Орталық мемлекеттiк органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн жыл сайынғы бағалау жүйесi туралы



Дата25.02.2016
өлшемі168.17 Kb.
#25819
Орталық мемлекеттiк органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн жыл сайынғы бағалау жүйесi туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығы


"Егемен Қазақстан" 2010 жыл 30 наурыздағы № 113-114 (25960); "Казахстанская правда" от 30.03.2010 г., № 73 (26134); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 24, 173-құжат

Қазақстан Республикасы Президентi мен


Үкiметi актiлерiнiң жинағында   
және республикалық баспасөзде   
жариялануға тиiс          

      Орталық мемлекеттiк органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:


      1. Қоса берiлiп отырған Орталық мемлекеттiк органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн жыл сайынғы бағалау жүйесi бекiтiлсiн.
      2. Өздерiне қатысты олардың қызметiнiң тиiмдiлiгiне бағалау жүргiзiлетiн мынадай мемлекеттiк органдар айқындалсын:
      1) осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес орталық мемлекеттiк органдар;
      2) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi – жергiлiктi атқарушы органдар).
      3. Бағалау 2010 жылдан басталуы керек пилоттық екi орталық мемлекеттiк орган мен облыстың бiр жергiлiктi атқарушы органын қоспағанда, орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiне бағалау жүргiзу 2011 жылдан бастап жүзеге асырылсын.
      4. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi бiр ай мерзiмде 2010 жылы бағалауға жататын мемлекеттiк органдардың тiзбесiн бекiтсiн.
      5. Орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiне тиiстi бағыттар бойынша бағалауға жауапты мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiмен келiсiм бойынша үш ай мерзiмде тиiстi қорытындылар дайындауды қамтитын бағалау жүргiзу әдiстемесiн әзiрлесiн және бекiтсiн.
      6. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiмен келiсiм бойынша үш ай мерзiмде орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн жалпы бағалаудың нәтижелерi туралы қорытындының форматын әзiрлесiн және бекiтсiн.
      7. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi:
      2010 жылғы 1 желтоқсанға дейiн орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiне жыл сайынғы бағалау жүргiзудiң кестесiн бекiтсiн;
      кестеге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiне жыл сайынғы бағалау жүргiзiлетiн жылдың алдындағы жылғы 1 желтоқсаннан кешiктiрмей жүзеге асырсын.
      8. Қазақстан Республикасының Үкiметi үш ай мерзiмде облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының бюджеттерiнен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiне бағалау жүргiзудiң тәртiбiн әзiрлесiн және бекiтсiн.
      9. Жергiлiктi атқарушы органдар 2011 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған тәртiппен облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының бюджеттерiнен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiне бағалау жүргiзудi қамтамасыз етсiн.
      10. «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн жаңғырту жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2007 жылғы 13 қаңтардағы № 273 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 1, 5-құжат; 2008 ж., № 2, 22-құжат; 2009 ж., № 35, 330-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) мемлекеттiк басқару органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн кешендi бағалау;»;
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Мемлекеттiк басқару жүйесiн жаңғырту жөнiндегi бiрiншi кезектегi iс-шаралар жоспарында:
      7-тармақта:
      «және оның аудитi» деген сөздер алып тасталсын;
      «Орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар» деген сөздер «Орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдар» деген сөздермен ауыстырылсын.
      11. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.
      12. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Президентi                                         Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы


Президентiнiң    
2010 жылғы 19 наурыздағы
№ 954 Жарлығымен   
бекiтiлген      

Орталық мемлекеттiк органдар мен облыстардың, республикалық
маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары
қызметiнiң тиiмдiлiгiн жыл сайынғы бағалау жүйесi

      Ескерту. Жүйе жаңа редакцияда - ҚР Президентiнiң 2010.12.23 № 1125 Жарлығымен.



1. Жалпы ережелер

      1. Орталық мемлекеттiк органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн жыл сайынғы бағалаудың осы жүйесi (бұдан әрi – Жүйе) орталық мемлекеттiк органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi – бағаланушы мемлекеттiк органдар) қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында әзiрлендi.


      2. Жүйе бағаланушы мемлекеттiк органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн жыл сайынғы бағалаудың (бұдан әрi - тиiмдiлiктi бағалау) негiзгi ережелерiн, қағидаттарын, бағыттарын белгiлейдi, органдар жүйесiн, тиiмдiлiкке бағалау жүргiзу мен олардың нәтижелерiн айқындау әрi нәтижелерге шағымдану тәртiбiн, сондай-ақ тиiмдiлiктi бағалауға қатысушылардың жауапкершiлiгiн айқындайды.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентiнiң 2012.03.05 № 277 Жарлығымен.
      3. Мемлекеттiк орган қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалаудың мақсаты оларға жүктелген мiндеттер мен функциялардың iске асырылу тиiмдiлiгiн айқындау болып табылады.
      4. Тиiмдiктi бағалау үшiн ақпарат көздерi болып табылатындар:
      1) мемлекеттiк органдардың есептi кезеңде жүргiзген қызметi туралы есебi;
      2) Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi және бағалау жүргiзуге уәкiлеттi органдар жүргiзген тексерулер нәтижелерi;
      3) Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк хатшысының, Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң актiлерi мен тапсырмаларының орындалуын бақылау нәтижелерi;
      4) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесi Басшысының актiлерi мен тапсырмаларының орындалуын Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесi бақылауының нәтижелерi;
      5) мемлекеттiк органдардың бақылау актiлерi;
      6) ресми статистикалық мәлiметтер;
      7) тәуелсiз сарапшылар қорытындылары;
      8) тиiмдiлiктi бағалаудың белгiлi бiр бағыты бойынша әлеуметтiк зерттеулердiң нәтижелерi;
      9) тиiмдiлiктi жалпы бағалауды дайындау барысындағы үкiметтiк емес ұйымдардың (қоғамдық бiрлестiктердiң) ақпараты.
      5. Тиiмдiлiктi бағалауды осы Жүйенiң 10-тармағында айқындалған бағалау жүргiзуге уәкiлеттi мемлекеттiк органдар (бұдан әрi – бағалауға уәкiлеттi мемлекеттiк органдар) жүргiзедi.
      6. Тиiмдiлiктi бағалау жыл сайын бағалау жүргiзу кестесiне сәйкес есептi (күнтiзбелiк) жылдың қорытындылары бойынша жүзеге асырылады.
      7. Тиiмдiлiкке бағалау жүргiзу кестесi:
      1) бағаланушы мемлекеттiк органдардың тиiстi бағыттар бойынша бағалауға уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға есептi жылдың қорытындылары бойынша есептi ақпаратты;
      2) бағалауға уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың бағаланушы мемлекеттiк органдарға бағалаудың нәтижелерi туралы қорытындыларды;
      3) бағалауға уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға (бұдан әрi - мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган) шағымдану рәсiмдерiнен кейiнгi тиiмдiлiктi бағалаудың нәтижелерi туралы қорытындыларды;
      4) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органның Сараптамалық комиссияның жұмыс органына бағыттар бойынша тиiмдiлiктi жалпы бағалау нәтижелерi туралы қорытындыларды;
      5) Сараптамалық комиссияның Қазақстан Республикасының Президентiне тиiмдiлiктi бағалау нәтижелерiн ұсыну мерзiмдерiн қамтиды.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентiнiң 2012.03.05 № 277 Жарлығымен.
      8. Тиiмдiлiктi бағалау жүргiзу кестесiн мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган әзiрлейдi және Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi бекiтедi.

2. Тиiмдiлiктi бағалау қағидаттары

      9. Тиiмдiлiктi бағалау қағидаттары:


      1) заңдылық қағидаты – тиiмдiлiктi бағалауды Қазақстан Республикасының заңнамасына қатаң сәйкестiкте жүргiзу;
      2) әдiлдiк қағидаты – жан-жақты және толық тәуелсiз бағалау жүргiзу, мүдделер қақтығысын болдырмау;
      3) дәйектiлiк қағидаты – тиiмдiлiктi бағалаудың нәтижелерiн тиiстi құжаттармен растау;
      4) ашықтық қағидаты – ақпарат көздерiнiң шығу тарихын тексеру мүмкiндiгi;
      5) жариялылық қағидаты – құпиялылық режимiн және қызметтiк немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғауды қамтамасыз етудi ескере отырып, тиiмдiлiктi бағалаудың нәтижелерiн бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау болып табылады.

3. Тиiмдiлiктi бағалау органдарының жүйесi

      10. Тиiмдiлiктi бағалау органдарының жүйесiн бағалауға уәкiлеттi мынадай мемлекеттiк органдар:


      1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi;
      2) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi;
      3) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган;
      4) мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган;
      5) бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган (бұдан әрi - бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган);
      6) ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган құрайды.
      11. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган осы Жүйенiң 16-тармағында көрсетiлген бағыттарға сәйкес бағалауға уәкiлеттi мемлекеттiк органдар беретiн қорытындылар негiзiнде бағаланушы мемлекеттiк органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн жалпы бағалауды жүзеге асырады.
      12. Бағыттар бойынша тиiмдiлiктi жалпы бағалау нәтижелерi туралы сараптамалық қорытынды қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi Басшысының шешiмiмен Президент Әкiмшiлiгi мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң лауазымды тұлғалары қатарынан Сараптама комиссиясы құрылады. Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Басшысы сонымен қатар Сараптама комиссиясының жұмыс органын айқындайды.
      13. Сараптама комиссиясы өз қызметiнде Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi Басшысының бұйрығымен бекiтiлетiн Ереженi басшылыққа алады.
      14. Президент Әкiмшiлiгiн және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiн қоспағанда, бағалауға уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың қызметiн әдiснамалық үйлестiрудi мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      15. Өздерiне қатысты тиiмдiлiктi бағалау жүргiзiлетiн орталық мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi атқарушы органдарды Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды.

4. Тиiмдiлiктi бағалау бағыттары

      16. Тиiмдiлiктi бағалау бағаланушы мемлекеттiк органдар қызметiнiң мынадай бағыттары бойынша жүзеге асырылады:


      1) қадағаланатын аяда/салада/өңiрде стратегиялық мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу және iске асыру;
      2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң актiлерi мен тапсырмаларын орындау;
      3) бюджет қаражатын басқару;
      4) мемлекеттiк қызметтер көрсету;
      5) персоналды басқару;
      6) ақпараттық технологияларды қолдану.
      17. Осы Жүйенiң 16-тармағында көрсетiлген қызметтiң әрбiр бағыты бойынша бағалауға уәкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органдар оларда мемлекеттiк органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалау өлшемдерi мен көрсеткiштерi айқындалатын Сараптама комиссиясымен келiсiлген тиiстi әдiстемелердi әзiрлейдi және бекiтедi.
      18. Мынадай ережелер тиiмдiлiк өлшемдерi мен көрсеткiштерiне қойылатын мiндеттi талаптар болып табылады:
      1) өлшемдер мен көрсеткiштер ресми статистикалық деректерге, мемлекеттiк органдардың деректерi мен басқа да ресми ақпаратқа негiзделуi тиiс;
      2) шығыс ақпаратты жинақтау және өңдеу тәсiлi алынған деректердiң дәлдiгiн тексеру мүмкiндiгiне жол беруi тиiс;
      3) көрсеткiштi айқындау оны бағалайтын да, сондай-ақ бағаланатын мемлекеттiк органның да, бiр мәндi түсiнуiн қамтамасыз етуi тиiс;
      4) қажеттi деректердi алу мүмкiндiгiнше аз уақыт және ресурстар шығындарымен жүргiзiлуi тиiс;
      5) өлшемдер мен көрсеткiштер деректердi үздiксiз жинақтау қажеттiлiгiн және жеке кезеңдер үшiн олардың салыстырмалығын қамтамасыз ету қажеттiлiгiн ескере отырып айқындаған жөн;
      6) өлшемдер мен көрсеткiштер мемлекеттiк органның барлық қызметiн қамтуы және барлық мемлекеттiк функциялардың сапалы орындалуына бағытталуы тиiс.
      19. Тиiмдiлiктiң өлшемдерi мен көрсеткiштерi ретiнде халықаралық тәжiрибеде қолданылатын өлшемдер мен көрсеткiштер пайдаланылуы мүмкiн.
      20. Өлшемдер мен көрсеткiштер нақты мемлекеттiк органның тiкелей қызметiн көрсетуi тиiс.

4.1. Қадағаланатын саладағы/аядағы/өңiрдегi стратегиялық
мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу және iске асыру
тиiмдiлiгiн бағалау

      21. Осы аталған бағыт бойынша бағалау бағаланатын мемлекеттiк органдардың қадағаланатын саладағы/аядағы/өңiрдегi тиiмдiлiгiн айқындау мақсатында жүргiзiледi.


      22. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрылымына кiретiн орталық атқарушы органдарды және жергiлiктi атқарушы органдарды, осы бағыт бойынша мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган бағалайды.
      23. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органның осы бағыт бойынша тиiмдiлiгiн бағалауды Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi жүзеге асырады.
      24. Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн орталық мемлекеттiк органдарды осы бағыт бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi бағалайды.
      25. Қадағаланатын саладағы/аядағы/өңiрдегi стратегиялық мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу және iске асыру тиiмдiлiгiн бағалау жөнiндегi әдiстеменi әзiрлеудi және бекiтудi және оны әдiснамалық сүйемелдеудi мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

4.2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан
Республикасы Мемлекеттiк хатшысының, Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң, Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң,
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң актiлерi мен
тапсырмаларын орындау сапасын бағалау

      26. Осы бағыт бойынша бағалау Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң актiлерi мен тапсырмаларының сапасын, толықтығы мен орындалу уақтылығын айқындау мақсатында жүргiзiледi.


      27. Орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк хатшысының, Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң актiлерi мен тапсырмаларын орындау сапасын бағалауды Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi жүзеге асырады.
      28. Орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң актiлерi мен тапсырмаларын орындау сапасын бағалауды Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi жүзеге асырады.
      29. Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң актiлерi мен тапсырмаларын орындау сапасын бағалау әдiстемесiн әзiрлеудi және бекiтудi және оны әдiснамалық сүйемелдеудi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiмен бiрлесе отырып жүзеге асырады.

4.3. Бюджет қаражатын басқару тиiмдiлiгiн бағалау

      30. Осы аталған бағыт бойынша бағалау бюджет қаражатын пайдаланудың нәтижелiлiгi мен тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету шараларының тиiмдiлiгiн айқындау мақсатында жүзеге асырылады.


      31. Осы бағыт бойынша тиiмдiлiктi бағалауды бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      32. Бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органды осы бағыт бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi бағалайды.
      33. Бюджет қаражатын басқару тиiмдiлiгiн бағалау әдiстемесiн әзiрлеу мен бекiтудi және оны әдiснамалық сүйемелдеудi бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

4.4. Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау

      34. Осы бағыт бойынша бағалау жеке және заңды тұлғаларды қолжетiмдi және сапалы мемлекеттiк қызметтермен қамтамасыз ету шараларының тиiмдiлiгiн айқындау мақсатында жүзеге асырылады.


      35. Осы бағыт бойынша тиiмдiлiктi бағалауды мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      36. Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органды осы бағыт бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi бағалайды.
      37. Электрондық форматта мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалауды ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      38. Ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi органның мемлекеттiк қызметтердi электрондық форматта көрсетуiн бағалауды Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi жүзеге асырады.
      39. Электрондық форматта мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау нәтижелерi туралы қорытынды мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органға енгiзiледi.
      40. Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау әдiстемесiн әзiрлеу мен бекiтудi және оны әдiснамалық сүйемелдеудi мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi органмен бiрлесiп жүзеге асырады.
      41. Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалауды жүзеге асыру мақсатында қосымша әлеуметтiк зерттеулер жүргiзiлуi мүмкiн.

4.5. Персоналды басқару тиiмдiлiгiн бағалау

      42. Осы бағыт бойынша бағалау мемлекеттiк органда персоналды басқару шараларының тиiмдiлiгiн айқындау мақсатында жүргiзiледi.


      43. Осы бағыт бойынша тиiмдiлiктi бағалауды мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      44. Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органды осы бағыт бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi бағалайды.
      45. Персоналды басқаруды бағалау әдiстемесiн әзiрлеу мен бекiтудi және оны әдiснамалық сүйемелдеудi мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

4.6. Ақпараттық технологияларды қолдану тиiмдiлiгiн бағалау

      46. Осы бағыт бойынша бағалау үрдiстердi оңтайландыру және мемлекеттiк органдар қызметiнiң ашықтығын арттыру үшiн мемлекеттiк органдардың ақпараттық технологияларды қолдану тиiмдiлiгiн айқындау мақсатында жүргiзiледi.


      47. Осы бағыт бойынша тиiмдiлiктi бағалауды ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      48. Ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi органды осы бағыт бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi бағалайды.
      49. Ақпараттық технологияларды қолдану тиiмдiлiгiн бағалау әдiстемесiн әзiрлеу мен бекiтудi және оны әдiснамалық сүйемелдеудi ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

5. Бағаланатын мемлекеттiк органдардың тиiмдiлiгiне
бағалау жүргiзу тәртiбi

      50. Бағаланатын мемлекеттiк органдар жыл сайын бағалауға уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға бағалау жүргiзу кестесiне сәйкес өткен жылдың қорытындылары бойынша есептiк ақпарат тапсырады.


      51. Бағалауға уәкiлеттi мемлекеттiк органдар бағаланатын мемлекеттiк органдардың есептiк ақпараттарындағы деректердi қайта тексеру бойынша кешендi ұйымдастыру шараларын қабылдауға мiндеттi.
      52. Бағалауға уәкiлеттi мемлекеттiк органдар тиiмдiлiктi бағалаған кезде есептi кезеңдегi басқа да бақылау органдарының тексеру нәтижелерiн есепке алады.
      53. Бағалауға уәкiлеттi мемлекеттiк органдар бағаланатын және басқа да мемлекеттiк органдардан қажеттi құжаттарды және қызмет бағыты бойынша тиiмдiлiктi бағалауға қатысты мәселелер бойынша ақпараттарды, қызметтiк немесе басқа да заңмен қорғалатын құпияларды құпиялық тәртiбiн сақтай отырып өздерi белгiлеген тәртiп бойынша сұратуға және алуға құқылы.
      54. Бағалауға уәкiлеттi мемлекеттiк органдар бағалау үрдiсiнде алынған мәлiметтердiң сақталуына және құпиялығына жауап бередi.
      54-1. Бағаланушы мемлекеттiк органдар тиiмдiлiктi бағалау қорытындылары бойынша бұрын берiлген тапсырмалар мен ұсынымдарды тиiмдiлiктi бағалаудың әрбiр бағыты бойынша қызмет тиiмдiлiгiнiң көрсеткiштерiн жақсарту жөнiнде шаралар кешенiн iске асыру арқылы орындайды.
      Ескерту. 5-бөлiм 54-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентiнiң 2012.03.05 № 277 Жарлығымен.
      55. Бағалауға уәкiлеттi мемлекеттiк органдар бағалау жүргiзу кестесiне сәйкес мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға тиiстi бағыттар бойынша қорытындыларын ұсынады.
      56. Қызмет бағыттары бойынша тиiмдiлiктi бағалау нәтижелерi туралы қорытындылар тиiмдiлiктi бағалау туралы қорытынды есептi, тиiмдiлiктi бағалау қорытындылары бойынша бұрын берiлген тапсырмалар мен ұсынымдарды iске асыру нәтижелерiн, сондай-ақ бағаланушы мемлекеттiк органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру бойынша тұжырымдар мен ұсынымдарды қамтуға тиiс.
      Ескерту. 56-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентiнiң 2012.03.05 № 277 Жарлығымен.
      57. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган мемлекеттiк органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн жалпы бағалауды қалыптастыру кезiнде мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiпте коммерциялық емес негiзде үкiметтiк емес ұйымдарды (қоғамдық бiрлестiктердi) және тәуелсiз сарапшыларды тартуға құқылы.
      58. Бағалау жүргiзу кестесiне сәйкес мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган бағыттары бойынша тиiмдiлiктi жалпы бағалау нәтижелерiн бағаланатын мемлекеттiк органдарды бiр мезгiлде ақпараттандыра отырып Сараптамалық комиссияға енгiзедi.
      59. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган мен Сараптамалық комиссияға ұсынылатын бағалауға уәкiлеттi мемлекеттiк органдар қорытындыларының форматтарын Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң келiсiмi бойынша мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган айқындайды.
      60. Сараптамалық комиссия мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органның қорытындысы негiзiнде тиiмдiлiктi жалпы бағалаудың нәтижелерi Қазақстан Республикасының Президентiне енгiзiледi.
      61. Мемлекеттiк органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру бойынша тапсырмалары мен ұсынымдары бар жалпы бағалаудың нәтижелерi тиiстi шаралар қабылдау үшiн мемлекеттiк органдардың басшыларына жiберiледi.
      Ескерту. 61-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентiнiң 2012.03.05 № 277 Жарлығымен.
      62. Бағалау қорытындылары бойынша нәтижелердi мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган бұқаралық ақпарат құралдарында құпиялылық режимiн және қызметтiк, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғауды қамтамасыз етудi ескере отырып жариялайды.

6. Тиiмдiлiктi бағалау нәтижелерiне шағымдану тәртiбi

      Ескерту. 6-бөлiм жаңа редакцияда - ҚР Президентiнiң 2012.03.05 № 277 Жарлығымен.

      63. Тиiмдiлiктi бағалау нәтижелерiн алған сәттен бастап бағаланушы мемлекеттiк орган тиiмдiлiктi бағалау нәтижелерiмен келiспеген жағдайда бес жұмыс күнi iшiнде тиiстi бағыттар бойынша бағалауға уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға дәлелдi құжаттарымен бiрге қарсылығын жiберуге құқылы.
      64. Қарсылықтар дәлелдi құжаттары бар болған жағдайда ғана қаралады.
      65. Тиiмдiлiктi бағалаудың объективтiлiгi мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында қарсылықтарды қарау үшiн бағалауға уәкiлеттi мемлекеттiк органдарда арнайы комиссиялар қалыптастырылады, олардың құрамына мемлекеттiк органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалауға қатысқан қызметкерлер кiре алмайды.
      66. Бағалауға уәкiлеттi мемлекеттiк органдар он бес күнтiзбелiк күн iшiнде Сараптамалық комиссияның жұмыс органы мен бағаланушы мемлекеттiк органдарға қарсылықтарды қабылдау не қабылдамау туралы негiзделген қорытындылар жiбередi.
      67. Қарсылықтар қабылданған жағдайда бағалауға уәкiлеттi мемлекеттiк орган тиiмдiлiктi бағалау нәтижелерi туралы қорытындыларға тиiстi түзетулер енгiзедi.
      68. Сараптамалық комиссияның жұмыс органы тиiмдiлiктi бағалау үдерiсiнде тиiмдiлiктi бағалаудың түпкi нәтижесiне әсер өткен бұзушылықтар анықталған жағдайда уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың мамандарын тарта отырып, бағалаудың жекелеген нәтижелерiне қайта тексеру жүргiзуге дербес бастамашылық етуге құқылы.

7. Бағалауға қатысушылардың жауаптылығы

      70. Осы Жарлық ережелерiнiң уақтылы және сапалы орындалуына саяси мемлекеттiк қызметшiлер дербес жауап бередi.


      71. Бағалануға жататын мемлекеттiк органдардың саяси мемлекеттiк қызметшiлерi есептi кезеңге берiлетiн есептердiң және олардың қызметiн регламенттейтiн құжаттардың дұрыстығына, толықтығына және уақытында берiлуiне дербес жауап бередi.
      72. Тиiмдiлiкке бағалау жүргiзуге жауапты мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi, мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi, бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi, ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi органдардың саяси мемлекеттiк қызметшiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң тиiстi құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары тиiмдiлiктi бағалау рәсiмдерi мен нәтижелерiнiң бекiтiлген әдiстемелерге сәйкес келуiне және тиiмдiлiкке бағалау жүргiзу кестесiмен бекiтiлген мерзiмдердiң сақталуына дербес жауапты болады.
      Ескерту. 72-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентiнiң 2012.03.05 № 277 Жарлығымен.
      73. Бағалауға уәкiлеттi мемлекеттiк органдар бағалау жүргiзу барысында алынған мәлiметтердi жария еткенi үшiн олардың саяси мемлекеттiк қызметшiлерi дербес жауап бередi.
      74. Осы Жарлықтың бұзылуы айқындалған жағдайда Сараптау комиссиясының жұмыс органының тиiстi лауазымды тұлғалардың жауаптылығы туралы ұсыныс енгiзу құқығы бар.

Қазақстан Республикасы


Президентiнiң    
2010 жылғы 19 наурыздағы
№ 954 Жарлығына   
ҚОСЫМША       

      РҚАО-ның ескертпесi!


      Тiзбеге өзгерiс енгiзу көзделген - ҚР Президентiнiң 2012.03.05 N 277 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Жарлығымен.

      Өздерiне қатысты олардың қызметiнiң тиiмдiлiгiне бағалау


жүргiзiлетiн орталық мемлекеттiк органдардың
ТIЗБЕСI

      Ескерту. Тiзбеге өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 2011.08.12 N 139, 2012.02.16 № 267, 2012.03.05 № 277 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Жарлықтарымен.



      Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi
      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi
      Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi
      Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi
      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi
      Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi
      Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi
      Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi
      Кеден бақылау комитетiнiң құқық қорғау қызметiн қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi
      Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi
      Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi
      Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлiгi
      Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi
      Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi
      Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгi
      Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгi
      Қазақстан Республикасы Бәсекелестiктi қорғау агенттiгi (Монополияға қарсы агенттiк)
      Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгi
      Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгi
      Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi
      Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi
      Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттiгi

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет