Өсімдіктердің экологиялық топтары



бет1/4
Дата02.05.2023
өлшемі1.85 Mb.
#473133
  1   2   3   4
Өсімдіктер экологиясы (колледж бен ЖОО студенттеріне)


Өсімдіктердің экологиялық топтары



Өсімдіктердің сыртқы ортамен өзара қарым-қатынасы туралы ғылымды өсімдіктер экологиясы дейді. Өсімдік құрылымына әсер етуші табиғаттағы экологиялық факторлар әртүрлі, олар – ауа, топырақ ылғалдылығы, жарық т.с.с. Сыртқы ортаның белгілі бір факторына қатысты өсімдіктерді әртүрлі экологиялық типтерге бөледі.



Өсімдіктердің ылғалға байланысты экологиялық топтары

1

2

3

4

Гидрофиттер.

Гигрофиттер

Мезофиттер

Ксерофиттер

«гидро» - су

«гигро» - ылғал

«мезо» - орташа

«ксерос» - құрғақ

Гидрофиттер - су табанындағы топыраққа бекітілген және суға тек төменгі бөлігімен батқан су өсімдіктері (мысалы, қамыс, күріш, қоға).

Ылғалды жерлерде өсетін өсімдіктер (мыс., ылғалды шабындық өсімдіктері, суқоймалар жағасындағы өсімдіктер және т.б). Мұндай өсімдіктердің жапырақтары үлкен, сабағы ұзын, тамыр жүйесі әлсіз болады.

Ылғалды қажет етуі жөнінен ксерофиттер мен гигрофиттердің арасында орналасқан аралық өсімдіктер бірлестігі.

Топырақ пен ауаның құрғақшылығына бейімделген, құмды, шөлді, тастақ далаларда кең тараған селеу, жусан, сексеуіл секілді өсімдіктер. Олар 50% суын уақытша жоғалтса да, тіршілігін жоя қоймайтын өсімдіктер қатарына жатады. 

Балдыршөп элодея


Күріш


Сирень


Алоэ







Элодея

Тұңғиық


Қияқ

Қамыс

Кербезгүл


Орамжапырақ





Шамшат




Түйетікен





калифорниялық эшшольция




Өсімдіктерді өсетін субстратқа да экологиялық топтарға бөледі

  1. Олиготрофтар.

  1. Галофиттер



Өсімдіктердің жарыққа байланысты экологиялық топтары.

  1. Сциофиттер.

  2. Гелиофиттер.

Өсімдіктің тіршілік формалары немесе биоморфа жергілікті жағдайда ұзағырақ бейімделу нәтижесінде пайда болған өсімдік ормасы ұзақ эволюциялық дамудың нәтижесі және ұрпаққа беріледі.

Өсімдіктердің тіршілік формалары (Раункиер бойынша).







Экологиялық топ

Құрылыс ерекшеліктері

Тіршілік етуі

Жататын өсімдіктер



Гидрофиттер

Түтіктері нашар жетілген немесе мүлдем жоқ;
Тірек ұлпасы жетілмеген; жапырақ жүйкелерінде ауа қуыстары бар

Түрлі су айдыны

Балдыршөп,
элодея



Гигрофиттер

Суда өсетін өсімдіктерді айтады. Олардың біреулері толығымен, ал кейбіреулері жартылай суға батып тұрады. Олар не судың түбіне бекініп өседі, не болмаса суда еркін жүзіп жүреді. Олардың мүшелерінің сыртқы беті үлкен, жапырақтары жіңішке, кутикуласы жоқ, жасуша аралық қуыстары үлкен, ауамен толтырылған, түтіктері нашар жетілген болады.



Өзен жағасында , көлдердің, тоғандардың және теңіздердің, және батпақты шалғындарда.



Күріш, қияқ, қамыс, кербезгүл.



Мезофиттер

Тамыр жүйесі өте жақсы дамыған, және ұзын тегіс жасыл жапырақты болып келеді

ылғалдылығы жеткілікті, әрі бір қалыпты болып келетін жерлерде өмір сүретін өсімдіктерді айтады.

Түймедақ, беде, меруертгүл, жоңышқабасшамшат, сирень, орманжаңғақ жүгері, бидай.

Ксерофиттер

Кутикуласы мен сыртқы эпидермисінің қабықшасының қалың болуы, түктерінің қалың болуы, лептесік аппараттарының ойыстау жерде орналасуы, ұлпаларының ұсақ жасушалы болып келуі, жасуша қабықшаларының сүректенуі, жапырақтарының шиыршықталып қалуы, жапырақтарының редукцияға ұшырауы





ылғалдың көп мөлшерде жетіспейтін (тұрақты немесе уақытша) жерлерде өмір сүретін өсімдіктерді айтады.

Алоэ,кактус,(Түйетікен,
Калифорниялық эшшольция

Ксерофиттер- топырақ пен ауаның құрғақшылығына бейімделген, құмды, шөлді, тастақ далаларда кең тараған селеу, жусан, сексеуіл секілді өсімдіктер. Олар 50% суын уақытша жоғалтса да, тіршілігін жоя қоймайтын өсімдіктер қатарына жатады. Олардың тамыры өте тереңге бойлап, жер асты суларына жетеді. Жапырақтары ұсақ балауыз қабатпен қапталған немесе олар тікенге айналған күйде болады. Оларды үш топқа бөледі:
1) гемиксерофиттер – ұзақ құрғақшылыққа шыдай алмайтын болғандықтан тамырларын өте тереңге, жер асты суларына дейін жеткізетін өсімдіктер (мыс., сәлбен, жантақ); 
2) эвксерофиттер – ыстыққа төзімді және бойындағы суды едәуір жоғалтса да, тіршілігін жоймайтын өсімдіктер (мыс., жусандар); 
3) пойкилоксерофиттер – су тапшылығына байланысты тіршілігін уақытша тежей тұратын өсімдіктер (мүктер) 
Мезофиттер деп ылғалдылығы жеткілікті, әрі бір қалыпты болып келетін жерлерде өмір сүретін өсімдіктерді айтады. Мезофиттер топырақта ылғал орташа , жеткілікті жағдайда өседі. Бүларға жапырақтарын түсіретін ағаштар мен бұталар, шөптесінжәне мәдени өсімдіктер мен ауылшаруашылық дақылдары мен арамшөптер жатады. 
Гидрофиттер - деп жартылай суда, яғни өзең, көл, теңіз жағалауларында, батпақты жерлерде өсетін өсімдіктер (қамыс, қоға). Олар не судың түбіне бекініп өседі, не болмаса суда еркін жүзіп жүреді. Олардың мүшелерінің сыртқы беті үлкен, жапырақтары жіңішке, жасуша аралық қуыстары үлкен, ауамен толтырылған, түтіктері нашар жетілген болады. Жаңбырлы тропикалық ормандардың, көлеңке шамадан тыс көп түсетін жерлерінде, күннің көзіне алып шығатын, өсімдіктердің ерекше тіршілік формаларының лианалар қалыптасады.
Гигрофиттер - ылғалды жерде өсетін өсімдіктер. Бүларға жоғары температура және ылғалды ауадағы тропикалық өсімдіктер жатады. Сондай-ақ олар салқын және қоңыржай аймақтарда, көлеңкеде жатады. Ауаның ылғалдылығы жоғары болғандықтан оларда булану процесінің жүруі нашар. Гигрофиттер екіге бөледі: жарық сүйгіш және көлеңке сүйгіш( көпжылдық шөптесін өсімдіктер) жапырақтар деп бөледі. Жарықты гигрофиттерге папирус, күріш және т.б. жатады. 
Жарыққа қатынасына байланысты көлеңке сүйгіш өсімдіктер деген экологиялық топты бөледі.



Өсімдіктердің өсу формасына және вегетативтік мүшелерінің тіршілік мерзімінің ұзақтығына негізделген эколого-морфологиялық жіктелуі бойынша тіршілік формаларын 3 категорияға бөледі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет