Т.б. қозғаушы күштер халифаттың құлауына себепкер бола тұрса да, феод. қарым-қатынастың дамуын тоқтата алмады. Араб мәдениетінің ерекше дамыған кезі – 10ғ. бұл уақыт мұсылмандардың Қайта өркендеу дәуірі деп аталды. Осы кезде сауаттылық артып, аударма жасау, ескі қол жазбаларды жинау жұмыстары өріс алады да, жеке және қоғамдық кітапханалар құрыла бастайды.
Европоцентристік бурж. тарихнама исламдық А. Ф-н оның тек Батыс схоластикасына ықпал етуі тұрғысынан ғана бағалайды. Ал маркстік философия А. ф-н дүн. жүз. философияның дамуындағы өзіндік мәні бар белгілібір кезең деп біледі. Оның дами бастауы грек философиясының шығармаларын аудару, ауызша жеткізу дәстүрімен байланысты, яғни 8 ғ. ортасындағы араб халифатының саяси, рухани өмірінде болған төңкеріске тап келеді. Алғашқы кезеңнен бастап-ақ философияның исламдық діни ортодаксиядан алған элементтерінің өз ара қатысын аңықтап алу қажет болды. Феодализм дәуіріндегі, Батыстағы сияқты Шығыста да билеп төстеуші идеология – дін, яғни ислам діні өріс алды. Сондықтан да ғылымның, оның ішінде философияның дамуына әсер ету тұрғысынан екі түрлі ағым болды. Оның бірі –
Құран мен
пайғамбар сөздеріндегі діни түсініктің
ішкі мәніне бармай, қарасын жаттап алып, сол бойынша әрекет қылу. Екіншісі –
аят пен
хадис сөздерінің ішкі сырын ақылға салыфп, оны табиғат дүниесімен байланысты түсінуге тырысқан рационалистік бағыт. Мыс., мутазаиллиттер адам өз әрекетіне ерікті болса ғана істеген ісіне құдай алдына жауапты бола алады, құран құдайдан келген жоқ, адам қолынан шыққан кітап деп дәлелдеді. Бірақ бұларды ерікн ойдың өкілдері деп санауға болмайды, дегенмен олар ортодаксияда үстемдік еткен құдай тағаланың кәрі жайындағы ұғымды қарама-қарсы қоюға тырысады.
10 ғ-да арабтарда халық қозғалысының әсерінен еркін ой әл-Кинди философиясында дамыды. Олаар философия мен ғылыми білімнің заңдылығын қорғады. Мутазиллиттердің»құдай біреу, оны танып болмайды» деуі суфизмнің діни-мистикалық бағытына жақын келеді. Бірақ та мутазилиттердің философиясы мен ақыл-ой тұжырымын теологияға қолдану керек деген идеялары асак бағалы. Мутазилиттер теологияның праводан бөлінуіне себепкер болды.10 ғ-да мутазиллиттерге қарсы діни мәселелерден басқа философиямен шұғылданатын «кәләм» бағыты пайда болды.Олар өздерінің жақтастарын «мутакаллимдер» деп атады. Олардың көрнекті өкілдері: идеалистік атомизм бағытын дамытқан әл-Ашари мен мистиканы ашық жақтаған әл-Ғазали т.б. ашаришілдер исламның догмасын дәлелдеу үшін ескі грек томистикасын пайдаланды, атом деп әрбір уақыт өлшемі ішінде тәңір жаратқан рухани мәнді түсінді. Олардың жаңғырып отыруы тоқталған жағдайда тіршілік етуі де тоқталады деді. Әсіресе қажеттілік пен себептілік
атаулының бәріне қарсы шығып, Алла тағаланың бұйрығы бойынша барлығы да белгілі тәртіппен істеледі, бірақ тәңірінің әмірімен әрқашан да бұзылыуы, «үзілуі» мүмкін деп санады.
Бұл кезде философ деп тек Аристотельдің ілімін жақтаушыларды ғана айтатын. А. ф-ның алғашқы даму сатфысында оған
платонизм мен
неоплатонизм едәуір ықпалын тигізді. Бурж. Европа ғылымы бүкіл А. ф.Платонизм мен
аристотелизм элементтерінің орынсыз қосындысы деп оның дамуындағы прогресс «нағыз» Арнистотельге қарай бет бұруында деп, Шығыс халықтары философиясының өзіндік мәнн жоққа шығаратын нанымдарға салынды. Неоплатоник коментаторлардың Аристотель ілімін арабтарға айқын жеткізе алмауы бұл концепцияның ғылымда орын тебуін себеп болды. Мәселен, Аристотельдің шығармасы деп жүрген «Теология», шындығында, Платондікі болатын.
Екіншіден, ол кезде қандай бір шығарма жөнінде сөз болса да, оның түп нұсқасынан дәлме-дәл текст келтірілмейтін. Тіпті қазіргі кездің өзінде тарихшылар ежелгі заманғы ғалымдардың кейбір қағидаларының кімге тән екені жайында талас тудырып келеді. Лениннің жалпы адамзат білімі спираль бойынша дамиды дегеніндей, А. ф-ның дамуы да өзінше «орам», «өрістерден» өтіп, ежелгі грек философиясынан кейін, бүкіл дүн. жүз. Философияда Европадағы орта ғасыр және Қайта өркендеу дәуіріндегі философиялардың бастамасы, айрықша маңызды кезеңі болды. «Бар заттардың табиғатына» сүйенетін білімдер жүйесін құруға алғаш талпынған әл-Кинди болды. Ол ғылми танымның үш сатысы – пропедевтика (логика, математика), жаратылыс тану және осыларға негізделген философия жайында маңызды методологиялық тұжырым жасады. А. ф-ның нағыз дамуы ұлы оқымыстылар
Әбу Наср әл-Фараби, Әбу Әли ибн Сина, Аверроэстің есімдерімен байланысты. Әл-Фарабидің филос. Ілімнің негізгі мәні мынада: 1) барлық құбылыстардың объективтік себептілігі мен байланысын тану; 2) дүниенің тіршілік етуі уақыт жағынан қысқа деп білетін ортодокстық діни көзқарасқа жалтақтай отырып, дегенмен, дүниенің мәңгілігін мақұлдау; 3) жан мен тәнді байланысты деп, осыған
орай жанның тәннен бөлінуін, кей жағдайда, мойындау; 4) оның бүкіл философиясының арқауы – жалпыға тән ақыл-ой. Бұл феодализмге тән иерархияға қарсы бағытталған барлық идеологиялық ағымдардың бастамасы. 5) Таным процесіндегі жалпы эмпи рикалық саты мен теорияларды құру жолдары жайында данышпандық болжамдар жасады. Әбу Наср әл-Фарабидің методологиялық болжамдары тек құрғақ насихат ретіндеқалмай, оның физика, математика, муз. теориясы жөніндегі ғылми зерттеулерінен (категория, семантика, тіршілік ету предикаттары т.б.) Арислотельдің
логикалық идеяларын, матем. логиканың элементтерін білгенін көруге болады. Кейінгі кезднегі араб логиктерінің бәрі әл-Фарабиге сүйенеді. Әбу Әли Инб Сина (Авиценна) барлық жағынан Әбу Наср әл- Фарабидің нағыз ізбасары болды. Дүниенің мәңгілігін дәлелдеуді жақтаудағы тиянақтылығы оның, әл-Фарабиге қарағанда, бір адым алға басқандығы еді. Авиценнаның жүздеген жылдар бойы теңдесі жоқ еңбек деп саналған «Қанунында ғылми таным тәсілдері тамаша баяндалады. Ал Ғазали философиясында кертартпалық бағыттың сарыны байқалды. Ол жастайынан Әбу Наср әл-Фараби және Әбу Әли ибн Сина философиясымен әуестенеді. Кейін скептицизмнен тікелей реакцияшыл көзқарасқа ауысады. Сірә, мұның себебі философтардың қуғын-сүргінге ұшырауынан болуы мүмкін. Философтардың дәлелдемелерінен кемшілік таппақшы болған ол филос. Ілімдердің діни сенімдерге тигізетін зиянын ашпақ болады. Аверроэстің пайымдау логикасы А. Ф-н диалект. күреспен байытты. Ол дүниенің мәңгілігі жайындағы Әбу Наср әл-Фараби ілімінің әлсіздігінен, Авиценнаның жеке формаларды тануды меңгере алмауынан құтылып, Ғазалидің аргументациясына соққы береді. Ең бастысы, Аверроэс ақыл-ойды адамзаттың бір тұтасрухы деп санап, оған адамгершілік пен демокр. түсінік берді. Міне, сондықтан да бүкіл европ. діни-философияның өкілдері
Аверроэсқа қарсы болды, тіпті келісімпаз Лейбництің өзі оны сынаудан басқа амал таба алмады. Осыған қарамастан, бүкіл алдыңғы қатардағы идеологиялық қозғалыс, ғылми және филос. ой-өріс аверроизмге сүйенді. Сигер Брабантский, Эккарт т.б. ірі ойшылдар – оның тікелей ізбасарлары. Сөйтіп, А. ф-ндағы мистикалық және діни-идеалистік элементтердің европ. схоластикаға нәр болғандығына қарамастан, ол жаңа заманғы философия мен ғылымның дамуына үлкен әсерін тигізді. А. ф. өзінің озат тенденциялары арқылы Европаға «зерделі, еркін ойдың» дәнін алып келді.