Осакаров аудандық
мәслихатының
2011 жылғы «_25_» қазандағы
№ 414 шешімімен бекітілген
Осакаров ауданының тұрғындарына
тұрғын үй көмегін көрсету
ЕРЕЖЕСІ
Осы Осакаров ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі «Байланыс туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» № 2314 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі «Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы» № 512 қаулысына сәйкес әзірленді және аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібін анықтайды.
-
Жалпы ережелер
1.Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет есебінен осы елді мекенде тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға):
жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға;
тұрғын үйді күтіп-ұстауға;
тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді тұтынуға;
жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысына;
байланыс саласындағы заңнамада белгiленген тәртiппен тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерiне ақы төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
Тұрғын үй көмегi қызметтердi жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша көрсетiледi.
2. Тұрғын үй көмегі егер кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, тұрғын үйді күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуға, өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілген нормасының шегінде және тұрғын үй ауданының әлеуметтік нормасының шегінде, бірақ нақты алып жатқан жалпы ауданнан көп емес Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге шығындары және тұрғын үйді күтіп-ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтынуға, сонымен қоса, телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерiне шығындарының нормативтері отбасы бюджетінде осы мақсатқа жұмсалатын шекті жол берілетін шығыстар үлесінен асатын болса беріледі.
Кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, тұрғын үйдi күтiп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуға, тұрғын үйдi пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге, сонымен қоса, телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерiне ақы төлеуге шығыстары отбасының шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 15 пайызы мөлшерінде белгіленеді (жыл сайын мәслихаттың шешімімен ағымдағы жылдың бюджетін бекіту кезінде белгіленеді).
3. Осы Ережеде келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) арнайы комиссия – тұрғын үй көмегін тағайындау немесе бас тарту мәселелері бойынша шиеленісті, даулы немесе ерекше жағдайларды қарайтын уәкілетті органның жанындағы комиссия;
2) жиынтық табыс – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы алған кірістердің жалпы сомасы (бұдан әрі -жиынтық табыс);
3) коммуналдық қызметтер - сумен қамтамасыз етуді, кәрізді, газбен қамтамасыз етуді, электрмен қамтамасыз етуді, жылумен қамтамасыз етуді, оның ішіңде қатты отын, үйді күтіп-ұстауды, қоқыс жоюды қызмет көрсетуді қоса алғанда тұрғын үйде (тұрғын ғимаратта) көрсетілетін қызметтер;
4) кондоминиум - үй-жай азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттің дара (бөлек) меншігінде болатын, ал ортақ мүлік оларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі болатын жағдайда, бiрыңғай мүлiктiк кешен ретінде (кондоминиум объектісі) жылжымайтын мүлікке меншіктің ерекше нысаны;
5) кондоминиум объектісін басқару органы - кондоминиум объектiсiнің күтiп-ұстау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
6) кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу - кондоминиум обьектілерінің жалпы мүлкін күрделі жөндеудің жеке түрлері:
іргетас, сыртқы қабырғалар және шағын құрылыстар;
шатыр;
баспалдақтар (алаңдар, жорықтар) және ішкі қабырғалар;
7) отбасы – заңнамада белгiленген тәртіпте бір мекенжайда бірге тұратын және тіркелген неке, туысқандық, балаларды асырап алу немесе тәрбиеге алудың басқа да түрлерінен шығатын мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттермен байланысқан тұлғалар тобы;
8) өтініш беруші (жеке тұлға) – тұрғын үй көмегін тағайындау үшін жеке өз атынан немесе отбасы атынан өтініш берген тұлға (бұдан әрі - өтініш беруші);
9) телекоммуникация желілерінің абоненті - телекоммуникация желілерінің байланыс қызметтерін осы мақсаттар үшін абоненттік нөмір немесе сәйкестендіру коды бөлінген кезде осындай қызметтер көрсету туралы шарт негізінде пайдаланушы жеке тұлға;
10) телекоммуникация желілерінің абоненттері болып табылатын, әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телефон үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы (бұдан әрі – телефон үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы) – тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеу жөніндегі тұрғын үй көмегінің құрамына кіретін, телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің көтерілу шығындарын өтеуге арналған ақшалай өтемақы және қолданылып жүрген тариф пен 2004 жылдың қыркүйек айындағы жағдай бойынша қалыптасқан тариф арасындағы айырма ретінде анықталатын ақшалай өтемақы;
11) төлем шоттары – тұрғын үй көмегін тағайындау кезеңіне қызметті ұсынушылармен, өтініш берушілермен берілетін коммуналдық қызметтер төлеміне, тұрғын үйді күтіп-ұстау шығындарына шот, түбіртек, хабарлама, анықтама;
12) тұрғын үй көмегі – тұрғын үйді күтіп-ұстау, қосымша кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу, коммуналдық қызметтерді тұтыну, сонымен қатар әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуі бойынша ақы төлеу бойынша шығындарын өтеу үшін халықтың аз қамтамасыз етілген тобына көрсетілетін көмек түрі;
13 ) тұрғын үй көмегін тағайындау бойынша уәкілетті орган - «Осакаров ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – бөлім);
14) шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi - телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде отбасының бiр айда кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, тұрғын үйді күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға жұмсалған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң отбасының орташа айлық жиынтық кiрiсiне пайызбен қатынасы;
шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің өлшемі болып табылады.
2. Тұрғын үй көмегін көрсету нормативтерін анықтау
4. Тұрғын үй көмегі бөліммен өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша келесі мөлшерлер бойынша беріледі:
1) өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілген тұрғын үй ауданының нормалары тұрғын үй заңнамасымен белгіленген отбасының әр мүшесіне берілетін тұрғын үй беру нормасына баламалы (18 шаршы метр), көп бөлмелі пәтерлерде тұратын жалғыз басты азаматтар үшін ауданның әлеуметтік нормасы - 30 шаршы метр;
2) бір адамға коммуналдық қызметтерді тұтыну мөлшері:
газ тұтыну нормасы:
қызметті көрсетушілердің шоттарын ұсына отырып (түбіртек, анықтама, чек) баллон газын нақты шығындар бойынша, бірақ көлемді газды тұтыну бойынша айына бір адамға бекітілген нормативтен артық емес тұтыну (айына 8 килограмнан көп емес);
қатты отын тұтыну нормасы:
1 шаршы метр алаңды жылытуға – 1985 жылға дейін салынған тұрғын үй ғимараттары үшін 1-2 қабатты салынған үйлері үшін 161 килограмм, 3-4 қабатты салынған үйлері үшін 98 килограмм; 1985 жылдан кейін салынған тұрғын үй ғимараттары үшін 1-2 қабатты салынған үйлері үшін 125 килограмм, 3-4 қабатты салынған үйлері үшін 72 килограмм (жылу беру маусымы 7 ай есебінде), бірақ үйге 7 тонна көмірден артық емес.
Тұрғын үй көмегін есептеу барысында статистика органдарының мәліметтері бойынша өткен тоқсандағы облыстың қалалары мен аудандарында қалыптасқан көмір бағасы пайдаланылады.
электрэнергиясын тұтыну:
газ плитасымен жабдықталған үйлерде - 150 киловатт;
электр плитасымен жабдықталған үйлерде – 250 киловатт;
«Қайырымдылық үйі» үшін 1 шаршы метрді жылыту бағасы 222 теңге 43 тиынды құрайды.
3) cуық суды, кәрізді, ыстық суды, қоқыс төккішті, эксплуатациялық шығындарды тұтыну нормалары (пәтер иелерінің кооперативі, өзін-өзі басқару комитеті, үй комитеттері) басқару үлгісіне тәуелсіз тарифтерді бекітетін органдармен белгіленеді;
4) тұрғын үй көмегін алушылар үшін кондоминиум объектісінің жалпы мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге жұмсалатын шығындары алушының жеке меншік көлемінің кондоминиум объектісінің жалпы көлеміне арақатынас жолымен анықталады.
Кондоминиум объектісінің жалпы мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу кезегі пәтер иелеріменен жалпы жиналыста бекітіледі.
5. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуінің сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгілеген тәртіпте өтелуіге жатады.
6. Кондоминиум объектiсінiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, тұрғын үйді күтіп-ұстау, коммуналдық қызметтерді тұтыну және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерi, тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысы шығындарына белгіленген мөлшерден жоғары шамада ақы төлеу жалпы негізде жүргізіледі.
3. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу тәртібі
7. Тұрғын үй көмегі ауданда тұрақты тұратын, белгілі бір үйде тіркелген, оның меншік иесі немесе пайдаланушысы (жалға алушы, жалдаушы) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға), егер кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға шығыстары, тұрғын үйді күтіп-ұстау, коммуналдық қызметтерді тұтыну, өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілген тұрғын үй ауданының нормасының шегінде, бірақ нақты алып жатқан жалпы ауданнан көп емес тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысының шығындары және тұрғын үйді күтіп-ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтынуға, сонымен қоса, телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерiне шығындарының нормативтері отбасы бюджетінде осы мақсатқа жұмсалатын шекті жол берілетін шығыстар үлесінен асатын болса беріледі.
8. Жеке меншiгiнде тұрғын үйдің (пәтер, үй) бiр бірлігінен артығы бар немесе тұрғын үй-жайларын жалға беретiн (жалдайтын) немесе жалдайтын отбасыларына тұрғын үй көмегi көрсетiлмейдi.
9. Тұрғын үй көмегі тағайындалмайды:
1) мүгедектерді және 1,2 топтағы мүгедектерге, мүгедек балаларға күтім жасайтын тұлғаларды, күтім қажет деп танылған сексеннен асқан адамдарды, үш жасқа дейінгі (бір немесе одан да көп) баланың тәрбиесімен, сонымен бірге кіші баласы бірінші сыныпты аяқтағанға дейін (9 жастан аспаған) төрт және одан да көп баланың тәрбиесімен айналысатын тұлғаларды қоспағанда, жұмыс істеуге қабілеті жастағы жұмыс істемейтін, күндізгі оқу бөлімі бойынша оқымайтын, әскерде қызмет атқармайтын, және жұмыспен қамту уәкілетті органында тіркелмеген жұмыссыз тұлғалары бар отбасыларға;
2) жұмыспен қамту өкілетті органының еңбекке орналастыру ұсынысынан, соның ішінде әлеуметтік жұмыс орнына немесе қоғамдық жұмысқа, кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан, біліктілігін жоғарылатудан себепсіз бас тартқан, осындай жұмыстарға және оқуларға қатысуды өз еркімен тоқтатқан жұмыссыздарға;
3) егер ата-анасы ажырасып және олармен бірге тұратын балаларға алимент өндіру туралы талап бермесе.
10. Тұрғын үй құқықтық қатынастарынан туындаған даулар сот арқылы шешіледі.
11. Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын үйді күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер және телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің көтерілуі үшін нақты есептелген төлемақының сомасынан артуы тиіс емес.
12. Тұрғын үй көмегі ақшалай және аударма түрінде көрсетіледі. Аударма түрі - ол тұрғын үйді күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтер үшін төлемнің тұрғын үй көмегінің сомасына тең соммада азаюы. Тұрғын үй көмегінің сомасы коммуналдық қызмет көрсетушілерге аударылады.
Ақшалай түр ақшалы төлемдер түрінде бекітіледі. Өткен ай үшін тұрғын үй көмегін төлеу бюджеттік қаржы есебінен азаматтардың салымы бойынша шоттарына аудару жолымен бөліммен жүзеге асырылады.
Тұрғын үй көмегінің төлем үлгісін (қолма-қол немесе қолма-қол ақысыз) таңдау құқығы алушыға ұсынылады.
13. Тұрғын үй көмегінің сомаларын жеке шотқа аудару кезінде бөлімге салымшылардың бір жолғы тапсырмалары негізінде тұрғын үй көмегінің сомалары салымынан аудару үшін банктік формаларын толтыру жолымен бөлінген қаржының мақсатты пайдалануларын тексеріп отыру қажет.
14. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеу мына жағдайда тоқтатылады, егер алушы:
1) бөліммен белгіленген уақытқа сәйкес тиісті құжаттарды ұсынбаса;
2) алынатын тұрғын үй көмегін мақсатсыз пайдаланса және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу ақысын және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтерге және байланыс қызметтеріне төлемді өз уақытында төлемесе.
15. Тұрғын үй көмегіннің төлемдерін қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
4. Тұрғын үй көмегін беру мерзімдері және мерзімділігі
16. Тұрғын үй көмегі тоқсан сайын табыстар және отбасы құрамы туралы мәліметтерді бере отырып, барлық қажетті құжаттармен өтініш берілген айдан бастап бір жылға тағайындалады. Тұрғын үй көмегін алушыларды қайта тіркеу алғашқы құжаттандырылу рәсімдеріне сәйкес болады.
Отбасының табыстары және құрамы туралы мәліметтерді тоқсан сайын ұсынып отырған отбасылар, құжаттарды нақты ұсынған мерзімінен тәуелсіз тұрғын үй көмегін тоқсан үшін алады.
Отбасының табыстары және құрамы туралы мәліметтерді ағымдағы тоқсан бойы ұсынбаған отбасыларға, себебіне қарамай, тұрғын үй көмегін аудару құжаттар ұсынылған айдан бастап жүргізіледі.
17. Тұрғын үй көмегін алушылар күнтізбелік он күн ішінде алу құқығына және мөлшеріне әсер ететін жағдайлар жөнінде, соның ішінде тұрғын үй меншігінің нысанының, отбасы құрамы және оның жиынтық табыстарының өзгерістері, жұмыссыздар - мәртебесінің өзгергені туралы бөлімге жазбаша хабарлаулары тиіс.
18. Тұрғын үйді күтіп ұстау және коммуналдық қызметтің ақысына, коммуналдық қызметтерге бағалар мен тарифтерге отбасының шекті жол берілетін шығыстарының үлесі өзгергенде тиісті өзгерістер болған уақыттан бастап бұрын тағайындалған көмектің қайта есептеуі жүргізіледі.
19. Көмекке құқықтар анықтау кезінде отбасында басқа елді мекенде уақытша тұратын тұлғалары тиісті құжаттармен дәлелденуімен есепке алынбайды.
5. Тұрғын үй көмегін өтіну және тағайындау тәртібі
20. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат (отбасы) тұрғылықты жері бойынша бөлімге немесе «Қарағанды облысы халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесінің филиалына өтінішпен жолығып және (қосымша) келесі құжаттарды ұсынады:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттардың көшірмесі;
3) азаматтарды тіркеу кітабінің көшірмесі;
4) отбасының табысын растайтын құжаттар;
5) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшері туралы шот;
6) жергілікті атқарушы органмен( тұрғын үй инспекциясымен) келісілген, пәтерлердің меншік иелері мен жалдаушыларының (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналысында бекітілген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекеленген түрлерін жүргізуге арналған шығыстар сметасы негзінде кондоминиум объектісін басқару органы ұсынатын және мөрмен, кондоминиум объектісін басқару органы басшының қолымен расталған кондомиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот;
7) коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары;
8) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
9) тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.
21. Құжаттар түпнұсқасымен және көшірмесімен салыстыру үшін тапсырылады, одан соң құжаттардың түпнұсқасы өтініш берушіге қайтарылып, ал көшірмелері жеке іске тігіледі.
22. Өтініш берушімен ұсынылған құжаттардың растығына (мәліметтерге) күман туындаған жағдайда бөлім тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген отбасының материалдық - тұрмыстық жағдайын тексеруге құқығы бар (арнаулы комиссияның тапсырысы бойынша). Тексеру актісі тұрғын үй көмегін алушының жеке ісіне тіркеледі.
23. Тапсырылған құжаттарды қарау нәтижесі бойынша бөліммен алушының жеке ісі қалыптастырлып және он күн ішінде отбасына тұрғын үй көмегін беру жөнінде шарт жасалады. Шарт екі данада жасалып, оның біреуі тұрғын үй көмегін алушыда сақталады. Көрсетілген шарт тұрғын үй көмегін беру үшін негіз болып табылады. Бөліммен ай сайын тұрғын үй көмегін аударудың есебі жүргізіледі, ол өтініш берушінің өтініміне қарай беріледі.
24. Ақпараттың растығына күман туындаған жағдайда бөлім тұрғын үй көмегін тағайындау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдарға сұраныс жасауға құқылы.
25. Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын үйді күтіп-ұстау, коммуналдық қызметті тұтыну, телекоммуникация желісінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуы үшін алушының нақты төлемінің және тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының шекті жол берілетін шығындар деңгейінің арасындағы айырмасы ретінде есептеледі.
Осакаров ауданының тұрғындарына
тұрғын үй көмегін көрсету Ережесіне
қосымша
Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы
Өтініш
Өтініш берушіні қосқанда, ______ адамнан тұратын менін отбасыма, тұрғын үйді күтіп-ұстау, кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу, коммуналдық қызметтерді тұтыну, оның ішіңде қатты отын, тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысына, сонымен қатар телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерiне ақы төлеуге тұрғын үй көмегін тағайындауыңызды өтінемін.
Мен, және менің отбасымның мүшелері, біздің отбасы мүшелерінің табыстары жөніндегі мәліметтерді уәкілетті органдарға беруге біздің келісіміміздің нақтылануы ретінде, заңды және жеке тұлғаларға ұсынылуы мүмкін табыстар жөніндегі ақпаратты ашу үшін өз келісімімізді береміз.
Мен, көтеріңкі немесе заңсыз тұрғын үй көмегін тағайындауға әкелген жалған мәліметтерді ұсыну көмек төлеуді тоқтататылының, ал заңсыз алынған сома өз еркімен, ал бас тартқан жағдайда – сот тәртібімен қайтарылуға жататыны жөнінде хабарландым.
Қажетті құжаттарды қосымша тапсырамын.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 325 бабының 3 тармағына және 177 бабының 1 тармағына сәйкес тапсырылған құжаттардың растығына жауапкершілік туралы таныстым.
Өтініш беруші туралы мәліметтер:
Тегі, аты, әкесінің аты __________________________________________
Жеке куәлігінің мәліметтері___________________________________________
( туған жылы, айы, күні, жеке куәлігінің № және берілген күні)
СТН ______________________________ ӘЖК _______________________
ЖСН________________________банктің,Казпоштаның есеп шоты_______________________
Мекен-жайы_________________ көшесі_______________________
үй, ________________________ пәтер ___________________телефон_______
тиесілі___________________________________ түрі _______________________
(пәтер меншіктерінің кооперативтері) (жеке меншік, мемлекеттік)
Жалпы аумағы____________ шаршы метр.
Бөлме саны ______________________________________________
Әлеуметтік мәртебесі _______________________отбасы жағдайы__________________
Жеке меншігімде тұрғын үйдің бір бірлігі бар.
Өтініш берушінің қолы _______________
Берілген күні ________________________
Достарыңызбен бөлісу: |