Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар


-тарау. Сыртқы қондырғыларды жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша жіктеу



бет5/25
Дата20.05.2022
өлшемі412.92 Kb.
#458276
түріРегламент
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
405 тех регламент

5-тарау. Сыртқы қондырғыларды жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша жіктеу

38. Сыртқы қондырғыларды өрт-жарылыс қауіптілігі және өрт қауіптілігі бойынша жіктеу өрттің алдын алуға және сыртқы қондырғыларда өрт пайда болған жағдайда адамдар мен мүлікті өртке қарсы қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған өрт қауіпсіздігі талаптарын белгілеу үшін қолданылады.


39. Сыртқы қондырғыларды өрт-жарылыс қауіптілігі және өрт қауіптілігі бойынша жіктеу күрделі құрылыс және қайта монтаждау объектілеріне арналған жобалық құжаттамада көрсетіледі, ал санаттарының белгісі қондырғыларда көрсетіледі.


40. Өрт-жарылыс қауіптілігі және өрт қауіптілігі бойынша сыртқы қондырғылар мынадай санаттарға бөлінеді:


1) АН (өрт-жарылыс қауіптілігі жоғары);


2) БН (өрт-жарылыс қауіптілігі);


3) ВН (өрт қауіптілігі);


4) ГН (өрт қауіптілігі орташа);


5) ДН (өрт қауіптілігі төмен).


Сыртқы қондырғылардың өрт-жарылыс қауіптілігі және өрт қауіптілігі санаттары қондырғылардағы жанғыш заттар мен материалдардың өрт қауіпті қасиеттеріне, олардың санына және технологиялық процестерінің ерекшеліктеріне сүйеніп анықталады.


41. Сыртқы қондырғылардың санаттарын анықтау аса жоғары қауіпті санаттардан (АН) аса төмен қауіпті (ДН) санаттарға тиістілігін жүйелі түрде тексеру арқылы жүзеге асырылады.


42. Өрт-жарылыс қауіптілігі мен өрт қауіптілігі бойынша сыртқы қондырғылардың санаттарын анықтау тәртібі осы Техникалық регламентке 16-қосымшаның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

6-тарау. Ғимараттарды, құрылыстарды және үй-жайларды өрт-жарылыс қауіптілігі және өрт қауіптілігі бойынша жіктеу

43. Ғимараттарды, құрылыстарды және үй-жайларды өрт-жарылыс қауіптілігі және өрт қауіптілігі бойынша жіктеу өрттің пайда болу қаупін жоюға және ғимараттар мен құрылыстарда өрт пайда болған жағдайда адамдар мен мүлікті өртке қарсы қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған өрт қауіпсіздігі талаптарын белгілеу үшін қолданылады.


44. Ғимараттарды, құрылыстарды және үй-жайларды өрт-жарылыс қауіптілігі және өрт қауіптілігі бойынша жіктеу олардың тиісті санатқа тиістілігін анықтауға негізделеді.


45. Өрт-жарылыс қауіптілігі және өрт қауіптілігі бойынша ғимараттардың, құрылыстардың және үй-жайлардың санаттары күрделі жөнделетін және қайта құрастырылатын объектілерге арналған жобалық құжаттамада көрсетіледі.


46. Функционалдық өрт қауіптілігі класы Ф5 үй-жайлар мен ғимараттар өрт-жарылыс қауіптілігі және өрт қауіптілігі бойынша мынадай санаттарға бөлінеді:


1) А (өрт-жарылыс қауіптілігі жоғары);


2) Б (өрт-жарылыс қауіптілігі);


3) В1 - В4 (өрт қауіптілігі);


4) Г (өрт қауіптілігі орташа);


5) Д (өрт қауіптілігі темен).


47. Өрт-жарылыс қауіптілігі және өрт қауіптілігі бойынша үй-жайлардың санаттары аппараттар мен үй-жайлардағы жанғыш заттар мен материалдардың түріне, олардың санына және технологиялық процестерінің сипаттамаларына сүйеніп анықталады.


48. Үй-жайлардың санаттарын аса жоғары қауіпті санаттардан (А) аса темен қауіпті (Д) санаттарға үй-жайдың тиістілігін жүйелі тексеру арқылы анықталады.


49. Өрт-жарылыс қауіптілігі және өрт қауіптілігі бойынша ғимараттардың, құрылыстардың санаттары осы ғимараттағы, құрылыстағы осы не басқа санатты қауіпті үй-жайлар үлесіне және оның жинақтық ауданына сүйеніп анықталады.


50. Өрт-жарылыс қауіптілігі мен өрт қауіптілігі бойынша ғимараттар мен үй-жайлардың санаттарын анықтау тәртібі мен әдісі осы Техникалық регламентке 16-қосымшаның талаптарына сәйкес келуі тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет