Орта ғасыр жазба ескерткіштері тілінің лексика- фразеологиялық ЖӘне этномәдени сипаты



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата03.01.2022
өлшемі165.65 Kb.
#451141
  1   2   3
Исина Ж



Исина Ж.А. 

Филология магистрі, аға оқытушы                                                            

  Қазақ-орыс Халықаралық университеті  

Ақтөбе қаласы 

 

 

ОРТА ҒАСЫР ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІ ТІЛІНІҢ ЛЕКСИКА-

ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЭТНОМӘДЕНИ СИПАТЫ 

  

Қазақ  тілін,  қазақ  ұлтының  мәдениетін  зерттеуде  халық 



тарихының  алатын  орны  зор.  Сан  мыңдаған  жылдар  қалыптасқан 

ұлттың да ұрпаққа айтар  сыры сансыз. Шежірелі тарихымызға үңіле 

қарасақ,  қазақ  ұлтының  көне  қыпшақтардың  мұрагері  екендігіне 

көзіміз анық жетеді.  Түркітану ғылымында соңғы кездері осы мәселе 

зерттеліп, соны ойлар жарық көрді. 

Қыл 


қаламнан 

туған 


жазба 

мұрағаттар 

тіліндегі 

фразеологизмдер  бойында  қазақы,  мәдени  деректер  бар  ма  деген 

сұрақ  туады.  Әрине,  образды,  бейнелі  фразеологизмдер  халықтың 

көзқарасынан,  тіпті  күнделікті  тұрмыс-тіршілікте  қолданған  құрал-

жабдық,  мінген  ат,  ішкен-жеген  тағамдарынан  да  хабар  береді. 

Академик  Ә.Т.Қайдаров  мынадай  келелі  пікір  білдірді:  «Этностың 

басып өткен сан ғасырлық даму жолы, оның белгі-бейнелері біздерге 

тас  мүсіндер  мен  жартастарға  қашалған  сына  жазулар  арқылы, 

мәдени  ескерткіштер  мен  әртүрлі  ғимараттар  түрінде  жетуі  мүмкін. 

Бірақ бұлардың бәрі этнос өмірінің мың да бір елесі ғана. Оның шын 

мәнісіндегі  даналығы  мен  дүниетанымы  тек  тілінде  ғана  сақталады. 

Әрбір дәуірде өмірге қажет болған құрал-сайманның, қару-жарақтың, 

киер  киім  мен  ішер  тамақтың,  тұрмыстық  заттар  мен  салт-санаға, 

әдет-ғұрып,  наным-сенімге,  ойын-күлкі,  той-томалаққа  байланысты 

ұғымдардың аты-жөні, сыр-сипаты т.б. тек тіл фактілері ретінде ғана, 

яғни  жеке  сөздер  мен  сөз  тіркестері,  фразеологизмдер  мен  мақал-

мәтел  арқылы  ғана  бізге  жетуі  мүмкін»  [1,  34].  Яғни  тіл  арқылы 

халықты  танимыз.  В.Фон  Гумбольдттің    «тілхалық  рухының,  оның 

танымы мен менталитетінің көрінісі» деген концепциясына сүйенген 

антропологиялық  тіл  білімі  қазақ  топырағында  да  даму  үстінде.  Тіл 

мен  мәдениетті  сабақтастырған  этнолингвистиканың  негізін  қалаған 

академик Ә.Т.Қайдаров болса, бұл сала Р.Ғ.Сыздықова, Е.Жанпейісов 

еңбектерінде жалғасын тапты.   

Орта  түркі  тілі  мен  қазақ  тілі  деректерін  салыстыра  қарағанда, 

тарих  қойнауынан  келе  жатқан  сөздердің  мағыналарының  өзгеру 



жолдары  әртүрлі,  әр  деңгейде  екені  байқалады.  Сөз  мағынасының 

тарылуы  көп  мағыналы  сөздің  кейбір  мағыналары  уақыт  өте  келе 

түсіп  қалып  отыруынан  көрінсе,  енді  бірде  кең  ұғымды  білдіретін 

сөздер тар ұғымды білдіріп, дара мағынаға қарай жылжиды. Мәселен, 

тары,  тон,  киік,  аш  сөздерінің  мағынасының  тарылуы  жалпылықтан 

жалқылыққа,  яғни  тектіктен  түрлікке  қарай  жүру  арқылы  тарылған. 

Мұндай  процесті  логикалық  жағынан  дәстүрлі  тарылу  жолы  деп 

танимыз.  Ал  бауыр,  йат,  білік,  йигит,  ару  сөздерінде  мағынаның 

тарылуы жалпылықтан жалқылыққа қарай жылжу емес, керісінше бұл 

сөздердің  бірнеше  мағыналары  көмескіленіп,  ұмытыла  түсіп  қалып 

отырған.  Мұндай  тарылу  лингвистикалық  жолмен  тарылу  болып 

табылады.  Сонымен,  орта  түркі  тіліндегі  көптеген  сөздердің 

мағыналары біздің заманымызға дейін өзгеріп, сан құбылып жеткен. 

Қазіргі  қазақ  тілі  мен  орта  ғасыр  жазба  ескерткіштері  тілінің 

арасында 

фоно-морфологиялықтан 

гөрі 

лексикалық 



және 

семантикалық айырмашылықтар мен ұқсастықтар көлемі ерекше көп. 

Мұның  өзі  қазіргі  тіліміздің  ескерткішке  қатысын  тарихи  тұрғыдан 

саралауға көп мүмкіндік береді.  

Лексиканың белгілі бір дәуірдегі қалпына талдау жасап, ғылыми 

тұрғыдан  танып  білу  үшін  тарихи  тұрғыдан  қарау  әрі  міндет,  әрі 

қажет нәрсе деп түсінгеніміз абзал. Қазіргі қазақ тілінің қайнар көзі-

орта  ғасыр  жазба  ескерткіштерінің  тілі.  Бүгінгі  толысқан,  жетілген 

тіліміз  орта  түркілік  (қыпшақтық)  қабаттан  өзіне  тиісті  сыбағаны 

молынан  алып,  бойына  сіңіріп  даму  үстінде,  яғни  лексиканың  орта 

түркілік (қыпшақтық) қабаты мен таза ұлттық қабатты қарама-қарсы 

қойып 


қарастырғанда  тілдік 

эволюцияның  белгілері 

анық 

аңғарылады.  Яғни,  бұл  қабаттар  -  бір  тілдің  екі  дәуірдегі  көрінісі. 



А.А.Леонтьевтің  мына  пікірі  өте  орынды  айтылған:  «До  сих  пор  мы 

говорили  о  родстве  языков  и  при  этом  исходили  из  того,  что  они 

всегда развиваются в одном направлении: от меньшего числа языков 

к  большему,  от  праязыка  к  дочерным  языкам.  На  самом  деле  все 

гораздо  сложнее.  Языки  могут  не  только  расходиться,  не  реже  они 

идут друг-другу навстречу» [2, 26]. 

Лексикалық 

қабаттарды 

салыстыра 

зерттегенде 

біздің 

сүйенеріміз  -  сөз.  Сөз  тілдің,  оның  өзіндік  құрамындағы  заттар  мен 

құбылыстарды, олардың қасиеттерін, шындық өмірдегі қатынастарды 

атап  білдіретін  негізгі  единица,  дербес  бөлшегі  болып  табылады. 

Яғни дыбысталу мен мағынаның және объектив дүниедегі заттар мен 

құбылыстардың бейнесі – сөз.  




Р.А.Будаговтың    айтуынша:  «Әрбір  жеке  сөзді  саралап,  талдап 

шықпай, олардың өзара жүйелі байланысын білу өте қиын, әр сөздің 

«дербес»  тарихын  айқындауда  негізгі  сүйенеріміз  лексикадағы 

жүйелілік  байланысты  түсіну»  [3,  36].    Сондықтан  да  ескерткіштер 

тіліндегі  әрбір  сөздің  мағыналарының  қазіргі  түркі  тілдеріндегі, 

негізінен  қазақ  тіліндегі  өзгеру,  даму  жолдарына  шолу  жасау 

лексикадағы жүйелілік байланысты анықтауға бірден-бір көз болады.  

Орта  ғасыр  жазба  ескерткіштерінің  тіліндегі  көптеген  сөздерді 

тарих қойнауынан қазіргі тілімізге қарай сатылап зерделесек, біршама 

сөздер бұрынғы мағыналарын жоғалтпаған, керісінше сол мағынаның 

үстіне  тарихтың  ұзын  жолында  басқа  да  мағыналар  қосылып, 

үстемелене дамып отырған.  

Біздің  ата-бабаларымыз  қалдырып  кеткен,  ұрпақтан-ұрпаққа 

жалғасқан  тұрмыс-салт,  ұлттық  таным-түсінік,  этика,  өнер,  өлең, 

толғауы тоқсан - қызыл тіл, фразеологизмдер, мақал-мәтелдер - бәрі-

бәрі жиналып, рухани мәдениетті құрайды. Рухани мәдениет-   рухани 

өмір.  Рухани  өмірден  қол  үзген  ұрпақ  адасқан  құландай  өз  қағынан 

өзі  жериді.  Тұтас  ұлттың  инсандық  (адами)  келбеті  тілінде, 

фразеологизмдерінде,  ділінде  жатыр.  Діл  мен  тілді  бір-бірінсіз 

түсіндіру  мүмкін  емес.  Тілдің  ішкі  формасы  мен  мазмұнын, 

халқымызға  тән  рухани  қазынасын  бойына  сіңіріп,  сақтап  бүгінгі 

ұрпаққа  жеткізетін  ана  тіліміздің  құдіреті  оның  кумулятивтік 

қызметімен байланысты [4, 215].  

Орта  ғасыр  жазба  жәдігерліктері  өз  дәуірінің  бүкіл  тілдік 

сипатын қамти алмаса да, тұрақты тіркестер арқылы көптеген қазаққа 

ортақ  мәдени,  танымдық  ақпараттар  бере  алады.  Мәселен,  Біліг 

қамчысыны  елгә  алыб  «білім  қамшысын  қолға  алып»  (Хұсрау-

Шырын,  6р  9).  Осы  сөйлемдегі  біліг  қамчысы  фраземасы  қазақы  ой 

түсініктен  хабар  береді:  қамшы  жарау  атты  көшпендінің  жауына 

сілтейтін  бас  қаруы.  Қамшысыз  ат  үстінде  күн  көру  қиын.  Автор 

қамшы  сөзін  біліг  сөзімен  қосақтап  «ақыл  ойдың  ұшқырлығын, 

өткірлігін»  айтып  отыр.  «Білімдінің  беті-жарық,  білімсіздің  беті-

шарық»  екенін  қамшы  арқылы  береді.  Кезінде  ұлы  Абылай  хан 

халқына «білектің заманы кетіп, білігтің заманы келе жатыр, әзірмісің 

әлеумет» дегенде осындай «білімділікті» айтып отыр. 

Тағы  бір  дерекке  жүгінейік:  Зулум  қамчысы  кетті  әрсә  елдін 

«зұлымдық  қамшысы  кетер  болса  қолдан»  (Нахдж  әл  –  Фарадис,  8в 

22).  Осы сөйлемдегі зулум қамчысы тұрақты тіркесі де қамшы сөзіне 

арқа  сүйеп  жасалған.  Мағынасы  «қаталдық,  озбырлық,  жауыздық». 

Көн садақты дос етіп, көк дауылды ат еткен көшпенді жауына, он екі 




өрме,  бұзау  тіс  дырау  қамшы  сілтеп  тәнін  жаралап,  жанын  тәубаға 

келтірсе,  енді  бір  жуан  топ  әлсізге  күш  көрсету  үшін  де  қолданған. 

Жоғарыдағы  тұрақты  тіркестерге  ұйытқы  сөз  болып  тұрған  қамшы-

қазақтың бүкіл тұрмыс тіршілігіне тән мәдени мұраның атауы.   

Фразеологизмдер  құрамындағы  компоненттерде,  яғни  жеке 

сөздерде  сөздің  ішкі  мағыналық  тұлғасы  арқылы  мағыналық  реңк, 

коннотацияда  ұлттық  ерекшелікті  айқындау  жағы  денотатқа 

қарағанда басымдау болады [5,158].  

Қазақ  тілінде  «қамшы»  сөзі  ұйытқы  болған  фразеологизмдердің 

семантикалық  қырлары  әртүрлі:  қамшы  болу,  қамшы  боп  тию, 

қамшыдай қату, қамшы ойнату, қамшы үйіру т.б. 

-  Ақыл  тізгініні  ким  бәрік  туттың  «ақыл  тізгінін  берік  тұттың» 

(Гүлистан  би  –  турки,  6р  11).    Осы  сөйлемде  «ақыл  тізгіні»  тұрақты 

тіркесі  ашуды  ақылға  жеңдірудегі  сабырлылықты,  шыдамдылықты 

тізгін  сөзіне  сүйеніп  білдіріп  тұр.  Яғни  ашу  дұшпан  ақыл  дос, 

ақылыңа  ақыл  қосқа  саяды.  Ат  үстіндегі  қазақтың  жүгені  тізгінсіз 

болса  қалай  жүреді.  Асауды  жүгеннің  тізгіні  көндірсе,  адамды 

ақылдың  тізгіні  көндіреді.  Яғни  тізгін  сөзі  де  ұлттық  мәдени  белгіні 

білдіреді.  

Қандай  да  бір  затты  танып  білуде  (мысалы:  тізгін)  көптеген 

уақыттың  нәтижесі  ретінде  оның  образы  адам  ұғымында 

ассоциацияланып, тілде басқа құбылыс, затқа телінеді, соны сипаттап

ұқсатып меңзейді. 

Қазақ  тілінде  тізгін  сөзінің  фразеологиялық  парадигмалары 

тақырыптық семантикалық жағынан әр түрлі.  

- тізгін берді (босатты) – ерік берді, ырық берді. 

- тізгінге жабысты – билікті өз қолына алғысы келді. 

- тізгіндеп ұстады – еркіне жібермеді. 

- тізгін көшті (тиді, ұстады)// тізгінін өз қолына алды. Билік тиді, 

ерік өз қолына келді. 

- тізгінін салмады – ерік бермеді. 

- тізгін тартты – байқап сөйледі.    

- тізгін ұшымен келді – билігінен, еркінен айырылды. 

- Тізгінін жиды – аяғын тартты, қарқынын басты. [ҚТФС, 531]. 

Келтірілген  фраземаларда  тізгіннің  әрекетіне  негізделген 

образдылық бар. 

- Бүйурды  кәлтүрұң  қуш  салалық    «бұйырды:  келтіріңдер  құс 

салайық» 

(Хұсрау-Шырын,  80р17).  Осы  сөйлемде  қуш  салу  фраземасы 

көшпенділердің  байырғы  аңшылық  кәсібінің  түрін  білдіреді.  Құс 




алып,  аң  аулау  түркі  халықтарының  ішінде  бүгінде  қазақтарда  ғана 

сақталған. Аңшылық өнерді «бір қызық ісім екен сұм жалғанда» деп 

ұлы Абай жоғары бағалап, талай өлеңдерінде суреттеген:  

                         Ұқпассың, үстірт қарап бұлғақтасаң,  





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет