Эволюцияның салыстырмалы эмбриологиялық (онтогене-
тикалық) дәлелдемелер. Барлық көп жасушалы жануарлар ұрық-
танған бір жұмыртқа жасушасынан дамиды. Жеке даму (онтогенез)
кезінде - бөлшектену; 2-3 қабатты ұрықтың түзілуі; ұрық жапырақ-
шаларынан мүшелер түзілу сатысынан өтеді. Жануарлардың ұрықтық
дамуының ұқсастығы шығу тегінің бір екендігін дәлелдейді. Әр
түрлі
жануарлардың ұрықтарының даму ұқсастығын орыс ғалымы К.М. Бэр
(1792-1876 жж.) анықтады. Ең алғашқы даму сатысында омыртқалы
жануарлардың ұрықтары бас, дене, құйрық бөлімінен тұрады.
Аяқтарының бастамасы мен желбезек бастамасы болады. Әрі қарай
даму барысында ұрықтардың айырмашылықтары көріне бастайды.
Омыртқалы жануарларда ерекше жасушалардан түзілген тығыз,
солқылдақ хорда (арқа желісі) болады. Хорда шеміршектеніп,
сүйектеніп омыртқа жотасына айналады. Жүйке жүйесі, алдымен
түтік тәрізді болып, миы 3 және 5 көпіршік сатысынан өтеді. К.М. Бэр
омыртқалылардың ұрығында бәрінен бұрын типтің белгілері (хорда,
жүйке түтігі, жұтқыншақтың желбезек аппараты) қалыптасатынын
дәлелдеді.
Достарыңызбен бөлісу: |