Осы күні біз қазақ Абайды Ұлы ақын дейтін болдық. Бірақ, Ұлылық бір Тәңірге ғана тән. Ал Абай қазақтың бас ақыны емес пе?



Дата02.06.2022
өлшемі16.19 Kb.
#458926
Абай 175


Осы күні біз қазақ Абайды Ұлы ақын дейтін болдық. Бірақ, Ұлылық бір Тәңірге ғана тән. Ал Абай қазақтың бас ақыны емес пе?! Себебі, бір кездері алаш көсемдерінің бірі Ахмет Байтұрсыновтың «Қазақ» газетінде басылған « Абай – қазақтың бас ақыны» атты мақаласында «Одан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын жоқ» - деп Абайды жоғары бағалаған болатын. Сол секілді бізде алдыңғы буын ағаларымыздай хакім Абайдың ешкімде жоқ, тек оған ғана тән қасиеттерін танып, рухани байланысқа түскен де ғана көздеген мақсатымыздың орындалары анық. Ал қазіргі қоғамда өзі әдемі сөздерді айтып, істемейтіндердің санатында болуымыз көңілге қаяу салатыны рас. Абайдың «Жасымда ғылым бар деп ескермедім, пайдасын көре тұра тексермедім» дегені біздің қазіргі мақсатымызды аңғартып тұрғандай. Сонда ғылымның ең бірінші пайдасы – өз мінезімізді түзеу болып шығады. Ал, Әлиханша айтсақ «ұлтқа қызмет жасау білімнен емес – мінезден» деген. Абайдың «толық адамын» түсіну, бұл көркем мінезді бойымызға сіңіргенде ғана ақиқатын білмекпіз. Бүгінде қазақ қоғамы оянудың орнына қалғып бара жатқан секілді. Бұның себебін анықтау үшін ең алдымен мынаған назар аударып қарағанымыз жөн болады. Абай шығармасын баспа бетіне жариялаушылардан мынадай ағаттық кетіп жатыр. Абайдың «Махаббатсыз дүние бос, хайуанға оны қосындар» деген өлең жолындағы «дүние бос» керісінше «дүние дос» болуы керек еді. Бұл жерде Абай қай дүниені айтып отыр, әрине бұ дүниені. Ал санамыздағы «дүние» сөзінің мағынасы «байлық, мансап, мал» емес пе?! Абай атамыздың «Егер адам ғылымды мақтан, құрмет, ғиззат табу үшін пайдаланса, адамшылығынан айырылады. Ал адамгершіліктің қарызы үшін білім алса, бұлар өздері-ақ іздеп келеді» деген еді. Бүгінгі қазақтың шынайы бет-бейнесі осындан көрініп тұрғандай. Өзіміз мойындамасақ та хайуан дәрежесінде жүргеніміз білініп-ақ тұр. Бұдан кейін қайтіп ғылым, білім игереміз. Қазір жас кезімізде ойнап-күлгенмен ертең құнын төлеуге тура келетінін бірі білсе, өзгесі біле бермейді. Бұлай кете берсек бұрын шыққан құлақтан соңғы шыққан мүйіз озыпты болады. Кезінде Міржақып Дулатов « Абайдың өлген күнінен қанша алыстасақ, рухына сонша жақындармыз. Үнемі бұл күйде тұрмас, халық ағарар, өнер-білімге қанар, сол күндерде Абай құрметі күннен-күнге артылар, бірінші ақынымыз деп, қабірін халқы жиі-жиі зиярат етер, халық пен Абай арасы күшті махаббатпен жалғасар. Ол күндерді біз көрмеспіз, бірақ біздің рухымыз сезер,қуанар» деп жазған болатын.Енді қайтпек керек. Бүгін де Абай атамыздың туғанына 175 жыл толу мерей тойын жоғарғы деңгейде өткізуіміз қайсымыздың болса да адамдық борышымыз. Бұдан басқасы қолымыздан келмейтін секілді. Толық адам боламыз десек Абайдың даналық хикметін меңгеруге тиіспіз.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет