Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызмет


Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні немесе тауарларды жеткізушіні таңдау жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттамаға



бет4/4
Дата05.07.2016
өлшемі424.57 Kb.
#180202
1   2   3   4

Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні немесе тауарларды жеткізушіні таңдау жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттамаға


6-қосымша нысан

Әлеуетті өнім берушінің қызметкерлерінің

біліктілігі туралы мәліметтер
(әлеуетті өнім беруші көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде толтырады)

1. Әлеуетті өнім берушінің атауы ________________________________

2. Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды
ұйымдастыру бойынша қызметті көрсету үшін ___________________________
(атауын, әлеуетті өнім берушінің тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) көрсету)

әлеуетті өнім берушіде қажетті штат қызметкерлері бар.

Қызметкерлердің жалпы саны ____ құрайды, оның ішінде растайтын
құжаттарының көшірмелері қоса берілген ____ аспазшы, ____ технолог,
____ диетолог және _____ басқа қызметкерлерді құрайды:


Қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Білімі (арнайы орта, техникалық және кәсіптік, жоғары)

және мамандығы

(диплом №)


Білімі (қысқа мерзімді курстар)

және біліктілігі

(куәлік №)


Атқаратын жұмысы

Мамандығы бойынша еңбек өтілі

Біліктілікті арттыру курстары туралы мәліметтер

Жұмыс істеуге рұқсат берілгендігі туралы мәліметтер (рұқсат беру туралы белгісі бар медициналық кітапшалардың көшірмелері)

1

2

3

4

5

6

7

Барлығы



















3. Растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып,
________________________________ соңғы бес жыл ішінде конкурста сатып
(әлеуеттi өнiм берушiнің атауын көрсету)

алынатын көрсетілетін қызметтерге ұқсас көрсеткен қызметтердің көлемі.




Көрсетiлген қызметтердiң атауы

Тапсырыс берушiлердiң атауы

Қызметтерді көрсету орны және жылы

1

2

3

4. Әлеуетті өнім беруші қызмет көрсету үшін ресурстардың бар екені
туралы қосымша мәліметтерді көрсетеді.

Бiлiктiлiгi туралы барлық мәлiметтердiң дұрыстығын растаймын.

Күні

Басшының қолы __________________________________________________



(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымын көрсету)

М.О.



Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні немесе тауарларды жеткізушіні таңдау жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттамаға


7-қосымша

Көрсетілетін қызмет берушіні таңдау өлшемшарттары







Өлшемшарттар

Балдар

1.

Конкурстың мәні болып табылатын қызмет көрсету нарығындағы жұмыс тәжірибесі

Әр жылға 2 балдан, бірақ 10 балдан аспайды

2.

Экологиялық менеджмент жүйесін қанағаттандыратын тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметке қолданылатын сәйкестік сертификатының бар болуы

Жоқ
(0 балл)

Бар
(1 балл)

3.

Тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметке қолданылатын менеджмент сапасы жүйесі сертификатының бар болуы

Жоқ
(0 балл)

Бар
(1 балл)

4.

Аспазшылардың біліктілігі (10 балдан аспайды)

Арнайы орта білім (білім туралы құжатын 2007 жылғы 27 шілдеге дейін алған жағдайда) немесе

техникалық және кәсіптік білім

3 разряд

(1 балл)



Арнайы орта білім (білім туралы құжатын 2007 жылғы 27 шілдеге дейін алған жағдайда) немесе

техникалық және кәсіптік білім

4 разряд

(2 балл)


Арнайы орта білім (білім туралы құжатын 2007 жылғы 27 шілдеге дейін алған жағдайда) немесе

техникалық және кәсіптік білім

5 разряд және (немесе) жоғары білім

(3 балл)


5.

Технологтың, диетологтың («Қоғамдық тамақтану технологы» мамандығы бойынша) болуы (2 балдан аспайды)

Жоқ
(0 балл)

Бір маман ғана бар
(1 балл)

Бар
(2 балл)

6.

«Қоғамдық тамақтану технологы» мамандығы бойынша технолог біліктілігі бар өндіріс меңгерушінің болуы (кемінде 1 балл)

Жоқ

(0 балл)


Бар

(1 балл)


7.

Шығарылатын өнімнің ассортименттік тізбесінің бар болуы

10-нан кем ас атауы
(1 балл)

10-нан 30-ға дейін ас атауы
(2 балл)

30-дан 50-ге дейін ас атауы
(3 балл)

8.

Азық-түлікті арнайы көлікпен жеткізу шарттары (кемінде 3 балл)

Жалдап алу, өтеусіз пайдалану, лизинг және басқа шарттар негізінде көліктің болуы

(2 балл)


Жеке көлігінің болуы
(3 балл)

9.

100% қызметкерде жұмысқа рұқсаты бар болуы (кемінде 1 балл)

Бір қызметкерде жоқ (0 балл)

Барлық қызметкерде бар

(1 балл)


10.

Отандық өндірушілерден сатып алынатын тамақ өнімдерінің көлемі (кемінде 3 балл)

85-тен 90 %-ға

өнімдер


(2 балл)

90 - нан 100% -ға дейін өнімдер (3 балл)

11.

Тамақ өнімдерінің жеке өндірісінің бар болуы (шаруа және ферма қожалығы, жылыжай, бақша шаруашылығы және басқалары) (кемінде 2 балл)

Жоқ

(0 балл)


Бар

(2 балл)



12.

Тамақты дайындаудың технологиялық картасының болуы (кемінде 1 балл)

Қолданылмайды (0 балл)

Қолданылады (1 балл)

13.

Қызметкерлердің арнайы киімдерінің және залалсыздандырушы құралдардың болуы (кемінде 2 балл)

Талап етілген көлемде

(1 балл)


Талап етілген көлемнен көп

(2 балл)


14.

Тағамдарды дайындау кезінде жеке қуатүнемдеуші жабдықтардың, көрсетілетін қызметтің тиісті сапасын қамтамасыз ететін өндірістік құрал-жабдықтардың болуы (кемінде 2 балл)

Жоқ

(0 балл)


Ішінара

(1 балл)



Толық көлемде бар

(2 балл)



15.

Тамақтандыруды ұйымдастыру мәселесі бойынша аспазшылардың біліктілігін көтеру туралы сертификаттың болуы (кемінде 1 балл)

Жоқ

(0 балл)



Бар

(1 балл)



16.

Өндірістік бақылау жоспарының болуы (кемінде 1 балл)

Жоқ

(0 балл)



Бар

(1 балл)



17.

Тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсеткен білім беру ұйымдары ата-аналар комитеті төрағаларының қолы, мектептер директорларының қолы қойылған және мөрімен бекітілген көрсетілетін қызмет берушіге ата-аналар тарапынан берілген сипаттамалардың болуы (кемінде 3 балл)

Жоқ

(0 балл)


Бар

(әр сипаттамаға 1 балдан, бірақ кемінде 3 балл)



18.

Әлеуетті өнім берушілердің конкурс өткізілетін тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың аумағында тіркелуінің бар болуы

Жоқ

(0 балл)


Бар

(3 балл)

Ескертпе: 1-тармақ бойынша конкурстың мәні жөнінде тәжірибе бұған дейін жасасқан шарттармен расталады, 4, 5-тармақтарда балл әр маман үшін қойылады, 10 және 13-тармақтар бойынша балл қою үшін алдыңғы жылы өндірілген өнімдер, арнайы киімдер және дезинфекциялық құралдарды сатып алу туралы жасасқан шарттардың деректері қолданылады, 14-тармақ бойынша жабдықтарға құқық белгілеуші құжаттарды ұсыну қажет (жабдық паспорты, төлем құжаттары және басқасы)

Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні немесе тауарларды жеткізушіні таңдау жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттамаға


9-қосымша

Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету немесе тауарлардың жеткізілімі туралы үлгілік шарт
Лисаков қ. «___» ____________ 2016 ж.

(Өткізілетін орын)

Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің «Октябрь орта мектебі» КММ  (Конкурсты ұйымдастырушының толық атауын көрсету) атынан, Директор Худенко Владимир Владимирович (лауазымы, басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) бір тараптан және бұдан әрі Өнім беруші деп аталатын_______________________атынан (өнім беруші – конкурс жеңімпазының толық атауы) _______________________(жеке кәсіпкерді тіркеу туралы куәлік, Жарғы және басқасы) негізінде әрекет ететін______________________________________________(лауазымы, басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) екінші тараптан, тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша 20___жылғы «___» _______ өткен көрсетілетін қызметтерді берушіні немесе тауарларды жеткізушіні таңдау жөніндегі конкурс қорытындылары туралы хаттама негізінде осы Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету немесе тауарлардың жеткізілімі туралы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты және мына төмендегілер туралы келісімге келді:

1. Өнім беруші (сомасы цифрлармен және жазумен көрсетілсін) мөлшердегі сомаға (бұдан әрі – Шарттың бағасы) білім беру ұйымында білім алушыларды, оның ішінде білім алушылардың жекелеген санаттарын тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметті немесе тауарларды Тапсырыс берушіге жеткізуді міндетіне алады.

2. Осы Шартта төменде көрсетілген ұғымдар мынадай түсіндірмені білдіретін болады:

1) дүлей күш (форс-мажор) – төтенше және тойтаруға болмайтын мән-жайлар (дүлей құбылыстар, соғыс қимылдары және басқалары). Ондай мән-жайларға, атап айтқанда, мiндеттеменi орындау үшiн қажеттi тауарлардың рынокта болмауы жатпайды;

2) «Көрсетілетін қызмет» – өндіріс процесі және тауарлар мен аспаздық өнімдерді өндіруді қосқанда орта білім беру ұйымдарының білім алушыларына сапалы және қауіпсіз тамақтандыруды ұсыну.

3) «Тапсырыс беруші» – орган немесе орта білім беру ұйымы.

4) «Тауар» – орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша тауар.

5) «Өнім беруші» – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда), Тапсырыс берушімен жасасқан шартта оның контрагенті ретінде әрекет ететін тұлға.

6) «Шарт» – Тапсырыс беруші мен Өнім беруші арасында Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жазбаша нысанда жазылған, тараптар оған барлық қосымшаларымен және толықтыруларымен бірге, сондай-ақ шартта сілтеме бар барлық құжаттамамен бірге қол қойған азаматтық-құқықтық акт;

7) «Шарттың бағасы» Тапсырыс беруші Шарттың шеңберінде Өнім берушіге өзінің шарттық міндеттемелерін толық орындағаны үшін төленуге тиіс соманы білдіреді;

Тараптар осы шарт бойынша міндеттемелерін толық немесе жартылай орындамаған жағдайда, егер ол дүлей күш нәтижесі болып табылса жауапкершілік артпайды.

3. Төменде көрсетілген құжаттар мен оларда айтылған жағдайлар, осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып саналады, атап айтқанда:

1) осы Шарт;

2) техникалық тапсырма;

3) Шарттың орындалуын қамтамасыз ету.

4. Өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етудi (банктік кепілдеме, кепілдік ақшалай жарна төлеу) Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қағиадаларында көзделген жағдайларда енгiзеді.

5. Өнім берушінің үшінші тұлғалардың тұтастай не Шартты қамтамасыз етуді орындау бөлігінде талап қою құқығының туындауына әкеп соғатын іс-қимыл жасауына жол берілмейді. Тапсырыс берушінің Өнім беруші енгізген Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді пайдалануына жол берілмейді.

6. Шарт тиісті қаржы жылына міндеттемелер бойынша бекітілген жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес бөлінген қаражат шегінде жасалады және шартты орындау кезінде өнім беруші тарапынан бұзушылықтар болмаған жағдайда көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін, бірақ кемінде екі рет ұзартылады.

7. Өнім беруші қызметті көрсетуді немесе тауарды жеткізуді, ал Тапсырыс беруші осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық тапсырмаға сәйкес білім беру ұйымдарында жекелеген санаттағы _____санда (балалар санын көрсету) білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметті немесе тауарды қабылдауды және төлеуді міндетіне алады.

Ақы төлеу нысаны аударым

(аударым, қолма-қол есеп айырысу) 

8. Төлеу мерзімі көрсетілген қызметтер актіне қол қоюдан 30 күнтізбелік күн ішінде.

9. Ақы төлеу алдындағы қажеттi құжаттар: шот-фактура, қабылдау-беру актiсi.

10. Өнім беруші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз қандай да болмасын адамға Шарттың мазмұнын немесе оның қандай да бір ережелерін, сондай-ақ Тапсырыс беруші немесе осы Шартты орындау үшін Өнім беруші тартқан персоналды қоспағанда, оның атынан басқа адам берген құжаттаманы немесе ақпаратты ашпауға тиіс. Көрсетілген ақпарат бұл персоналға құпия түрде және шарттық міндеттемелерді орындау үшін қажетті шамада берілуге тиіс. 

11. Өнім берушінің орта білім беру ұйымдарында жекелеген санаттағы білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілген қызметін немес тауарды төлеуді көрсетілетін қызметті іс жүзінде орындау бойынша осы Шарттың 8 тармақтарында көрсетілген нысанда және мерзімде жүргізіледі.

12. Біржолғы мектептік тамақтандырудың құны 459 теңгені құрайды.

13. Өнім берушімен қызметті көрсету Шартта белгіленген мерзімге сәйкес жүзеге асырылады.

14. Өнім беруші тарапынан қызметті орындауды кешіктіру Шартты орындауды қамтамасыз етуді ұстап, қызметті уақытылы орындамағаны немесе заңнамада қарастырылған басқа шаралар үшін тұрақсыздық айыбын төлеп Тапсырыс берушімен Шартты бұзуына негіз болып табылады.

15. Егер Өнім беруші Шартта көзделген мерзімде қызметтерді көрсетпесе, Тапсырыс беруші шарт шеңберінде әрбір мерзімі өткен күн үшін Шарттың бағасынан 0,1 % соманы тұрақсыздық айыбы түрінде шегеріп тастайды.

16.  Шарт талаптарын бұзғаны үшін Тапсырыс беруші Өнім берушіге міндеттемелерді орындамағаны туралы жазбаша хабарлама жібере отырып:

1) егер Өнім беруші қызмет бөлігін немесе барлығын Шартта көзделген мерзімде (дерде) немесе Тапсырыс беруші берген осы Шартты ұзарту кезеңі ішінде бере алмаса;

2) егер Өнім беруші Шарт бойынша қандай да болмасын басқа да өзінің міндеттемелерін орындай алмаса осы Шартты бұзады.

17. Дүлей күш жағдайлары туындаған кезде Өнім беруші Тапсырыс берушіге бір жұмыс күн ішінде мұндай жағдайлар мен олардың себептері туралы жазбаша хабарлама жібереді. Егер Тапсырыс берушіден өзгеше жазбаша нұсқаулықтар түспесе, Өнім беруші Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындауды жалғастырады және дүлей күшке байланысты емес Шартты орындаудың баламалы тәсілдерін іздеуді жүргізеді.

18. Өнім беруші, осы Шарттың 17-тармағының талаптарын орындаған жағдайда егер Шартты орындауды кешіктіру дүлей күш нәтижесі болса, өзінің Шартты орындауды қамтамасыз етуден айырылмайды және Шарттың талаптарын орындамауына орай тұрақсыздық айыбын төлеуге немесе оны бұзуға жауапкершілік жүктемейді.

19. Тапсырыс беруші, егер Өнім беруші төлеуге қабілетсіз болса немесе Жосықсыз әлеуетті өнім берушілердің тізіліміне енсе, Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, кез келген уақытта Шартты бұза алады. Бұл жағдайда бұзу тез арада жүзеге асады  және Тапсырыс беруші, егер Шартты бұзу залал келтірмесе немесе іс-әрекеттерді жасауға қандай да болмасын құқықтарды қозғамаса немесе Тапсырыс берушіге қойылған немесе соңынан қойылатын санкцияларды қолданатын жағдайда Өнім берушіге қатысты ешқандай қаржылық міндеттемелер жүктемейді.

20. Тапсырыс беруші Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, оның бұдан әрі орындалуының орынсыздығына орай кез келген уақытта Шартты бұза алады. Хабарламада Шартты бұзудың себебі көрсетіледі, күші жойылған шарттық міндеттемелердің көлемі, сондай-ақ Шарттың бұзылуы күшіне енген күні көрсетіледі.

Ас әзірлейтін бөлік қызметкерлері конкурс кезеңінде ұсынылған қызметкерлеріне сәйкес келмесе Шартты бұзудың негізі болады.

21. Жоғарыда көрсетілген жағдаяттар негізінде Шарт жойылған кезде, Өнім беруші Шарт бойынша бұзуға байланысты оны бұзатын күні іс жүзіндегі шығындар үшін ғана ақы төленеді.

22. Тапсырыс беруші мен Өнім беруші тікелей келіссөздер процесінде олардың арасында Шарт бойынша немесе оған байланысты туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды шешуге бар күш-жігерін жұмсайды.

23. Егер осындай келіссөздер басталғаннан кейін 21 (жиырма бір) күн ішінде Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша дауды шеше алмаса, тараптардың кез келгені осы мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәселені шешеді.

24. Шарт мемлекеттік және орыс тiлдерiнде жасалады.

25. Шартқа сәйкес тараптардың бірі екінші тарапқа жіберетін кез келген хабарлама, кейін түпнұсқасын бере отырып, хат, жеделхат, телекс немесе факс түрінде жіберіледі.

26. Хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе күшіне ену көрсетілген күні (егер хабарламада көрсетілсе), бұл күндердің қайсысы кеш болатындығына байланысты күшіне енеді.

27. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес төленуге тиіс.

28. Осы Шартта Тапсырыс беруші мен Өнім беруші белгіленген тәртіппен келісілген өзге де айыппұл санкциялары немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де шарттар көзделуі мүмкін.

29. Осы Шарт Тапсырыс беруші оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық тіркеуден өткізгеннен кейін және Өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізгеннен кейін күшіне енеді. 

30. Осы Үлгі шарт орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметті көрсетуді немесе тауарларды сатып алуды Тапсырыс беруші жүзеге асыру процесінде Тапсырыс беруші мен Өнім беруші арасында туындайтын құқықтық қатынастарды реттейді.

Осы Шартқа енгізілетін кез келген өзгерістер мен толықтырулар Тапсырыс берушінің конкурстық құжаттамасына, Өнім берушінің конкурстық өтініміне және Конкурс қорытындылары туралы хаттамаға сәйкес келуі тиіс.

Егер тегін тамақтандыруды алуға құқығы бар білім алушылардың саны өзгерген жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы (тапсырыс беруші) Шартқа тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.».

31. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері:


Тапсырыс беруші

______________________________

(толық атауы)


Өнім беруші

____________________________ (толық атауы)


______________________________

(мекен-жайы)



______________________________

(мекен-жайы)



_________________________________

(телефоны, факс)



_________________________________

(телефоны, факс)


________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))


_______________________________

(қолы)


_______________________________

(қолы)


«___»_____________________ ____ж.

М.О.


«___»_____________________ ____ж.

М.О.


Аумақтық қазынашылық органында тіркеу күні ____________________ 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет