Қош бол, балабақшам
Жүргізуші: Қымбатты ата-аналар қонақтар! Бүгін біз мәпелеп,күтім тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді балабақша ұясынан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз. Болашақта әр бүлдіршіннің жолы ақ болсын, оқуда озат болсын дей отырып, құстай самғап ұшып бара жатқан, түлектерімізді қанша алайық.
1. Бойына сымбаты сай, спортшы Асадбек ұлымызбен, Әжесінің еркесі, оқуға зерек, Айлин қызымыз.
2. Топымыздың данасы, жігіттің сұлтаны, Апайының қамқоршысы. Ислаи баламызбен, Қыздардың аруы, қамқоршысы ананың , Өзі нәзік талдырмаш,Қарақат.
3. Салмақты да сабырлы, жігіттің сұлтаны. Әділет ұлымызбен, Анасының данасы, ортамыздың данасы, сымбатты да, ақылды Аянат.
4. Қамқор болған анаға, үлгі болар бар балаға Сырым баламызбен. Тап шыбықтай бұлалған, мың бұлалған биі бар, өнерге жақын Жасмина.
5. Анасының данасы ,ортамыздың дарасы, жігіттің сұлтаны, сегіз қырлы, бір сырлы Диярбек ұлымызбен.
Бәрін білгім келеді деп алға ұмтылар, сүп-сүйкімді, айдай ару Дария.
6. Қасы, көзі қиылған, отбасының еркесі, серкесі, жігіттің сұлтаны Мансур ұлымызмен, Сымбатты да сүйкімді, айдай сұлу Мехрибану.
7. Салмақты да сабырлы, жан-жағына қамқоршы Зейін ұлымызбен, Инабатты да талдырмаш айдай ару Ясмина.
8. Бойына, сымбаты сай, ақкөңіл, елгезек сері жігіт Байкен. Тақылдаған тілі бар, сұп-сүйкімді қылығы бар, топымыздың мақтанышы, актрисасы Самира.
9. Елгезек, оқуға зерек, анасының қолғанаты, жігіттің сұлтаны Жұрдаулет ұлымызбен,
Мың бұралған биі бар, тақылдаған тілі бар, алғыр ару Тахмина.
10. Топымыздың данасы оқу озаты, жігіттің сұлтаны бәрі қуандырып жүретін, Қуаныш ұлымызбен. Анасының данасы ортамыздың дарасы, қыздардың ару, гүлдей жайнап жүретін Гүлім.
11. Топымыздың еркесі, серкесі, кенжесі Нұрасыл ұлымызбен.
Салмақты да сабырлы, инабатты отбасының еркесі Раяна.
12. Қамқоршысы достарының, Өзі әнші өнерлі, ақылды, алғыр Жахонгир ұлымызбен. Өзі нәзік талдырмаш, өнерлі, шеберлі Медина.
13. Инабатты, жан-жағына қамқоршы Топымыздың мақтанышы, батыр жігіт, Батырхан ұлымызбен. Атасының еркесі, қыздардың аруы оқуға зерек, Зере қызымызды қошеметеп шақырайық.
Жүргізуші:Өтті қызық күндер
Жеті жасқа жетіңдер
Барасыңдар мектепке
Бір белестен өттіңдер
Өсті міне бойларың
Өсті ақыл ойларың
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойларың
"Қоштасу вальс"
(балалар орындарына отырады)
Тақпақтар
1) Қуаныш
2) Мансур
3) Қарақат
Жүргізуші: Бүгінгі той бәрімізге құтты болсын! Деніміз сау аман-есен мықты болсын. Мектеп есігі әрқашанда ашық болсын. Бақшадағы әндеріміз есте болсын.
Ән:" Аружанға арнау "
Тақпақтар
1.Сырым
2.Зейін
3.Байкен
Академик: Саламатсыздар ма, балалар! Мені танымай тұрған шығарсыңдар.Ендеше мен өзімді таныстырайын. Мен сендердің білімдеріңді тексеруге келген білім мекемесінің академикі боламын. Мектепке барғалы тұрсындар білімдеріңді тексерейін деп келдім. Сұрақтарға жауап беруге дайынсыңдар ма?
Балалар: Дайынбыз.
Академик: 1-ші сұрақ:
Алғашқы қазақ мектебін ашып, әліппе жазған кім?
Балалар: Ы.Алтынсарин
Академик: Оқу, білім туралы мақал-мәтел айтып беріңдер?
Балалар: 1) Оқусыз білім жоқ
Білімсіз күнің жоқ!
2)Оқу білім бұлағы
Білім өмір шырағы
Академик: Мектепке барғанда ең бірінші оқитын кітаптарың?
Балалар: Әліппе, ана-тілі.
Достарыңызбен бөлісу: |