Садық Индира Әмірханқызы
Ақтөбе қаласы,
№48 орта мектебінің
тарих және құқық пәндерінің мұғалімі
«Қос Шынар» атты арнаулы танымдық курсының бағдарламасы
Алғы сөз
Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағының халықтарының ерлігі мен төзімділігіне қатал да жан-жақты сын болып, ол сыннан олар рухының ұлылығын көрсете отырып абыроймен шықты. «Ерлік» деген Ұлы Отан соғысы жылдарындағыдай жаппай көрініс алуы бұрын соңды болған емес.Соғыс жылдарында Қазақстан үлесі зор, жеңісті жақындата түсті.Майданда Отан Қорғаушылардың алдыңғы қатарында Қазақстандық боздақтар,жерлестерімізде болды.
Соның ішінде Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Маметова – Советтік Шығыс қыздары арасында тұңғыш рет алушылар болды.Сондықтан Шығыс қыздарының ерлігін танытуда «Қос Шынар» атты танымдық курсы оқып үйретудің мектеп оқушыларына Ұлы Отан соғысының қаҺарман қыздарының ерлігін, батырлығын, тарихын тереңдете оқытуда маңызы зор.Бұл оқушыларды отаншылдыққа, рухы асқақ,санасы биік, ұрпақ тәрбиелеудің бастамасы.
Бұл курсты оқытудағы бағытымыз туған өлке батырының өмір жолы, ерлігінің ерекшелігіне баса назар аудару, тарихи деректермен танысып, жинау, жүйелеу, зерделеу.
Бұл бағдарлама 34 сағат дәріс сабақтарына сәйкестендіріліп, тың дерек тарихи оқиғалар негізінде құрылды.
Бұл курсты оқытудың мақсаттары мен міндеттерін шешуде қажетті пәндер Қазақстан тарихын, өлкетану тарихыннан толық білімдер береді.Бұл курстың ғылыми-практикалық жағынан маңызы зор.
Бұл жұмыстың түрі сипаты,әдіс амалы әртүрлі.Оқушылар Ұлы Отан соғыс кезіндегі тарихи оқиғалардың тарихын архив материалдары арқылы танысып, шығармашылық жұмыстар: баяндамалар, ой-толғаулар т.б. дайындайды.Экскурция сабақтарда жергілікті музей материалдарымен және экспонаттарымен танысады. «Қос Шынар» атты қоғамдық қор басшыларымен, өкілдерімен және де басқада қоғам қайраткерлерімен кездесу ұйымдастырылады. Осындай жұмыстардың ұйымдастырылуы оқушылардың өз бетімен ізденуге деген ынтасын арттырады, тарих ғылымын сүйіп оқуға қызықтыра түседі, өз көзқарастарын қалыптастыруға септігін тигізеді.
Бұл курстың көлемі білім стандартынан өтілетін бағдарлама тақырыбынан әлдеқайда кең жатыр. Курс арқылы Ұлы Отан соғысы жылдарынлағы халықтардың Қаһармандығы мен ерлігін сипаттайтын тарихи фактілер мен оқиғаларды оқушыларға толық жене жете түсңндіруге мүмкіндік алады.
Осы бағдарламамен қазақтың қос аяулы қызы Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың жарқын, өнегелі бейнесі қайта табысса мақсаттың орындалғаны.
Түсінік хат
Өзектілігі:
. Бұл бағдарламаданың өзектілігі оқушыларды отаншылдыққа, рухы асқақ,санасы биік, ұрпақ тәрбиелеудің бастамасы.
Бұл курсты оқытудағы бағытымыз батырлардың өмір жолы, ерлігінің ерекшелігіне баса назар аудару, тарихи деректермен танысып, жинау, жүйелеу, зерделеу.
Бұл бағдарлама 34 сағат дәріс сабақтарына сәйкестендіріліп, тың дерек тарихи оқиғалар негізінде құрылды.
Бұл курсты оқытудың мақсаттары мен міндеттерін шешуде қажетті пәндер Қазақстан тарихын, өлкетану тарихыннан толық білімдер береді.Бұл курстың ғылыми-практикалық жағынан маңызы зор. Бұл курстың көлемі білім стандартынан өтілетін бағдарлама тақырыбынан әлдеқайда кең жатыр.
Курс арқылы Ұлы Отан соғысы жылдарынлағы халықтардың Қаһармандығы мен ерлігін сипаттайтын тарихи фактілер мен оқиғаларды оқушыларға толық жене жете түсіндіруге мүмкіндік алады.
Осы бағдарламамен қазақтың қос аяулы қызы Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың жарқын, өнегелі бейнесі қайта табысса мақсаттың орындалғаны.
Курс мақсаты:
-
Оқушыларға ұлы өнеге қалдырған ерекше аяулы есімдер Ә.Молдағұлова мен М.Мәметованың Ұлы Отан соғысында теңдесі жоқ ерлігін қайсарлық өнегесін батырлығын таныту.
-
Батырлардың жарқын бейнелерін, есімдерін елеске айналдырмай бейнелерін ашу.
-
Оқушылар бойына ұлтты уақытың тасты құм, дарияны шөл етер қаһарманан сақтайтын ұстының бірі – ұлттық зерде,ұлттық тарихи сананы қалыптастыру;
-
Отаншылдыққа, адалдыққа, әсемдікке, рухы асқақ,санасы биік, тұлға тәрбиелеу отырып, тұлғалардың ізгі өнеге бейнесіндей тәрбиелеу;
-
Батырлар ерлігі – ата-бабаның рухымен,ділімен, қанымен суарылған ерлік екенін, олардың ісі арғы ата-бабалардан бері жалғасып келе жатқан ұлы мызғымас өнеге екенінің тарихынымен таныстыру;
-
Батыр есімін ұлттық мақтанышқа айналғанын ұлттық өнегенің өшпес жәдігері деп таныту;
-
Өнеге ерлігін оқушыларға үлгі ету;
-
Егемен Қазақ елі үшін, өзге ұлттардан терезе теңестіре бастаған ұлты, ұрпағы үшін батырлардың асқақ, аяулы һәм киелі екенін баяндау;
-
Қос мақтанышты зердеден өшірмеу;
Курс міндеттері:
-
Тарихи деректермен жұмыс істеу,жинақтау дағдыларын қалыптастыру;
-
Қазақстан тарихы пәнін оқытуда оқушы ой – ізденістерін шыңдай түсу;
-
Мәдени – танымдық тәрбиелік шараларға қатыстыру;
-
Батырлар даңқын зерттеуге, насихаттауға арналған қоғамдық қорлары өкілдерімен кездесу;
-
Оқушыларды ғылыми жұмыстар қорғау, жоба жұмыстарына қатыстыру;
-
Нақты тарихи мәліметтер беріп рухани ізденушілікке қызықтыру;
-
Оқушылардың шығармашылық ізденуін қалыптастыру;
Мазмұны
Патриозм, «ұлттық патриотизм», «ерлік», «батыр» ұғымы.
I.Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында
Ұлы Отан соғыс жылдарында Батыс Қазақстанның әлеуметтік экономикалық жағдайы.
Ұлы Жеңіске қосылған үлес. Қазақстандық батырлар. Ақтөбе Ұлы Отан соғысы Шығармашылық жұмыс.
II.Батырлар туған мекеендер.
Қобда – батырлар мекені. Орал өңірі тарихи мекен.
Әлия Молдағұлова (1925.15.06- 14.01.1944)ж.ж. өмір жолы мен балалық шағы.
Әлия ғұмыры Ғасырға бергісіз он тоғыз жас- қысқа ғұмыр, жарқын өмір.
Ленинград – батыр сүйген қала.
Мәншүк Мәметова ( 1922.02.10 – 16.10.1944 ) ж.ж.өмір жолы мен балалық шағы.
Мәншүк – жотадан жау қайтарған жалғыз.Батырлардың ерліктерінің сипаты, батырлығы.
Пікір – сайыс.
III.Ерлік пен аңыз мекендерінде.
«Әлия» елінен «Мәншүк» жеріне дейін ерлікке тағзым шеруі тарихы.
Батырлардың патриоттық ерлігіне қоғам қайраткерлерінің, тарихшылар көзқарасы.
Батырлардың ерлік патриоттық рухын көтеруге бағытталған шығармалар.Қ.Мырзалиев «Мәншүк» өлеңі. М.Мәметова туралы алғаш қалам тартқан Ә.Нұршайықов «Жан құрбы».
Анаға тапсырылған аманат. «Әлия мен Мәншүк». Т.Молдағалиев.
Саяхат сабақ
IV.Естеліктің хаты болған – батыр қыздар.
Ә.Молдағұлованың достары. Ерлігі туралы естеліктер. Әдебиеттегі – батырлар образы «Шығыстың қос шынары». Ә.Нұрмұханбетқызы.
Батырлар туралы тарихи деректер. Батырлардың туыстары.
Деректермен жұмыс.
V.Батырлар тарихымыздан өшпес мәңгі.
«Әлия» мұражайының негізінің қалануы. «Мәншүк» мұражайының негізінің қалануы.
«Қос Шынар» қорының негізінің қалануы. Ұзақбай Қауыс, Ғалымжан Байдербес. Ертеңгі ұрпаққа ерлікті насихаттауға үлес қосқан Ақтөбелік азаматтар;Изимғали Көбенов.Ескерткіштер.Көшелер.
Шоөтай жанған жүрек немесе Әлия – дастан. Шоқтай жанған жүрек немесе Әлия – дастан Әлия ән - Әлия жыр.Әлия толғауы.
Кездесу кеші.
Оқытуда күтілетін нәтижелер
Оқушылар білуге тиісті:
-
Негізгі түсініктер мен терминдердің мағынасын;
-
Тарихшыларың әртүрлі көзқарастарын;
-
Адамның мәдени рухани өмірі тарихындағы өткенденді білуге тиісті;
-
Меңгерген аппарат білімдерін түсініктерін өмірде пайдаланып,пайымдау;
-
Мәселе сұрақтар бойынша өз көзқарастарын білдіру;
-
Түрлі деректерден өзбетінше қосымша ақпараттарды табу;
-
Мәселенің пайда болуына түрлі көзқарастарды;
-
Адам өміріндегі тарих пәнінің маңызы:
Оқушылар жасай алу қажет:
-
Өткен тақырыптың маңыздылығына байланысты сұраққа дұрыс бағдарлануы;
-
Ауызша қарым-қатынас дағдысын дамыту,құрбыларын тыңдау және өзара түсінісу;
-
Мәселелі сұрақтар бойынша өз көзқарастарын білдіру;
-
Басқа да гуманитарлық пәндерден (тарих,әдебиет) алған білімді қолданып жандандыру;
-
Өз бетінше қосымша деректер жинау,іздену;
-
Алған білімдерін өмірде қолданып,жандандыру;
Бағалау өлшемдері мен бақылау түрлері
Курс жылына 34 сағат сабағынан және тарауға бөлінген.Тарау соңы әртүрлі тапсырмалардан тест,шығармашылық жұмыс істеу сабағын өткізу көзделген.Тарудан кейінгі соңғы сабағы оқушылардың білімін тексеруге әртүрлі әдістер пайдаланады.Белгілі бір тақырыпқа топтастырылған жоспар құру,ой-толғау жазу,жаппай әнгіме,жеке әңгімелесу,бір оқушыға арналған жеке карточкалар(ұғымды түсіндіруге арналған тапсырмалар,адам аттары,тарихи күндер;белгілі бір тақырыпқа байланысты топтастырылған жоспар құру) әдістері қолданылады.Курстың соңында қорытынды тексеру бойынша біршама уақытты алуы керек,әр оқушыға көңіл аудару және максималды әділдікті қамтамасыз етуі қажет.Келесі параметрлер ескеріледі:
а) оқу материалын білу,факт,есімдер,уақыт;
ә) жеке қызығушылық,паймдай білу;
б) түсіндірме аппаратын меңгерімін пайдаланып,жеке пікірдің болуы;
в) жеке көзқараста тұру мүмкіндігін қалыптастыру:
Оқытудың әдістері мен формалары:
-интерактивті әдістер:топтық жеке жұмыс,пікір-талас шығармашылық жұмыстар,тест;
-хат және оқу арқылы сыни ойлаудың даму стратегиясы: «ассоциации», «идеялар қоржыны», «инсерт»;
-көрнекілік әдістер:слайдтар демонстрациясы,видеоматериалдар,аудиокөшірмедегі музыкалық үзінділер;
-сөздік әдістер:мұғалім әңгімесі,жаппай сөйлесу.
-тәжірибелер:лекция-сабақтар,экскурция-сабақтары,тәжірибе-сабақтары,интерактивті сессия-сабақтары,дәстүрлі сабақтар,сынақ сабақтар.
Күнтізбелік жоспар
(аптасына 1 сағат,барлығы 34 сағат)
р/с
|
Тақырыбы
|
Сағат саны
|
Мерзімі
|
|
Кіріспе
|
|
5A
|
5Ә
|
1
|
Патриотизм, «ұлттық патриотизм», «ерлік», «батыр» ұғымы.
|
1
|
|
|
|
І.Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында
|
3
|
|
|
2
|
Ұлы Отан соғысы жылдарында Батыс Қазақстанның әлеуметтік экономикалық жағдайы.
|
1
|
|
|
3
|
Қазақстандық батырлардың Ұлы Жеңіске қосқан үлесі.
Ақтөбе Ұлы Отан соғысы жылдарында.
|
1
|
|
|
4
|
Шығармашылық жұмыс.
|
1
|
|
|
|
І І.Батырлар туған мекендер
|
9
|
|
|
5
|
Қобда-батырлар мекені.
|
1
|
|
|
6
|
Орал өңірі тарихи мекен.
|
1
|
|
|
7
8
9
|
Әлия Молдағұлова (15.06.1925-16.10.1944 )ж.ж. өмір жолы мен балалық шағы.Әлия ғұмыры.
Ғасырға бергісіз он тоғыз жас-қысқа ғұмыр,жарқын өмір.
Ленинград-батыр сүйген қала.
|
1
1
1
|
|
|
10
11
12
13
|
Мәншүк Маметова(02.10.1922-16.10.1944)ж.ж. өмір жолы мен балалық шағы.
Мәншүк-жотадан жау қайтарған жалғыз.
Батырлардың ерліктерінің сипаты,батырлығы.
Пікір-сайыс.
|
1
1
1
1
|
|
|
|
ІІІ.Ерлік пен аңыз мекендерінде.
|
5
|
|
|
14
|
«Әлия» елінен «Мәншүк» жеріне дейін ерлікке тағзым шеруі тарихы.
|
1
|
|
|
15
16
17
18
|
Батырлардың патриоттық ерлігіне қоғам қайраткерлерінің,тарихшылар көзқарасы.
Батырлардың ерлік патриоттық рухын көтеруге бағытталған шығармалар.Қ.Мырзалиев «Мәншүк» өлеңі.М.Мәметова туралы алғаш қалам тартқан Ә.Нұршайықов «Жан құрбы».
Анаға тапсырылған аманат.»Әлия мен Мәншүк».
Т.Молдагалиев.
Саяхат сабақ.
|
1
1
1
1
|
|
|
|
ІҮ.Естеліктің хаты болған-батыр қыздар.
|
6
|
|
|
19
|
Ерлігі туралы естеліктер.Ә.Молдағұлованың достары.
|
1
|
|
|
20
|
Әдебиеттегі-батырлар образы.
|
1
|
|
|
21
|
«Шығыстың қос шынары».Ә.Нұрмұханбетқызы.
|
1
|
|
|
22
|
Батырлар туралы тарихи деректер.
|
1
|
|
|
23
|
Батырлардың туыстары.
|
1
|
|
|
24
|
Деректермен жұмыс.
|
1
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Ү.Батырлар тарихымыздан өшпес мәңгі.
|
7
|
|
|
25
|
«Әлия мұражайының негізінің қалануы.
|
1
|
|
|
26
|
«Мәншүк» мұражайының негізінің қалануы.
|
1
|
|
|
27
|
«Қос Шынар» қорының негізінің қалануы.
Ұзақбай Қауыс.Ғалымжан Байдербес.
|
1
|
|
|
28
|
Ертеңгі ұрпаққа ерлікті насихаттауға үлес қосқан Ақтөбелік азаматтар;Изимгали Көбенов.
Ескерткіштер.Көшелер.
|
1
|
|
|
29
|
Шоқтай жанған жүрек немесе Әлия-дастан.
|
1
|
|
|
30
|
Әлия ән-Әлия жыр.Әлия толғауы.
|
1
|
|
|
31
|
Экскурция сабақ.
|
1
|
|
|
32
|
Кездесу кеші
|
1
|
|
|
33
|
Тест жұмысы.
|
1
|
|
|
34
|
Қорытынды.
|
1
|
|
|
|
Барлығы:
|
34
|
|
|
Ақтөбе қаласы №48 орта мектебінің тарих және құқық пәнінің мұғалімі Садық Индира Әмірханқызының «Қос Шынар» атты арнаулы танымдық курсына
ПІКІР
Ерлігімен қазақ халқының даңқын әлемге жайған шығыстың қос шынарыМәншүк пен Әлияның өмір жолы талай ұрпаққа өнеге болары ақиқат.
Өсер елдің аңызға айналған өр тұлғаларын тану-өз отанын сүюдің,қайсар тектіліктің белгісі.
Мектеп оқушыларын тарихи оқиғаларды танып,білуде ұлттық рухта тәрбиелеудің маңызы зор.
Индира Әмірханқызының дайындаған арнайы курсы оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп,шығармашылық қабілетін дамытуға жол ашады.
Оқыту мазмұны курстың мазмұндық желісімен сәйкес бөлінген.Оқу материалын тақырыптың жоспарлау бөлімі бөлінген курс материалдардың тізбегінен тұрады және оларды оқытуға жұмсалатын сағат сандары көрсетілген.Әрбір тарау тәмандаған соң оқушылар бағдарламасы бойынша шығармашылық жұмыстар тесттерге арнайы сағат бөлінген.Кең көлемде оқытудың бағдарламасы «Қос Шынар» курсы толық көлемде қамтылған.
Бұл курс-жылдар бойы жинақталған тарихи деректердің ұлт үшін,ұрпақ үшін берері мол еңбегінің қорытындысындай.Осы курс арқылы жас ұрпақтарға қазақтың қос аяулы қызы Әлия мен Мәншүктің жарқын,өнегелі бейнесі қайта табысса курс авторының мақсатының орындалғаны болып табылады.
Қазақтың қос мақтанышын зердеден өшірмеу үшін Әлия мен Мәншүктің өнегелі даңқын асқақтата беру үшін мектеп оқушыларына бұл курстың қажеттілігі анық.Бүгінгі жас ұрпақтың бойына мектеп қабырғасынан отаншыл,рухы асқақ,санасы биік болсын десек,жас ұрпақты батырлардың ерлігімен,ізгі өнегесімен тәрбиелеуде Индира Әмірханқызының «Қос Шынар» атты танымдық курсының маңызы өте зор.
Пікір беруші
Педагогика ғылымдарының кандидаты Тоғайбаева А.К.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Оралбай. Ә. Әлия жүрегі. Ақтөбе 1992 жыл.
2. Қауыс Ұ ,Байдербес.Ғ Әлия-ғасыр аруы.2000
3. Нұрмұханова.Ә. Шығыс шынары. Ақтөбе-2000.
4. Тарази.Ә. Қыз махаббаты.
5. Утегенов.А. Әлия-Мәншүк.
6. Әлия. 1-2 том.Атамұра 2005.
7. Ашықбаев.Е Гүл ғұмыр. Ақжар АБК 1985.
8. Жиенбаев.С Жарық жұлдыздар.
9. Жұмағұлов.С. Жырлайды жүрек .1996.
10. Қауыс Ұ, .Байдербес.Ғ Аңызға айналған арулар. Ақтөбе 2002.
11. Қауыс Ұ, .Байдербес. Ғ. Әлия – батыр қызы сен,халқымның.Ақтөбе 1995.
Достарыңызбен бөлісу: |