Өрт бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы



бет1/17
Дата03.01.2022
өлшемі64.27 Kb.
#450717
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Әкежан


Кіріспе
Өрт – бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы.

Ең күрделі, зиян тигізетін өрттер өртке қауіпті объектілерде және басқа да зақымдау факторлары (жарылыс, улы заттардың жиналуы т.б.) бар объектілерде болады. Сонымен бірге, адамдар көп шоғырланған жерлерде де өрт шығу қаупі бар.

Өрт оқиғасының туындауына алып келетін ең көп тараған себеп – отты пайдаланудағы абайсыздық. Сонымен қатар тілсіз жаудың құрбанына айналатын адам өміріне қауіп төндіретін бірқатар себептер – мас күйінде темекі шегу, тұрмыстық газ құралдарын, пешті, электр жабдықтары мен аспаптарын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы.

Мектептің өрт қауіптілігі ондағы үлкен мөлшердегі жанғыштық қабілеті бар заттар, әртүрлі тұтану көздерінің болуымен және өрттің таралу жолымен түсіндіріледі.

Мектептің қатты жанғыш материалдар мен заттар (бұйым, маталар, қағаз) және газдар мен сұйықтар жануы мүмкін. Тауарларды сату және сақтау кезінде өрт қауіпсіздігі ережесінің сақталмауы өрт шығудың жиі кездесетін себебі болып табылады.

Мектепте жану өнімдері және жалын көлдеңенінен таралуы мүмкін, тігінен есік, терезе, технологиялық ойықтар арқылы, баспалдақ бөлімі арқылы, желдету және басқа инженерлік комуникациялар арқылы. Материалдардың тез тұтануын және жалынның олармен тез таралуын күшейтеді. Түтін негізінен тігінен қарқынды дамиды, бұл дегеніміз жоғарғы қабаттардың жылдам түтінденетінің түсіндіреді.

Жеңіл тұтанатын және өрт қауіпті тауарлары бар (аэрозолді орамадағы парфюмериялар, синтетикалық материалдан және пластмасссадан жасалған бұйымдар, тұрмыстық химия тауарлары) сирек кездесетін бөлімдер мен секциялар ғимараттың төменгі қабатында эвакуациялық жолдар мен жерлерге жақын орналасқан бұл дегеніміз адамдарды құтқару және эвакуациялауға қиындық туғызады.

Мектепте өрт кезінде адам мерт болуы мүмкін, ол көп мөлшерде ғимаратқа адамдардың келуімен, бөлме құрылымдарының күрделілігі мен қозғалу бағыттарына байланысты, адамдардыкөшіруді ұйымдастырудың жетіспеушілігімен түсіндіріледі.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет