Оқшаулағыш, амортизациялағыш және сорғыш



бет1/2
Дата11.02.2024
өлшемі25.86 Kb.
#491570
  1   2
Орамдау материалдары


Тақырыбы: Орамдау материалдары.
Арналымына қарай орамдау материалдары оқшаулағыш, амортизациялағыш және сорғыш деп жіктеледі.
Оқшаулағыш материалдар жүктерді сыртқы агрессиялық факторлардан қорғауға арналған. Ондай материалдарға қағаздардың, қабыршық қағаздардың, полимер жабындардың алуан түрлері, сондай-ақ, осы аталған материалдардың әртүрлі үйлесімдері жатады. Қағаздан жасалған оқшаулағыш материалдар негізінен майлың сыртқы шығуын (пергамент, пергаментасты, пергамин) және ылғалдың өтуін болдырмау үшін қолданылады (парафинделген, су өткізбейтін, битумды және қарамайлы қағаздар; соңғы екі түрінің қолданысы шектеулі, себебі олар металды тотықтыру қасиетін иеленеді). Сонымен қатар биологиялық төзімді және тотығуға қарсы сияқты қағаздардың арнайы сұрыптары да қолданылады. Тотығуға қарсы қағаздың құрамында оттегіні байланыстырып, металдың үстіңгі қабатында қорғауыш жабынды туындататын ерекше заттар (ингибиторлар) болады. Бұл қағаз теңіз жағдайында тасымалданатын бұйымдарды қорғауға арналған оқшаулағыш материал ретінде қолданылады.
Өнімді бөгде иістерден, майлардан, ылғалдан оқшаулау үшін, мыстан, қорғасыннан, алюминийден, қалайыдан, тотықпайтын болаттан жасалған қабыршық қағаздар, бір қабат қағазға желімденген қабыршық қағаз және әртүрлі материалдар мен қабыршық қағаздың әртүрлі үлесімдіктері қолданылады. Сондай-ақ, оқшаулағыш материалдар ретінде полимер жабындар да қолданылады. Полимер жабындардан жасалған саңылаусыз қаптамалар металл бұйымдарды тем температура +600С, ылғалдық 100% жететін барынша қолайсыз жағдайларда тотығудан қорғайды.
Саңылаусыздыққа орам тігістерін дәнекерлеу жолымен қол жеткізіледі, алайда температура ауытқуы орын алған жағдайда орамның ішіне ылғал тұрып қалуына тосқауыл қою үшін, бұйыммен бірге силикагель сияқты ылғал тартқыш материалдарды қоса орау қажет. Оқшаулағыш материалдар кейде амортизациялағыш материалдар қызметін де атқарады.
Сорғыш материалдар орамның ішіне енетін ауаның артық буларын сорып алу үшін немесе қазымданған ыдыстан ағып шыққан сұйықтықтардың орамның ішіне таралуын болдырмау үшін қолданылады. Ондай материалдарға: ылғал тартқыштығы жоғары болып табылатын белсендендірілген көмір және силикагель, сонымен қатар басқа да ылғал тартқыш материалдар жатады. Орамдалған жағдайда силикагельдің ылғалдығы 2%-ға дейін жетуі тиіс. Егер оның ылғалдығы осы аталған шамадан асып кетсе, онда материалды алдын ала кептіріп алып, содан соң силикагельді 1кг-нан мата қапшықтарға салып, содан соң ғана орамға салу қажет.
Амортизациялағыш орамдау материалдарының негізгі арналымы – бұйымдарды соққыдан, дірілден, бұйымның сыртқа шығып тұрған бөлшектерінің көлік ыдысының ішкі бүйірлеріне үйкелістен және тағы басқа да жүктемелерден қорғау. Амортизациялағыш материалдарға келесі талаптар қойылады:
– көлемдік салмағы шағын болуы тиіс;
– механикалық беріктігі жеткілікті болуы керек;
– механикалық жүктемелердің әсерінен пайда болатын қалдық деформациясы барынша кем болуы тиіс;
– ылғал тартпауы және химиялық тұрғыда дәртсіз болуы керек;
– абразивтік қасиеттері болмауы тиіс;
– құны төмен және жасалуы оңай болуы керек. 
Амортизациялағыш материалдар ретінде көптеген материалдар қолданылады.
Ағаш жоңқа созылғыштығы жоғары болуының арқасында ауыр заттарды амортизациялауда қолданылады, алайда оның серпімділігі тұрақсыз, себебі ылғалдыққа тәуелді болып келеді. Ағаш жоңқаның ұтымды ылғалдығы 12-18%-ды құрайды. Ылғалдық бұдан артқан жағдайда жоңқаның созылғыштығы жойылады, ал бұдан кеміген жағдайда сынып, ауаны тозаңдандырады. Сонымен қатар ағаш жоңқаның құрамында тотығуды туындататын шайыр заттар болуы ықтимал.
Киіз бен жүннің серпімділігі жеткілікті, олар қайталама деформацияларға жақсы кедергі туғызады, бірақ олар ылғал тартқыш болғандықтан шіруге бейім келеді әрі жәндіктерді тартады.
Әйнек талшықтарының серпімділігі ең жоғары дәрежеде, ол ылғал тартпайды, жанбайды, бірақ абразивтілігі өте жоғары, сондықтан оның қолданыс аясы айтарлықтай шектеулі болып келеді.
Қағаз бен картон – амортизациялағыш материалдардың ішінде ең кең тарағандары; олар қажетті пішінге тез енеді, оларды өндіру құны салыстырмалы түрде төмен, олар жеңіл бұйымдарды жақсы амортизациялайды. Олар азық-түлік, парфюмерия, медициналық және тағы басқа жүктерді орау үшін қолданылады, бірақ олар ылғалды қатты тартатындықтан, қайа пайдалану кезінде серпімділігі жойылады.
Сонымен қатар амортизациялағыш материалдарға қылшықтар, резина жатады. Ал келешегі зор амортизаторлар көбікті полимер материалдар болып табылады. Оларға көбікті полистирол жатады, бұл – құрылымы микроұялы болып табылатын амортизациялағыш және жылу оқшаулағыш материал. Көбікті полистиролдың тығыздығы 25кг/м3, оның механикалық беріктігі аса үлкен, ол ылғалға, төмен температураларға төзімді болып келеді әрі тозаңдатпайды, бірақ қайта тиеу кезінде оның амортизациялық қасиеттері өзгереді. Сондай-ақ, көбікті полеуретан, көбікті полиэтилен, велофлекс және қазіргі заман талаптарына жауап беретін, бірақ қазірше құны аса жоғары болып отырған басқа да материалдар қолданылады. Көбікті амортизациялағыш материалдардың қасиеттері жақсы зерттелген, осы аталған материалдардан жасалған аралық төсемдерді есептеу әдістемелері әзірленген.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет