаптар сақталады:
      1) отынға арналған сыйымдылықтың көлемi, оны орналастыру және ауа жылытқышқа беру осы аппараттарға паспорттық деректер мен техникалық шарттардың талаптарына сәйкес болуы;
      2) жылу шығаратын аппараттардың жанарғылары, отын өткiзгiштердегi қосқыштар мен арматура тек зауытта дайындалған болуы;
      3) жанарғылар жалынды үзбей және агрегаттың жылу жүктемесiн қажетiнше реттеу шегiнде оны жанарғы iшiне өткiзбей тұрақты жұмыс iстеуi тиiс.
      25. Жылу шығаратын аппараттарды пайдалану кезiнде:
      1) отын өткiзгiштерiнiң герметикалығы бұзылған аппаратта және ондағы тиек клапаны ақаулы болса, форсунка корпусы жылу шығаратын аппаратпен тығыз қосылмаса, түтiн жолдары, электр қозғалтқыштары мен қорғау аппараттары жарамсыз болса, сондай-ақ электр қозғалтқыштың жылу қорғағышы болмаса және өзге де ақаулықтарда, жұмыс iстеуге;
      2) ашық отын бактары бар аппаратта жұмыс iстеуге;
      3) тыныс алу құбырларының үй-жайлардың iшiне немесе шатыр үй-жайларына шыққан жолымен жұмыс iстеуге;
      4) ретке келтiрiлмеген форсункамен жұмыс iстеуге (отын беру бұзылса);
      5) жылу шығаратын аппараттарды қосу үшiн резеңке немесе полимер шлангiлер мен муфталарды қолдануға;
      6) аппарат пен шығыс бактарының жанында жану тобы Г3-Г4 материалдардан жасалған қоршаулар орнатуға;
      7) отын өткiзгiштердi ашық отпен қыздыруға;
      8) қысқа мерзiмге тоқтап тұрғаннан кейiн ауамен үрлемей жылу шығаратын аппаратты iске қосуды жүзеге асыруға;
      9) жұмыс iстейтiн қоспаны көру тесiгi арқылы жағуға;
      10) жылу шығаратын аппарат жұмыс iстеп тұрған кезде шамшырақтардың электродтары арасындағы саңылауды реттеуге;
      11) жылу шығарғыштың ауа сорғыш коллекторында қорғаныштары болмаса, жұмысқа қосуға;
      12) жұмыс iстеп тұрған жылу шығаратын аппараттарды қараусыз
қалдыруға немесе оларды қарауды балаларға тапсыруға;
      13) жылу шығаратын аппараттарды пайдалану шарттарын бұзуға, оларды осы мақсатқа арналған үй-жайларға (орындарға) орналастыруға жол берiлмейдi.
      26. Электрокалориферлердi монтаждау және пайдалану кезiнде мынадай талаптар сақталады:
      1) тек зауытта шығарылған, дабылы мен желдеткiш жұмыс iстемегенде қыздырғыш элементтерге электр энергиясының берiлуiн болдырмайтын бұғаттағышы және шығатын ауаның температурасын бақылау және электр мен жылудан қорғауды реттеу автоматикасы жарамды электрокалориферлер пайдалануға берiледi;
      2) электрокалорифердi монтаждау, оны жұмысқа дайындау және iске қосу бұйымға пайдалану құжаттамасында баяндалған талаптарға сәйкес орындалады.
      27. Калориферлердi пайдалану кезiнде:
      1) дабылды немесе бұғаттағышты сөндiруге;
      2) электрокалорифердiң корпусы мен желдеткiш арасындағы иiлгiш ендiрме үшiн жанғыш материалдарды қолдануға;
      3) электрокалориферден шығу жолындағы дайындаушы-зауыт белгiлеген шектi рұқсат етiлген температураны арттыруға;
      4) желдеткiш жұмыс iстемей тұрғанда электрокалорифердi қосуға (қондырғыны әр iске қосқан сайын бұғаттағыш тексерiледi);
      5) электрокалориферде немесе оның маңында киiмдi немесе басқа да жанғыш материалдарды кептiруге жол берiлмейдi.

4-тарау. Желдеткiш жүйелерiн ұстау тәртiбi

      28. Желдеткiш жүйелерiн пайдалану кезiнде осы Қағидалардың ережелерi, «Өрт қауiпсiздiгiне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентiнiң талаптары сақталады.


      29. Ауа өткiзгiштердегi от жалынын бөгейтiн құрылғылар (жапқыштар, шиберлер, клапандар), автоматты өрт дабылы немесе өрт сөндiру құрылғылары бар желдеткiш жүйелерiнiң бұғаттау құрылғылары, өрт кезiнде желдеткiштi автоматты түрде өшiретiн құрылғылар техникалық құжаттамада белгiленген мерзiмдерде тексерiледi және жарамды күйде ұсталады. Ысырма жетегiнiң сезгiш элементтерi (тез балқитын құлыптар, тез жанатын ендiрмелер, термосезгiш элементтер) жанғыш тозаңмен ластанудан уақытылы тазартылады.
      30. Желдеткiш камераларында қандай да бiр жабдық пен материалдарды сақтауға жол берiлмейдi. Желдеткiш камералары үнемi құлыппен жабылады. Оларға бөгде адамдардың кiруiне жол берiлмейдi.

5-тарау. Тоңазытқыш қондырғыларын ұстау тәртiбi

      31. Тоңазытқыш қондырғыларына қызмет көрсетудi арнайы дайындықтан өткен адамдар жүзеге асырады. Олардың дербес жұмыс iстеуiне рұқсат беру объект бойынша өкiммен жүзеге асырылады.


      32. Аммиакты тоңазытқыш қондырғыларының машина және аппарат бөлiмшелерi үй-жайларында кемiнде екi хладоагенттi булардың газ талдағышы орнатылады, олар ағынды-сорғыш желдеткiшпен және компрессорларды ажырату құрылғыларымен бұғатталады.
      33. Хладоагентi (аммиак) бар баллондар арнайы қоймаларда сақталады. Оларды машина бөлiмшелерiнде сақтауға жол берiлмейдi.
      Хладоагенттерi бар коммуникацияларды эвакуациялау дәлiздерiнде және өтетiн жерлерде, сатылы торларда, көтергiш шахталарында орналастыруға, сондай-ақ оларды өрт және жарылыс қауiптi үй-жай арқылы транзиттiк төсеуге жол берiлмейдi.
      34. Машина және аппарат бөлiмшелерiнiң желдеткiш жүйелерi басқа үй-жайлардың желдеткiш жүйелерiнен оқшауланады.
      35. Аппарат және машина бөлiмшелерiнiң авариялық жарық беруi үнемi жарамды күйде ұсталады.
      36. Аммиакты тоңазытқыш қондырғыларының машина және аппарат бөлiмшелерiндегi жарылыстан қорғалған электр жабдығы техникалық ақаусыз күйде ұсталады.
      37. Аммиакты тоңазытқыш қондырғыларының машина және аппарат бөлiмшелерiнiң үй-жайларын пайдалану барысында жеңiл лақтырылатын элементтерiн (панелдердi, терезелердi, есiктердi) құрылымдардың басқа түрлерiне ауыстыруға жол берiлмейдi.
      38. Компрессорлар мен газ құбырларының герметикалығына жүйелi бақылау белгiленедi. Газ шығаратыны анықталған жағдайда ақаулығын жою үшiн компрессорды тоқтату керек. Компрессордың тығыздағыштары арқылы хладоагенттiң шығатыны анықталған жағдайда олар дереу ауыстырылуы тиiс.
      39. Қысымда тұрған жабдықты жөндеуге, жұмыс iстеп тұрған компрессорлар мен сорғылардағы тығыздағыштарды толтыруға және тартуға, жүйедегi қысымды төмендетпей (түсiрмей) аппараттардағы және құбырлардағы фланецтердi тығыздауға жол берiлмейдi.
      Компрессорлардың барлық үйкелетiн бөлiктерi үнемi майланады.
      40. Аммиакты тоңазытқыш қондырғыларының машина және аппарат бөлiмшелерiн алдын ала тексеру кезiнде жарылыстан қорғала жасалған кернеулiгi 12 Вольттан аспайтын жарық беруге арналған тасымалданатын шамдарды пайдалануға рұқсат етiледi.
      41. Жүйенi толтыруды тездету үшiн хладоагенттерi бар баллондарды жылытуға жол берiлмейдi. Аммиагы бар баллондар ашық от көздерiнен кемiнде 10 метр және жылу беру аспаптарынан 5 метр қашықтықта алыс орналастырылады.
      42. Майлау материалдарын компрессорлық үй-жайларда тек саны ауысымдық қажеттiлiктен аспайтын жабық металл ыдыста сақтауға рұқсат етiледi.
      43. Аммиакты тоңазытқыш қондырғыларда компрессорға сұйық хладоагенттiң түсу мүмкiндiгiн болдырмау қажет.
      44. Аппараттардан майды жiберу май жинағышта ерiтiлген хладоагенттi алдына ала сорып алғаннан кейiн сол арқылы жүргiзiледi.
      Май жинағыштан май желдеткiш жұмыс iстеп тұрған кезде суы бар ыдысқа жiберiледi.
      45. Аммиакты тоңазытқыш қондырғылардың үй-жайларында iшкi өрт крандары шашыраған суды алуға мүмкiндiк беретiн шашыратқыш оқпандармен жабдықталады.
      46. Компрессорлық бөлектеу үй-жайларында компрессорлармен құрылымдық немесе технологиялық байланысы жоқ аппараттар мен жабдықтарды орнатуға, сондай-ақ кеңселер мен қоймалар жасауға жол берiлмейдi.
      47. Құбырларды, бекiту қондырғыларын және басқа жабдықты ашық оттың көмегiмен қыздыруға жол берiлмейдi. Оларды қыздыру үшiн ыстық су, бу немесе қыздырылған құм пайдаланылады.
      48. Хладоагенттерi бар құбырлар оларда тасымалданатын заттарға байланысты танып ажырату бояуымен және сандық белгiлеулермен қамтамасыз етiледi.
      49. Хладоагенттерi бар құбырлардың қолданыстағы орналасу сызбасын, сондай-ақ хладоагенттi тиiстi жоспарды әзiрлемей және оны бекiтпей өзгертуге жол берiлмейдi.
      50. Хладоагенттерi бар құбырлардың механикалық зақымдалуы мүмкiн жерлерге қорғайтын бүркенiштер, торлар, кiшкене көпiрлер орнатылады.
      51. Хладоагенттерi бар құбырлардың жанбайтын жылу оқшаулағышын жанатынға ауыстыруға жол берiлмейдi.
      52. Тоңазытқыш станциясы кемiнде екi шығу жолымен жабдықталады, оның бiреуi тiкелей сыртқа қарай орнатылады.
      53. Тоңазытқыш станциясының үй-жайлары өздiгiнен сәл тығыз жабылатын есiктермен жабдықталады.

6-тарау. Инженерлiк жабдықтың басқа түрлерiн ұстау тәртiбi

      54. Инженерлiк жабдықты пайдалану кезiнде осы Қағидалардың ережелерi, «Өрт қауiпсiздiгiне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентiнiң талаптары орындалады.


      55. Ұйымдардың «өрт сөндiру бөлiмшелерiн тасымалдау» деген жұмыс режимi бар лифтiнi пайдалануы ұйым басшысы бекiтетiн техникалық нормалармен регламенттеледi.

7-тарау. Өртке қарсы сумен жабдықтау көздерiн ұстау тәртiбi

      56. Өртке қарсы сумен жабдықтау көздерiн пайдалану және ұстау осы Қағидалардың ережелерiне және «Өрт қауiпсiздiгiне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентiнiң талаптарына сәйкес орындалады.


      57. Өртке қарсы су құбыры желiлерi жарамды күйде ұсталады және қажеттi тегеурiн мен өрт сөндiру қажеттiлiгi үшiн су шығынын қамтамасыз етедi. Тегеурiнi жеткiлiксiз болған жағдайда арттырғыш сорғыштар орнатылады.

2-бөлiм. Елдi мекендердi ұстау тәртiбi

1-тарау. Тұрғын үй ғимараттары мен жатақханаларды ұстау тәртiбi

      58. Тұрғын үй пәтерлерi мен жатақхана бөлмелерiнде жарылыс, өрт қауiпi заттар мен материалдар қолданылатын және сақталатын әр түрлi шеберханалық және қоймалық үй-жайларды орнатуға, сондай-ақ оларды басқа мақсаттағы үй-жайлар үшiн жалға беруге жол берiлмейдi.


      59. Пәтерлер мен тұрғын үй бөлмелерiнде:
      1) тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, газ баллондарды балкондар мен лоджияларда сақтауға;
      2) төсек-орында шылым шегуге;
      3) балкондар мен лоджиялардан темекi тұқылын лақтыруға;
      4) плитада дайындалып жатқан тамақты қараусыз қалдыруға жол берiлмейдi.
      60. Техникалық қабаттарды, техникалық орындарды, желдеткiш камераларын, бойлерлiк орындарды, лифтiлер мен шатыр үй-жайларының машина үй-жайларын тiкелей мақсатынсыз (қойма, мұрағат, сондай-ақ басқа мақсаттағы үй-жайлар ретiнде), сондай-ақ жанғыш материалдарды сақтау үшiн пайдалануға жол берiлмейдi. Осы үй-жайлардың есiктерi құлыппен жабылады, олардың кiлттерi тәулiктiң кез келген уақытында алу үшiн белгiлi бiр, қол жетiмдi, тәулiк бойы кезекшi персонал болатын жерде болады.
      61. Жатақханаларда (тұрғын үй-жайлардан басқа) темекi шегуге арналған орындар «Темекi шегуге арналған орын» деген жазумен, жанбайтын материалдардан жасалған урналармен немесе темекi тұқылын салғыштармен жабдықталады.
      62. Газ өткiзгiштерден, газ баллондардан және қатып қалған құбырларды қыздыру аспаптарынан, инженерлiк коммуникациялардан газдың ағуын байқау үшiн ашық отты пайдалануға жол берiлмейдi. Қатып қалған құбырларды, жабдықты инженерлiк коммуникацияларды қыздыру ыстық сумен, бумен және қызған құммен жүргiзiледi.
      63. Қауiпсiз эвакуациялауды қамтамасыз ету үшiн:
      1) қабырғаларда негiзгi саты торының көлемiн жертөледен (цоколдық қабаттан), жертөледе немесе цоколдық қабатта өрт шыққан жағдайда саты торының тез түтiндеуiне әсер ететiн есiктерi бар есiк ойығынан бөлiп тұратын «бөлiктердi» орнатуға;
      2) эвакуациялау жолдарында жылжымалы, көтергiш, айналатын есiктер мен турникеттердi оларды шалқасынан ашылатын қайталамай орнатуға;
      3) ғимараттар мен үй-жайлардан шығуға кедергi келтiретiн есiктердi қайта қоюға;
      4) саты торын немесе саты торынан шығу жолы орналасқан вестибюльдi ортақ дәлiздерден бөлетiн есiктердi алуға;
      5) эвакуациялау жолдарында «жалған» есiктер орнатуға, витраждар, айналар, турникеттер мен қалыпты эвакуациялауға кедергi келтiретiн өзге де бұйымдар қоюға;
      6) есiктер мен люктер арқылы шатырлар мен жабынға шығу жолдарын үймелеуге;
      7) саты торлары баспалдақтарының астында үй шаруашылығындағы (балалар арбалары, шаналар, велосипедтер, жиһаз және басқалары) заттарды жинауға және орталықтан жылу берудi басқару тораптары мен су өлшеу тораптарынан басқа әр түрлi үй-жайларды орнатуға;
      8) түнгi уақытта сатыларды жарықтандыруды сөндiруге және ғимаратта адамдар болған кезде саты торларының есiктерiн құлыпқа және қиын босатылатын тиектерге жабуға жол берiлмейдi.
      64. Моншаның тас пешiн салу кезiнде:
      1) пеш оттығы есiгiнiң алдынан тiкелей еденде үстiнен өлшемi 0,5х0,7 метр металл болат болатын жылу оқшаулағыш материал қабатын орналастыру қажет;
      2) оттық есiгiнен бастап қарама-қарсы есiкке дейiнгi қашықтықты кемiнде 125 сантиметр етiп жасау қажет; егер қабырға немесе далда жанбайтын материалдан жасалған болса, онда есiкке қарсы ауданы оттық ойығының ауданынан екi есе артық болатын жылу шағылдырғыш экран орнату қажет;
      3) қабырға ойығында тас пеш орнату кезiнде пеш пен қабырға арасында 28 сантиметр саңылау жасау қажет. Осы аралыққа термо оқшаулағыш қабатын салып, кейiн оны қалыңдығы бiр кiрпiштей кiрпiш қабатымен бiтеу қажет;
      4) тастың сыртқы қабаты мен қабырға немесе жанбайтын материалдардан жасалған далда арасындағы кеңiстiк қабырғадағы немесе далдадағы жанбайтын материалдан жасалған қорғағыш қабатының құрылғысымен 26 сантиметрге тең етiп орындау қажет;
      5) кiрпiш түтiн құбырының сыртқы қабаты мен жанғыш жабын (тор, шатыр тiреуiшi) құрылымдары арасына жанбайтын оқшаулағыш материалмен толтырылған, қалыңдығы 13 сантиметрден кем емес саңылау қарастырылуы қажет;
      6) көмiрмен жанатын пештер үшiн асбест цементтi және металл түтiн құбырларын пайдалануға жол берiлмейдi.
      65. Жеке тұрғын үйлерде осы Қағидалардың 21-тарауының ережелерiне сәйкес құрғақ ыстық моншаның (хауыз) үй-жайларын орнатуға жол берiледi.

2-тарау. Саяжай кооперативтерiн, бау-бақша серiктестiктерiн, ауылдық елдi мекендердiң аумақтарын ұстау тәртiбi

      66. Автокөлiктiң бау-бақша серiктестiктерiне баратын жолдарында негiзгi магистральдан өту кезiнде, одан соң әрбiр бұрылыста немесе жол айрығында саяжай кооперативiнiң, бау-бақша серiктестiгiнiң атауы мен оларға дейiнгi қашықтығымен нұсқағыштар орнатылады.


      67. Саяжай кооперативтерiнiң, бау-бақша серiктестiктерiнiң, гараж кооперативтерiнiң, ашық тұрақтардың аумақтарына өту жолдарында «Өндiрiстiк объектiлердегi сигналдық түстерге, белгiлеулерге және қауiпсiздiк белгiлерiне қойылатын талаптар» техникалық регламентiне және құрылыс нормаларына сәйкес оларға салынған және уақытша ғимараттары мен құрылыстары, өту жолдары, кiреберiстер, өрт сөндiрушiлердiң өту жолдары, өртке қарсы сумен жабдықтау көздерiнiң орналасқан орны, өрт сөндiру құралдары, хабарлау және байланыс құралдары, өрт техникасы көрсетiлген схемалар iлiнедi.
      Схема дайындалған материал атмосфералық әсерге төзiмдi материалдан жасалады.
      68. Ауылдық елдi мекендердiң, саяжай кооперативтерiнiң, бау-бақша серiктестерiнiң аумағында:
      1) өрт шыққан жағдайда адамдарға хабарлау үшiн дыбыстық сигналдар (сирена, қоңырау, қоңыраулы рельс бөлiктерi) арнайы бұйымдар орнатылуы және өрт сөндiру мақсатында су қоры құрылуы қажет;
      2) жазғы маусымда әрбiр тұрғын үй ғимаратының жанында жиынтық су қоры кемiнде 200 литр сыйымдылық немесе өрт сөндiргiш болуы қажет;
      3) жанғыш қалдықтардың үйiндiлерiн ұйымдастыруға жол берiлмейдi. Пайдаға асырылмаған қалдықтар мен қоқыстарды тұрғын үй ғимараттары мен жатақханалардың, саяжай кооперативтерiнiң, бау-бақша серiктестiктерiнiң, гаражда және ашық алаңдардың аумақтарында (қоқыс өткiзгiшпен жабдықталмаған) арнайы жабдықталған орындарында жабылатын қақпақтары бар металл сыйымдылықтар орнатылады. Сыйымдылықтар бетондалған немесе асфальтталған алаңдарда ғимараттар мен құрылыстардан кемiнде 25 метр қашықтықта орнатылады.
      69. Саяжай кооперативтерi мен бау-бақша серiктестiктерiнде сыйымдылығы кемiнде 25 м3 өрт сөндiретiн су айдындарымен жабдықталады. Өрт сөндiретiн су айдындары қатпайтын сулармен жабдықталады.
      70. Жазғы маусымда әрбiр саяжай үйiнiң жанында жалпы сыйымдылығы кемiнде 200 литр суы бар сыйымдылықтар орнатылады.
      71. Өрт сөндiру мақсатына арналған су көздерiнiң жанында өрт сөндiретiн авариялық-құтқару автомобильдерi мен мотопомпаларын орналастыру үшiн алаңшалар (пирстер) жабдықталады.
      72. Саяжай кооперативiнiң, бау-бақша серiктестiгiнiң аумағында әр 20 учаскеге бiр қалқан есебiмен өрт қалқандары орнатылады.
      73. Су тегеурiнi мұнараларында, сондай-ақ жазғы уақытта пайдаланылатын су өткiзу жүйелерiнде (диаметрi 100 миллиметр және одан астам) әрбiр 120 метр сайын өрт шыққан жағдайда өрт техникасымен су алуға арналған бұйымдар қарастырылады. Бұл бұйымдар жарамды күйде ұсталады.
      74. Саяжай кооперативiнiң, бау-бақша серiктестiгiнiң күзетшiсiнiң қасында жақын орналасқан төтенше жағдайлар органының (бөлiмшесiнiң) екi телефон нөмiрi және нақты мекенжайы көрсетiлген тақтайша iлiнедi.
      75. Саяжайларды, бағбандық үйлердi ұзақ уақытқа жапқан кезде электр желiсi ток көзiнен ажыратылуы, газы бар баллондардың бұрамалары (клапандары) тығыз жабылады.
      76. Атқарушы органдар және орман пайдаланушылар орман алқаптарында орналасқан елдi мекендер үшiн өртке қарсы қорғағыш жолақтарды орнатуды, жапырақты шөптердi отырғызуды, жазғы маусымда құрғақ өсiмдiктерден тазартуды қамтамасыз етедi.
      77. Ауылдық жерлерде жеке тұрғын үйлердiң алдында (иелiктегi үйдiң есiктерi немесе қақпаларында) осы үй тұрғындарының өрт сөндiруге шығуға мiндеттi екендiгi көрсетiлген кестелер iлiнедi.
      78. Ауылдық жердегi тұрғын үй құрылыстары шатырға жететiн жалғамалы сатылармен, ал шатырда оның басына дейiн жететiн сатымен жабдықталады.
      79. Ауылдық елдi мекендердiң, блок-контейнерлiк ғимараттардың, саяжайлық және бағбандық ауылдардың аумақтары өрт болған жағдайда адамдарды хабардар етуге арналған дыбыстық дабыл қаққыш құралдармен және өрт сөндiру мақсатында су қорымен жабдықталады.
      80. Жазғы маусымда құрғақ, ыстық және желдi ауа-райында ауылдық елдi мекендер мен кәсiпорындарда, саяжайлық ауылдарда, бақшалық жерлерде от жағуға, белгiлi учаскелерде өрт қаупi бар жұмыстарды жүргiзуге, пеш, асханалық ошақ пен қатты отынмен жұмыс iстейтiн қазандық қондырғыларын жағуға жол берiлмейдi.
      81. Елдi мекендер мен жеке орналасқан объектiлер өртке қарсы қызметiне өрт туралы хабарлау үшiн жарамды телефон немесе радио байланысымен қамтамасыз етiледi.
      82. Тұрғын үйдiң мекен учаскелерiнде шөптердi жинау ғимаратқа және аула алдындағы құрылыстарға дейiн кемiнде 15 метр қашықтықта орындалады. Аталған қашықтықта шөптердi жинау мүмкiн болмаған жағдайда жинау орнын кемiнде 500 литр суы бар қосымша ыдыспен қамтамасыз еткен жағдайда қашықтықты 5 метрге дейiн қысқартуға болады.
      83. Мыналарға:
      1) қоралардың шатырларына және басқа шаруашылық құрылыстарына жинауға;
      2) электр жеткiзу желiлерiнiң астына жинауға;
      3) учаскенiң сыртқы қоршауынан кемiнде 3 метр қашықтықта;
      4) көшелерде, жолдарда, аулалық учаскелерден тыс шөп шошақтарын, шөмеле, маяларын, сабан және басқа да iрi жем-шөптi орналастыруға жол берiлмейдi.
      84. Жергiлiктi атқарушы органдар жергiлiктi жердiң климаттық жағдайларына байланысты үй жанындағы учаскелерге шөп кiргiзу кестесiн әзiрлейдi және оның орындалуына бақылауды ұйымдастырады.
      85. Iрi жемшөптердi тасымалдау пайдаланылған құбырлары радиатордың астынан шығарылған және ұшқын өшiргiштермен жабдықталған арнайы жабдықталған көлiк құралдарында жүзеге асырылады.
      86. Iрi жемшөптердi тасымалдауға арналған көлiк құралдары қосымша екi ұнтақты өрт сөндiргiшпен жабдықталады.
      87. Iрi жемшөптердi жинау биiктiгi жер деңгейiнен 4 метрден аспайтындай етiп орындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет