Қостанай ауданы білім бөлімінің «Мичурин жалпы білім беретін мектебі» КММ
2021-2022 оқу жылындағы 5 «Ә» сынып оқушыларының
ата-аналары жиналысының хаттамасы №3
Өткізілген күні: 29.12.2021
Қатысқандар: 4
Күн тәртібі:
ІІ тоқсан қорытындысы
«Отбасы-бақыт мекені» баяндамасы
Ата-аналарды қысқы қауіпсіздік ережесімен таныстыру
Әр түрлі мәселелер
1. Қаралған мәселенің атауы: ІІтоқсан қорытындысы
Тыңдалды: жиналыс онлайн форматта өткізілді. Ата аналармен амандасып, күн тәртібі таныстырылды. Басты мәселе бойынша сынып жетекшісі Ғаппас А.Ғ. ІІ тоқсандағы оқушылардың сабаққа қатысуы, оқу үлгірімі, оқу сапасына тоқталды. Оқушылардың жаңа пәндерді игеруі қалыпты деңгейде өтілгені, екі оқу үздігінен бір оқу үздігі, үш екпінді аяқтағанын айтып өтілді. Ата аналар оқушылардың осы тоқсан бойынша қандай сабақтардан бағаларының төмендеуін атап өтті. Сынып жетекші оқушылардың тәртібіне де тоқталып өтті. Тоқсан бойынша ауырған себепті сабақты қалдырған оқушылардың да тақырыпты меңгермеуі ескертілді. Мектептегі оқу және тәрбие үрдісі бойынша негізгі ақпараттар берілді.
2. Қаралған мәселенің атауы: «Отбасы-бақыт мекені» баяндамасы
Тыңдалды: Екінші мәселе бойынша сынып жетекшісі Ғаппас Айжан Ғалымжанқызы тыңдалды. Отбасындағы баланың бақытты өмір сүруі, қоршаған ортаның бала тәрбиесіне әсері, бала тәрбиесіндегі ата аналар білуі тиіс жадынамалар айтылды.
3. Қаралған мәселенің атауы: Ата аналарға қысқы қауіпсіздік ережесін таныстыру
Тыңдалды: үшінші мәселе бойынша сынып жетекшісі Ғаппас Айжан Ғалымжанқызы ата-аналарға қысқы қауіпсіздік ережелерімен таныстырып өтті. Түнгі уақыт бойынша, ЖЖЕ, танымайтын адамдармен сөйлеспеу, өрт, су ҚЕ. Үй жағдайындағы ҚЕ. Мұздың қауіптілігі, қатып қалған судың үстінен жүрмеу, балалардың әлеуметтік желілерде отыруын қадағалау, Қысқы демалыста ата аналар балалардың өмірі мен қауіпсіздігіне жауаптылығы ескертілді. 4. Қаралған мәселенің атауы: Әр түрлі мәселелер
Мектеп ішіндегі ережелер, сонымен қатар мектепте ұялы телефон ұстамау керектігі ата аналарға ескертілді. Қажет болған жағдайда сынып жетекшіге хабарласуы ескертілді. Демалыс уақытында олқылықтардың орнын толықтыру мақсатында пән бойынша қосымша сабақтарға қатысуға болатыны айтылды.
Сөйлегендер:
1.Орынбаева Жұлдызайдың анасы Орынбаева Гүлнұр Ертаевна баласының оқуын қадағалайтынын айтып өтті.
2.Сыздыкова Д.И. отбасындағы балаларға уақыт бөліп, жете қадағалап отыру керектігі туралы айтып кетті. Баласы Ерасылдың тәрбиесіне үнемі көңіл бөлетінін айтты.
3. Ата- аналар балаларының қауіпсіздігін қадағалайтынын айтып өтті.
Қаулы етті:
1. ІІ тоқсанның қорытындысы бойынша оқушылардың үлгіріміне қатысты айтылған ескертулер есепке алынсын.
2. Отбасының бақытты болуы бала тәрбиесіне оң әсер ететіні ескеру.
3. Ата-аналар балаларының қауіпсіздігіне жауаптылығы ескерілсін.
4. Мектепте ұялы телефонды қажетті жағдайда ұстау керектігі ескертілсін.
Төрайым _____________ Сыздыкова Диана Илиясовна
Хатшы_____________ Есеркепова Жумакуль Абдыбековна
Сынып жетекшісі_______________Ғаппас Айжан Ғалымжанқызы
Достарыңызбен бөлісу: |