Астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметін көрсету бойынша қызметтерді жүзеге асыру құқығына лицензия беру бойынша ауыл шаруашылығы басқармасының жұмыс комиссиясының отырыс
хаттамасы
Өскемен қаласы 2013 жылғы 26 тамыз
Төрағалық етті: Насыров Асуат Рафикович
Басқарма басшысының орынбасары
Қатысты: Мұхаметқалиева Жания Басарқызы – тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі бөлім басшысы, Еңсебаева Ляйля Қалымбекқызы - агроөнеркәсіп кешені дамуын экономикалық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлім басшысы, Бутаков Сергей Николаевич- егіншілік және өсімдік шаруашылығы, жаңа технологиялар және механикаландыру бөлімі, Нуғуманова Рахима Рахимқызы - ішкі бақылау, әкімшілік-құқық және кадр жұмысы бөлімі, Көрпешов Алтынбек Ырысбекұлы– мелиорации бөлімінің бас маманы (хатшы)
Күн тәртібі:
1. Астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметін көрсету бойынша қызметтерді жүзеге асыруға берілетін мемлекеттік лицензияны астық қабылдау кәсіпорындарының квалификациялық талаптарды орындауын тексеру кезінде растау.
1. Жұмыс комиссиясының хатшысы тыңдалды: 2013 жылғы 1 қаңтарда лицензияланған 13 астық қабылдау кәсіпорны болды.
2013 жылғы 24 маусымда Шемонаиха ауданының «Шемонаихинский мукомольно-комбикормовый комбинат» ЖШС-дан қойма қызметін көрсету бойынша лицензиядан бас тарту туралы хат келіп түсті, 2013 жылғы 2 шілдедегі хаттамаға сәйкес хат қаралып, қанағаттандырылды.
2013 жылғы 31 шілдеде Көкпекті ауданының «Самар-Астык» ЖШС-дан қойма қызметін көрсету бойынша лицензиядан бас тарту туралы хат келіп түсті, 2013 жылғы 2 шілдедегі хаттамаға сәйкес хат қаралып, қанағаттандырылды.
2013 жылғы 16 тамызда Аягөз ауданы «Аягөз-Астык» ЖШС-дан қойма қызметін көрсету бойынша лицензиядан бас тарту туралы хат келіп түсті, 2013 жылғы 2 шілдедегі хаттамаға сәйкес хат қаралып, қанағаттандырылды.
«Астық туралы» ҚР Заңының 6-1 бабына сәйкес, 10 лицензияланған кәсіпорынға комиссия кестеге сәйкес тексеру жүргізді.
Астық қабылдау кәсіпорындарын тексеру барысында мынадай сәйкессіздік мәселелері қамтылды:
1) кәсіпорынның техникалық базасының 2013 жылғы егінді қабылдауға дайындығы;
2) кәсіпорынның нормативтік құқықтық актілері мен құрылтай құжаттарының «Астық туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкестігі;
3) астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеу қызметтері бойынша лицензиялау ережесіне және біліктілік талаптарына сәйкес тексеру актілерін дұрыс толтыру;
4) комиссияның барлық мүшелерінің актіге қол қоюы.
«Белағаш ұн комбинаты» ЖШС-да лицензиялау ережесі және біліктілік талаптары бұзылғаны анықталып, бірінші бөлімнің 357-2 бабында көзделген әкімшілік жаза бойынша 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды және лицензияның күші 6 ай мерзімге уақытша тоқтатылды.
Жұмыс комиссиясы шешім қабылдады: 1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қыркүйектегі №769 қаулысымен бекітілген астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметін көрсету қызметтерін жүзеге асыру бойынша ережеге және біліктілік талаптарына сәйкес.
Астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметін көрсету бойынша қызметтерді жүзеге асыруға берілетін мемлекеттік лицензияның күші расталды және мына астық қабылдау кәсіпорындарында 2013 жылғы астықты қабылдауға техникалық база қабылданды деп саналсын:
:
-
«Өскемен ұн комбинаты» ЖШС
-
«Защитинский элеватор» ЖШС
3) «Предгорненский элеватор» ЖШС
4) «Восток-Агропром» ЖШС
5) «Элеватор» ЖШС
6) «ХПП Шығыс-Астық»ЖШС, Аул станциясы, Бородулиха ауданы
7) «ХПП Шығыс-Астық» ЖШС, Семей қаласы
8) «Шығыс- Нұр» ЖШС
9) «Шығыс Қазақстан облысы ұн және жарма комбинаты» АҚ
3) Жұмыс комиссиясының хатшысы А.И. Көрпешев хаттамалық шешімді лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарына және ҚР АШМАӨК МИК облыстық аумақтық инспекциясына жіберсін.
Председатель: ___________ А.Насыров
Комиссия мүшелері:
Ж.Б. Мухаметкалиева ____________
Л.К. Енсебаева ____________
С.Н. Бутаков ____________
Р.Р. Нугуманова ____________
Жұмыс комиссиясының хатшысы _________ А.И. Көрпешев
Достарыңызбен бөлісу: |