Ќосымшалар



бет1/6
Дата19.02.2024
өлшемі70.69 Kb.
#492435
  1   2   3   4   5   6
Ауызша көбейту мен бөлу тәсілдері





Пәні:

Математика

Сыныбы:

4

Уақыты:




Сабақтың тақырыбы:

Ауызша көбейту мен бөлу тәсілдері

Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

А) ақпараттық құзыреттілік

Сандарды ауызша көбейту және бөлу тәсілдері туралы ақпарат беру.

Ә) коммуникативтік құзыреттілік

Сандарды ауызша көбейтуге берілген есептерді шығаруға дағдыландыру, тиімді тәсілмен есептеуді үйрету. дамыту. Ұқыпты, ретті жазу дағдысын қалыптастыру.

Б) проблеманы шешу құзыреттілігі

Есептеулер арқылы оқушыларды бір - біріне көмек бере білуге, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тапқырлыққа, бірлікке, өз бетінше тапсырма орындауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі:

Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар:

Білім беруді ізгілендіру,сұрақ- жауап,практикалық

Сабақтың әдісі:

Түсіндіру, орындату, салыстыру, есептеу.

Пәнаралық байланыс:

ана тілі, қазақ тілі

Оқыту құралдары:

оқулық, тақта, бор үлестірмелі материал.

Сабақтың барысы:

Мұғалімнің қызметі

Оқушының қызметі

Күтілетін нәтиже

І. Ұйымдастыру бөлімі

Амандасу, түгендеу;
оқу-құралдарының дайындығын, кезекшінің жұмысын тексеру;
сабақтың мақсат-міндеттерін таныстыру; бүгінгі сабаққа оқушылардың қызығушылығын ояту, назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық:
Қайырлы таң досым!
Қайырлы күн болсын.
Бүгінгі күнсейсенбі,
Сәттілікке толсын.
Біздің алар бағамыз,
Кілең бестік болсын.

Амандасады;
оқу-құралдарын дайындайды, кезекшілік міндеттерін атқарады;
сабақтың мақсат-міндеттерімен танысады;көңіл-күйі көтеріңкі болады.

Мұғаліммен бірге өлең жолдарын қайталайды.



Сынып сабаққа психологиялық тұрғыдан дайын, кезекшілік атқарылды, мұғалім мен оқушының арасында ынтымақтастық қарым-қатынасы орнайды.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  • Балалар, үйге берілген тапсырманы орындадық па? Орындасақ, сынып болып талдайық?!

- Иә, орындадық.



Өз бетімен орындалған жұмыстың нәтижесін талдау.

III.Өткен материалды қайталай отырып,жаңa материалға дайындық



Математикалық диктант.
1.Ең үлкен бес таңбалы санды ата.
2.Ең кіші төрт таңбалы санды ата.
3.Ең үлкен төрт таңбалы сан мен ең кіші төрт таңбалы санның айырмасын тап
4.450635 санын разрядтық қосылғыштарға жікте.
5.3 тәул. = сағ
6.1 км:50м = м
7.Жолаушы жолда 1 тәулік 6 сағат болды. Ол жолда барлығы неше сағат болды?




  1. 99 999

  2. 1 000

  3. 9 999-1000=8999

4. 450635=400000+50000+600+30+5


5.(72 сағ)
6. (20 м)

7. 30 сағ



Өткен материалды қайталай отырып, жаңа материалға дайындық ретінде берілген математикалық диктантты орындайды.

ІІІ. Жаңа материалды меңгерту.

Оқулықпен жұмыс

  • Оқушылар бүгінгі тақырыбымыз «Ауызша көбейту және бөлу тәсілдері». Барлығымыз оқулығымыздағы 73-бетті ашамыз



1-тапсырма. Сандарды разрядтық қосылғыштар түрінде жазыңдар. Әрбір сандағы ондық мыңның жалпы санын табыңдар.
85 026; 731 202; 120 009; 80 054; 79 002.


2-мысал. Есепте. Есептеудің қалай орындалғанын түсіндір.

241 322 ∙ 2 = (200 000 + 40 000 + 1 000 + 300 + 20 + 2) ∙ 2 = 400 000 + 80 000 + 2 000 + 600 + 40 + 4 = 482 644


482 644 : 2 = (400 000 + 80 000 + 2 000 + 600 + 40 + 4) : 2 = 200 000 + 40 000 + 1 000 + 300 + 20 + 2 = 241 322
321 102 ∙ 3 842 204 : 2 99 099 : 9
699 033 : 3 488 440 : 4 550 150 : 5
124 231 ∙ 2 121 220 ∙ 4 142 231 ∙2
213 112 ∙ 3 331 223 ∙ 3 412 321 ∙ 2

Оқулықтың 70-бетін ашып, күннің жадын және тақырыпты дәптерлеріне жазады.
Сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктейді.
85 026 = 80 000 + 5 000 + 20 + 6
731 202 = 700 000 + 30 000 + 1 000 + 200 + 2
120 009 = 100 000 + 20 000 + 9
80 054 = 80 000 + 50 + 4
79 002 = 70 000 + 9 000 + 2

Берілген есептердің жауабын табады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет