Өрт бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы


III. Өртті ауыздықтау кезіндегі МДҰ меңгерушісі мен өрт күзетінің бірлескен іс-әрекетінің тәртібі



бет14/17
Дата03.01.2022
өлшемі64.27 Kb.
#450717
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Әкежан

III. Өртті ауыздықтау кезіндегі МДҰ меңгерушісі мен өрт күзетінің бірлескен іс-әрекетінің тәртібі

1. Өрт немесе жану белгілерін байқаған кезде (түтіндеу, күйік иісі, температураның көтерілуі, т. б.) әрбір қызметкер бұл туралы 101 телефонына өрт күзетіне (бұл ретте объектінің мекенжайын, өрттің жанып жатқан (туындаған) жерін атап, сондай-ақ өзінің аты-жөнін айту керек) хабарлауға міндетті.

1.1. МДҰ-ғы балалар мен жұмыскерлерді көшіру бойынша барлық қолдан келетін шараларды қабылдау және өртті сөндіру мен материалдық құндылықтарды сақтауға кірісу керек.

2. Өрт орнына келген МДҰ басшысы:

2.1. Өрттің туындағаны туралы хабарламаны өрт күзетіне қайталап айтуға.

2.2. Жұмысқа өртке қарсы қорғаныстың автоматты жүйелерінің (адамдарды өрт туралы, өртті сөндіру, өртке қарсы қорғаныш туралы хабардар ету) қосылуын тексеруге.

2.3. Балалар мен қызметкерлердің өміріне қауіп төнген жағдайда қолда бар күш пен құралдарды пайдалана отырып, дереу оларды құтқаруды ұйымдастыруға.

2.4. Қажет жағдайда электр энергиясын (өртке қарсы қорғаныс жүйелерін қоспағанда) өшіріп, өрттің өршуі мен ғимараттағы үй-жайдың түтіндеуінің алдын алуға ықпал ететін іс-шараларды орындауға.

2.5. Өртті ауыздықтау жөніндегі іс-шаралармен байланысты жұмыстардан басқа барлық жұмыстарды тоқтатуға.

2.6. Өртті сөндірумен бір мезгілде көшіруді және материалдық құндылықтарды сақтауды ұйымдастыруға.

2.7. Өрт күзеті бөлімшелерін қарсы алуды ұйымдастыруға және машиналардың өрт ошағына кіруінің қысқа жолын таңдауда көмек көрсетуге.

2.8. Өрт сөндіру бөлімшесі келген кезде МДҰ басшысы өртті сөндіру басшысын ғимараттың құрылымдық ерекшеліктерімен, қабылданған шаралар мен өртті дұрыс ауыздықтауға қажетті басқа да мәліметтермен хабардар етуге, сондай-ақ объектінің күші мен құралдарын өртті жоюға әрі оның өршуінің алдын алуға байланысты қажетті шараларды жүзеге асыруға тартуды ұйымдастыруға міндетті.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет