Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды
тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша
көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерді
таңдау жөніндегі конкурстық құжаттамаға
1-қосымша
Бекітемін
Колледж директоры
_________________
А.П. Самойленко
Колледж оқушыларының ыстық тамақтандыруын ұйымдастыру бойынша жеткізуші қызметін таңдау бойынша байқау құжаттамалары
Байқауды ұйымдастырушы:
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының
«Риддер аграрлық техникалық колледжі»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Шығыс Қазақстан облысы, 071302, Риддер қаласы
Островский көшесі, 65
БСН 990340004314
ЖСК KZ 13319B010000333429
«БТА Банк» АҚ
Өскемен қаласы
БСК ABKZKZKX
Электронды мекенжай: RATK_RIDDER@mail
Ресми сайт: http://ratkridder.kz
1. Жалпы ережелер
1. Орта білім беру ұйымында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет) алушылардың жалпы саны күндізгі оқу бөлімі контингетінен 740 адамды, сырттай оқу бөлімі контингентінен 385 адамды құрады, оның ішінде жекелеген санаттағы білім алушылар саны 25.
Бюджет қаражаты есебінен 25 оқушыны ыстық тамақтандыруды ұйымдастыруға бөлінетін сома 2014 жылдың 5 қарашасынан бастап 2014 жылдың 31 желтоқсанына дейін және оны қоса алғанда ҚҚСсыз 954750 (тоғыз жүз елу төрт мың жеті жүз елу) теңгені құрады.
Бір оқушыны тамақтандырудың құны байқауды ұйымдастырушының белгіленген құннан аспайды.
2. Осы байқау құжаттамасы:
1) осы Үлгілік байқау құжаттамасының 1-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметтерді алушылар санаттарының тізбесінен;
2) осы Үлгілік байқау құжаттамасының 2-қосымшасына сәйкес техникалық тапсырмадан;
3) осы Үлгілік байқау құжаттамасының 3,4-қосымшаларына сәйкес жеке және заңды тұлғалар үшін байқауға қатысуға өтінімнен;
4) осы Үлгілік байқау құжаттамасының 5-қосымшасына сәйкес әлеуетті жеткізушінің біліктілігі туралы мәліметтерден;
5) осы Үлгілік байқау құжаттамасының 6-қосымшасына сәйкес неғұрлым сапалы қызмет көрсетуді ұсынатын байқау жеңімпазын анықтау үшін өлшемдер тізбесінен тұрады.
3. Байқауға қатысуға тілек білдірген әлеуетті жеткізуші байқауға қатысуға өтінішпен қоса бюджет қаражаты есебінен орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын тегін тамақтандырумен қамтамасыз етуге бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде келесі түрде байқауға қатысуға өтінім қамтамасыз етуді:
1) байқауды ұйымдастырушының банктік есепшотына әлеуетті жеткізушілердің өтінімдерді ұсыну күнінің соңына дейін орналастырған кепілдік ақша жарнасы нысанында:
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Риддер аграрлық техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы
Островский көшесі 65
БСН 990340004314
ЖСК KZ13319B010000333429
«БТА Банк» АҚ
Өскемен қаласы
БСК ABKZKZKX
2) осы байқау құжаттамасының 7-қосымшасына сәйкес банктік кепілдік нысанында енгізеді. Оның түпнұсқасы әлеуетті жеткізушілердің өтінімдерді ұсынудың соңғы күніне дейін байқауды ұйымдастырушыға ұсынылуы тиіс.
2. Әлеуетті жеткізушілерді байқау туралы хабардар ету
4. Байқауды ұйымдастырушы байқау құжаттамасы бекітілген күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде, бірақ әлеуетті жеткізушілердің өтiнiмдерді ұсынудың соңғы күніне дейін жиырма күнтізбелік күннен кешіктірмей әлеуетті жеткізушілерді Орта білім беру ұйымдарында оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетуші жеткізушілерді таңдау ережелерінің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша байқау туралы хабарландыруды интернет-ресурсқа орналастыру арқылы хабардар етеді.
5. Байқау құжаттамаларының көшірмелері интернет-ресурсқа орналастырылады және әлеуетті жеткізушілерге қағаз түрінде ұсынылады.
6. Байқау комиссияның хатшысы байқау қатысушыларына қағаз түріндегі байқау құжаттамасының көшірмелерін қол қойғызып береді және байқау құжаттамаларының көшірмесін алған тұлғаларды тіркеу журналына деректерді енгізеді.
7. Тұлғаларды тіркеу журналында байқау атауы мен өткізу мерзімі, әлеуетті жеткізушінің не заңды тұлға өкілінің аты-жөні, жеке куәлігінің нөмірі, орналасқан жері мен байланыс телефондары, байқау құжаттамаларының көшірмелерін алу уақыты мен күні көрсетіледі.
8. Тұлғаларды тіркеу журналы тігіледі, беттері нөмірленеді, соңғы парағы байқауды ұйымдастырушының мөрімен бекітіледі.
3. Байқауға қатысуға байқау өтінімін ресімдеу
9. Байқауға қатысуға өтінім:
1) осы Үлгілік байқау құжаттамасының 3,4-қосымшаларына сәйкес әлеуетті жеткізушінің қолы қойылған және мөрімен куәландырылған мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған өтінімнен;
2) байқау құжаттамасының талаптарына сәйкес әлеуетті жеткізуші құжаттарының тізбесінен тұрады:
заңды тұлғалар үшін құқықтық қабілеттілігін (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі немесе анықтама, белгіленген заңнамалық тәртіпте бекітілген жарғы көшірмесі), жеке тұлғалар үшін – азаматтық қабілеттілігін (кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжат, жеке куәліктің көшірмесі) растайтын нотариалдық куәландырылған құжаттарды;
осы Үлгілік байқау құжаттамаларының 8-қосымшасына сәйкес Қазақстан Респубикасының Ұлттық Банк басқаруының қаулысымен бекітілген екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгілік жоспарына сәйкес банк немесе банк бөлімшесінің алдында анықтаманы беру күнінен бұрын ұзақтығы 3 айдан артық әлеуетті жеткізушінің міндеттемелердің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен қарыздарының жоқтығы туралы әлеуетті жеткізушінің қызметті пайдаланушы банктен немесе банк бөлімшесінен банктің (банк бөлімшесінің) бірінші басшысының немесе оның орынбасарының қолы және банк мөрі қойылған анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуетті жеткізуші екінші деңгейлі бірнеше банктің немесе бөлімшелердің, сонымен қатар шетел банкінің клиенті болса, онда ол осындай банктердің әрқайсысынан осы анықтаманы ұсынады). Анықтама байқау өтінімдері салынған конвертті ашу күнінен бір айдан кешіктірілмей алынуы тиіс.
байқау өтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан кешіктірмей алынған үш айдан астам уақытта салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және жинақтаушы зейнетақы қорларына әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екені туралы (төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда) салық органы басшысының не орынбасарының қолы қойылып, мөрімен бекітілген немесе e-gov «электрондық үкіметі» порталы арқылы алынған салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы;
бар болған жағдайда ҚҚС (қосылған құн салығы) бойынша есепке қою туралы куәліктің көшірмесі;
осы Үлгілік байқау құжаттамасының 7-қосымшасына сәйкес банктік кепілдік немесе кепілдік берілген ақшалай жарна түрінде байқауға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді растайтын құжаттың түпнұсқасы;
осы Үлгілік байқау құжаттамасының 2-қосымшасына сәйкес көрсетiлетiн қызметтердiң сапалық және сандық сипаттамалары айқындалған техникалық тапсырма. Техникалық тапсырмада міндетті тәртіпте оқушыларды сапалы, теңгерімделген және қауіпсіз тамақтандыруды қамтамасыз ету үшін талап етілетін болашақ мәзір көрсетіледі;
осы Үлгілік байқау құжаттамасының 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қызметкерлердің біліктілігі туралы мәліметтер.
4. Байқауға қатысуға өтінім беру тәртібі
10. Байқауға қатысуға өтінімдерді байқауға қатысушылар байқауды ұйымдастырушыға қолма-қол немесе пошта байланысын пайдалана отырып келесі мекенжай бойынша ұсынады:
Шығыс Қазақстан облысы, 071302, Риддер қаласы, Островский көшесі 61, жатақхана ғимараты, 1 қабат, №305 кабинет.
Сенбі мен жексенбіден басқа жұмыс күндері, сағат 8.00-ден 16 сағат 40 минутқа дейін.
Байқау комиссиясының хатшысы: Надежда Владимировна Полторанина
Телефон 8 72336 57-097, ұялы 8 777 331 22 78
Электронды пошта: Poltoraninanv@mail.ru
2014 жылғы 15 қыркүйек күні сағат 8.00-ден бастап 2014 жылғы 6 қыркүйек күні сағат 10.00-ге дейін.
2014 жылдың 6 кыркүйегі сағат 10.00-ден кейін қолма-қол немесе пошта байланысы арқылы ұсынылған өтінімдер қабылданбайды.
11. Байқау комиссияның хатшысы өтінімдері бар конверттерді қабылдайды және өтінімдерді тіркеу журналына байқауға қатысуға өтінім берген әлеуетті жеткізушілер туралы мәліметтерді енгізеді.
12. Байқауға қатысуға өтінімдерді тіркеу журналында өткізу мерзімі, байқау ұйымдастырушы, әлеуетті жеткізуші, атауы мен пошчта мекенжайы, ЖСН, жеке куәлігі, өтінімді тіркеу күні мен уақыты жөнінде мәліметтер көрсетіледі.
Көрсетілген журналға бас тарту себебін көрсетумен өтінімдерін тіркеуден бас тартылған әлеуетті жеткізушілер туралы мәліметтер енгізіледі.
Байқауға қатысуға өтінімдерді тіркеу журналы байқау құжаттамаларының көшірмелерін алған тұлғаларды тіркеу журналына ұқсас ресімделеді.
13. Байқау ұйымдастырушы белгіленген мерзім өткеннен кейін ұсынылған өтінімдер тіркелуге жатпайды және әлеуетті жеткізушіге қайтарылады.
5. Байқау өтінімдері бар конверттерді байқау комиссияның ашуы
14. Байқауға қатысуға өтінімдері бар конверттерді ашу 2014 жылы 6 қазанда 10 сағат 05 минутта байқау комиссиясы мүшелерінің қатысуымен Риддер қаласы, Островский көшесі, 61 мекенжайында орналасқан колледж жатақханасының ғимаратында, 1 қабат, №305 кабинетте байқау комиссиясымен жүргізіледі.
15. Байқау комиссиясының төрағасы қатысушыларға байқау комиссияның құрамы, белгіленген мерзімде байқауға қатысуға өтінімді ұсынған әлеуетті жеткізулердің саны туралы хабарлайды.
16. Комиссия хатшысы байқауға қатысуға өтінімді ұсынған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген мәліметтерді жариялайды және әлеуетті жеткізушілердің байқауына қатысуға өтінімдері бар конверттерді ашады.
17. Байқау ұйымдастырушысының хабарландыруында белгіленген мерзімде ұсынылған байқауға қатысуға өтінімдері бар конверттер ашылуға жатады.
18. Конверттерді ашу хаттамасы Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерді таңдау ережелерінің 3-қосымшасына сәйкес ресімделеді, оған байқау комиссиясының мүшелері әрбір парағына және соңына қолдарын қояды және әлеуетті жеткізушілердің өтінімдері бар конверттер ашылған күннен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірмей интернет-ресурста орналастырылады.
6. Байқау өтінімдерін қарау
19. Комиссия өтінімдері бар конверттер ашылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ағымында байқауға қатысуға рұқсат беру үшін өтінімдерді толықтығына және байқау құжаттамасына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.
20. Байқау құжаттамасының талаптарына сәйкес келмейтін байқауға қатысуға өтінімдер ұсынған әлеуетті жеткізушілер байқауға жіберілмейді.
21. Байқау комиссиясы байқау құжаттамасының талаптарына сәйкес келетін әлеуетті жеткізушілерді айқындайды және оларды байқау қатысушылары ретінде таниды.
22. Отырыс байқауға рұқсат беру туралы хаттамамен ресімделеді, оның әрбір парағына және соңына байқау комиссиясының барлық мүшелері қол қояды.
23. Комиссия Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерді таңдау ережелерінің 4-қосымшасына сәйкес өзінің шешімін байқауға рұқсат беру хаттамасымен ресімдейді.
Қол қойылған байқауға рұқсат беру хаттамасы комиссия отырысы өткен күннен бастап күнтізбелік екі күннен кешіктірілмей интернет-ресурста орналастырылады.
24. Байқауды ұйымдастырушы неғұрлым сапалы көрсетілетін қызметті ұсынатын байқау жеңімпазын анықтау үшін жеткізушіні таңдау өлшемдері ескеріледі.
25. Комиссия байқауға қатысуға рұқсат беру хаттамасы жарияланған сәттен бастап күнтізбелік екі күн ағымында осы Үлгілік байқау құжаттамасының 6-қосымшасына сай өлшемдерге сәйкес жеңімпазды анықтау үшін рұқсат берілген әлеуетті жеткізушілердің өтінімдерін бағалайды және салыстырады.
26. Байқау комиссияның өтінімді байқау құжаттамасының талаптарына сәйкестендіруге байланысты әрекетіне жол берілмейді.
Өтінімді сәйкестендіру деп байқау комиссияның өтінімді жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, құжаттарды алмастыруға, тиісті түрде ресімделмеген құжаттарды түзетуге бағытталған әрекеттері түсініледі.
27. Әлеуетті жеткізушінің техникалық тапсырмасы байқау құжаттамаларында көрсетілген техникалық тапсырмаға сәйкес келмеуі рұқсат, неғұрлым үздік сиааттамалары бар қызмет көрсетулерді ұсынған жағдай беріледі.
28. Барынша көп балл жинаған және басқа әлеуетті жеткізушілермен салыстырғанда міндеттемелерді орындаудың неғұрлым жақсы шарттарын ұсынған әлеуетті жеткізуші байқау жеңімпазы болып танылады.
Егер байқауда байқау құжаттамаларының талаптарына сәйкес және Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерді таңдау ережелерінің талаптарына жауап беретін өтінімді ұсынған бір әлеуетті жеткізуші қатысқан жағдайда, ол байқау жеңімпазы болып танылады.
29. Байқау комиссиясының төрағасы, ол болмаған жағдайда төраға орынбасары байқау комиссиясының отырысына қатысып отырған тұлғаларға байқау нәтижелері мен жеңімпазын жариялайды.
30. Байқау қорытындылары туралы хаттама Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерді таңдау ережелерінің 5-қосымшасына сәйкес ресімделеді, оған комиссия мүшелері әрбір парағына және соңына қолдарын қояды.
31. Байқау ұйымдастырушысы байқау қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ағымында байқау қорытындылары туралы хаттаманы интернет-ресурста орналастырады.
32. Байқауға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету әлеуетті жеткізушімен ол байқау жеңімпазы ретінде анықталған жағдайда шарт жасасудың және шартты орындаудың қамтамасыз етуін енгізудің кепілі ретінде енгізеді.
33. Байқауға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету әлеуетті жеткізушімен байқауға бөлінген соманың бір пайыз мөлшерінде енгізіледі.
34. Әлеуетті жеткізуші осы Үлгілік байқау құжаттамасының 7-қосымшасына сәйкес банктік кепілдік немесе байқауды ұйымдастырушының банк шотына енгізілетін кепілдік ақша жарнасы түрінде байқау өтініміне қамтамасыз етуді енгізеді.
35. Өтінімді қамтамасыз етудің әрекет ету мерзімі – конкурс өтінімінің әрекет ету мерзімінен кем емес.
36. Қамтамасыз етуі жоқ байқауға қатысуға өтінімдер байқау комиссиямен қабылданбайды.
37. Әлеуетті жеткізушімен байқауға қатысуға өтінімнің оның әрекет ету мерзімінің аяқталуына дейін енгізілген кепілдік ақша жарнасына тұтастай немесе бөлігіне үшінші тұлғалардың талап ету құқығы пайда болуға әкеп соғатын әрекеттерді жасауға жол берілмейді.
38. Байқауға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету келесі жағдайларда байқауды ұйымдастырушымен қайтарылмайды:
1) әлеуетті жеткізуші байқау жеңімпазы атанғаннан кейін қызмет көрсету туралы шартты жасаудан жалтарды;
2) байқау жеңімпазы шарт жасағаннан кейін, шартты орындауды қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімі туралы байқау құжаттамаларымен белгіленген талаптарды орындамады немесе уақытында орындамады;
39. Байқауды ұйымдастырушы әлеуетті жеткізушіге өзі енгізген байқауға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі басталған күннен бастап күнтізбелік үш күн ағымында қайтарып береді:
1) байқауға қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылуы. Көрсетілген жағдай байқауға қатысуға рұқсат берілген әлеуетті жеткізушілерге қолданылмайды;
2) байқау қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылуы. Көрсетілген жағдай байқау жеңімпазы болып анықталған байқау қатысушысына қолданылмайды;
3) шарттың күшіне енуі және байқау жеңімпазының шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуі.
Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды
тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша
көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерді
таңдау жөніндегі конкурстық құжаттамаға
1-қосымша
Қызметті алушылар санатының тізімі
колледж оқушыларының 3 рет ыстық тамақтануын ұйымдастыру бойынша қызметтерді сатып алуға байқау
Ұйымдастырушы – Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Риддер аграрлық техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
№
|
Байқауды ұйымдастырушының атауы
|
Білім беру ұйымында қызметті алушылардың жалпы саны
|
Олардың ішінде бюджеттік қаражат есебінен тегін тамақтанумен қамтылатын оқушылар
|
Қызметтерді көрсету мерзімі
|
Қызметтерді көрсету орны
|
Бюджет қаражаты есебінен оқушыларды тегін тамақтанумен қамтамасыз ету үшін бөлінген сома, ҚҚСсыз теңге
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1
|
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Риддер аграрлық техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
|
Күндізгі оқу бөлімі оқушыларының контингенті – 740 адам
Сырттай оқу бөлімі оқушыларының контингенті – 385 адам
|
25 адам
|
2014 жылдың 5 қарашасынан бастап 2014 жылдың 31 желтоқсанына дейін
|
Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы, Островский көшесі 65
Асхана
|
2014 жылдың 5 қарашасынан бастап 2014 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі мерзімге 25 адамға сома, ҚҚСсыз 954750 теңгені құрады
|
Директор __________________ А.П. Самойленко
Бас есепші __________________ А.В. Сохарева
Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды
тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша
көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерді
таңдау жөніндегі конкурстық құжаттамаға
2-қосымша
Колледж оқушыларының тамақтануын ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетуді жеткізушіні таңдау бойынша байқау құжаттамаларына техникалық тапсырма
-
Жеткізуші колледж асханасының негізінде күніне 3 рет, аптасына 7 күн, 2014 жылдың 5 қарашасынан бастап 2014 жылдың 31 желтоқсанына дейін және оны қоса алғанда оқушылардың ыстық тамақтануын ұйымдастыру және қамтамасыз ету бойынша қызметтерді ұсынады.
Таңертеңгі ас: 7-00-ден 7-30-ға дейін; түскі ас: 11-10-нан 11-50-ге дейін; кешкі ас: 16-30-дан 17-00-ге дейін.
-
Көрсетілетін қызметтердің сапасы СанЕжН талаптарына сәйкес болуы тиіс.
-
Жеткізуші калькуляциясы жіктелген, белгіленген тәртіпте келісілген және бекітілген 10 күнге мәзірді ұсынады.
-
Жеткізуші мемлекеттік мүлік басқармасының органымен шарт бойынша жалпы ауданы 581,8 м2 асхана бөлмелерін және ас дайындауға арналған жабдықтарды жалға алуға қабылдайды.
-
Жұмысқа Жеткізушімен өтінімде көрсетілген мамандарға ғана рұқсат беріледі (Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерді таңдау жөніндегі конкурстық құжаттамаға 6-қосымша)
-
Тамақтандыруды ұйымдастыру үшін жетіспейтін жабдықтарды, мүлікті, ыдыс-аяқты, жуу құралдарын және басқа да СанЕжН талаптарына сәйкес қажетті заттарды өзі сатып алады.
-
Жеткізуші азық-түлікті әрекетті санитарлық-эпидемиологиялық рұқсаты бар көлікпен жеткізуді жүргізуі тиіс.
-
Жеткізуші өз есебінен өз қызметкерлерінің медициналық тексеруден санитарлық кітапшада белгілеумен уақытында өтуін ұйымдастырады.
-
Сатып алынатын азық-түліктің сапасы сертификаттармен расталуы тиіс.
-
Жеткізуші өндірістік үдеріске және СанЕжН талаптарының орындалуына тексеруді жүргізу үшін Тапсырыс берушінің уәкілетті тұлғаларының, Тұтынушылардың құқығын қорғау бойынша департамент қызметкерлерінің, тексеру органдарының еш кедергісіз кіруін қамтамасыз етеді.
-
Төлем шот-фактураның және тараптардың қолы қойылған өткен айдағы орындалған қызметтердің актісі негізінде бюжеттік қаражаттардың түсуіне қарай жүргізіледі.
Директор __________________ А.П. Самойленко
Бас есепші __________________ А.В. Сохарева
Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды
тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша
көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерді
таңдау жөніндегі конкурстық құжаттамаға
3-қосымша
Байқауға қатысуға өтінім
(заңды тұлға үшін)
Кімге ________________________________________________________________________
(байқау ұйымдастырушысының атауы)
Кімнен _______________________________________________________________________
(әлеуетті жеткізушінің толық атауы)
1. Байқауға қатысуға үміткер, әлеуетті жеткізуші туралы мәлімет
Әлеуетті жеткізушінің заңды, пошталық мекенжайы және байланыс телефоны
|
|
Заңды тұлғаның банктік деректемелері (БСН, БСК), сонымен қатар заңды тұлға қызметтерін пайдаланатын банктің немесе оның бөлімшесінің толық атауы және мекенжайы
|
|
Заңды тұлға бірінші басшысының аты-жөні
|
|
2. ___________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)
байқау құжаттамасымен қарастырылған талаптар мен шарттарға сәйкес әлеуетті жеткізуші ретінде байқауға қатысуға
_____________________________________________________________________________
(байқаудың толық атауы)
және
_____________________________________________________________________________
(қажеттісін көрсету)
қызметтерді көрсетуді жүзеге асыруға осы өтініммен білдіреді.
3. ___________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)
осы өтініммен заңнамамен қарастырылған бұзушылықтардың жоқтығын растайды.
4. ___________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)
байқау құжаттамасымен танысқандығын және байқау ұйымдастырушысы мен байқау комиссиясына өзінің құқыққа қабілеттілігі, біліктілігі,
_____________________________________________________________________________
(қажеттісін көрсету)
көрсетілетін қызметтің сапалық және басқа сипаттамалары туралы сенімсіз мәліметтерді ұсынуға, сонымен қатар Қазақстан Республикасының әрекеттегі заңнамасымен қарастырылған басқа да шектеулерге жауапкершілік туралы хабардар екендігін растайды.
_____________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)
байқауға қатысуға осы өтінімде және оған қосып берілетін құжаттарда осындай сенімсіз мәліметтерді ұсынғандығына толық жауапкершілікті өзіне қабылдайды.
5. Осы байқауға өтінім ______ күн ағымында әрекетті болады.
6. (Заңды тұлғаның атауы) байқау жеңімпазы ретінде танылған жағдайда, шарттың жалпы сомасының үш пайызын құрайтын соманы шартты орындауды қамтамасыз ету ретінде енгізуге міндеттенеміз.
7. Байқауға қатысуға өтінім екеу ара міндетті шарттың рөлін орындайды.
Күні
Басшының қолы _____________________________________________________ МО
(аты-жөнін, қызметін көрсету)
Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды
тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша
көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерді
таңдау жөніндегі конкурстық құжаттамаға
4-қосымша
Байқауға қатысуға өтінім
(жеке тұлға үшін)
Кімге ________________________________________________________________________
(байқау ұйымдастырушысының атауы)
Кімнен _______________________________________________________________________
(әлеуетті жеткізушінің толық атауы)
1. Байқауға қатысуға үміткер, жеке тұлға туралы мәлімет (әлеуетті үміткер):
Жеке тұлғасын куәландыратын құжатқа сәйкес жеке тұлғаның – әлеуетті жеткізушінің аты-жөні
|
|
Жеке тұлғаның - әлеуетті жеткізушінің жеке тұлғасын куәландыратын құжаттың деректері (№, кіммен берілді)
|
|
Жеке тұлғаның- әлеуетті жеткізушінің тіркелген мекенжайы
|
|
Жеке тұлғаның – әлеуетті жеткізушінің нақты тұратын орынының мекенжайы
|
|
Тіркеу туралы куәліктің, патенттің немесе басқа кезкелген Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес байқау мәніне сай кәсіпкерлік қызметпен айналасуға құқық беретін құжаттың нөмірі
|
|
Жеке тұлғаның – әлеуетті жеткізушінің банктік деректемелері (ЖСН, БСК, ЖСК), жеке тұлғаның қызметін пайдаланатын банктің немесе оның бөлімшесінің толық атауы және мекенжайы
|
|
Жеке тұлғаның – әлеуетті жеткізушінің байланыс телефондары, пошталық және электронды поштаның (болған жағдайда) мекенжайы
|
|
2. ___________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның аты-жөні)
байқау құжаттамасымен қарастырылған талаптар мен шарттарға сәйкес әлеуетті жеткізуші ретінде байқауға қатысуға
_____________________________________________________________________________
(байқаудың толық атауы)
және
_____________________________________________________________________________
(қажеттісін көрсету)
қызметтерді көрсетуді жүзеге асыруға осы өтініммен білдіреді.
3. ___________________________________________________________________________
(әлеуетті жеткізушінің толық атауы)
осы өтініммен заңнамамен қарастырылған бұзушылықтардың жоқтығын растайды.
4. ___________________________________________________________________________
(әлеуетті жеткізушінің толық атауы)
байқау құжаттамасымен танысқандығын және байқау ұйымдастырушысы мен байқау комиссиясына өзінің құқыққа қабілеттілігі, біліктілігі,
_____________________________________________________________________________
(қажеттісін көрсету)
көрсетілетін қызметтің сапалық және басқа сипаттамалары туралы сенімсіз мәліметтерді ұсынуға, сонымен қатар Қазақстан Республикасының әрекеттегі заңнамасымен қарастырылған басқа да шектеулерге жауапкершілік туралы хабардар екендігін растайды.
_____________________________________________________________________________
(әлеуетті жеткізушінің толық атауы)
байқауға қатысуға осы өтінімде және оған қосып берілетін құжаттарда осындай сенімсіз мәліметтерді ұсынғандығына толық жауапкершілікті өзіне қабылдайды.
5. Осы байқауға өтінім ______ күн ағымында әрекетті болады.
6. ___________________________________________________________________________
(әлеуетті жеткізушінің атауы)
байқау жеңімпазы ретінде танылған жағдайда, шарттың жалпы сомасының үш пайызын құрайтын соманы шартты орындауды қамтамасыз ету ретінде енгізуге міндеттенемін (шартты орындауды қамтамасыз етуді енгізу байқау құжаттамасымен қарастырылған жағдайда көрсетіледі).
7. Байқауға қатысуға өтінім екеу ара міндетті шарттың рөлін орындайды.
Күні
Басшының қолы _____________________________________________________ МО
(аты-жөнін, қызметін көрсету)
Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды
тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша
көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерді
таңдау жөніндегі конкурстық құжаттамаға
5-қосымша
Қызметкерлердің біліктілігі туралы мәлімет
(әлеуетті жеткізушімен толтырылады)
1. Әлеуетті жеткізушінің атауы __________________________________________________
2. Орта білім беру ұйымында білім аулшыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтерді көрсету үшін әлеуетті жеткізушіде
_____________________________________________________________________________
(әлеуетті жеткізушінің атауын көрсету)
қажетті қызметкерлер штаты бар.
Жалпы қызметкерлер саны _____ адамды құрады, оның ішінде аспазшы(лар) _____ , технолог(тар) _____ , диетолог(тар) _____ бар, растайтын құжаттардың көшірмесін қосып берумен:
Қызметкердің аты-жөні
|
Білімі мен мамандығы
|
Мамандық бойынша жұмыс өтілі
|
Біліктілікті жоғарлату курстары туралы мәлімет
|
Жұмыс істеуге рұқсат беру туралы мәлімет (рұқсат беру белгісі бар медициналық кітапшаның көшірмесі)
|
|
|
|
|
|
Барлығы
|
|
|
|
|
3. Растайтын құжаттардың көшірмесін қосып берумен
_____________________________________________________________________________
(әлеуетті жеткізушінің атауын көрсету)
соңғы бес жыл ағымында көрсетілген сатып алынатын қызмет түрлеріне ұқсас қызметтердің көлемі
Көрсетілген қызметтердің атаулары
|
Тапсырыс берушілердің атаулары
|
Қызмет көрсету орны, жылы
|
|
|
|
4.Қызмет көрсету үшін
_____________________________________________________________________________
(әлеуетті жеткізушінің атауы)
рұқсат беру белгісі бар жұмысқа рұқсат берілген автокөлік пен жүргізушіні растайтын құжаттардың көшірмесін қосып берумен қызметтерді көрсетуге қажетті мамандандырылған автокөлік (болған жағдайда) бар:
Көлік түрі
|
Көлік құралының маркасы
|
Меншік, жалға алынған (кімнен)
|
Жүргізушінің рұқсаты туралы мәліметтер (рұқсаты туралы белгімен медициналық кітапшаның көшірмесі)
|
Рұқсаты туралы белгісі бар автокөлікке санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
5. Қаржы ресурстарына рұқсат туралы мәлімет (ақша қаражаттары: меншікті, несиелі және т.б.). Төменде тізіп жазу: _____________________________________________________________________________
6. Әлеуетті жеткізуші қызметті көрсету үшін қолда бар ресурстар туралы қосымша мәліметті көрсетеді.
Біліктілік туралы барлық мәліметтердің дұрыстығын растаймын.
Күні
Басшының қолы _____________________________________________________ МО
(аты-жөнін, қызметін көрсету)
Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды
тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша
көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерді
таңдау жөніндегі конкурстық құжаттамаға
6-қосымша
Орта білім беру ұйымдарында оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсететін жеткізушілерді таңдаудың өлшемдері
№
|
Өлшемдер
|
Балдар
|
1.
|
Байқаудың мәні болып табылатын қызмет көрсетулер нарығындағы жұмыс тәжірибесі
|
Әрбір жылға 1 балдан, бірақ 5 балдан артық емес
|
2.
|
Тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетулерге қатысты экологиялық менеджмент жүйесін қанағаттандыратын сәйкестік сертификатының болуы
|
жоқ (0 балл)
|
бар (2 балл)
|
3.
|
Тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетулерге қатысты сапа менеджмент жүйесі сертификатының болуы
|
жоқ (0 балл)
|
бар (3 балл)
|
4.
|
Аспазшының біліктілігі (10 балдан артық емес)
|
орта арнайы білім 3-ші дәреже (1 балл)
|
орта арнайы білім 4-ші дәреже (2 балл)
|
5-ші дәреже және (немесе) жоғары білім (3 балл)
|
5.
|
Технологтың, диетологтың болуы (4 балдан артық емес)
|
жоқ (0 балл)
|
мамандардың тек біреуі ғана бар (1 балл)
|
бар (2 балл)
|
6.
|
Шығарылатын өнімнің ассортиментті тізбесінің болуы
|
10 тағам атауынан аз (1 балл)
|
10-нан 30 тағам атауына дейін (2 балл)
|
30-дан 50 тағам атауына дейін (3 балл)
|
7.
|
Азық-түлікті санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы бар арнайы көлікпен жеткізу жағдайлары
|
Көліктің болмауы (0 балл
|
Көлікті жалға алу (3 балл)
|
Меншік көліктің болуы (5 балл)
|
Ескерту: 4,5 тармақтарда балдар әрбір маманға қойылады.
Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды
тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша
көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерді
таңдау жөніндегі конкурстық құжаттамаға
7-қосымша
_________________________________________________________________________________________(банк_атауы_және_деректемелері)'>Банктік кепілдік
_____________________________________________________________________________________
(банк атауы және деректемелері)
Кімге________________________________________________________________________________
(байқау ұйымдастырушысының атауы және деректемелері)
№ ________ кепілдік міндеттемесі
_____________________________________________________________ «__» ____________ ____ ж.
(орналасқан орны)
Бізге ________________________________________________________________________________
(әлеуеттті жеткізушінің атауы)
бұдан әрі «жеткізуші»
_____________________________________________________________________________________
(байқау ұйымдастырушысының атауы)
ұйымдастырылған білім беру ұйымында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсететін жеткізушіні таңдау байқауына қатысатындығы және
_____________________________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметтің атауы)
қызметін көрсетуге дайындығы жөнінде мәлімделді.
Жоғарыда айтылған байқауды жүргізу бойынша 20 ____ жылғы «____» ________________ байқау құжаттамасында әлеуетті жеткізушілермен банктік кепілдік түрінде байқау өтінімін қамтамасыз ету қарастырылған.
Осыған байланысты біз
_____________________________________________________________________________________
(банк атауы)
Сізге Сіздің талабыңыз бойынша
_____________________________________________________________________________________
(сомасы санмен және жазбаша)
тең соманы төлемге Сіздің жазбаша талабыңызды алғаннан кейін және жеткізушінің
- байқауға қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін байқауға қатысуға өтінімді керу қайтаруы;
- байқау жеңімпазы атанғаннан кейін қызмет көрсету туралы шартты жасаудан жалтарғандығы;
- қызмет көрсету туралы шартты жасасқаннан кейін, шартты орындауды қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімі туралы байқау құжаттамаларымен белгіленген талаптарды орындамауы немесе уақытында орындамауы;
жөнінде жазбалық растауын алғаннан кейін төлеуге кері шақырылмайтын міндеттемелерді өзімізге аламыз.
Осы кепілдік міндеттеме байқау өтінімдері бар конверттерді ашу күнінен бастап күшіне енеді және байқауға қатысуға жеткізушінің байқау өтінімінің әркет ету мерзімінің аяқталуына дейін әрекет етеді және егер Сіздің жазба талабыңыз бізбен _______ соңына дейін алынбайтын болса, осы құжаттың бізге қайтарылуына немесе қайтарылмауына тәуелсіз толық және автоматты түрде әрекет ету мерзімі аяқталады.
Егер байқау өтінімінің әрекет ету мерзімі ұзартылатын болса, онда осы кепілдік міндеттеме дәл сондай мерзімге ұзартылады.
Осы кепілдік міндеттемемен байланысты туындаған барлық құқықтар мен міндеттер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
Күні
Басшының қолы __________________________________________________ МО
(аты-жөнін, қызметін көрсету)
Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды
тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша
көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерді
таңдау жөніндегі конкурстық құжаттамаға
8-қосымша
Қарыздарының жоқтығы туралы
анықтама
_____________________________________________________________________________
(банк атауы)
Осы банктің қызметін пайдаланушы
_____________________________________________________________________________,
(заңды (жеке) тұлғаның толық атауын, телефон нөмірін, мекенжайын көрсету)
_______ күніне (күнін көрсету) Қазақстан Респубикасының Ұлттық Банк басқаруының қаулысымен бекітілген екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгілік жоспарына сәйкес анықтаманы беру күнінен бұрын ұзақтығы 3 айдан артық банк алдында мерзімі өткен қарыздарының жоқтығын растайды.
Күні
Жетекшінің қолы __________________________________________________ МО
(аты-жөнін, қызметін көрсету)
Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды
тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша
көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерді
таңдау жөніндегі конкурстық құжаттамаға
2-қосымша
Нысан
Байқауға хабарландыру
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Риддер аграрлық техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Шығыс Қазақстан облысы, 071302, Риддер қаласы
Островский көшесі 65
БСН 990340004314
ЖСК KZ 13319B010000333429
«БТА Банк» АҚ
Өскемен қаласы
БСК ABKZKZKX
Электронды мекенжай: RATK_RIDDER@mail
Ресми сайт: http://ratkridder.kz
колледж оқушыларының 3 рет ыстық тамақтануын ұйымдастыру бойынша байқауды жүргізу туралы хабарлайды.
Қызмет көрсетілуі тиіс:
Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы, Островский көшесі 65, Асхана
№
|
Байқауды ұйымдастырушының атауы
|
Білім беру ұйымында қызметті алушылардың жалпы саны
|
Олардың ішінде бюджеттік қаражат есебінен тегін тамақтанумен қамтылатын оқушылар
|
Қызметтерді көрсету мерзімі
|
Қызметтерді көрсету орны
|
Бюджеттік қаражат есебінен оқушыларды тегін тамақтанумен қамтылу үшін бөлінген сома, ҚҚСсыз теңге
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1
|
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Риддер аграрлық техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
|
Күндізгі оқу бөлімі оқушыларының контингенті – 740 адам
Сырттай оқу бөлімі оқушыларының контингенті – 385 адам
|
25 адам
|
2014 жылдың 5 қарашасынан бастап 2014 жылдың 31 желтоқсанына дейін
|
Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы, Островский көшесі 65
Асхана
|
2014 жылдың 5 қарашасынан бастап 2014 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі мерзімге 25 адамға сома, ҚҚСсыз 954750 теңгені құрады
|
Қызметтерді көрсету мерзімі: 2014 жылдың 5 қарашасынан бастап 2014 жылдың 31 желтоқсанына дейін және оны қоса алғанда.
Байқауға қатысуға байқау құжаттамаларының талаптарына сай келетін барлық әлеуетті жеткізушілерге рұқсат беріледі.
Байқау құжаттамалары көшірмелерінің пакетін 15 қыркүйек күні сағат 8.00-ден бастап, 2014 жылдың 6 қазан күні 9 сағат 30 минутқа дейін келесі мекенжай бойынша алуға болады:
Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы, Островский көшесі 61, колледж жатақханасының ғимараты, 1 қабат, № 305 кабинет - 8.00-ден 16.40-қа дейін, жұмыс күндері (сенбі мен жексенбіден басқа күндері, түстенуге үзіліс 12.00-ден 12.40-қа дейін) және колледждің интернет-ресурсынан: http://ratkridder.kz;
Конвертке салынып, жапсырылған байқауға қатысу үшін байқау өтінімдері Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Риддер аграрлық техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынына қолма-қол немесе пошта байланысы арқылы ұсынылады.
2014 жылдың 15 қыркүйек күні сағат 8.00-ден бастап 2014 жылдың 6 қазан күні сағат 10.00-ге дейін
Шығыс Қазақстан облысы, 071302, Риддер қаласы, Островский көшесі 61, колледж жатақханасының ғимараты, 1 қабат, № 305 кабинет, сағат 8.00-ден 16 сағат 40 минутқа дейін, жұмыс күндері (сенбі мен жексенбіден басқа күндері, түстенуге үзіліс 12.00-ден 12.40-қа дейін) мекенжайы бойынша
байқау өтінімін пошта байланысы арқылы жолдаған жағдайда, ол байқау ұйымдастырушысына 2014 жылдың 6 қазан күні сағат 10.00-ден кешіктірмелуі тиіс.
Байқауға қатысуға өтінім салынған конверттер Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы, Островский көшесі 61, колледж жатақханасының ғимараты, 1 қабат, №305 кабинет мекенжайы бойынша 2014 жылғы 6 қазанда 10 сағат 05 минутта ашылатын болады.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы келесі телефон нөмірлері арқылы алуға болады:
Тел/факс: 8 72336 56-815 - колледж директорының қабылдау бөлмесі
8 72336 57-274 – бас есепші
8 777 331 22 78 – мемлекеттік сатып алу бойынша маман
Электронды поштаның мекенжайы: RATK_RIDDER@mail
Жұмыс күндері (сенбі мен жексенбіден басқа күндері), 8.00-ден 16.00-ге дейін.
Түстенуге үзіліс: 12.00-ден 12.40-қа дейін
Достарыңызбен бөлісу: |