Реферат Тақырыбы: Абай және Әл-Фараби шығармаларындағы үндестік



Дата04.06.2024
өлшемі199.89 Kb.
#502304
түріРеферат
СӨЖ Арманқызы Аружан 106


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Пән: Абайтану

Факультет: Филология


Реферат


Тақырыбы: Абай және Әл-Фараби шығармаларындағы үндестік


Орындаған:Арманқызы Аружан


Тексерген: Бекбосынов М.
Алматы, 2024

Бұл сабақтастықтың өзара үйлескен негіздері бар. Атап кетсек, әл-Фараби мен Абайдың рухани жетілуді адам дамуының негізгі мәні деп таныған. Руханилыққа апаратын жол – дінде, имандылық жолы деп қарастырған. Бұл дүниетанымдық негіз олардың бойында ертеден қалыптасқан. Әл-Фараби мен Абайды мұраларының ішінде етене жақыны – олардың діни-философиялық көзқарастары. Фараби ғылым мен философия тарихындағы методологиялық жаңалығы шындықтың екі жақтылығы туралы ілімді негіздеуі еді . Фарабидің ойынша Аристотельден басталған рационал шындық және Құранның хадистерінде көрсетілген діни, нақыли шындық бар. Бұл екі шындық өзара үйлеседі, біріне бірі қайшы келмейді. Сондықтанда әмбебап ғалым әл-Фарабидің даналық негізі хакім Абайдың да бойында болғандығы, кейіннен басқада философиялық ойлар қосылып, жетілгені сөзсіз. «Өмірдің өзі шындық», - деген Абайдың тамаша қағидасы дәлел. 


Абайтанушы А.Омаров осынау қиын сырды бізге Абайдың өзі «Құдай жолы» ұғымы арқылы ашып береді. Адамзаттың бәрін сүю, әрине, мүмкін емес. Бірақ кімде кім өзінің жақын айналасын, ең болмаса бір адамды шын сүйе білсе, оның Құдай жолына қадам басқаны сол. Егер сол мақсаттан еш тайқымауды пенде өзіне шарт қылып, өмір сүретін болса, оның адамзаттың бәрін сүйгендігі сол. Бұл пайым дәлеліне 38-сөздегі мынадай қорытынды түйінді келтірелік: «Енді білдіңіздер, перзенттер! Құдай тағаланың жолы деген жол ниһаятсыз (шексіз) болады. Оның ниһаятына ешкім жетпейді. Бірақ сол жолға жүруді өзіне шарт қылып, кім қадам басты, ол таза мұсылман, толық адам делінеді» . Осы қара сөзі арқылы Абай бүгінгі таңда таба алмай жүрген діндегі түзу жолымызға сілтейді. Бұл ұлағаты өлеңіндегі «Алла мінсіз, әуелден пайғамбар хақ, мүмин болсаң үйреніп, сен де ұқсап бақ» деуімен сабақтасады.
Мұхаммед пайғамбар 1, 23, 24, 52 хадистерінде «Білім алуға ұмтылыңдар», «Бір сағат ілім үйрену бір кеш бойы құлшылық етуден жақсы, бір күн бойы дәріс алуүш ай нәпіл ораза тұтқаннан жақсы» делінгенін жақсы түсінген. Осындай ойдың желісін Абай шығармаларынан да табуға болады. Жасынан зерек болып өскен Абай ғылым нәрінен сусындаудан қол үзген жоқ. Сол себепті өлеңдерінің де көпшілігі білім туралы, оқу туралы еді. Мысалы: «Интернатта оқып жүр», «Ғылым таппай мақтанба», «Білімдіден шыққан сөз» және т.б. өлеңдерінің негізгі мазмұны білім, ғылым, өнерге шақыру.

Абайдың «дүние де өзі, мал да өзі, ғылымға көңіл берсеңіз» деп келген жолдары қара сөздерінің де мағыналық түйініне таңқаласын. Білім алып, ғылымды не бір өнерді игерсеніз малда, дүниеде өз табылатынына меңзейді. Сол кәсіптің адамды асырайтының басқа қара сөздерінде де негіздеген. Өйткені хакім Абайдң қай сөзін алсаңыз да, көкіректің ашылуы, жақсылыққа ұмтылуы - барлығы осы білім, ғылымнан басталады. Мәселен, жиырма бесінші сөзінде ол «Дінге де жақсы білгенің» деп келген ойын ғылымға қиыстыра отыз екінші, отыз сегізінші сөздерінде таратып, тарқатып айтады. «Дүниенің кілті ғылымда» деу арқылы ұлы акын кез келген нәрсеге таным тұрғысынан карап, ғылыми негізде түсініп қабылдау керек деп есептеген. Бұл ой оныншы кара сөзінде де келтіріледі «Құранның іші толған ізгілік іс». Абай өмір сүріп отырған қоғамға, жеке тұлғаға қатысты, моральдык асқақ қағидаларға үңдеген, рухани тазалыққа шақырған. Адами құндылықтардың терең тәрбиелік, эстетикалық сипатқа ие екендігіне көзің жеткізуге бағыттаған. 


Абай қара сөздерінде адамдықтың биік деңгейін білім, ғылыммен ғана емес, иманмен бағалаған. «Толық мұсылман болмай – толық адам болмайды» деп дәйектеген. Исламның діни кұндылықтарының ішіндегі ең басты мәселесі «Иман»/ сенім болып табылатының жадысынан шығармаған. Абай шығармаларында иман мәселесіне көп тәрбиелік мән берілген. Он екінші және он үшінші сөзінде «Иман деген не?» оның түрлері, «Қайткеңде иман толымды болмақ?» деп түсіндіріп тарқатады. Иманға көп көңіл бөлуінің себептері, сол кездегі қоғамда орын алған жағдайлар еді. Үшінші қара сөзіндегі қазақтардың бірінің тілеуін бірі тілеспей кеткені, қызметке таласқыштық, жалқаулық, бірінбірі көрсетіп іс қозғау мәселелері қатты толғандырады. 
Абай иманды «якини иман» және «таклиди иман» деп жіктейді. Бөліп қарастырады да «Енді мұндай иман сақтауға қорыкпас жүрек, айнымас көңіл, босанбас буын керек. Якини иманы бар деуге ғылымы жоқ, таклиди иманы бар деуге беріктігі жоқ, я алдағанға, я азғырғанға, я бір пайдаланғанға қарап, ақты қара деп, я қараны ақ деп, я өтірікті шын деп ант ететін кісіні не дейміз? Құдай тағала өзі сақтасын... жоғары жазылмыш екі түрліден басқа иман жоқ» деп қорытындылайды. Ал иманның жеті шарты ол өз алдына үлкен мәселе болып табылады. Ислам дініңдегі жеке адамның рухани дүниесінің жетілуі, ақыл-парасатының толысуына, наным-сенімінің беріктігіне, мінезінің тұрақты болып келуіне әсер ететін, бір-бірінен туындайтын мәселелердің, шарттардың басы осы иманнан алынды. Исламдағы діни құңдылықтың бірден-бір көзі осы эстетикалық тәрбиелік сипаты өзгеше «иманға» келіп тіреледі. Осы ойдың сабақтастығын Шәкәрімнен де табуға болады. Бүл жөнінде Абайдың шәкірті Шәкәрім «Тәңіріні іздеп бір мұңғыл» деген өлеңіңде ойын жалғастырады. Өз заманының ойшылы, дін жолын жете меңгерген оның шәкіртіде ислам құндылықтарын, оның барша адамзатқа тигізер пайдасын, жеке тұлғаның қалыптасуында алатын орнын атқаратын қызметін сипаттауды өз өлеңдеріне арқау еткен. «Мұсылмандық шарты» атты кітабын да Абайдың «Алла» ұғымына қатысты ойын сабақтап кең ұғындырады. 
Әл-Фараби өзінің табиғат туралы ғылыми еңбектерінде алдымен құран аяттарында онан кейін пайғамбар сөзіне, онан кейін өзінен бұрыңғы ислам ғалымдарына сүйенеді. Басқа тараптан кірген мәліметтерді әл-Фараби ислам елегінен өткізіп барып талдаған. Мысалы, ғалымның алғашқы нұры жайында дәл сондай талдау берілген. Нұр, сәуле, жарық, жылу деген талдауларда әлФараби қазіргі оптика ғылымының негізін салған. Ол сәуленің жиналу, сыну, тарау, шоғырлану заңдарын геометриялық дәлді әдіспен тапқан. Сәуленің шоғырланған шұғыласын ол «мұхарақ» деп атаған, яғни «күйдіру» - «оттық орын» деген сөз. Әл-Фараби бұл мәселені әрі қарай дамытып, өз қолымен ойыс /пара бола/айна жасап, линза жасап соларды қоланған. Оның барлығын көптеген әлем мекмлекеттері мойындаған. Ал, біздің оқулықтарда, мысалы мектеп оқулығы физиканы ашып қарап жіберсек, әл-Фарабидің оған қатысы жайлы неше сөз табамыз екен? Ойланатын мәселе. Әлі Еуроцентрлік көзқарастан шыға алмай жатырмыз.Әл-Фарабидің «Табиғат ғылымының жоғарғы асыл тeгi» деген еңбегінде мынадай бip сөз жазылған. Мұхаммад Расул Алланың қасында жүретін Жабр бин Ғабдолла атты бip сахабасы сұраса керек: «Иә расул Аллаһ! Taңipiң ең бipiншi жаратқан не нәрсе?» - деп. Оған Мұхаммад расул Аллаһ айтқан: «Иә Жабр! Алланың ең бipiнші жаратқаны сенiң пайғамбарыңның нұры». — деген. Осы бip ауыз хадис бүкіл ғаламның кілті болып табылады. Осыдан кейін расул Аллаһты ислам елі Нұрмұхамад атаған». Ғалымның алғашқы нұрына, оның дамуына арналған Әл–Фарабидің еңбегін әл-Машани «Космология» деп атады . «Tәңipi жаратқан ғаламының ту басынан бастап, Құран аяттарына, хадистарға және өзінен бұрынғы ғалымдардың еңбектеріне, өзінің өлшеу, бақылауларына сүйене отырып жазылған бұл еңбек табиғаттану ғылымының нeгізі болып табылады», - деп баға берген. КСРО тұсында әлФараби еңбектерін аударуда, талдағанда атеистік ықпалмен бұрмаланган еді. Оның Құранға сүйеніп жазған діни еңбектерін, мысалы «Космологиясын» шығарттырмай қойған. Фараби да, Абай да Құранды ислам дінінің діни кітабы деп қана қарамай, кітаптан көптеген ғылымға жол ашатын қағидалардың ғылыми негіздерін көре білген. Фарабидің философиялық ілімі – негізінен дүниені бір құдай жаратты деген қағиданы басшылыққа алған идеалистік ілім болды. 
Сонымен қатар Фарабидің дінге қатысында қызықтыратын мәселелердің бірі - дін бақытқа жету үшін қызмет ету керек. Әрқилы қайырымды қалалар мен халықтардың әр түрлі діні болуы мүмкін екенін және олар бәріде бір бақытқа сенеді және де бірі мақсатқа ұмтылады деді.
Әл-Фараби де, Абай да «жақсылық та - Құдайдан, жамандық та -Құдайдан» деген қағидамен келіспеген деп айтуға болады. Фараби өзінің «Жұлдыз бойынша болжаулардың анығы мен танығы» атты трактатында дүниеде белгісіз кездейсоқ құбылыстар мен жәйттар бар екенін негіздейді. «Егер дүниеде беймәлім кездейсоқ құбылыстар болмаса, онда қорқыныш құрып, үміт үзілер еді, ал бұлар құрыса, онда не адамның әрекетінде, не заңдылқта, не саясатта береке болмас еді. Өйткені егер қорқыныш пен үміт болмаса, ешкім ертенін ойламас еді, бағынышты басшысына бағынбас еді, ал басшысы бағыныштыларына қамқорлық жасамас еді, біреу біреуге рақым қылмас еді, Аллаға құлшылық құрар еді, тақуалық болмас еді», - деген.
Осы сарындас Абайдың жиырма сегізінші сөзінен кездестіреміз: «Дініміздің бір жасырын тұрған жалғаны жоқ болса ,ақылды, оны ойлама дегенімізге пенде бола ма? Ақыл тоқтамаған соң діннің өзі неде болады? Әуелі иманды түзетпей жатып, қылған ғибадат не болады? Жақсылық, жамандықты жаратқан Құдай, бай қылған, кедей қылған Құдай емес деп, нанып ұқсақ болар, әйтпесе жоқ» . Адамның бақытсыздығын біреуге артуға болмайтының, әркім өзінің өмірі үшін жауапты екенін түсіндірумен болған.
Әл-Фараби де, Абай да Алла тағаланың барлығына шүбә келтірмейді. Екеуі де Құдай – дүниені бар етуші, тірлік-тыныс беруші, бастапқы түпкі себеп деп қарастырады. Абай тек жер бетіндегі тіршіліктің Алланың әмірімен қазіргі қалыпқа түскенін тұжырымдаса, әл-Фараби бүкіл әлемді жалпы кеңістікуақыт ауқымында қарастырып, Құдайдың құдыретімен қалай, неден пайда болғанын негіздеуге ұмтылады. Абай отыз сегізінші сөзінде бұл жөнінде былай деп жазады: «Құдай тағала бұл ғаламды ақыл жетпейтін келісіммен жаратқан, онан басқа бірінен бірі пайда алатұғын қылып жаратыпты. Жансыз жаратқандарынан пайда алатұғын жан иесі хайуандарды жаратып, жанды хайуандардан ақылды адамзатты жаратыпты». Абай ойыда әл-Фарабидің жаратушы туралы түсінігімен сабақтасады.
Әл-Фараби мен Абайдың шығармашылық мұрасындағы дінге қатысты көзқарастарын зерделей келе жасаған қорытындымыз, олардың шығармаларының құндылығы қазақ халқының дәстүрлі діни көзқарасын ұстанып, рухани сауаттылықты тереңдетіп, шеттен төңген деструктивті жат діни ағымдарға, шетелдік дәстүрлі емес көзқарастарға қарсы ұстанымдарды қалыптастыруға көмектеседі.
Әл-Фараби мен Абай шығармашылығының нағыз тереңдігін, оның адамзат мәдениет қазынасына қосқан үлесінің салмағын Қазақстанда ғана емес, планетаның барша түкпірінде жақсы түсінеді. Абайды Мұхтар Әуезов әлемге танытса, Фарабиді Ақжан Машанов қазақ жерінде туғандығын дәлелдеп, есімін туған жеріне оралтты. Бұдан жасайтын қорытындымыз, егер адамгершілігі жоғары азаматты және өз Отанының патриотын тәрбиелеуде әл-Фараби, Абай секілді еліміздің тарихи тұлғаларын үлгі етсек, онда ғылымға қызығатын оқушылардың үлесі артады. 

Қолданылған әдебиеттер:




1.Фараби ғибраты. - Алматы: Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ баспа Орталығы, 2006. - 397 б.
2.Абай. Энциклопедия. – Алматы, 1995. – 264 б.
3.Қазіргі Абайтанудың өзекті мәселелері. - Алматы: Ғылым, 2002.- 274 б.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет